Русский Қазақша

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

ІЗДЕУ
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Инфрақұрылым
Қоғам
Мем. қызметтер
Байланыс
Әкім блогы
Анықтама
Сайт картасы Аудан әкімі аппараты
Билік
Құқық
Экономика
Басты бет Билік Аудандық бөлімдер Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі

Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі

«Жалағаш аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

 

Бөлім басшысы:

Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі қызметкерлері мен мәдениет ұйымдары басшылары туралы мәлімет

 

Аты-жөні

Қызметі

Жұмыс телефоны

1

Дуйсенбиева Бибиасия

Бас маман

32226

2

Әбуов Ерболат

Бас маман

32709

3

Қожанияз Алпамыс

Қ.Қазантаев атындағы аудандық мәдениет Үйінің басшысы

32697

4

Сулейменов Гани Кенжегарараевич

Аудандық мәдениет және өнерді дамыту орталығының директоры

32641

5

Биманова Мирамкул

Аудандық тарихи-өлкетану музейінің директоры

31183

6

Мендибаева Улмекен

Аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры

32030

 

“Жалағаш аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің миссиясы: мәдениет және тілдерді дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру.

Міндеттері:

         1) ұлттық мәдениетті өркендету, сақтау, дамыту әрі тарату;

2) ауданның мәдени-рухани дамуының жетістіктері мен үлгілерін насихаттауға бағытталған мәдени-шаралар жүргізу;

3) мемлекеттік және Қазақстанда бар басқа да тілдердің қолдануы мен одан әрі дамытылуының тұрақтылығын қамтамасыз ету.

Функциялары:

1) мәдениет, өнер, тілдерді дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

2) тарихи-мәдени мұраның сақталуын қамтамасыз ету;

3) тілдерді қолдану мен оларды дамытудың мемлекеттік бағдарламасын орындауды жүзеге асыру;

4) ауданда мәдениет пен өнердің даму бағдарламасын дайындау, халық шығармашылығы фестивальдарын, айтыстар, семинарлар және басқа да шаралар өткізу;

5) мүдделі мемлекеттік мекемелермен бірлесіп аудан әкімдігінің мәдениет және өнер саласын дамытуға арналған бағдарламаларын жүзеге асыру шараларын қабылдау;

6) достастық мемлекеттерінде және шетелдерде өтетін фестивальдарға, байқауларға және басқа шараларға үздік шығармашылық ұжымдарды, жеке орындаушыларды ұсыну;

7) аудан мәдениеті мен өнері саласының даму жағдайына, мәдениет және өнер мекемелері мен кәсіпорындарының материалдық-техникалық базасының жағдайына талдау жасау.

Жалағаш аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің “Жалағаш аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің функциялары:

1) кітапханалардың барлық білім салалары бойынша кітап қорларын толықтыру жұмыстарын, олардың оқырмандар назарына ұсынылуын, кітапханалардың мәдени-көпшілік шараларды өткізуін ұйымдастыру;

2) қоғамның әлеуметтік, азаматтық және кәсіби белсенділігін арттыру үшін оқырмандардың ұлттық, жас ерекшеліктерін, олардың сұраныстарын есепке алып, жаңа білім алу мақсатында ақпараттық ресурстар қорын толықтыру және жаңарту;

3) кітап қорын есепке алу, барынша пайдалану, сақтау, қамтамасыз ету, санитарлық-гигиеналық және қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу;

4) ауылдық кітапханаларына көшпелі әдістемелік және тәжірибелік көмек көрсету, оқырмандармен жұмыс және әдебиеттерді насихаттау мен әдістерінің жетілдірілуіне ықпал ету.

Жалағаш аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің “Жалағаш аудандық мәдениет Үйлері мен клубтар” коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының функциялары:

1) концерттік қызметті белгіленген тәртіппен ұйымдастыру, түрлі театрлардың, көркемдік ұжымдардың және жеке орындаушылардың гастрольдерін өткізуге көмектесу;

2) мәдени-шығармашылық қызмет туралы облыстық және аудандық бағдарламаларды, халық шығармашылығын дамыту жөнінде әдістемелік көмекші құралдар мен нұсқаулықтарды, мәдени-шығармашылық және ұйымдастыру жөнінде тәжірибелерді, мәдени-көпшілік жұмыстардың жаңа түрлері мен әдістерін тарату;

3) Қазақстан халықтарының халық шығармашылығының дәстүрлі жанрларын насихаттау, рухани мұраларды жаңғырту;

4) фестивальдер, конкурстар, семинарлар өткізу және қолөнер шеберлерінің, суретшілердің, фотоәуесқойлардың көрмелерін ұйымдастыру;

5) мәдени және өзге де ақылы қызмет ұсыну есебінен кіріс әкелетін қызметпен айналыса алу.

Жалағаш аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің “Мәдениет және өнерді дамыту орталығы” коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының функциялары:

1) мәдени-сауықтыру шаралары, спартакиадалар, турнирлер, семинарлар, суретшілер көрмесін ұйымдастыру;

2) мәдени-сауықтыру жұмыстарына тапсырыс негізінде мәдени-сауықтыру дәстүрлерінің қазіргі уақытқа сай түрлері мен әдістерін дамыту жөнінде мақсатты бағдарламаларды жүзеге асыру;

3) оған заңнамамен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

Жалағаш аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің “Жалағаш аудандық тарихи-өлкетану музейі” коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының функциялары:

         1) аудан көлеміндегі тарихи-мәдени ескерткіштерді есепке алу және қорғау жұмыстарын ұйымдастыру;

     2) материалдық және рухани мәдениет ескерткіштерін құру, зерттеу, жүйелеу жұмыстары мен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүзеге асыру;

     3) тұрақты және жылжымалы экспозицияларды ұйымдастыру;

     4) өлке халқының тарихы мен мәдениеті жайлы ғылыми негізделген материалдарды музейлік әдістер арқылы насихаттау жұмыстарын жүргізу;

     5) музейде және музейден тыс экскурсиялар мен мәдени-көпшілік шараларды ұйымдастыру;

     6) көрмелер мен музейлік мерекелерді ұйымдастыру;

     7) аудандағы сәндік-қолданбалы және бейнелеу өнерінің дамуына ықпал жасау, қолөнер шеберлері, суретшілер мен жеке коллекционерлердің шығармашылығын насихаттау.

Бөлімнің құқықтары мен міндеттері:

1) мәдениет ұйымдарын құру, қайта ұйымдастыру және тарату жөнінде ұсыныстар беруге;

2) мемлекеттік органдардан, басқа да ұйымдардан, лауазымды адамдардан өзінің міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті ақпаратты сұратуға және алуға;

3) бөлімнің қарамағындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың мемлекеттік басқару органы болуға;

4) өз қызметі жайлы ақпарат таратуға;

5) сотқа талаппен жүгінуге;

6) Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.

 

Азаматтарды қабылдау:

 

«Жалағаш аудандык мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» коммуналдық мемлекеттік

мекемесінде азаматтарды, заңды тулғалардың өкілдерін жеке кабылдау кестесі

 

 

N.

Жеке кабылдауды жүргізетін адамнын (тегі, аты, әкесінің аты

Жеке кабылдауды жүргізетін адамнын лауазымы

Жеке кабылдау күні мен уакыты

Мемлекеттік органның орналасқан жері

Байланыс телефоны

1

2

3

4

5

6

1

 

Дуйсенбиева Бибиасия

Бас маман, бөлім басшысының м.а.

Бейсенбі күні сағат 15.00-ден 17.00-ге

Жалағаш кенті, Желтоқсан көшесі, №7

8 (72431)31753

 

Бөлімнің жұмысын регламенттейтін және басшылыққа алынатын нормативтік-құқықтық актілер тізімі:

1. «Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі» Қазақстан Республикасының Кодексі 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V ҚРЗ;

2. «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АЗАМАТТЫҚ КОДЕКСI» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 1994 жылғы 27 желтоқсандағы қаулысымен қолданысқа енгізілді;

3. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы N 99-IV Кодексі;

4. «Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-IV Кодексі;

5. «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V ҚРЗ;

6. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 Заңы;

7. «Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы № 207 Заңы.

8. «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шілдедегі № 151 Заңы.

9. «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88-V Заңы;

10. «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысы;

11. «Мемлекеттiк бюджеттiң есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелер қызметкерлерiнiң, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттарының Қазақстан Республикасының шегiндегi қызметтiк iссапарлары туралы ереженi бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 22 қыркүйектегі N 1428 Қаулысы;

12. «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығы;

 

“Жалағаш аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесі: Толығымен көру (көшіріп алу): файл... (36,4 Кб)


Мекен-жайы:

 

120200. Қызылорда облысы, Жалағаш кенті, Желтоқсан көшесі №7

Байланыс телефоны: 8 (72431) 31753, 8 (72431) 32709

E-mail: zhalkultura@korda.gov.kz


Жаңалықтар. Хабарландырулар. Есептер.

 

Кіру