Русский Қазақша

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

ІЗДЕУ
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Инфрақұрылым
Қоғам
Мем. қызметтер
Байланыс
Әкім блогы
Анықтама
Сайт картасы Аудан әкімі аппараты
Билік
Құқық
Экономика

Мырзабай ахун а.о.

«МЫРЗАБАЙ АХУН АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНІҢ АППАРАТЫ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ


Мырзабай ахун ауылдық округінің әкімі:


           Нұрмаханов Бахытбек Шамшатбекұлы

          1975 жылы 15 қыркүйекте Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Жалағаш кентінде туылған.

2003 жылы МЭСИ университетін экономист мамандығы бойынша бітіріп шыққан.

Еңбек жолын 1994 жылы «Жалағаш ХРСУ» мекемесінде жұмысшы болып бастаған.

1998-2002 жылдары «Жалағаш астық» мекемесінде құрылысшы. 2002-2004 жылдары Жалағаш кентіндегі №123 орта мектептің шаруашылық меңгерушісі.

2004-2011 жылдары Жалағаш кенті әкімі аппаратының маманы, бас маманы.

2011-2013 жылдары Мырзабай ахун ауылдық округі әкімі, Жалағаш ауданы әкімі аппаратының төтенше жағдайлар жөніндегі бас инспектор, аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы.

2014-2016 жылдары Жалағаш аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры.

2016 жылан бастап Мырзабай ахун ауылдық округі әкімі.


 Мырзабай ахун ауылы әкімі аппаратының құрылымы

 

Мемлекеттік қызметшінің аты-жөні

Лауазымы

Байланыс телефоны:

1

Нурмаханов Бахытбек Шамшатбекович

Мырзабай ахун ауылының әкімі

41577

2

Токтарбаев Талапбек Темиртаевич

Мырзабай ахун ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы

35422

3

Арунов Ғазиз Ғанибекұлы

Мырзабай ахун ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы

35422

 

Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

 

Жалағаш ауданы әкімдігінің “Мырзабай ахун ауылдық округі әкімінің аппараты” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің миссиясы ауылдық округі әкімінің қызметін қамтамасыз ету.

Міндеттері:

“Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес ауылдық округі әкімінің қызметін қамтамасыз ету.

Функциясы:

1) ауылдық округі әкімінің қызметін ақпараттық-талдау тұрғысынан, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету;

2) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

3) ауылдық округі әкімінің актілерін дайындау;

4) жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауды ұйымдастыру;

5) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;

6) ауылдық округі әкімінің бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара байланысын қамтамасыз ету;

7) ауылдық округі әкімінің жалпыға міндетті маңызы бар, азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты актілерін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте әділет органына тіркеуге жолдауды, оларды ресми жариялауды қамтамасыз ету.

Құқықтары мен міндеттері:

1) заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан қажетті ақпарат пен материалдар сұратуға және алуға;

2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік органның құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында сотқа жүгінуге, талап арыздар беруге;

3) қолданыстағы заңнамалық актілерде көзделген өзге де құқықтарды және міндеттерді жүзеге асыруға құқықы бар.


Мырзабай ахун ауылдық округі әкімінің азаматтарды және заңды тұлғалардың өкілдерін, оның ішінде аппарат қызметкерлерін жеке қабылдауды жүргізу кестесі

 

Жеке қабылдауды жүргізетін адамның (тегі,аты,әкесінің аты)

Жеке қабылдауды жүргізетін адамның лауазымы

Жеке қабылдау күні мен уақыты

Мемлекеттік органның орналасқан жері

Байланыс телефоны

1

Нурмаханов Бахытбек Шамшатбекович

Мырзабай ахун ауылдық округі әкімі

Жұма

сағат 09.00 ден 12.00 ге дейін

Мырзабай ахун ауылы, Ә.Жүргенбаев көшесі №28

41-5-77

 

Мекен-жайы:

120212, Қызылорда облысы, Мырзабай ахун ауылы, Ә. Жүргенбаев көшесі, №28

Байланыс телефондары: 8 (72431) 35422, 41577

 

E-mail: myrzabai.akhun@mail.ru


Жалағаш ауданы әкімдігінің “Мырзабай ахун ауылдық округі әкімінің аппараты” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесі: Толығымен көру (көшіріп алу)....файл .rar (55.0 Kb)

 

Кіру