Русский Қазақша

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

ІЗДЕУ
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Инфрақұрылым
Қоғам
Мем. қызметтер
Байланыс
Әкім блогы
Анықтама
Сайт картасы Аудан әкімі аппараты
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Басты бет Аудан Хабарландырулар Аудандық білім бөлімінің хабарландырулары

Аудандық білім бөлімінің хабарландырулары

2019-09-03 ж

КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ

 

I.     Конкурс жариялаған орган атауы:

«Жалағаш аудандық білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

ІІ. Конкурс жарияланған лауазымның атауы:

«Жалағаш аудандық білім бөлімінің «№119  орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры бос лауазымына «Жалағаш аудандық білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі конкурс жариялайды.

       III. Орналасқан орны, оның қызметін қысқаша сипаттай отырып, мемлекеттік білім беру ұйымының толық атауы:

Жалағаш ауданы, Жаңаталап ауылдық округіндегі «№119  орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры мектептің қызметін оның ережесіне және басқа да нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес басқарады және жалпы орта білім бағдарламаларын іске асырады.

IY. Лауазымға орналасу үшін кандидатқа қойылатын біліктілік талаптары:

      1) жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық білім;

      2) педагогикалық жұмыс өтілі кемінде бес жыл, оның ішінде басшылық лауазымдағы жұмыс өтілі кемінде бір жыл, шағын жинақты мектепте педагогикалық жұмыс өтілі кемінде үш жыл, басшылық лауазымдағы жұмыс өтілі талап етілмейді;

      3) бірінші немесе жоғары біліктілік санатының және (немесе) "педагог-модератор", "педагог-сарапшы", "педагог-зерттеуші", "педагог-шебер" санатының болуы (мемлекеттік қызметшілерді, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының, әдістемелік қызметтердің қызметкерлерін қоспағанда);

     4) "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

      5) соттылығының жоқ екені туралы анықтама.

Y. Мемлекеттік білім беру ұйымының басшысының лауазымдық міндеттері:

          Бiлiм беру ұйымының қызметiн оның жарғысына және басқа да нормативтiк құқықтық актiлерге сәйкес басқарады. Мемлекеттiк жалпыға мiндеттi бiлiм беру стандартын педагогикалық және әдiстемелiк кеңеспен бiрлесе отырып iске асыруды ұйымдастырады. Жұмыс жоспарын, бағдарламалар мен жұмыс жоспарларын бекiтедi. Бекiтiлген учаскедегi балаларды жалпыға мiндеттi оқытумен қамтамасыз ету заңына сәйкес жалпыға мiндеттi оқытумен қамтамасыз етедi. Оқу-тәрбие процесiнiң ғылыми-әдiстемелiк және материалдық-техникалық базасын ұйымдастырады және жетiлдiредi. Оқу-тәрбие процесiн әдiстемелiк қамтамасыз етудi ұйымдастырады және жетiлдiредi. Қазiргi заманғы ақпараттық технологиялардың дамуын қамтамасыз етедi.
            Педагогикалық ұйымдар, әдiстемелiк бiрлестiктер, балалар ұйымдары қызметiне ықпал етедi. Бiлiм беру құқығына берiлген лицензиясына сәйкес оқушылар, тәрбиеленушiлер контингентiн қалыптастырады, оқушылар мен тәрбиеленушiлердi әлеуметтiк қорғауды қамтамасыз етедi. Жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың арасынан шыққан тәрбиеленушiлердiң заңды құқығы мен мүдделерiн (жеке, мүлiктiк, тұрғын үй, еңбек және басқа да) қорғайды, олардың туысқандық байланысын қолдау үшiн оларға жағдай жасау бойынша шаралар қабылдайды. Оқу-тәрбие процесi кезiнде бiлiм алушылардың (тәрбиеленушiлердiң) және бiлiм беру ұйымы қызметкерлерiнiң өмiр қауiпсiздiгi мен денсаулығын сақтауға қажеттi жағдай жасайды. Белгiленген заңнама шегiнде бiлiм беру ұйымының мүлкi мен құралдарына иелiк етедi, жыл сайын құрылтайшылардың қаржылық және материалдық қаражаттың түсуi және жұмсалуы туралы есебiн бередi.     

            Нормативтiк талаптарға сәйкес есеп жүргiзiп, оқу-материалдық базаның сақталуын және толықтырылуын қамтамасыз етедi, iшкi еңбек тәртiбi ережесiн, санитариялық-гигиеналық режимдi, еңбектi қорғау және техника қауiпсiздiгiн сақтау үшiн жауап бередi.

            Педагог кадрларды және қосымша қызметшiлердi iрiктеудi және жұмысқа тартуды жүзеге асырады, басқару құрылымын, қызметкерлердiң штаттық кестесiн, лауазымдық нұсқаулығын бекiтедi, олардың кәсiби шеберлiгiн арттыру үшiн жағдай жасайды. Педагогикалық кеңестi басқарады. Белгiленген тәртiп бойынша қызметкерлердi аттестаттауға дайындауға қатысады. Қызмет барысында айрықша көзге түскен оқытушылар мен бiлiм беру ұйымдарының қызметкерлерiн өзiнiң құзыретiне қарай марапаттауға және көтермелеуге ұсынады және өз құзыретiнiң шегiнде жаза қолданады.

      Жұртшылықпен, ата-аналармен (немесе оларды алмастырушы адамдармен) байланысты жүзеге асырады. Мемлекеттiк және басқа да ұйымдарда бiлiм беру ұйымының атынан өкiлдiк етедi, қажеттi есеп құжаттарын дайындау мен ұсынуды қамтамасыз етедi. Компьютерлiк сауаттылықты, ақпараттық-коммуникациялық құзiреттiлiктi меңгерген.

             Бiлуге мiндеттi: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы"  Қазақстан Республикасының Кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы", "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы", "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы", "Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы", "Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы" Заңдарын және басқа да білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді, педагогика мен психология негіздерін, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын, педагогика, педагогикалық психология, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін, менеджмент негіздерін, қаржы-шаруашылық қызмет туралы заңнамаларды, еңбек туралы, еңбекті қорғаудың, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы қорғанудың ережелері мен нормаларын, санитариялық ережелер мен нормаларды.

YI. Лауазымдық жалақы мөлшері:

Қызмет еткен жылдарына байланысты басшылық еңбек ақысы 103 085 теңгеден 124 985 теңгеге дейін (экологиялық коэфициентті есепке алмағанда).

            YII. Конкурс  өткізу орны және уақыты:

Қызылорда облысы,  Жалағаш ауданы, Жалағаш кенті М.Шәменов көшесі  № 74 үйде орналасқан «Жалағаш аудандық білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде құжаттарды қабылдау аяқталғаннан соң конкурстың бірінші кезеңі құжаттарға біліктілік бағалауы жүргізіледі.

Конкурстың төртінші кезеңі әңгімелесудің өту мерзімі, уақыты конкурстың екінші, үшінші кезеңдері аяқталған соң кандидаттарға қосымша хабарланатын болады.

            YIII. Конкурсқа қатысуға өтінімді беру мерзімі мен оны қабылдау орны:

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттарды хабарлама жарияланған күннен бастап 7  (жеті)  жұмыс күні ішінде конкурстық комиссия «Мемлекеттік орта білім беру мекемелерінің басшылары лауазымдарына орналасу конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (халыққа қызмет көрсету орталығы) немесе «Жалағаш аудандық білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі арқылы қабылдайды.

            IX. Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі:

1) білім беруді басқару органы басшысының атына тұрғылықты тіркеу орны, нақты тұратын жері, байланыс телефондары көрсетілген конкурсқа қатысуға өтініш;

            2) жеке тұлғаны куәландыратын құжаттың көшірмесі;

            3) білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың көшірмесі;

            4) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

            5) кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ және фото;

            6) ескертпелер мен көтермелеулерді көрсете отырып, бұрынғы жұмыс орнынан өндірістік мінездеме;

            7) біліктілік санаты және ғылыми дәрежесі туралы құжаттың көшірмесі (болған жағдайда);

            8) "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

            9) соттылығының жоқ екендігі туралы анықтама;

            10) тестілеуден өткендігі туралы анықтама (болған жағдайда);

            11) мемлекеттік білім беру ұйымын дамытудың перспективалық жоспары.

            Конкурсқа қатысу үшін ұсынылатын құжаттардың көшірмелері жұмыс орнының кадр қызметі немесе білім беру ұйымының жауапты қызметкері тарапынан куәландырылады және мөрмен куәландырылады.

            Құжаттар топтамасы толық ұсынылмаса, кандидаттың конкурсқа қатысу үшін берген құжаттарын қабылдаудан бас тартылады.

            Кандидат конкурсқа қатысу үшін білім беруді басқару органының қарауына өзінің кәсіби жетістіктері, біліктілігін арттыруы, ғылыми зерттеулері, өзінің педагогикалық тәжірибесін жинақтауы, наградалары туралы материалдарды ұсынуға құқылы.

             Конкурс төрт кезеңде өткізіледі:

            1) конкурсқа қатысушылардың біліктілігін бағалау;

            2) мемлекеттік білім беру ұйымының қамқоршылық кеңесімен (бұдан әрі – қамқоршылық кеңес) кандидаттарды келісу;

            3) облыстың (республикалық маңызы бар қалаларды, астананы қоспағанда) білім беруді басқару органдарымен кандидаттарды келісу;

            4) білім беруді басқару органының конкурстық комиссиясының отырысында әңгімелесу.

            Әңгімелесуді ведомствосында және бағынысында білім беру ұйымы орналасқан білім беруді басқару органының комиссиясы бала және жасөспірімдер жасының психологиясы саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын, ұжымдағы басқару және іскер өзара іс-қимыл психологиясы, кадрлық менеджмент және қызмет этикасы мәселелері бойынша теориялық білім деңгейін айқындау, сондай-ақ кандидаттың педагогикалық жетістіктерін, кәсіби және жеке қасиеттерін, ұйымдастырушылық қабілеттерін, болжанатын лауазым қызметінің перспективасын айқындауға қатысты ақпаратты нақтылау мақсатында конкурстың 1, 2, 3 - кезеңдерінің нәтижелерін ескере отырып, әңгімелесу өткізеді. Әңгімелесуді өткізу тәртібін комиссия дербес анықтайды.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы «Мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының басшыларын конкурстық орналастыру және мектепке дейінгі, орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымының басшысы лауазымына конкурстық тағайындау қағидаларын бекіту туралы» №57 бұйрығы, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 28 қыркүйектегі «Мемлекеттік орта білім беру мекемелерінің басшыларын конкурстық тағайындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» № 510 бұйрықтары негізінде өткізіледі.

X. Ақпараты нақтылау үшін  байланыс телефондары, электронды адрестері:

 Телефон: 8 (72431) 32-3-54. Индекс:120200, jalagash_raioo@mail.ru 




2019-08-13 ж



Жалағаш аудандық білім бөлімі жанынан құрылған жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдарға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі конкурстық комиссия отырысының

ХАТТАМАСЫ №2

Күні:12.08.2019 жыл, сағат 15-00

Өткізілген орны:Аудандық білім бөлімі

Қатысушылар:

1) Г.Құрманбаева-білім бөлімінің басшысы, комиссия төрайымы;

2) З.Жүсіпова- білім бөлімінің бас маманы, комиссия хатшысы;

3) Г.Абилдаева-білім бөлімінің бас есепшісі, комиссия мүшесі;

4) М.Жаманов- Жалағаш ауданының мәслихат депутаты, комиссия мүшесі;

5) С.Карипов-Қызылорда облысының Кәсіпкерлер палатасының Жалағаш ауданындағы филиалының директоры, комиссия мүшесі;

6) Б.Ерназарова-білім бөлімі әдістемелік кабинетінің әдіскері, комиссия мүшесі.

7) Д.Мирман- “Жалағаш аудандық қазақ тілі қоғамы” филиалының директоры, комиссия мүшесі;

8) Ж.Еспенбет- аудандық кәсіпкерлерлік өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы, комиссия мүшесі.

Комиссия отырысына комиссия құрамы толық қатысты.

Күн тәртібінде:

Жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдарға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша балабақша құжаттарын қарау және тиісті шешім қабылдау.

Тыңдалды

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша комиссия төрайымы Ж.Жүргенова “Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кеәнгі білім бар мамандарды даярлауға, сондай-ақ жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдеріне, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын” орналастыру қағидаларын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы

№122 бұйрығын басшылыққа алған Жалағаш ауданы әкімдігінің қаулысы негізіне сәйкес құрылған жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдарда мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі комиссия отырысын ашып, Жалағаш кенті, Сәрке батыр көшесі №26 үйде орналасқан “Бәйт” бөбекжай мекемесінің ашылуы туралы құжаттарын комиссия қарауына ұсынды.

Ж.Жүргенова Жалағаш кенті орталығынан жаңадан ашылуға құжаттар топтамасын тапсырған “Бәйт” бөбекжайы мекемесінің құжаттарын қарап шығуды ұсынды. Мұнан кейін комиссия мүшелері аталған балабақша құжаттарын қарай отырып, 1-6 жас аралығындағы бала санын зерделеп, тиісті шешім қабылдады.

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша комиссия ШЕШІМ ЕТЕДІ:

1. Жалағаш кенті, Сәрке батыр көшесі №26 үйде орналасқан “Бәйт” бөбекжайы мекемесіне-50 орынға (1-6 жас 50 бала) мемлекеттік тапсырыс 2019 жылдың 12 тамызынан бастап орналастыруға рұқсат берілсін.



2019-07-30 ж




Құрметті ата-ана!

Талапкерлер!


Қазақстан Республикасы Үкіметі 2019-2020 оқу жылына көпбалалы  және атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасыдан шыққан  балалар үшін қосымша   5 мың грант бөлді.

Оның ішінде, Қызылорда облысына жоғары оқу орындарына  бакалаврға  390 грант бөлінді.

Білім беру гранттары облыс әкімдігінде құрылған комиссия арқылы конкурс негізінде тағайындалады.

Конкурсқа өтініштерді қабылдау мерзімі 5-10 тамыз аралығында, білім беру гранттарын беру  - 15 тамызға дейін, жоғары оқу орындарына  қабылдау – 25 тамызға дейін.

Құжаттар,  облыстық білім басқармасына қарасты №9 «Білім -инновация» лицейі базасында  қабылданады.

Мекен-жайы, Қызылорда қаласы,  Сұлтан Бейбарыс  көшесі  №10

Құжаттарды қабылдау  сағат 9.00-19.00 аралығы. Түскі үзіліс сағат 13.00-15.00 аралығы.

Қонкурсқа көпбалалы  және атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасыдан шыққан, 2019 жылдың 20 маусым- 5 шілде аралығында Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысқан талапкерлер ( толық оқу курсы бойынша) қатыса  алады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттар тізбесі:

1) белгіленген үлгідегі бланкіде өтініш;

2) білімі туралы құжаты (құжаттарды қабылдау комиссиясына тапсырған кезде төлнұсқа);

3) ҰБТ сертификаты;

4)  086-У нысаны бойынша медициналық анықтама;

5) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.

Сонымен қатар талапкерлер көпбалалы отбасынан шыққан және атаулы әлеуметтік көмек алатын балалар дәрежесінде екендігін растайтын құжаттарды ұсынуы тиіс.

Білім беру гранттары ҰБТ сертификатының балына сәйкес конкурстық негізде тағайындалады .(Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 58 қаулысымен бекітілген Ережеге сәйкес)



Қосымша сұрақтар бойынша  8 -7242-60 54 57, 60-54-58 телефонына хабарласуға болады

Гранттар төмендегі мамандықтар бойынша беріледі:

Жоғары білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы

Даярлау бағытының коды және атауы

Білім беру бағдарламасы тобының коды

Білім беру бағдарламасы тобының атауы

Мемлекеттік білім беру тапсырысы

ның саны

(толық оқу)

6В01 Педагогикалық ғылымдар

6B011

Педагогика және психология

В001

Педагогика және психология

2

6В012

Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту педагогикасы

В002

Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу

7

6В013

Пәндік мамандандырылмаған мұғалімдерді даярлау

В003

Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі

2

6В015

Жаратылыстану пәндері бойынша мұғалімдер даярлау

В009

Математика мұғалімдерін даярлау

10

В010

Физика мұғалімдерін даярлау

10

В011

Информатика мұғалімдерін даярлау

7

В012

Химия мұғалімдерін даярлау

4

В013

Биология мұғалімдерін даярлау

4

6В017

Тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдерді даярлау

В017

Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

10

В018

Шет тілі мұғалімдерін даярлау

5

Барлығы:

-

-

61

6В06 Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар

6B061

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар

В057

Ақпараттық технологиялар

160

Барлығы:

-

-

160

6В07 Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары

6B071 Инженерия және инженерлік іс

\

В062

Электр техникасы және энергетика

24

В064

Механика және металл өңдеу

15

В065

Автокөлік құралдары

20

6B072 Өндірістік және өңдеу салалары

В068

Азық-түлік өнімдерінің өндірісі

15

В271

Мұнай-газ ісі

35

6B075 Стандарттау, сертификаттау және метрология (салалар бойынша)

В076

Стандарттау, сертификаттау және метрология (сала бойынша)

10

Барлығы:

-

-

119

6В08 Ауылшаруашылығы және биоресурстар

6B081 Агрономия

В077

Өсімдік шаруашылығы

12

6B082 Мал шаруашылығы

В078

Мал шаруашылығы

14

6B085 Жерге орналастыру

В081

Жерге орналастыру

12

6B086 Су ресурстары және суды пайдалану

В082

Су ресурстары және суды пайдалану

12

Барлығы:

-

-

50

Барлығы

-

-

390

 





































































2019-07-18 ж


Конкурс туралы хабарландыру


Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру, сондай-ақ мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етумен байланысты тауарларды сатып алу құжаттар:  *.zip




2019-07-15 ж



Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар мамандарды даярлауға, жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдеріне, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы Бұйрығына сәйкес ХАБАРЛАНДЫРУ: *.doc  (52,1 Кб)




2018-10-06 ХАБАРЛАНДЫРУ




Жалағаш ауданы, Жаңадария ауылындағы «Жалағаш аудандық білім бөлімінің №203 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директоры бос лауазымы орнына конкурс жариялайды: *.docx  (21,1 Кб)







2018-08-27 ХАБАРЛАНДЫРУ


Жалағаш аудандық білім бөлімі коммуналдық мемлекеттік мекемесі мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру үшін конкурс өткізіледі: *.docx (26,4 Кб)




2018-08-04 ХАБАРЛАНДЫРУ


Жалағаш аудандық білім бөлімі коммуналдық мемлекеттік мекемесі директорларының бос орнына конкурс жариялайды: *.docx (30,1 Кб)


Кіру