Русский Қазақша

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

ІЗДЕУ
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Инфрақұрылым
Қоғам
Мем. қызметтер
Байланыс
Әкім блогы
Анықтама
Сайт картасы Аудан әкімі аппараты
Билік
Құқық
Экономика
Басты бет Аудан Жалағаш ауданы

Жалағаш ауданы


Жалағаш ауданы Қазақ ССР Жоғарғы Советі Президиумының Жарлығымен 1939 жылы 17 қазан күні құрылған.

Ауданның жер көлемі 27 мың 156 шаршы километр. Ауданда 17 елді мекен бар.



 



              Жалағаш ауданының картасы



Аудан шекарасы батысында Қармақшы, шығысында Сырдария аудандарымен, теріскейінде Қарағанды облысы, оңтүстігінде Өзбекстан республикасымен шектеседі. Аудан үстімен батыстан шығысқа, шығыстан батысқа қарай халықаралық теміржол магистралы, халықаралық М32 автожолы өтеді, олармен жарыса «Сырдария» өзені ағуда.

Аудан көлемі шөл және шөлейт аймаққа жатады. Қарақұм мен Қызылқұм жүздеген жылдар бойы мал жайылымы болып келеді.


Аудан орталығыЖалағаш кенті, облыс орталығы Қызылорда қаласынан 75 километрдей қашықтықта орналасқан.


Ауданның алғашқы басшысы Кистанов Сергей Иванович 1897 жылы Орынбор облысының Бузулук ауданында туған. 1939 жылдың қазанынан 1944 жылға дейін Жалағаш аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы қызметін атқарған.


Аудан экономикасының негізгі саласы егін шаруашылығы. Басты дәнді дақылдары -  күріш, сондай-ақ, бидай, арпа, жүгері, жоңышқа егіледі және мал шаруашылығымен де айналысады.  31 мың гектардан астам егістік жер инженерлік  жүйеге келтірілген.


Негізгі өнеркәсіп кәсіпорындары: «Агро Холдинг Байконур» ЖШС, «Байтабын» ЖШС, «Сәрке батыр» ЖШС, «Таң ЛТД» ЖШС, «Мега Агро» ЖШС, «Мақпалкөл» ЖШС, «Талапкер» ЖШС, «Сыр-Арна» ЖШС, «Өркен Әлем» ЖШС, «Шиелі жарыгы» ЖШС.


Ауданда 1 колледж, 20 жалпы білім беретін мектеп, 16 кітапхана, 1 мұражай, 7 мәдениет үйі, 8 ауыл клубы бар.  Аудан бойынша 58 тарихи – сәулет ескерткіштері тізімге алынған. Олар археологиялық, архитектуралық, монументтік ескерткіштер болып бөлінген


Денсаулық сақтау саласы мекемелері:  ауданда 1 аудандық емхана, 1 - 140 төсектік аудандық аурухана, 4- ауылдық аурухана бөлімшесі (10 төсектік), 10 ауылдық дәрігерлік амбулатория, 3 - ауылдық медициналық пункт, 4 - ауылдық фельдшерлік-акушерлік пункт, дәріханалар барі.


Спорт саласы мекемелері:  ауданда 1 стадион, 2 - спорт мектебі, 27- спорт залы, 89 ашық жаздық спорт алаңы, 26 -жасыл спорт алаңы бар.


Кіру