Русский Қазақша

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

ІЗДЕУ
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Инфрақұрылым
Қоғам
Мем. қызметтер
Байланыс
Әкім блогы
Анықтама
Сайт картасы Аудан әкімі аппараты
Билік
Құқық
Экономика

Білім бөлімі

«Жалағаш аудандық білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы:

 

          Құрманбаева Гүлзат Ердаулетқызы 1966 жылы 10 сәуірде Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Жаңаталап ауылында дүниеге келген. Ұлтым-қазақ. Білімі-жоғары.             Тарих, қоғамтану және француз тілі мұғалімі.

Еңбек жолын 1988 жылы Сырдария ауданындағы №142 орта мектепте тарих пәні мұғалімі болып бастаған.

1990-1994 жылдар аралығында Жалағаш кентіндегі №201 орта мектепте тарих пәні мұғалімі;

1994-2005 жылдары №202 орта мектепте тарих пәні мұғалімі;

2005-2007 жылдары Жалағаш аудандық білім бөлімінің бас маманы;

2007-2009 жылдары Жалағаш аудандық білім бөлімі бастығының орынбасары;

2009-2016 жылдар Жалағаш кентіндегі Ш.Ермағанбетова атындағы №246 орта мектеп директоры;

2016 жылдың 1 қарашасынан бастап Жалағаш аудандық білім бөлімі басшысы қызметін атқарып келеді.




Білім бөлімі қызметкерлері мен білім беру ұйымдары басшылары туралы мәлімет

 

Аты-жөні

Қызметі

Жұмыс телефоны

1

Жанибеков Берик

Сектор меңгерушісі

32000

2

Жусипбекова Найля

Бас маман

32354

3

Жүргенова Жазира

Бас маман

40187

4

Боранбаева Ғалия

Әдістемелік кабинет меңгерушісі

32601

5

Бекенова Шынар

Әдіскер

32354

6

Әбілдаева Гүлжахан

Бас есепші

31643

7

Дүйсебаева Света

Бас есепшінің орынбасары

31643

8

Әлжанова Роза

Бас есепшінің орынбасары

31643

9

Мыханова Айнұр

№31 мектеп-гимназиясының директоры

31792

10

Қозыкенова Оразкүл

І.Қабылов атындағы №32 мектеп-лицейінің директоры

35524

11


№33 орта мектеп директоры

36251

12

Мусаева Сабира

Ә.Бердаулетов атындағы №34 орта мектеп директоры

37392

13

Мұстаяпов Болат

А.Бисенов атындағы №38 орта мектеп директоры

38360

14

Жусупова Мирамкул

№114 орта мектеп директоры

37543

15


№115 негізгі мектеп директоры

40960

16

Бакбергенов Нуржан

№116 орта мектеп директоры

22026

17

Ілиас Райкүл

Ә.Оңалбаев атындағы №117 орта мектеп директоры

35121

18

Доспанов Буркитбай

№118 орта мектеп директоры

37145

19

Рахметов Алмат

№119 орта мектеп директоры

35142

20

Оспанова Салима

№122 орта мектеп директоры

35406

21

Шоменова Ляйла

Т.Жүргенов атындағы №123 мектеп-лицейінің директоры

31289

22

Жаманов Мейрамбек

№124 орта мектеп директоры

34323

24

Орынбаева Гулбану

№188 орта мектеп директоры

33340

25

Садыков Талғат

№201 мектеп-лицейінің директоры

31451

26

Тұрған Жаңай Дауылбайұлы

№202 Зейнолла Жарқынбаев атындағы орта мектеп

21121

27

Тулегенов Шаганбек

№203 орта мектеп директоры

42353

28

Акшонтаева Шынаркул

Мардан Байділдаев атындағы №232 орта мектеп директоры

33196

29

Айбусинова Айнур

Ш.Ермағанбетова атындағы №246 орта мектеп директоры

31468

30

Басанова Гулжанат

Оқушылар Үйінің директоры

31983

31

Досманов Рахымбет

Әуез мектебінің директоры

31668

32

Ермаханов Галымбек

Жалпы орта білім беретін кешкі мектеп директоры


33

Купаев Алмасбек

Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациясының меңгерушісі

21414

34

Идрисов Рустам

«Ақтерек» сауықтыру лагерінің директоры


 

“Жалағаш аудандық білім бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің миссиясы: білім беру саласында мемлекеттік саясатты іске асыру.

Міндеттері:

1) ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтар, ғылым мен тәжірибе жетістіктері негізінде жеке тұлғаның қалыптасуы мен дамуына қажетті жағдайлар жасау;

2) оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық жаһандық коммуникациялық жүйелерге шығу;

3) ауданның білім беру ұйымдарының жұмысына тікелей басшылық жасауды жүзеге асыру;

4) мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балалардың есебін жүргізу және олардың орта білім алғанға дейінгі оқуын ұйымдастыру;

5) жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды мемлекеттік қамтамасыз етуді, оларды жұмысқа орналастыру және тұрғын үймен қамтамасыз етуін белгіленген тәртіп бойынша жүзеге асыру;

6) білім беру ұйымдарында оқу тәрбие процесі мазмұнының мемлекеттік жалпы міндетті білім беру стандарттары талаптарына сәйкес келуіне мезгіл-мезгіл бақылау жасау, ұйымдастыру және оны өз құзыреті шегінде жүргізіп отыру;

7) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес білім беру ұйымдарының басшыларын аттестаттау, ережеге сәйкес педагог қызметкерлерді аттестаттау;

8) мектепке дейінгі, мектептен тыс және жалпы білім беру ұйымдарынан жоғары тұрған органдарға оқушылар қозғалысы туралы, педагогикалық кадрлар туралы, статистикалық есеп беріп отыру;

9) аудан деңгейінде педагог-кадрларды әдістемелік кабинет арқылы әдістемелік қамтамасыз етуді жоспарлау және ұйымдастыру, педагог-кадрлардың шығармашылық жұмыстарына қолдау көрсету, көтермелеу шараларын қарастыру;

10) өз құзырындағы мәселелер бойынша аудан әкімдігінің қаулыларының, аудан әкімі шешім, өкімдерінің жобасын дайындауға, ауданда білім беруді дамытудың бағдарламасы мен жоспарын жасауға қатысу.

Функциялары:

1) білім беруді дамытудың аудандық бағдарламасын әзірлеу және аудан әкімдігіне ұсыну;

2) жалпы орта білім беруді қамтамасыз ету;

3) заңнамада белгіленген тәртіп бойынша жалпы орта білім бағдарламаларын жүзеге асыратын білім ұйымдарын және мектепке дейінгі, мектептен тыс білім мекемелерін құру, қайта ұйымдастыру және тарату жөнінде ұсыныстар енгізу;

4) белгіленген тәртіппен аудандағы мемлекеттік білім беру ұйымдарын материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыру;

5) аудан көлеміндегі мемлекеттік жалпы орта білім ұйымдардың, мектепке дейінгі мекемелерге оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді сатып алу және жеткізіп беру;

6) аудан көлемінде пәндік олимпиядаларды өткізу;

7) дамуында кемістігі бар жасөспірім балалардың білім алуына және әлеуметтік бейімделуіне көмектесу;

8) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, кәмелетке толмағандарға қорғаншылық және қамқоршылық жасауды ұйымдастыру, оларды қажет болған жағдайда балалар үйлеріне немесе интернаттық ұйымдарға орналастыру, қамқоршылық (қорғаншылық) Кеңесінің жұмысын үйлестіру;

9) заңнамада белгіленген тәртіппен оқушылардың кейбір санаттарына міндетті оқу қоры есебінен бөлінген қаржыдан әлеуметтік қолдау көрсету, тегін және жеңілдетілген тамақтандыруын, жазғы сауықтыруын ұйымдастыруға басшылық жасау;

10) дамуында әртүрлі ауытқулары бар, білім беру, денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау салаларындағы Қазақстан Республикасының өкілетті органдардың, қоғамдық ұйымдардың келісімімен ұсынылатын арнайы көмекке мұқтаж балаларды, оның ішінде ерте жастағы балаларды анықтайды;

11) заңнамамен қарастырылған басқа да функцияларды жүзеге асыру.

Бөлімнің құқықтары мен міндеттері:

1) бөлім құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік мекемелерден өзге де ұйымдар мен азаматтардан ақпарат сұратуға және алуға;

2) аудан бюджетінен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарының басқару органы болуға, білім беру ұйымдарының штаттық және тарифтік кестесін бекітуге;

3) сотқа талаппен жүгінуге құқығы бар;

4) қолданыстағы заңнамалық актілерде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.

Бөлімнің жұмысын реттейтін және басшылыққа алынатын нормативтік-құқықтық актілер тізімі:

1.   «Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі» Қазақстан Республикасының Кодексі 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V ҚРЗ;

2.   «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АЗАМАТТЫҚ КОДЕКСI» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 1994 жылғы 27 желтоқсандағы қаулысымен қолданысқа енгізілді;

3.   «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы N 99-IV Кодексі;

4.   «Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-IV Кодексі;

5.   «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-ІV Кодексі;

6.   «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V ҚРЗ;

7.   «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 Заңы;

8.   «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319 Заңы;

9.   «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88-V Заңы;

10. «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі N 591 Заңы;

11. «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысы;

12. «Мемлекеттiк бюджеттiң есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелер қызметкерлерiнiң, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттарының Қазақстан Республикасының шегiндегi қызметтiк iссапарлары туралы ереженi бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 22 қыркүйектегі N 1428 Қаулысы;

13. «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығы;

14. «Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016 - 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 1 наурыздағы № 205 Жарлығы;

15. «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012 - 2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 маусымдағы № 832 Қаулысы;

16. «Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 Қаулысы;

17. «Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 Бұйрығы;

18. «Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 03 сәуірдегі № 115 Бұйрығы;

19. «Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 127 Қаулысы;

20. «Жалпы білім беру ұйымдарының (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру) түрлері бойынша қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 17 қыркүйектегі № 375 бұйрығы;

21. «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 7 наурыздағы № 97 Бұйрығы;

22.  "Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 179 бұйрығы;

23. "Білім беру ұйымдарында пайдалануға рұқсат етілген оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендердің, оқу құралдарының және басқа да қосымша әдебиеттердің, оның ішінде электрондық жеткізгіштердегі тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 27 қыркүйектегі № 400 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 10 желтоқсандағы № 515 бұйрығы;

24. «Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің үлгілік ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы N 125 Бұйрығы;

25. «Білім беру ұйымдары желісінің кепілдік берілген мемлекеттік нормативін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 желтоқсандағы N 1256 Қаулысы;

26. «Білім беру ұйымдары білім беру қызметінде пайдаланатын қатаң есептіліктегі құжаттардың нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 2007 жылғы 23 қазандағы N 502 Бұйрығы;

27. «Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарын және педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы N 77 Қаулысы;

28. «Қашықтықтан білім беру технологиялар бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 137 бұйрығы;

29. «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығы;

30. «Білім және ғылым саласындағы азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын, сондай-ақ Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 бұйрығы;

31. «Білім туралы құжаттарды ресімдеу жөніндегі талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2007 жылғы 21 қарашадағы № 565 бұйрығы;


Мекен-жайы:

120200. Қызылорда облысы, Жалағаш кенті, М.Шаменов көшесі, №74

Байланыс телефоны: 8 (72431) 31091

E-mail: zh.raioo@korda.gov.kz


Азаматтарды қабылдау:

 

Бөлім бастығы жеке тұлғалады және заңды тұлғалардың өкілдерін әр аптаның сейсенбі күні сағ. 16.00-ден 18.00-ге дейін қабылдайды.


Хабарлындырулар. Жаңалықтар.


Жалағаш аудандық білім бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесі: Толығымен көру (көшіріп алу): файл... (35,7 Кб)

 

Кіру