Русский Қазақша

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

ІЗДЕУ
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Инфрақұрылым
Қоғам
Мем. қызметтер
Байланыс
Әкім блогы
Анықтама
Сайт картасы Аудан әкімі аппараты
Аудан
Билік
Құқық
Экономика

Еңбек а.о.

Жалағаш ауданы әкімдігінің “Енбек ауылдық округі әкімінің аппараты” коммуналдық мемлекеттік мекемесі

 

Жалағаш ауданы Еңбек ауылдық округінің әкімі


Қалданов Қайрулла Жетпісұлы 1987 жылы 1 карашада Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Еңбек ауылында туылған.

2010  жылы  Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетің  география пәні мамандығы бойынша бітірген.

2005-2006 ж.ж. Су жүйесінің машинисі, «Жалағаш ауыз су» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

2006-2008 ж.ж. Жұмысшы, «Асар Холдинг ЛТД» ЖШС, Қызылорда қаласы;

04.2008-10.2008 ж.ж. Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі, №235 орта мектеп,  Қызылорда қаласы;

2008-2009 ж.ж. Зертханашы, №235 орта мектеп,  Қызылорда  қаласы;

2009-2013 ж.ж. Нұсқаушы, «Қайнар»  спорт клубы,  Қызылорда қаласы;

2013-2015 ж.ж. Нұсқаушы, Жалағаш аудандық ішкі саясат бөлімі;

2015-2016 ж.ж. Инспектор, Жалағаш ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау бөлімі;

2016-2018 ж.ж. Аудан  әкімі аппараты басшысының  хатшысы, Жалағаш  ауданы  әкімі аппараты;

2018 жылдың маусым айынан бастап Еңбек ауылдық округі әкімі міндеттерін уақытша атқарушы.

 

Еңбек ауылдық округі әкімі аппаратының мамандары туралы мәлімет

 


Мемлекеттің қызметшінің аты-жөні

Лауазымы

Байланыс телефондары

1

Қалданов Қайрулла Жетпісұлы

Еңбек ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы

33-1-22

2

Балханов Бахытберген Мархабаевич

Еңбек ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы

33-1-22, +7 (702) 233-32-08

3

Тоқсанбаев Бексұлтан Райбекұлы

Еңбек ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы

33-1-22, +7 (775) 243-74-43

4

Жоламанова Роза Нұрланқызы

Еңбек ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы

33-1-22, +7 (775) 526-28-70

5

Айтжанова Жұлдызай Бердібеқызы

Еңбек ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы

33-1-22, +7 (702) 708-34-64

6

Бектілеуов Жандәулет Ертайұлы

Еңбек ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы

33-1-22, +7 (702) 862-83-93


Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері


Жалағаш ауданы әкімдігінің“Еңбек ауылдық округі әкімінің аппараты”коммуналдық мемлекеттік мекемесінің миссиясы ауылдық округі әкімінің қызметін қамтамасыз ету.


Міндеттері:

Әкімнің қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдық-құқықтық, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, сондай-ақ жергілікті маңызы бар мәселелерді шешу.


Функциясы:

1) Әкімнің аппараты өз құзыреті шегінде:

         жергілікті қоғамдастық жиынын, көше тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын, жергілікті қоғамдастық жиналысын өткізуді ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;

      бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының, жергілікті қоғамдастық жиынының және жиналысының шақырылу уақытын, орнын және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабардар етеді;

      жергілікті қоғамдастық жиынында немесе жергілікті қоғамдастық жиналысында қабылданған және әкім мақұлдаған шешімдердің орындалуын қамтамасыз етеді;

         Еңбек ауылдық округ бюджетін жоспарлауды және атқаруды қамтамасыз етеді;

жергілікті қоғамдастықтың жиналысына және аудандық мәслихатына Еңбек ауылдық округ бюджетінің атқарылуы туралы есепті ұсынады;       

Еңбек ауылдық округ бюджетін іске асыру туралы шешім қабылдайды;   жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламасын әзірлейді және оны жергілікті қоғамдастық жиналысының бекітуіне ұсынады;

Еңбек ауылдық округтің коммуналдық мүлкіне жататын объектілерді салу, реконструкциялау және жөндеу бойынша тапсырыс беруші болады;

         жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкінің нысаналы және тиімді пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырады;

         жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларына қатысты коммуналдық меншік құқығы субъектісінің құқықтарын жүзеге асырады;

         мүлкі Еңбек ауылдық округтің коммуналдық меншігіндегі (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіндегі) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынға алып қойылған мүлікті кейіннен баланстан шығара отырып, өзге тұлғаға бергенге дейін күтіп ұстау және оның сақталуын қамтамасыз ету мерзімін белгілейді;

         жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкінің мәселелері бойынша мемлекеттің мүдделерін білдіреді, Еңбек ауылдық округтің меншік (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігі) құқығын қорғауды жүзеге асырады;

жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін сенімгерлік басқару шарты бойынша міндеттемелерді сенімгерлік басқарушының орындауын бақылауды жүзеге асырады;

         мүлкі Еңбек ауылдық округтің коммуналдық меншігіндегі (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіндегі) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларының орындалуын бақылауды және талдауды жүзеге асырады;

         жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін есепке алуды ұйымдастырады, оның тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді.

2) Еңбек ауылдық округі әкімінің аппараты жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша:

өз құзыреті шегінде жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін басқару саласындағы құқықтық актілердің жобаларын әзірлейді;

         егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін басқарады, оны қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асырады;

         шешім қабылдайды және жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін жекешелендіруді жүзеге асырады, оның ішінде объектіні жекешелендіруге дайындау процесінде оның сақталуын қамтамасыз етеді, жекешелендіру процесін ұйымдастыру үшін делдалды тартады, жекешелендіру объектісін бағалауды қамтамасыз етеді, жекешелендіру объектісін сатып алу-сату шарттарын дайындау мен жасасуды және сатып алу-сату шарттары талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

мүлкі Еңбек ауылдық округтің аппаратының коммуналдық меншігіндегі (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіндегі) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын қызметінің нысанасы мен мақсаттарын, сондай-ақ осындай қызметті жүзеге асыратын коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның түрін (шаруашылық жүргізу құқығындағы немесе қазыналық кәсіпорын) айқындайды;

         жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғасына берілген немесе өзінің шаруашылық қызметінің нәтижесінде өзі сатып алған мүлікті алып қоюды немесе қайта бөлуді жүзеге асырады;

         жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларының артық, пайдаланылмайтын не мақсатқа сай пайдаланылмайтын мүлкін алып қоюды жүзеге асырады;

жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз не кейіннен сатып алу құқығымен мүліктік жалдауға (жалға алуға), сенімгерлік басқаруға береді;

аудан әкімімен келісу бойынша жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларын құру, қайта ұйымдастыру, атауын өзгерту және тарату туралы шешім қабылдайды;

         коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынға өзіне бекітіп берілген мүлікті (ол өндірген өнімді сатуды қоспағанда) иеліктен шығаруға немесе оған өзгеше тәсілмен билік етуге, филиалдар мен өкілдіктер құруға, сондай-ақ дебиторлық берешекті беруге және есептен шығаруға келісім береді;

         жергілікті өзін-өзі басқарудың мемлекеттік заңды тұлғаларының жарғысын (ережесін), оған енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды бекітеді;

мүлкі Еңбек ауылдық округтің коммуналдық меншігіндегі (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіндегі) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар қызметінің басым бағыттарын және бюджеттен қаржыландырылатын жұмыстарының (көрсетілетін қызметтерінің) міндетті көлемін айқындайды;

мүлкі Еңбек ауылдық округтің коммуналдық меншігіндегі (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіндегі) мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын және олардың орындалуы жөніндегі есептерді “Мемлекеттік мүлік туралы” Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда қарайды, келіседі және бекітеді;

жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін пайдалану, оның ішінде оны кепілге, жалға алуға, өтеусіз пайдалануға және сенімгерлік басқаруға беру туралы шешімдер қабылдайды;

         жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларына бекітіп береді;

жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін иеліктен шығару туралы шешім қабылдайды;

Қазақстан Республикасының заңнамасында берілген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.



Әкімнің аппараты өз құзыреті шегінде:

мемлекеттiк органдар мен басқа ұйымдардың лауазымды тұлғаларынан қажеттi ақпаратты, құжаттарды және өзге де материалдарды сұрауға және алуға;

мүлiктiк және мүлiктiк емес құқықтарды алуға және жүзеге асыруға;

мемлекеттік басқару органдарының, мұрағаттардың, ғылыми мекемелердің ақпараттық деректер базаларын пайдалануға;

шарттар, келісімдер жасасуға;

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көзделген өзге де құқықтарға ие болуға құқылы.


Әкімнің аппаратының өз құзыреті шегіндегі міндеттері:

қолданыстағы заңнамаға сәйкес халыққа сапалы мемлекеттік қызметтер көрсету;

Қазақстан Республикасы Президентiнің, Yкіметінің және өзге де орталық атқарушы органдардың, облыс, аудан әкімінің және әкімдігінің, Еңбек ауылдық округ әкімінің актілерi мен тапсырмаларын сапалы және уақтылы орындау;

қолданыстағы заңнамада көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

 


Мекен-жайы:

 

120202. Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Еңбек ауылы, Т.Дәуітбаев көшесі, №5

Байланыс телефоны:8 (72431)33122

E-mail:enbek.apparat@mail.ru

Азаматтарды қабылдау:
Ауылдық округ әкімі жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін әр аптаның сәрсенбі күні сағ. 10.00-ден 12.00-ге дейін қабылдайды.



“Еңбек ауылдық округі әкімінің аппараты” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесі: толығымен көру (көшіріп алу): файл... *.zip (143 кб)



Еңбек елді мекенінің 2018-2020 жылдарға арналған кешенді даму жоспары:  *.doc    (321,0 кб)



 
Кіру