Русский Қазақша

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

ІЗДЕУ
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Инфрақұрылым
Қоғам
Мем. қызметтер
Байланыс
Әкім блогы
Анықтама
Сайт картасы Аудан әкімі аппараты
Билік
Құқық
Экономика

Ішкі саясат бөлімі

«Жалағаш аудандық ішкі саясат бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы:


Телібаев Ғалымжан Қуанышұлы 1978 жылы 7 қыркүйек күні Қызылорда облысы, Жалағаш ауданында дүниеге келген. Ұлты қазақ. Білімі жоғары, заңгер.












Бөлімнің мамандары туралы мәлімет

 

Аты-жөні

Қызметі

Жұмыс телефоны

1

Айбосынов Жошы Шыңғысұлы

Бас маман

31-9-99

2

Жамалатов Мардан Сырмағанбетұлы

Бас маман

31-9-99

 

Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

 

Миссиясы: “Жалағаш аудандық ішкі саясат бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің миссиясы ауданда ішкі саяси тұрақтылықты және азаматтық, қоғам институттарымен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету.

Міндеттері:

1) аудандағы қоғамдық-саяси жағдайларға сараптама мен мониторинг жүргізу;

         2) қоғамдық саяси және діни бірлестіктермен, саяси партиялармен іс-қимылдар жүргізу;

3) қоғамдық байланыстар, бұқаралық ақпарат құралдарына жергілікті мемлекеттік тапсырыстарды бөлу;

4) мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру;

         5) аудан әкімдігінің және аудан әкімінің актілерінің жобаларын әзірлеуге қатысу.

Функциялары:

1) әкімдіктер жанындағы жастар істері жөніндегі кеңестердің қызметіне қатысады;

2) мемлекеттік жастар саясатын іске асырады;

3) өңірлік жастар форумын өткізуді қамтамасыз етеді;

4) аудандағы діни ахуалды зерделеуді және талдауды жүргізеді;

5) діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын қалыптастыруға және іске асыруға қатысады;

6) өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстарын жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.

Құқықтары мен міндеттері:

1) заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан қажетті ақпарат пен материалдар сұратуға және алуға;

2) құзыреті шегінде құқықтық және нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге қатысу;

3) қолданыстағы заңнамалық актілерде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.

4) жеке және заңды тұлғалардың жолдаған өтініштерін қарауға, олардың орындалуын бақылауға, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда және тәртіппен олар бойынша жауаптар беруге;

5) жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауды ұйымдастыруға;

6) заңды және негізделген шешімдер қабылдауға;

7) қабылданған шешімдердің орындалуын бақылауды қамтамасыз етуге;

8) қолданыстағы заңнамада қарастырылған өзге де міндеттерді іске асыруға міндетті.

 

Мекен-жайы:


120200. Қызылорда облысы, Жалағаш кенті, Абай көшесі, №68

Байланыс телефоны: 8 (72431)31999

E-mail: zhalovp@korda.gov.kz


Азаматтарды қабылдау:

 

Бөлім басшысы жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін әр аптаның сәрсенбі күні сағ. 15.00-ден 18.00-ге дейін қабылдайды.

 

Жалағаш аудандық ішкі саясат білім бөлімінің жаңалықтары, хабарландырулары, есептері.

 Жалағаш аудандық ішкі саясат бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесі: Толығымен көру (көшіріп алу): файл... (25,8 Кб)

 

Кіру