Русский Қазақша

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

ІЗДЕУ
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Инфрақұрылым
Қоғам
Мем. қызметтер
Байланыс
Әкім блогы
Анықтама
Сайт картасы Аудан әкімі аппараты
Билік
Құқық
Экономика
Басты бет Билік Аудандық бөлімдер Дене шынықтыру және спорт бөлімі

Дене шынықтыру және спорт бөлімі

«Жалағаш аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бастығы:

 

 Ержанов Нұрлан Манатұлы 1973 жылы 16 қыркүйек күні Қызылорда облысы, Жалағаш қыстағы жұмысшы жанұясында дүниеге келген.1981 жылы №31 орта мектепке            1 сыныпқа барып, 1990 жылы №201 орта мектептің 11 сыныбын бітірген.

 Еңбек жолын 1990 жылы аудандық балалар мен спорт мектебінде жаттықтырушы болып бастаған. 1991 жылы Алматы дене тәрбиесі институтына оқуға түсіп, 1995 жылы            бітіріп шыққан.

1995-1996 жылдары Ақсу ауылындағы №116 орта мектебінде дене шынықтыру пәні мұғалімі.

1996-1999 жылдары №123 орта мектебінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі.

1999-2005 жылдары аудандық білім бөлімінің маманы, №201 орта мектептің директоры, аудандық білім бөлімінің әдіскері.

2005-2006 жылдары аудандық білім бөлімінің жетекші маманы.

2006 жылдың 20 наурызынан Жалағаш аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы қызметін атқарып келеді.

Отбасылы, 4 бала тәрбиелеп отыр.

 

Жалағаш аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің қызметкерлері

Мемлекеттік қызметшінің аты-жөні

Лауазымы

Байланыс телефоны

1

Ержанов Нұрлан Манатұлы

Аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы

32-4-47

2

Қарақұлов Мақсат Жүнісұлы

Аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы

32-4-47

3

Айтпанова Марал Тасболатқызы

Аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы

32-4-47

 

Жалағаш аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің бағынысындағы мекемелер

р/с

Мекеме атауы

(аудан, қала)

Директордың

аты-жөні

Мекен-жайы,

телефоны

Электронды

мекен-жайы

1

Жалағаш аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің Жалағаш аудандық “Наркескен спорт клубы” жедел басқару құқығындағы коммуналдық мемлекеттік (қазыналық) кәсіпорны.

Төлеков Бақытбек Қаппарұлы

Жалағаш кенті, Қазыбек би көшесі, 30 Г, т. 32-0-63

narkesken_sk@mail.ru

2

«№14 Жалағаш ауданының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі»

Әуесбаев Берікқазы Ханзадаұлы

Мәдениет ауылы,

т. 35-4-34

sportmektebi09@mail.ru


Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

 

“Жалағаш аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің миссиясы:

Дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуын қамтамасыз ету, спорттық қозғалысты, салауатты өмір салты қағидаттарын насихаттау және халықтың әртүрлі топтары арасында дене шынықтыру мен спортты дамыту бойынша жұмыстарды ұйымдастыру.

Міндеттері:

1) дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуын қамтамасыз ету;

2) өз құзіреті шегінде дене шынықтыру және спорт саласындағы басшылықты қамтамасыз ету;

3) дене шынықтырумен және спортпен айналысатын адамдардың, сондай-ақ дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық іс-шаралардың қатысушылары мен көрермендерінің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

4) ұлттық, техникалық және қолданбалы спорт түрлерін дамыту;

5) дене шынықтыру мен спортты қолдау және ынталандыру;

6) Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының тестілерін орындау жөніндегі жұмысқа басшылық жасау және бақылауды жүзеге асырады.

Функциялары:

1) аккредиттелген жергілікті спорт федерацияларымен бірлесіп, спорт түрлері бойынша аудандық спорттық жарыстарды өткізу;

2) спорт түрлері бойынша аудандық құрама командаларды даярлауды және олардың облыстық спорттық жарыстарға қатысуын қамтамасыз ету;

3) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында бұқаралық спортты және ұлттық спорт түрлерін дамытуды қамтамасыз ету;

4) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында дене шынықтыру-спорт ұйымдарының қызметін үйлестіру;

5) спортшыларға: 2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспірімдік-разрядты спортшы, 2-жасөспірмідік-разрядты спортшы, 3-жасөспірімдік-разрядты спортшы спорттық разрядтарын беру;

6) мынадай: біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты әдіскер, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санаттағы әдіскер, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешісі біліктілік санаттарын беру;

7) спорттық-бұқаралық іс-шаралардың бірыңғай өңірлік күнтізбесін іске асыру;

8) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында спорттық іс-шараларды ұйымдастыруды және өткізуді үйлестіру;

9) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында дене шынықтыру мен спортты дамыту жөніндегі ақпаратты жинауды, талдауды жүзеге асыру және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нысанда және мерзімдерде облыстық жергілікті атқарушы органына ұсыну;

10) аккредиттелген өңірлік және жергілікті спорт федерацияларының ұсыныстары бойынша спорт түрлері бойынша аудандық құрама командаларының тізімдерін қалыптастыру және бекіту;

11) ресми дене шынықтыру және спорт іс-шараларын медициналық қамтамасыз етуді ұйымдастыру;

12) дене шынықтыру және спорт іс-шараларын өткізу кезінде қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

13) спорт ұйымдарына әдістемелік және консультациялық көмек көрсету;

14) аудандық мамандандырылмаған балалар-жасөспірімдер мектептерінің қызметін қамтамасыз ету;

15) заңдарда, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерінде, өзге де нормативтік құқықтық актілерде көзделген өзге функцияларды жүзеге асыру.

 

Құқықтары мен міндеттері:

1) заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан қажетті ақпарат пен материалдар сұратуға және алуға;

2) құзіреті шегінде құқықтық және нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге қатысу;

3) қолданыстағы заңнамалық актілерде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар;

4) жеке және заңды тұлғалардың жолдаған өтініштерін қарауға олардың орындалуын бақылауға, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда және тәртіппен олар бойынша жауаптар беруге;

5) жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауды ұйымдастыруға;

6) заңды және негізделген шешімдер қабылдауға;

7) қабылданған шешімдердің орындалуын бақылауды қамтамасыз етуге;

8) қолданыстағы заңнамада қарастырылған өзге де міндеттерді іске асыруға міндетті

Жалағаш аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің Жалағаш аудандық “Наркескен спорт клубы” жедел басқару құқығындағы коммуналдық мемлекеттік (қазыналық) кәсіпорнының функциялары:

1) аудан тұрғындарының барлық топтары, ардагерлер, мүмкіндігі шектеулі азаматтары арасында бұқаралық және ұлттық басқада спорт түрлерінен жарыстар, бұқаралық іс-шаралар ұйымдастырып өткізу;

2) балалар, жасөспірімдер және жастар арасында спорттық туризм жарыстарын, жорықтар, экспедициялар, экскурсиялар өткізу;

3) тұрғындардың барлық топтары, ардагерлер, мүмкіндігі шектеулі азаматтар арасында “Денсаулық тобын” құру;

4) спорт түрлерінен спорт резервтерін әзірлеу, жыл бойы жаттықтыру дәрістерін өткізіп, аудан құрама командаларының оқу-жаттығу жұмыстары және оқу жиындарын ұйымдастыру.

Жалағаш аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің “Мәдениет ауылының балалар-жасөспірімдер спорт мектебі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің функциялары:

1) тәрбиенелушілердің дене шынықтыру, сауықтыру және спорттық қажеттілігін қамтамасыз ету мақсатында, меншік түріне ведомстволық бағыныстылығына қарамастан қосымша білім берудің бағдарламасын жүзеге асыру;

2) балалар мен жасөспірімдерді жүйелі түрде спортпен айналысуға тарту, спорттың белгілі бір түріне қабілетті балаларды анықтау, физикалық, моральды-жігерлік қасиетке тәрбиелеу.


Азаматтарды қабылдау:

 

Бөлім басшысының жеке тұлғалады және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке мәселелерімен қабылдау кестесі

 

Қабылдау жүргізушінің

аты-жөні, тегі

Атқаратын лауазымы

Қабылдау уақыты

мен күні

Ержанов Нұрлан

Манатұлы

Аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімнің басшысы

Әр аптаның

бейсенбі күні

сағ.16.00-19.00 дейін

 
 Мекен-жайы:


120200. Қызылорда облысы, Жалағаш кенті, Шаменов көшесі, №94

Байланыс телефоны: 8 (72431) 32447

E-mail: zhalsport@korda.gov.kz

ХАБАРЛАНДЫРУЛАР, ЖАҢАЛЫҚТАР

Бөлімнің жұмысын регламенттейтін және басшылыққа алынатын нормативтік-құқықтық актілер тізімі:

 

1. «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 2014 жылғы 3 шілдедегі № 228-V ҚРЗ;

2. «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының тестілерін өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің м.а. 2014 жылғы 21 қарашадағы № 103 бұйрығы;

3. «Спорттық іс-шараларды өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 4 қарашадағы № 74 бұйрығы.

4. «Спорттық атақтар, разрядтар және біліктілік санаттарын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының 2014 жылғы 29 шілдедегі № 300 бұйрығы;

5. «Оқу-жаттығу процесі мен спорттық іс-шаралар кезеңінде спортшыларды, оның ішінде барлық санаттағы әскери қызметшілерді және құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлерін тамақтандыру және фармакологиялық қамтамасыз ету нормативтерінің әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 22 қарашадағы № 107 бұйрығы;

6. «Дене шынықтыру және спорт саласындағы азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидаларын және шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 10 маусымдағы № 157 бұйрығы;

7. «Спорт резерві мен жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу процесі жүзеге асырылатын дене шынықтыру-спорт ұйымдары түрлерінің тізбесін және олардың қызметі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 22 қарашадағы № 106 бұйрығы;


“Жалағаш аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі”коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесі:

Толығымен карап шығу (көшіріп алу): файл.... (34,0 кб)

 

Кіру