Русский Қазақша

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

ІЗДЕУ
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Инфрақұрылым
Қоғам
Мем. қызметтер
Байланыс
Әкім блогы
Анықтама
Сайт картасы Аудан әкімі аппараты
Билік
Құқық
Экономика
Басты бет Билік Аудандық бөлімдер Кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі

Кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі

«Жалағаш аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы:

 

Еспенбет Жасұлан Ерданұлы 1982 жылы 5 қазанда Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Таң ауылында дүниеге келген. Білімі - жоғары. Мамандығы: маман-заңгер, экономика және бизнес бакалавры.

 Аятаған оқу орындары:

2002 ж. Алматы Заң колледжінің Қызылорда қаласындағы филиалы;

2006 ж. Қызылорда экономика, экология және құқық академиялық университеті;

2014 ж. Болашақ университеті.

 Еңбек жолы:

2003-2004 ж.ж. «Таң» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде хронометражист;

2004-2008 ж.ж. Таң ауылдық округі әкімінің аппаратының маман заңгері,

2008-2010 ж.ж.Таң ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы,

2010-2012 ж.ж. Жалағаш ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің заңгер-кеңесшісі;

2012-2016 ж.ж. Таң ауылдық округі әкімі;

2016-2017 ж.ж. Жалағаш ауданы әкімінің аппараты” мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыру-бақылау бөлімінің басшысы;

2017 жылдың тамыз айынан “Жалағаш аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысы қызметін атқарып келеді.


Бөлім қызметкерлері тізімі

Аты-жөні

Қызметі

Жұмыс телефоны

1

Демеуов Бақытқали Берікұлы

Бас маман

32-3-82

2

Нурсейтов Талгат Муратович

Бас маман

32-3-82

3

Аубакиров Руслан Табынбаевич

Статист

32-3-82

4

Абенова Меруерт Сабырбекқызы

Іс-қағаздарын жүргізуші

32-3-82

 

Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

 

“Жалағаш аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің миссиясы ауданда кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм салаларын дамыту жөніндегі саясатты жүргізу.

Міндеттері:

1)өз құзыреті шегінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағалары мөлшерінің сақталуын мемлекеттік бақылауды;

2) Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес рұқсат беру рәсімдерін, хабарламалар қабылдауды;

3) кәсіпкерлік дамуын үйлестіруді қамтамасыз ету;

4) өнеркәсіп салалары қызметін үйлестіру және дамуының мониторингін жүргізу;

5) сауда, қоғамдық тамақтану кәсіпорындарының, қызметін үйлестіру;

6) туристiк қызметке жәрдемдесу және оның дамуы үшiн қолайлы жағдайлар жасау;

7) ауданда шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың бағдарламасын және оны іске асырудың іс – шаралар жоспарын әзірлеу және олардың орындалуын бақылау.

8) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Функциялары:

1) өнеркәсіпті, кәсіпкерлікті және туризмді дамыту мақсатында аймақтық бағдарламалардың дайындалуын және жүзеге асырылуын қамтамасыз ету;

2) кәсіпкерлікті қолдау мақсатында құрылатын технопарк жүйелері, бизнес орталықтар, бизнес инкубаторлар, кіші инновациялық іс-қимылдары орталығы және тағы басқа обьектілердің құрылуы жөнінде жобаларды дайындау;

3) кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету, кәсіпкерлікті қолдау туралы заңнама бойынша сұрақтар жөнінде ақпараттық – түсіндіру жұмыстарын жүргізу;

4) кәсіпкерлік пен туризм субъектілеріне қысқа мерзімді оқытуды ұйымдастыру мен өткізу;

5) бюджеттік бағдарламаға сәйкес кәсіпкерлік субъектілеріне басым жобаларға іріктеу жасап, олардың мониторингін жүргізу;

6) аймақтық индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының жүзеге асырылуына жағдайлар жасау;

7) ауданның кәсіпорындарында халықаралық сапа стандартын енгізу үшін жағдайлар жасау;

8) туризм қызметін қолдау мен дамытуды қамтамасыз ету.

Құқықтары мен міндеттері:

1) меншік нысанына және ведомоствалық бағынысқа қарамастан аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп, индустриялық-инновациялық даму, сауда және туризм қызметтерін дамыту мәселелері бойынша кәсіпорындар қызметіне мониторинг және талдау жасау;

2) белгіленген тәртіп бойынша меншік нысанына және ведомостволық бағынысқа қарамастан, аудандағы өнеркәсіп кәсіпорындарынан, индустриялық-инновациялық даму объектілерінен, сауда және туризм қызметі субъектілерінен қажетті ақпарат сұрауға және алуға;

3) мүдделі органдармен бірлесіп өнеркәсіптің, индустриялық-инновациялық дамуының, сауда және туризм қызметінің проблемалары жөнінде кеңестер, конференциялар, отырыстар өткізуге;

4) өз саласы бойынша аудан әкімдігінің қаулылары, аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерінің жобасын дайындауға, әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасы мен жоспарын жасауға қатысады;

5) бақылаушы мемлекеттік органдармен бірігіп сауда, қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындары мен базарлардың сауда ережелері мен қалпын сақтауына тексеру жүргізуге;

6) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген басқа да құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.

Азаматтарды қабылдау:

 

“Жалағаш аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі”

коммуналдық мемлекеттік мекемесінде бөлім басшысының азаматтарды, заңды тұлғалардың өкілдерін жеке мәселелерімен қабылдау КЕСТЕСІ


Жеке қабылдауды жүргізетін адамның тегі,аты,әкесінің аты

Жеке қабылдауды жүргізетін адамның лауазымы

Жеке қабылдау күні мен уақыты

Мемлекеттік органның орналасқан жері

Байланыс телефоны

1

2

3

4

5

6

1

Еспенбет Жасұлан Ерданұлы

Бөлім басшысы

Бейсенбі күні 15.00 ден 19.00 ге дейін

Жалағаш кенті,Желтоксан көшесі №3

79186


Бөлімнің жұмысын регламенттейтін және басшылыққа алынатын нормативтік-құқықтық актілер тізімі:

 

1. «Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Кодексі;

2. «Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодекс»і Қазақстан Республикасының Кодексі 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V ҚРЗ/

3. «Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі» Қазақстан Республикасының Кодексі 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V ҚРЗ;

4. «Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі N 544 Заңы;

5. «Сауда базарларының қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2003 жылғы 5 ақпан N 131.


Мекен-жайы:

 

120200. Қызылорда облысы, Жалағаш кенті, Желтоқсан көшесі, №3

Байланыс телефоны: 8 (72431) 79-1-86, 32382 (факс).

E-mail: zhalpred@korda.gov.kz


Жаңалықтар, хабарландырулар, есептері.

 


“Жалағаш аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесі: - Қарап шығу (көшіріп алу): файл... (38,2 Кб)

Кіру