Русский Қазақша

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

ІЗДЕУ
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Инфрақұрылым
Қоғам
Мем. қызметтер
Байланыс
Әкім блогы
Анықтама
Сайт картасы Аудан әкімі аппараты
Билік
Құқық
Экономика
Басты бет Аудан ХАБАРЛАНДЫРУЛАР Аудандық жер қатынастары бөлімінің хабарландырулары

Аудандық жер қатынастары бөлімінің хабарландырулары

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

Мемлекеттік меншіктегі жер учаскелерінің жалдау  құқығын сауда-саттықта (аукциондарда)

 сатуға ұсынылатын жер учаскелерінің тізімі


 

р/с

Орналасқан жері

Жалпы көлемі,

гектар

Жер учаскесіне құқығы

Кадастрлық (бағалау) құны, теңге

Жалдау құқығын сату төлем-ақысының мөлшері, теңге

Кепілдік

жарнаның

мөлшері, теңге

 

 

 

Жалдау төлемінің мөлшері, теңге

1

2

4

5

6

7

8

9

1

Жалағаш ауданы, Аққыр  ауылдық округі

330

10 (он) жыл мерзімге уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығы

304500

60900

115719

1857

2

Жалағаш ауданы, Аққыр ауылдық округі

250

10 (он) жыл мерзімге уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығы

230500

46100

115719

1646

3

Жалағаш ауданы, Жаңадария ауылдық округі,

295

10 (он) жыл мерзімге уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығы

4249260

849852

115719

1338

4

Жалағаш ауданы, Жаңадария ауылдық округі

85

10 (он) жыл мерзімге уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығы

76500

15300

115719

343

5

Жалағаш ауданы, Жаңадария ауылдық округі

50

10 (он) жыл мерзімге уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығы

49500

9900

115719

244

6

Жалағаш ауданы, Қаракеткен ауылдық округі

52

10 (он) жыл мерзімге уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығы

66430

23286

115719

300

7

Жалағаш ауданы, Қаракеткен ауылдық округі

65

10 (он) жыл мерзімге уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығы

93440

18688

115719

281

8

Жалағаш ауданы, Қаракеткен ауылдық округі

450

10 (он) жыл мерзімге уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығы

432000

86400

115719

3062

9

Жалағаш ауданы, Мәдениет  ауылдық округі

66

10 (он) жыл мерзімге уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығы

2656378

531276

115719

398

10

Жалағаш ауданы, Мәдениет ауылдық округі

47

10 (он) жыл мерзімге уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығы

563381

112676

115719

278

11

Жалағаш ауданы, Мәдениет ауылдық округі

60

10 (он) жыл мерзімге уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығы

2347865

502440

115719

292

12

Жалағаш ауданы, Таң  ауылдық округі

29

10 (он) жыл мерзімге уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығы

805676

161135

115719

666

13

Жалағаш ауданы, Таң  ауылдық округі

40

10 (он) жыл мерзімге уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығы

100100

20020

115719

173









 

Кепілдік жарна енгізілетін депозиттік шот: "Жалағаш аудандық жер қатынастары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Жалағаш ауданы бойынша қазынашылық басқармасы  КОД-4632502, ИИК KZ040705034632502006, БИК KKMFKZ2A, БИН 060240005981,  Кбе 12, КНП 890. (аукционға қатысу үшін)

     Аукционға қатысу үшін өтінімдерді қабылдау аукцион өткізу жөніндегі ақпараттық хабарламаның баспасөз басылымында жарияланған күннен бастап Жалағаш ауданы, Жалағаш кенті, Желтоқсан көшесі №3 ғимаратта орналасқан  «Жалағаш аудандық жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2017 жылғы 27 желтоқсан сағат 17.00-ге дейін қабылданады.

Аукцион ағылшын тәсілімен өтеді. Аукционға қатысушы ретінде тіркелу үшін мынадай құжаттарды беру қажет:
      1) мәліметтер түріндегі жер учаскесіне меншік құқығын (жалдау) сату жөніндегі аукционға қатысуға өтінім;
      2) сауда-саттыққа қатысушы кепілдік жарнаны «электрондық үкімет» төлем шлюзы арқылы төлеген жағдайды қоспағанда, кепілдік жарна енгізілгенін растайтын төлем құжаты;
      3) өкілдің өкілеттіліліктерін куәландыратын 
құжат.
      Көшірмелердің дұрыстығын растау үшін салыстырып тексеру үшін түп нұсқалар ұсынылады.
      Электрондық өтініш берілген жағдайда, кепілдік жарна енгізілгенін растайтын төлем құжаты мен өкілдің өкілеттіліктерін куәландыратын 
құжаты құжаттардың электрондық көшірмелері нысанында беріледі.

  4) Жер учаскесінің төлемін толық төлемеген жағдайда қандай да бір мәміле жасасуға құқы жоқ. 
      Аукцион жеңімпазы аукцион барысында белгіленген бағаның елу пайызы мөлшеріндегі аванстық төлемді сатып алу-сату шартына қол қойылған күннен бастап банктік бес күннен кешіктірілмейтін мерзімде енгізуі тиіс. Кепілдік жарна тиесілі аванстық төлемнің шотына есептеледі. Қалған сома сатып алу-сату шартына қол қойылған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірілмей енгізілуі тиіс. Аукцион 2017 жылғы 28 желтоқсанда сағат 17.00-де Жалағаш кенті, Желтоқсан көшесі №3 ғимаратта орналасқан  «Жалағаш аудандық жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде өткізіледі.

     Қосымша анықтама алу үшін  «Жалағаш аудандық жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне хабарласыңыздар. Тел 8(72431)79-1-27.


    13.12.2017

 


 


АУДАН  ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ  НАЗАРЫНА!


 

Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің талаптарына сәйкес тұрғын үй салуға жер учаскелерін беру төмендегідей тәртіппен жүргізіледі

Жер учаскесi орналасқан жер бойынша кенттің немесе ауылдық округтің әкiмiне өтiнiш бередi.

Өтiнiште: жер учаскесiн пайдалану мақсаты; оның болжамды көлемi; орналасқан жерi; сұралып отырған пайдалану құқығы; басқа жер учаскесiнiң (осы Кодекстiң 50-бабының 2-тармағында көрсетілген жер учаскелерi бойынша) болуы (болмауы) көрсетiлуге тиiс.

Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелері сұратылған кезде азаматтардың өтініштері арнайы есепке  алынады және тиісті инфрақұрылымдармен қамтылған бөліп берілетін алаңдардың дайын болуына не жеке тұрғын үй құрылысы үшін пайдаланылатын бос аумақтар бар болған кезде қанағаттандырылады. Азаматтарға жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін тегін негізде беру кезінде азаматта жеке тұрғын үй құрылысы үшін мемлекеттен алған жер учаскелерінің бар немесе жоқ екендігі ескеріледі. Себебі жер заңнамаларына сәйкес тұрғын үй салу үшін мемлекеттен 0,1 га жер учаскесін бір рет тегін алған азаматқа осы мақсат үшін қайталап тегін жер беруге жол берілмейді.

Өздеріңізге белгілі, 2012 жылға дейін үй салу үшін жер учаскелері жеке меншікке беріліп келген болатын. Сол уақыттарда азаматтар жеке меншігіне алған жерлерді басқа тұлғаға сыйға беру, сату және тағы да басқа мәмілелер жасауға құқылы болды. 2012 жылы Жер кодексіне өзгерістер енгізіліп үй салу үшін жер учаскелері тек жалға берілетін болып бекітілді.   Яғни үй салуға жер учаскесі 3 жыл мерзімге жалға беріліп, құрылыс салынып қабылданғаннан соң ғана ол жер азаматтың жеке меншігіне өтеді.    Ал жалға берілген жерлерді басқа тұлғаға сыйға беруге немесе сатуға заңға сәйкес жол берілмейді және  3 жыл ішінде құрылыс салынбай өз мақсатына сай пайдаланылмаған  жер учаскелері мемлекетке қайтарылып алынатын болады.

Өздеріңізге белгілі, Жалағаш кенті, «Дәуімбай» учаскесінен 315 жер учаскесі үй салу үшін азаматтарға кезектілікке сәйкес 3 жыл мерзімге жалға берілген болатын. Зерттеу барысында берілген 315 жер учаскесінде салынған құрылыстар (үй, времянка, үйдің іргетасы) саны 18 ғана болып отыр.

Жоғарыда аталып өткендей тұрғын үй салу үшін 0,1 га жер учаскесі бір рет қана тегін берілетіндігін ескере отырып, азаматтардың жалға берілген жерлерді өз мақсатына сай пайдаланып тұрғын үй салуы қажет екендігін хабарлаймыз.

Қосымша анықтама алу үшін  Жалағаш кенті, Желтоқсан көшесі №3 ғимаратта орналасқан  «Жалағаш аудандық жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне хабарласыңыздар.                                      

Тел 8(72431) 31-9-78.

 

 

Жалағаш аудандық жер қатынастары бөлімі


Кіру