Русский Қазақша

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

ІЗДЕУ
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Инфрақұрылым
Қоғам
Мем. қызметтер
Байланыс
Әкім блогы
Анықтама
Сайт картасы Аудан әкімі аппараты
Билік
Құқық
Экономика
Басты бет Аудан ХАБАРЛАНДЫРУЛАР Аққыр а.о. Хабарландырулар.

Аққыр а.о. Хабарландырулар.



2018-04-25 Хабарландыру

 

Жалағаш  ауданы Аққыр ауылдық округі бойынша жергілікті қоғамдастық жиналысы өткізілетіндігін Аққыр ауылдық округі әкімі аппараты хабарлайды.

Күн тәртібінде:«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»Заңы бойынша Аққыр ауылдық округінде қайталанатын ономастикалық атауларды өзгерту мәселесі.

 

 Өтетін уақыты мен орны : 25.05.2018 жылы, сағат 10 00 – де, ауылдық клуб үйі.



Аққыр ауылдық округі бойынша жергілікті қоғамдастық жиналысының ШЕШІМІ

 

Өткен орны, мерзімі: Аққыр ауылдық клуб үйі, 15 наурыз 2018 жыл

 

Аққыр ауылдық округі  округі бойынша жергілікті қоғамдастық жиналысы  ШЕШІМ  ҚАБЫЛДАДЫ:

    Жалағаш ауданы, Аққыр ауылдық округіне қарасты Аққыр ауылындағы қайталанатын ономастикалық атаулар  көшеге төмендегі атау берілсін:

Аққыр көшесі «Тәуелсіздік» көшесі қайта атауы Аққыр ауылдық округі әкімінің қарауына ұсынылсын.

 

Жиналыс төрағасы         Ж.Бақтыбаев

Хатшысы                        З.Избасова

 






2018-03-01 Хабарландыру

     Жалағаш  ауданы Аққыр ауылдық округі бойынша жергілікті қоғамдастық жиналысы өткізілетіндігін Аққыр ауылдық округі әкімі аппараты хабарлайды

 Күн тәртібінде

1.  «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және

өзін-өзі басқару туралы» Заңы бойынша Аққыр ауылдық округінде қайталанатын ономастикалық атауларды өзгерту мәселесі.

2.   Аққыр ауылдық округінің2018-2020 жылдарға арналғанжергілікті

қоғамдастықты дамыту бағдарламасын бекіту.


Өтетін уақыты мен орны : 15.03.2018 жылы, сағат 10-00де, ауылдық клуб Үйі.





 

2018-01-04 Хабарландыру

Аққыр ауылдық округі әкімінің аппараты жергілікті қоғамдастық жиналысы өткізілетінін хабарлайды.


 Күн тәртібі:

 

1. Аққыр ауылдық округі әкімінің қолма - қол бақылау шотындағы қаражаттың жұмсалуын қарау туралы.

2.Жалағаш ауданы әкімдігінің «Аққыр ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2018 жылға арналған аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерінің жергілікті өзін-өзі басқару функцияларын іске асыруға бағытталған ақшаның түсімдерінің жоспарын бекіту туралы.

3.Өңірлерді дамытудың - 2020 жылға дейінгі даму бағдарламасының «Жергілікті өзін – өзі басқаруды дамыту» басымдығы бойынша бөлінген қаржыны мақсатына сай бөлу туралы.

 

Өтетін орны: Аққыр ауылдық округі әкімінің аппараты ғимараты.

Өтетін уақыты: 2018 жылы 15-ші қаңтар күні, сағат: 10:30 -да.







2017-11-16 Хабарландыру


Аққыр ауылдық қоғамдастық өкілдерінің жиналысының

 хаттамалық шешімі

 

 Аққыр ауылы                             №5                           15 қараша 2017 жыл

 

Аққыр ауылдық қоғамдастық өкілдерінің жиналысы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Аққыр ауылдық округі әкімінің аппараты КММ-нің қолма-қол бақылау шотындағы қаржыны елді мекендегі көп жылдар бойы жиналып қалған күл-қоқыстарды шығаруға, санитарлық тазарту жұмыстарына жұмсалсын.

2. Аққыр елді мекенінің  шекарасын (шегін) өзгерту жобасы  ауылдық округтің солтүстік, оңтүстік, батыс және шығыс бағытына қарай ұлғайтылып, көлемі -358 гектар болып өзгертілсін.

3. Қоғамдастық өкілдері жиналысының хаттамалық шешімі Аққыр ауылдық округі әкіміне ұсынылсын.


Жиналыс төрағасы         Т.Аймұратов

Хатшысы                        З.Избасова





2017-11-05 Хабарландыру


 

Аққыр ауылдық округі әкімі аппараты қоғамдастық жиналысы  өткізілетіндігін хабарлайды.

Күн тәртібі:

 

1.Жалағаш ауданы әкімдігінің «Аққыр ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жергілікті өзін-өзі басқару  бойынша функцияларын дамытуға бағытталған 2017 жылы кірістірілген қаржының түсімі мен  жұмсалуын  қарау туралы.

 

2.Аққыр елді мекенінің  шекарасын (шегін) белгілеу және өзгерту.

 

Өтетін орны: Аққыр ауылдық округі әкімі  аппаратының ғимараты.

Өтетін уақыты: 2017 жылғы 15 – ші қараша күні, сағат: 10 30 – да.

 


Кіру