Русский Қазақша

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

ІЗДЕУ
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Инфрақұрылым
Қоғам
Мем. қызметтер
Байланыс
Әкім блогы
Анықтама
Сайт картасы Аудан әкімі аппараты
Билік
Құқық
Экономика

Мәдениет а.о.

Жалағаш ауданы әкімдігінің “Мәдениет ауылдық округі әкімінің аппараты” коммуналдық мемлекеттік мекемесі


Мәдениет ауылдық округінің әкімі:

 

           Абтыкалыков Омирсерик Ыстыкатович 1963 жылы 18 наурызда Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Мәдениет ауылында туылған.

 

1986 жылы, Алматы қаласындағы Қазақтың Еңбек Қызыл Ту орденді ауылшаруашылық институтын бітірген, мамандығы ғалым агроном.

 Еңбек жолын 1980 жылы Жалағаш ауданы Мәдениет совхозында жұмысшы болып бастаған.

 1986-2005 Жалағаш ауданы Мәдениет совхозында тұқым жөніндегі агроном, бас агроном;

2005-2014 ҚР АШМ Оңтүстік Қазақстан облыстық аумақтық басқармасының шекарадағы өсімдіктер карантині жөніндегі постының бас маманы - өсімдіктер             карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторы;

2014-2017 жылдар жеке кәсіпкер;

2017 жылдың маусым айынан бастап Мәдениет ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы

 

Құрылымы

 

Мемлекеттік қызметшінің аты-жөні

Лауазымы

Байланыс телефондары

1

Костанбаев Нурлан Мирамбекович

бас маман

35407

2

Оразбаев Ардак Даулетбаевич

бас маман

35407

3

Танибаева Бериккуль Жорабековна

жетекші маман

35407

4

Рахметов Амангельды Ердуллаевич

жетекші маман

35407


Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

 

Жалағаш ауданы әкімдігінің “Мәдениет ауылдық округі әкімінің аппараты” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің миссиясы ауылдық округі әкімінің қызметін қамтамасыз ету.

Міндеттері:

“Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес ауылдық округі әкімінің қызметін қамтамасыз ету.

Функциясы:

1) ауылдық округі әкімінің қызметін ақпараттық-талдау тұрғысынан, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету;

2) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

3) ауылдық округі әкімінің актілерін дайындау;

4) жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауды ұйымдастыру;

5) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;

6) ауылдық округі әкімінің бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара байланысын қамтамасыз ету;

7) ауылдық округі әкімінің жалпыға міндетті маңызы бар, азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты актілерін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте әділет органына тіркеуге жолдауды, оларды ресми жариялауды қамтамасыз ету.

Құқықтары мен міндеттері:

1) заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан қажетті ақпарат пен материалдар сұратуға және алуға;

2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік органның құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында сотқа жүгінуге, талап арыздар беруге;

3) қолданыстағы заңнамалық актілерде көзделген өзге де құқықтарды және міндеттерді жүзеге асыруға құқықы бар.

 

Мәдениет ауылдық округі әкімі аппаратының “Мәдениет ауылдық клубы” коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының функциялары:

1) мәдениет және өнерді дамыту;

2) халық шаруашылығы фестивальдарын, айтыстар, семинарлар және басқа да шаралар өткізу.

Мәдениет ауылдық округі әкімі аппаратының “№8 “Балауса” бөбекжай” коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының функциялары:

1) балалардың өмірін және денсаулығын қорғау;

2) тәрбиеленушілердің дене, зияткерлік және жеке тұлғалық дамуын қамтамасыз ететін оңтайлы жағдайлар жасау;

3) сапалы мектепалды даярлауды қамтамасыз ету;

4) азаматтылықты, қазақстандық патриотизмді, адам құқығы мен бостандықтарын құрметтеуді, қоршаған табиғатқа, Отанға, отбасына деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу;

5) баланың толыққанды дамуын қамтамасыз ету үшін отбасымен өзара қимыл жасау;

6) ата-аналарға балаларды тәрбиелеу, оқыту, дамыту және денсаулығын қорғау бойынша консультативтік және әдістемелік көмек көрсету.


Азаматтарды қабылдау:

 

Жалағаш ауданы әкімдігінің “Мәдениет ауылдық округі әкімінің аппараты” КММ -де

жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау кестесі

 

Аты-жөні

Лауазымы

Қабылдау күндері мен уақыты

Мекен-жайы

Байланыс телефоны

1

Абтыкалыков Омирсерик Ыстыкатович

Ауыл әкімінің міндетін атқарушы

Әр аптаның сәрсенбі, жұма күндері сағат:10-00 - 12-00-ге дейін

Мәдениет ауылы, Қалдан батыр көшесі, №1

35407

 

Жеке қабылдауға алдын-ала жазылуға болады. Байланыс телефоны: 8-72431-35407.


Мекен-жайы:

 

120210. Қызылорда облысы, Мәдениет ауылы, Қалдан батыр көшесі, №1

Байланыс телефоны: 8 (72431)35407

E-mail: akimmadeniet@mail.ru

 

“Мәдениет ауылдық округі әкімінің аппараты” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесі: Толығымен көру (көшіріп алу): файл... (54,6 Кб)

 

Кіру