Русский Қазақша

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

ІЗДЕУ
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Инфрақұрылым
Қоғам
Мем. қызметтер
Байланыс
Әкім блогы
Анықтама
Сайт картасы Аудан әкімі аппараты
Билік
Құқық
Экономика
Басты бет Билік Аудандық бөлімдер Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі

Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі

            Баймаханова Жупар Хамитовна 1963 жылы 16 қаңтар күні Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Жалағаш кентінде дүниеге келген. Ұлты қазақ. Білімі жоғары, экономист.

 

Еңбек жолын Жалағаш ауданы, Ақсу совхозында жұмысшы болып бастаған.

1981-1986 жылдары аралығында Алматы халық шаруашылығы институтында оқыған,

1986 жылдың тамыз айынан қазан айы аралығында Жалағаш аудандық финанс бөлімінде экономист,

1986-1992 жылдары аралығында Жалағаш аудандық финанс бөлімінде ревизор-инспектор,

1992-2000 жылдары аралығында Жалағаш аудандық финанс бөлімінде бас экономист,

2000-2003 жылдары аралығында Жалағаш аудандық финанс бөлімінде бас маман,

2003-2005 жылдары аралығында Жалағаш аудандық финанс бөлімінде бюджет бөлімінің бастығы,

2005-2006 жылдары аралығында Жалағаш аудандық экономика және қаржы бөлімінің бюджетті жоспарлау бөлімінің бастығы,

2006 жылдың қаңтар-мамыр айлары аралығында Жалағаш аудандық қаржы бөлімі бастығының орынбасары,

2006-2011 жылдары аралығында Жалағаш аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы,

2011-2013 жылдары аралығында Жалағаш аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бас маманы қызметтерін атқарған.

2013 жылдың қыркүйек айынан бастап Жалағаш аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі басшысының орынбасары,

2015 жылдың ақпан айынан бастап Жалағаш аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы қызметін атқарып келеді.

 

Құрылымдық бөлімшелердің басшылары мен қызметкерлері туралы мәлімет.

 

Аты-жөні

Қызметі

Жұмыс телефоны

1

Есжанов Базарбек

Бөлім басшысының орынбасары

31-7-14

2

Кашакова Жанар

Сектор меңгерушісі

31-7-49

3

Ильясова Зухра

Сектор меңгерушісі

31-7-14

4

 

Ибраева Жанат

Бас маман

31-7-49

5

Сулейменова Галия

Бас маман

31-7-14


Мемлекеттiк органның миссиясы, негiзгi мiндеттерi, функциялары, құқықтары мен мiндеттерi

 

         “Жалағаш аудандық экономика және бюджеттiк жоспарлау бөлiмi” коммуналдық мемлекеттiк мекемесi миссиясы ауданның әлеуметтiк-экономикалық дамуының негiзгi мақсаттарын iске асыру және стратегиялық мақсаттарға қол жеткiзуге негiзделген мемлекеттiк жоспарлаудың тиiмдi және бiр тұтас жүйесiн қалыптастыру үшiн стратегиялық, экономикалық және бюджеттiк жоспарлау саласында қызметтер атқару. Инвестициялық, сыртқы экономикалық, өнеркәсiптiк, аймақтық, сауда және әлеуметтiк қызмет салаларында мемлекеттiк саясатты iске асыруға қатысу.

Мiндеттерi:

1) аудандағы стратегиялық, экономикалық және бюджеттiк жоспарлау саласында функцияларды жүзеге асыру;

2) аудандық бюджет комиссиясы айқындайтын мерзiмдер мен күн тәртiбiне сәйкес бюджеттiк комиссияның отырыстарына материалдар дайындау;

3) бюджеттiк инвестициялар бойынша қорытындылар қалыптастыру, оларды облыстық бюджет комиссиясының қарауына жiберу, инвестициялық жобалардың тiзбесiн қалыптастыру;

4) аудан әкiмiнiң iс-қимыл бағдарламасын, оны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарын әзiрлеу және олардың орындалуын бақылау;

5) аймақтың даму бағдарламасын тиiстi мерзiмге әзiрлеу, бағдарламаның iс-шара жоспарын дайындау және мониторингiлеу;

6) ауданның инвестициялық саясаты стратегиясын әзiрлеу және оны iске асыру;

7) ауданның әлеуметтiк-экономикалық дамуының стратегиялық мақсаттарын және басымдықтарын, негiзгi бағыттарын қалыптастыруға қатысу;

8) ауданның ақша, несие және салық-қаржы саясатының негiзгi бағыттары мен басымдықтарын жоспарлау мен қалыптастыруға қатысу;

9) аудан әкiмiнiң тапсырмасы бойынша бағдарламаларды әзiрлеу;

10) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларымен белгiленген өзге мiндеттердi жүзеге асыруға мiндеттi.

Функциялары:

1) жыл сайын бес жылға арналған ауданның әлеуметтiк-экономикалық даму болжамын әзiрлеу;

2) әлеуметтiк-экономикалық даму болжамының, Қазақстан Республикасының стратегиялық және бағдарламалық құжаттарының негiзiнде бес жылға арналған аумақты дамыту бағдарламасын әзiрлеу;

3) үш жылға арналған аудан бюджеті және аудан мен облыстық бюджетi арасындағы жалпы сипаттағы трансферттердiң көлемi туралы аудандық мәслихаттың шешiмiнiң жобасын әзiрлеу;

4) “Қоғамдық кеңестер туралы” Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес құрылатын қоғамдық кеңестің отырысында аудан бюджетінің жобасын талқылауды жүргізу;

5) аудандық бюджет комиссиясының жұмыс органы функциясын iске асыру;

6) бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң әлеуметтiк-экономикалық даму басымдықтарын iске асыруға бағытталған шығыстардың жаңа бастамалары бойынша, әлеуметтiк-экономикалық даму басымдықтарын iске асыруға бағытталған, оның iшiнде бюджеттiк инвестициялар бойынша ұсыныстарын стратегиялық және бағдарламалық құжаттарына, Қазақстан Республикасының бюджеттiк және өзге де заңнамаға сәйкестiгiн қарау;
         7) әлеуметтiк-экономикалық даму болжамын ескере отырып, аудан бюджеттiн жыл сайын жоспарлы кезеңге әзiрлеу;

8) әлеуметтiк-экономикалық даму болжамын ескере отырып аудан бюджетіне түсетiн түсiмдердi болжауды жүзеге асыру;

9) бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң бюджеттiк өтiнiмдерiн олардың Қазақстан Республикасының бюджеттiк және өзге де заңнамасына, әлеуметтiк-экономикалық даму болжамына, қолданыстағы табиғи нормаларға және мемлекеттiк қызметтер стандарттарына сәйкестiгi тұрғысынан қарау;

10) аудан бюджеті жобасының түпкілікті нұсқасын жасайды және оны ауданның бюджеттік комиссиясының қарауына енгізеді;

11) аудандық бюджет комиссиясының аудан бюджетiнiң жобасы бойынша ұсыныстары негiзiнде аудан бюджетiнiң жобасын әзiрлейдi және оны аудан әкiмдiгiнiң қарауына ұсыну;

12) аудан бюджетi туралы аудандық мәслихат шешiмiн iске асыру туралы аудан әкiмдiгi қаулысының жобасын әзiрлеу;

13) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік инвестициялық жобаларын қарайды және бюджеттік бағдарламалар әкімшісіне олар бойынша экономикалық қорытынды жібереді;

14) бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң бюджеттiк инвестицияларды заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттiң қатысуы арқылы жүзеге асыру туралы ұсыныстарын және олардың қаржылық-экономикалық негiздемелерiн стратегиялық және (немесе) бағдарламалық құжаттарға, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестiгi тұрғысынан қарайды және олар бойынша экономикалық қорытындылар дайындау;

15) аудандық бюджет комиссиясының қарауына енгiзу үшiн оң экономикалық қорытындының негiзiнде заңды тұлғаның қаржылық шығындары мен кiрiстерiн бағалауды қамтитын, заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттiң қатысуы арқылы iске асыруға жоспарланатын бюджеттiк инвестициялар бойынша қорытындыларды қалыптастыру;

16) жергiлiктi атқарушы органдардың қатысуымен аудан әкiмiнiң iс-қимыл бағдарламасын және оны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарын әзiрлейдi, олардың орындалуына мониторингтi жүзеге асырады және оларды түзету жөнiнде ұсыныстар енгiзу;

17) салалық аймақтық бағдарламаларды әзiрлеудi үйлестiру және олардың iске асырылуына мониторинг жүргiзу;

18) ауданды дамыту бағдарламасының іске асырылуы туралы мәслихатқа баяндама жасау;

19) бюджеттiк бағдарлама әкiмшiсi ретiнде бөлiмнiң қаржыландырудың жылдық жоспарларын әзiрлеу;

20) жергiлiктi мемлекеттiк басқару мүддесiнде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергiлiктi атқарушы органдарға жүктелетiн өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

Құқықтары мен мiндеттерi:

1) аудан әкiмдiгiнiң әлеуметтiк-экономикалық саясаттың негiзгi бағыттары жөнiнде ұсыныстар енгiзуге;

2) аудан бюджетiнен қаржыландырылатын атқарушы органдардың ауданның әлеуметтiк-экономикалық дамуының стратегиялық жоспарларын және аудан әкiмiнiң iс-қимыл бағдарламасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарын iске асыруына бақылау жасауға;

3) аудан әкiмдiгiне аудан әкiмiнiң iс-қимыл бағдарламасын iске асыру жөнiнде iс-шаралар жоспарын түзету жөнiндегi ұсыныстар енгiзуге;

4) мемлекеттiк мекемелерден меншiк нысанына қарамастан барлық кәсiпорындар мен ұйымдардан өз құзырына кiретiн мәселелер бойынша белгiленген мерзiмде ақпарат сұратуға және алуға;

5) аудан бюджетiнен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелерден жылдық қаржыландыру жоспарларының атқарылуы туралы ай сайынғы есептердi алуға;

6) құпиялық режимiнiң, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияның сақталуын ескере отырып, аудан бюджетiнің атқару мәселелерiне қатысты құжаттамамен кедергiсiз танысуға;

7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.


Мекен-жайы:


120200. Қызылорда облысы, Жалағаш кенті, Төле би кошесі, №5

Байланыс телефоны: 8 (72431) 31-7-36, 31-7-14

E-mail: zhaleconom@korda.gov.kz


Азаматтарды қабылдау:


Бөлім басшысы жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін әр аптаның бейсенбі күні сағ. 10.00-ден 18.00-ге дейін қабылдайды.

Бөлімнің жұмысын регламенттейтін және басшылыққа алынатын нормативтік-құқықтық актілер тізімі:


1.   «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 2 шілдедегі № 267 Заңы.

2.   «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі № 303-ІІІ Заңы.

3.   «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы № 413-IV Заңы.

4.   «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі № 453 Заңы.

5.   «Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Кодексі.

6.   «Мемлекеттік органдардың аппаратын және ерекше үй-жайларын орналастыруға арналған алаңдар нормалары мен телефон байланысын пайдалану үшін тиесілілік нормалары және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 335 Қаулысы.

7.   «Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына көлік қызметін көрсету үшін қызметтік автомобильдерді пайдалануды ретке келтіру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 663 Қаулысы.

8.   «Жергілікті бюджеттер жобаларын әзірлеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 1061 Қаулысы.

9.   «Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 29 тамыз № 1127

10. «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 Қаулысы.

11. «Техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын және мемлекеттік органдардың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін және мемлекеттік қызметші болып табылмайтын қызметкерлер, тұлғалар лауазымдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 30 желтоқсан № 2021.

12. «Өңірлерде сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылау органдарын жетілдіру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 2 мамырдағы № 67 Жарлығы.

13. «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы18 маусымдағы № 827 жарлығы.

14. «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің одан әрі жұмыс істеуінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 жарлығы.

15. «Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жұйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы19 наурыздағы № 954 жарлығы.

16. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеті және Ұлттық Банкінің сметасы (бюджеті) есебінен қамтылған Қазақстан Республикасы органдары қызметкерлеріне еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы17 қантардағы № 1284 жарлығы.

 

Кіру