Русский Қазақша

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

ІЗДЕУ
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Инфрақұрылым
Қоғам
Мем. қызметтер
Байланыс
Әкім блогы
Анықтама
Сайт картасы Аудан әкімі аппараты
Билік
Құқық
Экономика
Басты бет Билік Аудандық бөлімдер Жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және хал актілер тіркеу бөлімі

Жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және хал актілер тіркеу бөлімі

Жалағаш аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы:

 

Құттымбетова Эльмира Мергенбайқызы, 1972 жылы Жамбыл облысы Қордай ауданы Кенен селосында туылған. Ұлты қазақ. Білімі жоғары.

1988 жылы Алматы сәулет-құрылыс институтына түсіп, 1993 жылы Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясын құрылыс инженер-технологі мамандығы бойынша бітіріп шыққан.

2003-2005 жылдар аралығында Қарағанды экономикалық университетін экономист-есепші мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолы. 1995 жылдың тамыз айында Тереңөзек аудандық халықты әлеуметтік қорғау бөліміне әлеуметтік қызметкер болудан бастаған.

1998 жылдың ақпан айында зейнетақы мен жәрдемақы тағайындау бөлімінің маманы болып ауыстырылып, сол жылдың қазан айында жәрдемақы тағайындау секторының бас маманы болып тағайындалған.

2002-2010 жылдар аралығында Жалағаш аудандық еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бөліміне бас маман, сектор меңгерушісі, бөлім басшысының орынбасары қызметтерін атқарған.

2011 жылдың маусымында Жалағаш ауданының «Жұмыспен қамту орталығы» мемлекеттік мекемесінің директоры лауазымына тағайындалған.

2013 жылдың қыркүйегінде Жалағаш аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі қызметіне тағайындалып, осы күнге дейін осы қызметті атқарып келеді.


Аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін

тіркеу бөлімінде қызмет атқаратын мемлекеттік қызметкерлер жөніндегі ақпарат

р/с

Аты жөні, әкесінің аты

Лауазымы

Тел нөмірі

1

Құттымбетова Эльмира Мергенбайқызы

Бөлім басшысы

8(72431) 31393

2

Райбекова Кульжамила

Бөлім басшысының орынбасары

8(72431) 32192

3

Алайдарова Айжан Рахатовна

Азаматтық хал актілерін тіркеу сектор меңгерушісі

8(72431) 32192

4

Дүйсенбаева Гүлнұр Төлеуханқызы

Азаматтық хал актілерін тіркеу секторының бас маманы

8(72431) 32192

5

Искакова Айнұр Умирбаевна

Жұмыспен қамту және мүгедектермен жұмыс секторының меңгерушісі

8(72431) 31600

6

Бекетова Нургуль Орынбаевна

Әлеуметтік төлемдер секторының меңгерушісі

8(72431) 31339

7

Бакесова Мейрамкул

Әлеуметтік төлемдер секторының бас маманы

8(72431) 31339

8

Дүйсенбай Жанар

Мүмкіндігі шектеулі балаларға және он сегіз жастан асқан адамдарға үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінің меңгерушісі

8(72431) 32192

 

Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

 

“Жалағаш аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің миссиясы әлеуметтік бағдарламалар, халықты жұмыспен қамту және азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.

Міндеттері:

1) әлеуметтік бағдарламалар, халықты жұмыспен қамту және азаматтық хал актілерін тіркеу саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;

2) аудан әкімдігінің бөлімдерімен бірігіп аудандық бағдарламаларды әзірлеу және оларды іске асыру;

3) кедейшілік ауқымын қысқарту жөніндегі мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға қатысу;

4) берілген құзырет шеңберінде халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

5) халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясатты аудандық деңгейде жүзеге асыру;

6) мүгедектерді және ардагерлерді оңалту;

7) халықты атаулы әлеуметтік қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асыру, аудандық бағдарламаларға сәйкес аз қамтылған азаматтарды, мүгедектерді, көп балалы отбасыларын қорғау және қолдау үшін бюджеттен тыс қаржыларды тарту;

8) азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу, халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту бағдарламасын жүзеге асыруды қамтамасыз ету;

9) жұмыс күшіне қатысты бөлігінде сұраныс пен ұсынысты талдайды, болжайды, өңірдің еңбек нарығының жай-күйі туралы жергілікті атқарушы органдарға және халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға хабарлайды;

10) мемлекеттік, үкіметтік бағдарламалар және аумақтарды дамыту бағдарламалары, сондай-ақ жекеше сектор бастамалары шеңберінде іске асырылатын жобаларда сұранысқа ие мамандықтар бойынша ағымдағы бос орындар және құрылатын жұмыс орындарының болжамы туралы әлеуметтік еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесінің дерекқорын қалыптастыруға қатысады;

11) жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау және халықты жұмыспен қамту шараларын әзірлейді, халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын ұйымдастырады;

12) мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын құру жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;

13) жергілікті атқарушы органдардың білім мәселелері жөніндегі құрылымдық бөлімшелерінен, білім жөніндегі ұйымдардан, кәсіптік оқытуды жүзеге асыратын білім беру қызметіне құқығы бар ұйымдардың жанындағы оқу орталықтарынан түлектердің жұмысқа орналасуы туралы мәліметтер, оқыту жүргізілетін кәсіптер (мамандықтар) туралы және нақты кәсіптер (мамандықтар) бойынша даярланған және даярлау жоспарланып отырған және бітіріп шығатын мамандар саны туралы ақпарат сұратады;

14) жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдардың ерікті түрде қоныс аударуы үшін елді мекендерді айқындау бойынша ұсыныстарды жергілікті атқарушы органдарға енгізеді;

15) халықты жұмыспен қамту орталығының жұмысын үйлестіреді;

16) жұмыс берушілерден кадрларға болжамды қажеттілік туралы ақпарат сұратады;

17) жұмыстан босату және жұмыс орындарын қысқарту қатері бар ұйымдардың мониторингін жүзеге асырады;

18) азаматтардың жекелеген санаттарын жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квоталар белгілеу жөніндегі аудандық атқарушы органның шешімдерінің жобаларын дайындау.

Функциялары:

1) заңнамалық және нормативтік құжаттарды іске асыру, еңбек жағдайларын нормалау, еңбек ақы төлеу бойынша белгіленген мемлекеттік нормативтерді пайдалану тәртібін түсіндіру;

2) әлеуметтік және еңбек қатынастары саласы бойынша әлеуметтік әріптестік жүйесін реттеу жөнінде ұсыныстарды жүзеге асыру, әлеуметтік әріптестік бойынша үш жақты комиссияның жұмысын қамтамасыз ету және үйлестіру;

3) мекемелердің және мемлекеттік кәсіпорындардың еңбек ақы төлеу жүйесі бойынша шараларды жүзеге асыру;

4) өмір сүру деңгейін талдау және болжамдау негізінде халықтың аз қамтылған бөлігіне әлеуметтік көмек көрсетудің бағдарламасын жасау, сондай-ақ аудандық бағдарламалар жасауға әдістемелік ұсыныстарды даярлау;

5) жалғызбасты азаматтарды және мүгедектерді, мүмкіндігі шектеулі балаларды арнайы интернат үйлеріне орналастыру шараларын қабылдау, жалғыз басты азаматтарға, мүгедектерге, мүмкіндігі шектеулі балаларға арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету үшін жолдамалар беру;

6) мемлекеттік және қайырымдылық негізінде қолдауға мұқтаж адамдарды, әлеуметтік қорғаудың кешенді жүйесін жасауға, күрделі өмір тәлкегіне кезіккендерге психологиялық, медициналық-әлеуметтік қызметтер көрсететін мамандандырылған мекемелер мен қызметтер кешендерінің өркендеуіне ықпал жасау;

7) әлеуметтік келісім-шарт негізінде көрсетілетін әлеуметтік көмек көрсету;

8) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек, тұрғын үй көмегін және 18 жасқа дейінгі балалар жәрдемақысын тағайындау және төлеу жұмыстарын ұйымдастыруды және әдістемелік қамтамасыз етуді жүзеге асыру;

9) ауылдық жерде тұратын әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек тағайындау;

10) үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету;

11) халықтың әлеуметтік аз қорғалған санаттары, оның ішінде мүгедектер үшін қосымша жұмыс орындарын құруға ықпал жасау;

12) аудан еңбек рыногындағы жағдайды ескере отырып жұмыс берушілерге шетел жұмыс күшін тартуға ықпал жасау;

13) аудан құрылысы саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруға қатысу, инфрақұрылым объектілерінің мүгедектер мен қарттарға қолайлы болуына ықпал жасау;

14) мүгедектерді оңалтуға қажетті өндірістік және тұрмыстық арнаулы қозғалыс құралдарының, техникалық жабдықтарының қажеттілігін анықтау, олармен қамтамасыз етуге сұраныс жасау;

15) мүгедектерді және мүгедек балаларға протезді-ортопедиялық көмекпен және техникалық көмекші орган (орнын толтырушы) құралдар мен жүріп тұру құралдармен емделуді қамтамасыз ету және техникалық көмекті қажет ететін адамдарға уақытылы анықтауға бағытталған іс-шараларды жүзеге асыру және санаторий-курорттық емделуді қамтамасыз ету;

16) өз құзыры аясында бөлім және оның құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу және нормалауды ұйымдастыру және жетілдіру;

17) халыққа әлеуметтік көмек көрсету бағдарламасын қаржыландыру мақсатында мемлекеттік, қоғамдық, діни және қайырымдылық ұйымдардың, мекемелер мен кәсіпорындардың, шетелдік фирмалар мен біріккен кәсіпорындардың бірлесіп әрекет жасауын қамтамасыз ету;

18) бөлімдегі кадрларды қайта даярлауға және біліктігін арттыруға бағытталған шараларды ұйымдастыру;

19) өз құзырындағы мәселелер бойынша бөлімге азаматтардан түскен арыздар мен шағымдарды, ұсыныстарды белгіленген тәртіпте қарау;

20) арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету туралы тиісті шешімдер қабылдау;
            21) жекелеген санаттағы азаматтарға, оның ішінде атаулы күндер мен мерекелік күндерге әлеуметтік көмектер ұйымдастыру;

22) орташа табысы Қызылорда облысы бойынша ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен табыстары бар отбасылардың тұлғаларына тұрмыстық қажеттіліктерге әлеуметтік көмектер ұйымдастыру;             23) мамандандырылған туберкулезге қарсы медициналық ұйымнан шығарылған, туберкулезден емделудің сүйемелдеу сатысындағы азаматтарға, қосымша тамақтануға әлеуметтік көмектер ұйымдастыру;

24) өңірге қажет мамандықтар бойынша әлеуметтік тұрғыдан халықтың осал тобы қатарынан Қазақстан Республикасының оқу орындарында бакалавр академиялық дәрежесін алу үшін студенттерге оқу ақысын төлеуге әлеуметтік көмектер ұйымдастыру;

25) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтірілген жағдайда не әлеуметтік мәні бар аурулары болған жағдайда, орташа табысы Қызылорда облысы бойынша ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен азаматтарға әлеуметтік көмектер көрсетілуін ұйымдастыру;

26) туу, қайтыс болу, неке қию (ерлі-зайыпты болу), некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу, бала асырап алу, әке (ана) болуды анықтау, атын, әкесінің атын және тегін өзгерту жөніндегі азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру;

27) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен азаматтық хал актілерін тіркеу туралы мәліметтерді Жеке тұлғалар туралы мемлекеттік дерекқорға енгізу;

28) азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы бастапқы және қайтадан куәліктер беру;

29) азаматтық хал актілерінің жазбаларын өзгерту, толықтыру және түзету, азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіру және жою;

30) Қазақстан Республикасының заңнамаларында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау;

31) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

Құқықтары мен міндеттері:

1) бөлім құзыры аясындағы мәселелер бойынша меншік түріне, шаруашылық жүргізу жағдайына қарамастан өндіріс орындарынан, ұйымдар мен мекемелерден қажетті мәліметтерді, есептерді сұратуға және алуға;

2) халықты әлеуметтік қолдауға байланысты бағдарламалар, қоғамдық акциялар өткізуді ұйымдастыруға;

3) белгіленген тәртіп бойынша жұмыспен қамту мәселелері бойынша конференциялар, семинарлар және жиналыстар өткізуге;

4) өзіндік ақпарат-анықтама бюллетендер, плакаттар, буклеттер, әдістемелік материалдар шығаруға және жарнама тақталар жасақтауға;

5) азаматтық хал актілерін тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік органдарға (мекемелерге) және ұйымдарға сұраулар жолдауға;

6) Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтін өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.


Бөлімнің жұмысын регламенттейтін және басшылыққа алынатын нормативтік-құқықтық актілер тізімі

1. «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 482-V ҚРЗ

2. «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі № 39 Заңы;

3. «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 28 маусымдағы № 63 Заңы;

4. «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеудің және оларға куәлік берудің кейбір мәселері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 20 ақпандағы № 110 Қаулысы;

5. «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 29 желтоқсандағы № 114 Заңы;

6. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы № 148 Заңы;

7. «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі № 246 Заңы;

8. «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі № 343 Заңы;

9. «Мүгедектерді оңалтудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 шілдедегі № 754 Қаулысы;

10. "Өрлеу" жобасы бойынша шартты ақшалай көмекті ендіруге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидаларын бекіту туралы. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 13 ақпандағы № 52 қаулысы;

11. «Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандарына отын сатып алуға жұмсалатын шығынды өтеу үшін өтемақы төлеу Нұсқаулығын бекіту туралы» Қызылорда облысы Жалағаш аудандық мәслихатының 2009 жылғы 24 қыркүйектегі № 20-3 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаменті Жалағаш ауданының Әділет басқармасында 2009 жылы 09 қазанда № 10-6-127 тіркелді;

12. «Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасын бекіту туралы» Қызылорда облысы Жалағаш аудандық мәслихатының 2010 жылғы 03 наурыздағы № 27-2 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаменті Жалағаш ауданының Әділет басқармасында 2010 жылы 19 наурызда № 10-6-142 тіркелді;

13.«Мүгедектің жұмыс орны стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 14 маусымдағы № 519 бұйрығы;

14.««Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктерінен және Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдардан мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 1065 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 27.03.2017 жылғы № 46 бұйрығы.


Мекен-жайы:

 

120200. Қызылорда облысы, Жалағаш кенті, Желтоқсан көшесі, №3

Байланыс телефоны: 8 (72431) 31393, 31339

Факс: 8 (72431) 31339, 31600

E-mail: zhalsobes@korda.gov.kz


Жаналықтар, хабарландырулар.


Азаматтарды қабылдау:

«Жалағаш аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» КММ -де жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау кестесі


Аты-жөні

Лауазымы

Қабылдау күндері мен уақыты

Мекен-жайы

Байланыс телефоны

1

Құттымбетова Эльмира Мергенбайқызы

Бөлім басшысы

Әр аптаның бейсенбі күні сағат:15-00-18-00-ге дейін

Жалағаш кенті, Желтоқсан көшесі, №3

31393

2

Райбекова Кульжамила

Бөлім басшысының орынбасары

Күнделікті 9-00 ден 19-00-ге дейін

Жалағаш кенті, Желтоқсан көшесі, №3

31393


Жалағаш аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ережесі: толығымен көру (көшіріп алу ) файл...(25,6 кб)

 

Кіру