Русский Қазақша

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

ІЗДЕУ
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Инфрақұрылым
Қоғам
Мем. қызметтер
Байланыс
Әкім блогы
Анықтама
Сайт картасы Аудан әкімі аппараты
Билік
Құқық
Экономика

Ауыл шаруашылығы бөлімі

“Жалағаш аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы:


Кальниязов Марат Манерұлы 1968 жылы 19 ақпанда Қазалы ауданында дүниеге келген. Білімі жоғары:

- 1995 жылы, К.А.Тимирязев атындағы Мәскеу ауыл шаруашылығы академиясын бітірген, ғалым-агроном;

- 2002 жылы, Қазақстандық экономика және құқық институтын, заңгер мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолы:

1986 жылы Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Ақсу совхозында жұмысшы;

1986 - 1988 ж.ж. Совет Армиясы қатарында;

1988 - 1995 жылдары К.А.Тимирязев атындағы Мәскеу ауыл шаруашылығы академиясының студенті;

1995 - 1997 жылдары “Чайная компания” жауапкершілігі шектеулі қоғам, сату жөніндегі менеджер;

1998 - 1998 жылдары “Яксарт-Полимер” еншілес жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бағдарламашысы;

1998 - 1999 жылдары Жалағаш аудандық ауылшаруашылығы бөлімінің сыртқы экономика және маркетинг жөніндегі бас маманы;

1999 - 2001 ж. ж. Жалағаш ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру және кадрлармен жұмыс секторының маманы, жетекші маманы;

2001 - 2002 ж. ж. “Агроинвест LTD” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бағдарламашысы;

2005 - 2006 ж.ж. Қызылорда облыстық аумақтық басқармасы шекарадағы “Мыңтай” өсімдіктер карантині бекетінің жетекші маманы;

2006 - 2007 ж. ж. Жалағаш аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы;

2007 - 2015 ж. ж. ҚР АШМ “Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік ортылығы” мемлекеттік мекемесінің Қызылорда облыстық филиалында лаборант, фитопалог, агроном-энтомолог;

2012 - 2012 ж.ж. “Жалағаш аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі” мемлекеттік мекемесінің бас маманы;

2012 - 2013 ж.ж. “Жалағаш ауданы әкімінің аппараты” мемлекеттік мекемесінің құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі;

2013 - 2016 ж. ж. “Жалағаш ауданы әкімінің аппараты” мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыру-бақылау бөлімінің басшысы;

2016 - 2017 ж.ж. Жалағаш аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі” мемлекеттік мекемесінің басшысының орынбасары;

2017 жылдың маусым айынан “Жалағаш аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі” мемлекеттік мекемесінің бөлім басшысы.


Бөлім қызметкерлері туралы мәлімет

Т. А. Ә.

Қызметі

Телефон

1.

Нұрымбет Серғазы Жалғасұлы

Басшының орынбасары

79-1-25

2.

Жаканова Алтыншаш Картбаевна

Бас маман

31-8-84

3.

Асанбеков Алтынбек Өмірбекұлы

Бас маман

31-8-84

4.

Тұршабек Өркен Мирамбекұлы

Бас маман

31-8-84

5.

Есжанов Бакытбек Сайфуллаевич

Бас маман

31-8-84


Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

“Жалағаш аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің миссиясы, ішкі нарық қажеттілігін қанағаттандыру үшін жеткілікті көлемде ауыл шаруашылық өнімдерін тиімді өндіру негізінде, ауданның азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Міндеттері:

1) агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне мемлекеттік қолдауды жүзеге асыру;

2) бәсекеге қабілетті ауыл шаруашылығы тауарының өндірісін құрудың негізін жасау;

3) агроөнеркәсіп кешенін техникалық жарақтандыру, мал шаруашылығы, мелиорация, жерді суландыру және дренаж мәселелерін қалыптастыру және іске асыру;

4) ауылдық аумақтарды дамыту;

5) агроөнеркәсіп кешенін ақпараттық-консультациялық қамтамасыз ету;

6) аудан әкімдігінің және аудан әкімінің актілерінің жобаларын әзірлеуге қатысу.

Функциялары:

1) ауыл шаруашылығы өндірісін әртараптандыру бағдарламасына сәйкес суды аз қажет ететін экономикалық тиімділігі жоғары дақылдардың көлемін арттыруға ықпал жасау;

2) аудан агроөнеркәсіп кешенінің ауыл шаруашылығын техникалармен және басқа да материалдық ресурстарға қажеттілігін алдын-ала болжамдау;

3) ауыл шаруашылығы өнімдерін мемлекеттік ресурсқа өткізу жұмыстарын ұйымдастыру;

4) ауыл шаруашылығы салаларын дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын жасауға және іске асыруға қатысу;

5) ауданның ауыл шаруашылығын дамытудың перспективалық және ағымдық жоспарларын жасауға және іске асыруға қатысу, саланың даму тенденцияларына талдау және болжам жасау;

6) ауыл шаруашылығы өндірісі субъектілерінің нарықтық жағдайлардағы жұмысының экономикалық механизімін жетілдіруге бағытталған ұсынымдарды жүзеге асыруға қатысу;

7) ауылдағы экономикалық реформаларды тереңдетуге байланысты жұмыстарды үйлестіру қаржылық-экономикалық сауықтыру бағдарламаларын орындауға қатысу;

8) маркетингілік және нарықтық зерттеулер жүргізуді енгізіп, ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер мен басқа да кәсіпорындар арасында маркетингілік және нарықтық ақпараттар алмасу жұмыстарын үйлестіру;

9) ірі өңдеу кәсіпорындары мен кіші өңдеу цехтарын дамытудың тиімді жолдарын анықтау;

10) қолдан ұрықтандыру пункттерінің жұмыстарын ұйымдастыру;

11) агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін осы саладағы мемлекеттік, салалық (секторлық), өңірлік бағдарламаларға және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес мемлекеттік қолдауды жүзеге асыру;

12) Қазақстан Республикасының заңнамасымен оның құзыретіне жатқызылған басқа да мәселелерді шешу.

Құқықтары мен міндеттері:

1) ауданның ішкі сұранысын қанағаттандыру және оларды ауданнан тысқары жерлерге жеткізу үшін, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруді арттырудың кешенді шараларын жүзеге асыруға;

2) нарықтық инфрақұрылымды, аграрлық нарықты реттеу механизмдерін құруға және ауданның барлық агроөнеркәсіп кешенінің тауар өндірушілеріне қажетті экономикалық жағдай жасауға ықпал етуге;

3) мемлекеттік органдардан, басқа да ұйымдардан, лауазымды адамдардан өзінің міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті ақпаратты сұрауға және алуға;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген басқа да құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.



Бөлімнің жұмысын регламенттейтін және басшылыққа алынатын нормативтік-құқықтық актілер тізімі:

  1. «Агроөнеркәсіптік кешенді және аулдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 66 Заңы.
  2. «Тұқым шаруашылығы туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 ақпандағы № 385 Заңы
  3. «Облыстық бюджеттердiң мал шаруашылығы өнiмдерiнiң өнiмдiлiгiн және сапасын арттыруды субсидиялауға 2012 жылғы республикалық бюджеттен берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 мамырдағы № 625 қаулысы.


Жалағаш аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесі: файл ... .rar (38,5 kb)


Мекен-жайы:

120200. Қызылорда облысы, Жалағаш кенті, ПДУ №6

Байланыс телефоны: 8 (72431) 31870, 8 (72431) 31888

E-mail:zhalselhoz@korda.gov.kz


Кіру