Русский Қазақша

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

ІЗДЕУ
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Инфрақұрылым
Қоғам
Мем. қызметтер
Байланыс
Әкім блогы
Анықтама
Сайт картасы Аудан әкімі аппараты
Аудан
Билік
Экономика
Басты бет Аудан Хабарландырулар Еңбек а.о. Хабарландырулар

Еңбек а.о. Хабарландырулар


2018-04-10. ХАБАРЛАНДЫРУ          

 

Жалағаш  ауданы, Еңбек ауылдық округі бойынша жергілікті қоғамдастық жиналысы өткізілетіндігін Еңбек ауылдық округі хабарлайды.

Күн тәртібінде: «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңы бойынша Еңбек ауылдық округінде қайталанатын ономастикалық атауларды өзгерту мәселесі.

Өтетін уақыты мен орны : 28.04.2018 жылы, сағат 10-00де  «Аққошқар ауылдық мәдениет Үйі»КМҚК

 




2018-04-03


 

               Жалағаш  ауданы Еңбек ауылдық округі бойынша жергілікті қоғамдастық жиналысы өткізілетіндігін Еңбек ауылдық округі хабарлайды.

                Күн тәртібінде: «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңы бойынша Еңбек ауылдық округінің  2018-2020 жылдарға арналған жергілікті қоғамдастықты дамыту жоспарын бекіту мәселесі туралы.

                 Өтетін уақыты мен орны : 12.04.2018 жылы, сағат 10-00де  «Аққошқар ауылдық мәдениет Үйі» КМҚК




2018-02-28 



Еңбек ауылдық округі  бойынша жергілікті қоғамдастық жиналысының ШЕШІМІ

 

Өткен орны, мерзімі: Еңбек ауылдық Мәдениет үйі,

27 ақпан 2018 жыл

 

Еңбек ауылдық округі бойынша жергілікті қоғамдастық жиналысы  ШЕШІМ  ҚАБЫЛДАДЫ:

Жалағаш ауданы Еңбек ауылындағы «Ғани Мұратбаев» тұйық көшесі «Ынтымақ» көшесі болып қайта атауы туралы Еңбек ауылдық округі әкімінің қарауына ұсынылсын.

 



2018-02-28

 

 Ағымдағы жылдың 27 ақапан күні Еңбек ауылында Аққошқар ауылдық мәдениет Үйінде қоғамдастық мүшелері мен мекеме басшылары және ауыл тұрғындарының қатысумен жергілікті қоғамдастық жиналысы болып өтті. Жиналыста Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 28 ақпандағы №17-388-5 тапсырмасына сәйкес ономастикалық атауларға кісі есімдерін беруге шектеу қойылғандығы жөнінде ауылдық округ әкімі Д.Алтынбаев қысқаша тоқталып өтті.

Сонымен қатар идеологиялық тұрғыдан ескірген және қайталанатын көше атауларын ретке келтіру мақсатында  жергілікті тарихи жер-су атаулары мен ұлттық танымға жақын дәстүрлі атаулармен өзгерту мәселесі туралы қоғамдастық мүшелері мен  ауыл тұрғындары  өз ойларын  ортаға  салды. Сондай-ақ, жиынға қатысушылар ауыл қарияларынан ақыл кеңес сұрап, ауылдық округте орналасқан географиялық жер-су аттарының тарихына  зерттеу жасау жөнінде ұсыныстарын айтты. 









2018-02-21.  Хабарландыру


Жалағаш  ауданы Еңбек ауылдық округі бойынша жергілікті қоғамдастық жиналысы өткізілетіндігін Еңбек  ауылдық округі хабарлайды.

Күн тәртібінде: «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңы бойынша Еңбек ауылдық округінде қайталанатын ономастикалық атауларды өзгерту мәселесі.

Өтетін уақыты мен орны : 27.02.2018 жылы, сағат 10-00де Аққошқар ауылдық мәдениет Үйі.





2018-01-08.  Хабарландыру


   «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 39-3-бабына сәйкес  ауылдық окургтегі құрылған жергілікті қоғамдастық жиналысы өтетіндігін хабарлайды.

  

Күн тәртібі:

 

1. Еңбек ауылдық округінің деңгейіне берілетін мүліктердің тізімін қарау  туралы.

 

Өтетін орны: Еңбек   ауылдық округі әкімінің аппараты ғимараты.

Өтетін уақыты: 2018 жылы 18-ші қаңтар күні, сағат: 11:00 -де.



Кіру