Русский Қазақша

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

ІЗДЕУ
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Инфрақұрылым
Қоғам
Мем. қызметтер
Байланыс
Әкім блогы
Анықтама
Сайт картасы Аудан әкімі аппараты
Билік
Құқық
Экономика

Жер қатынастары бөлімі

«Жалағаш аудандық жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы:

 

Байболов Бабаназар Тұрақұлы 1971 жылы 16 маусым күні Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Мәдениет совхозында дүниеге келген. Ұлты-қазақ. Білімі-жоғары. 1999 жылы Қызылорда мемлекеттік университетін жерді үйлестіру, инженер жерді үйлестіруші мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1988 жылы Жалағаш ауданы, Мәдениет совхозында жұмысшы болып бастаған.

1991-1993 жылдары аралығында Жалағаш ауданы Мәдениет совхозында жұмысшы болып істеген.

2001-2002 жылдары аралығында Қызылорда облыстық жер бақылау инспекциясының жер инспекторы, бас маманы қызметтерін атқарған.

2003-2006 жылдары аралығында Қызылорда облысы Жалағаш ауданының жер ресурстарын басқару жөніндегі комитетінің бас маманы,

2006-2007 жылдары Жалағаш аудандық жер қатынастары бөлімінің бас маманы қызметтерін атқарған.

2007 жылдың қаңтар айынан бастап Жалағаш аудандық жер қатынастары бөлімінің бастығы қызметін атқарып келеді.




Бөлім мамандары туралы мәлімет:


Аты-жөні

Қызметі

Жұмыс телефоны

1

Идрисов Дархан Балғабайұлы

Бас маман

31-9-78

2

Ниетқұлов Қанат Қуанышұлы

Бас маман

31-9-78


Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

“Жалағаш аудандық жер қатынастары бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің миссиясы ауданның экономикалық дамуына бағытталған жерлерді ұтымды пайдалануды, топырақ құнарлығын сақтауды және арттыруды, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі басқа да іс-шаралар кешендерімен жер ресурстарын қорғауды ұйымдастыру және жүргізу болып табылады.

Міндеттері:

1) жер қатынастарын реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

2) өз құзыреті шегінде бөлімге жүктелген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

Функциялары:

1) иесi жоқ жер учаскелерiн анықтау және оларды есепке алу жөнiндегi жұмысты ұйымдастыру;

2) ауданның жергiлiктi атқарушы органының жер учаскелерiн беру және олардың нысаналы мақсатын өзгерту жөнiндегi ұсыныстары мен шешiмдерiнiң жобаларын дайындау;

3) жер қойнауын пайдаланудың мемлекеттiк геологиялық зерттеуге және барлауға байланысты мақсаттары үшiн жер учаскелерiн беру жөнiндегi аудандық атқарушы органның ұсыныстары мен шешiмдерiнiң жобаларын дайындау;

4) мемлекет мұқтажы үшiн жер учаскелерiн мәжбүрлеп иелiктен шығару жөнiнде ұсыныстар дайындау;

5) жер учаскелерiнiң бөлiнетiндiгi мен бөлiнбейтiндiгiн айқындау;

6) мемлекет жеке меншiкке сататын нақты жер учаскелерiнiң кадастрлық (бағалау) құнын бекiту;

7) жерге орналастыруды жүргiзудi ұйымдастыру және жер учаскелерiн қалыптастыру жөнiндегi жерге орналастыру жобаларын бекiту;

8) ауданның жердi аймақтарға бөлу жобаларын, жердi ұтымды пайдалану жөнiндегi жобалары мен схемаларын әзiрлеудi ұйымдастыру;

9) елдi мекендер аумағының жер-шаруашылық орналастыру жобаларын әзiрлеудi ұйымдастыру;

10) жер сауда-саттығын (конкурстар, аукциондар) жүргiзудi ұйымдастыру;

11) жердi пайдалану мен қорғау мәселелерiн қозғайтын, аудандық маңызы бар жобалар мен схемаларға сараптама жүргiзу;

12) ауданның жер балансын жасау;

13) жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың, сондай-ақ жер құқығы қатынастарының басқа да субъектiлерiнiң есебiн жүргiзу;

14) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерiнiң паспорттарын беру;

15) жер учаскесiн сатып алу-сату шарттары мен жалдау және жердi уақытша өтеусiз пайдалану шарттарын жасасу және жасалған шарттар талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асыру;

16) Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 71-бабына сәйкес ауданның жергiлiктi атқарушы органының iздестiру жұмыстарын жүргiзу үшiн жер учаскелерiн пайдалануға рұқсат беруi жөнiнде ұсыныстар дайындау;

17) ауыл шаруашылығы алқаптарын бiр түрден екiншiсiне ауыстыру жөнiнде ұсыныстар дайындау;

18) пайдаланылмай жатқан және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылып жатқан жердi анықтау;

19) жердi резервке қалдыру жөнiндегi ұсыныстарды дайындау;

20) жер-кадастрлық жоспарды бекіту;

21) жер қатынастары саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді жүргізу;

22) мемлекеттік қызмет көрсетудің тиісті регламенттері мен стандарттарын сақтау, әкімшілік рәсімдерді сақтау;

23) заңдарда, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерінде, өзге де нормативтік құқықтық актілерде көзделген өзге функцияларды жүзеге асыру.

Құқықтары мен міндеттері:

1) заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан қажетті ақпарат пен материалдар сұратуға және алуға;

2) құзыреті шегінде құқықтық және нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге қатысу;

3) қолданыстағы заңнамалық актілерде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар;

4) жеке және заңды тұлғалардың жолдаған өтініштерін қарауға олардың орындалуын бақылауға, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда және тәртіппен олар бойынша жауаптар беруге;

5) жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауды ұйымдастыруға;

6) заңды және негізделген шешімдер қабылдауға;

7) қабылданған шешімдердің орындалуын бақылауды қамтамасыз етуге;

8) қолданыстағы заңнамада қарастырылған өзге де міндеттерді іске асыруға міндетті.

Бөлімнің жұмысын регламенттейтін және басшылыққа алынатын нормативтік-құқықтық актілер тізімі:

1.   «Шаруа немесе фермер қожалығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 1998 жылғы 31 наурыздағы № 214.

2.   «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 22 сәуірдегі № 220 Заңы.

3.   «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы № 413-IV Заңы.

4.   «Қазақстан Республикасының азаматтық кодексі (ерекше бөлім)» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 шілдедегі № 409 Кодексі.

5.   «Қазақстан Республикасының Жер кодексі» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы № 442 Кодексі

6.   «Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелеріне құқық беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 1 тамыздағы № 726 Қаулысы.

7.   «Жер учаскелері жеке меншікке берілген кезде, мемлекет немесе мемлекеттік жер пайдаланушылар жалға берген кезде олар үшін төлемақының базалық ставкаларын, сондай-ақ жер учаскелерін жалдау құқығын сату төлемақысының мөлшерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 2 қыркүйектегі № 890 Қаулысы.

8.   «Қызметтік жер үлесіне құқығы бар қызметкерлер санатының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 8 қыркүйектегі № 908 Қаулысы.

9.   «Жердің ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға жатқызу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 8 қыркүйектегі № 910 Қаулысы.

10.  «Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелеріне әкімшілік-аумақтық бірліктер бойынша жеңілдетілген бағаның мөлшерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 10 қыркүйектегі № 918 Қаулысы.

11. «Қазақстан Республикасында жер мониторингін жүргізу және оның деректерін пайдалану ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 19 қыркүйектегі № 956 Қаулысы.

12. «Қазақстан Республикасында мемлекеттік жер кадастрын жүргізудің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 20 қыркүйектегі № 958 Қаулысы.

13. «Жерді сақтап қою ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 29 қыркүйектегі № 993 Қаулысы.

14. «Ауыл және орман шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттарға оларды пайдалану үшін ауыл шаруашылығы және орман алқаптарын алып қоюдан туындаған ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығы өндірісінің шығындарын өтеу нормативтерін және Алқаптарды қалпына келтіруге жұмсалатын сома есепке алынып, ауыл шаруашылығы өндірісінің шығындарын өтеу, сондай-ақ орман шаруашылығы өндірісінің шығындары мен залалдарын өтеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 8 қазандағы № 1037 Қаулысы.

15. «Шаруа (фермер) қожалығын жүргізу үшін Қазақстан Республикасының азаматында, тауарлы ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғасында және оның үлестес түлғасында жеке меншік құқығында, сондай-ақ тауарлы ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдарда және шетелдік заңды тұлғаларда уақытша жер пайдалану құқығында болуы мүмкін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің бір әкімшілік ауданның (қаланың) аумағындағы шекті (ең жоғарғы) мөлшерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 22 қазандағы № 1071 Қаулысы.

16. «Жер учаскесін немесе жер жер учаскесін жалдау құқығын сату жөніндегі сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) ұйымдастыру және өткізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 13 қарашадағы № 1140 Қаулысы.

17. «Қазақстан Республикасының азаматтық кодексі» Қазақстан Республикасы Парламент үйі, 1994 жылғы 27 желтоқсан № 269-ХІІІ.

18. «Ауыл шарушылығы мақсатындағы жер учаскесінің паспортының нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 11 тамыздағы № 62-ө бұйрығы.

19. «Ауыл шарушылығы өндірісін жүргізу үшін жер учаскелерін жалға берген кезде конкурстарды ұйымдастыру және өткізудің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2005 жылғы 2 наурыздағы № 165, Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттігі төрағасының 2005 жылғы 25 ақпандағы № 24-ө Бірлескен бұйрығы.

Азаматтарды қабылдау:

“Жалағаш аудандық жер қатынастары бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінде бөлім басшысының азаматтарды, заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау кестесі.

Жеке қабылдауды жүргізетін адамның (тегі, аты, әкесінің аты)

Жеке қабылдауды жүргізетін адамның лауазымы

Жеке қабылдау күні мен уақыты

Мемлекеттік органның орналасқан жері

Байланыс телефоны

1

Байболов Бабаназар Туракович

Бөлім басшысы

Сейсенбі сағат 15.00-ден 18.00-ге дейін

Желтоқсан көшесі, №3.

31-9-78

 

Аудандық жер қатынастары бөлімінің жаңалықтары, хабарландырулары:

Мекен-жайы:

120200. Қызылорда облысы, Жалағаш кенті, Желтоқсан көшесі, 1

Байланыс телефоны: 8 (72431) 31978

E-mail: zhalzem@korda.gov.kz


Аудандық жер қатынастары бөлімінің жаңалықтары, хабарландырулары:

“Жалағаш аудандық жер қатынастары бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесі Толығымен көру (көшіріп алу): файл... (36,6 Кб)

 

Кіру