Русский Қазақша

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

ІЗДЕУ
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Инфрақұрылым
Қоғам
Мем. қызметтер
Байланыс
Әкім блогы
Анықтама
Сайт картасы Аудан әкімі аппараты
Билік
Құқық
Экономика

Қаржы бөлімі

«Жалағаш аудандық қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы:

           Маратқызы Нұрсұлу 1980 жылы 5 наурыз күні Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Ақсу ауылында дүниеге келген. Ұлты қазақ. Білімі жоғары, есеп және аудит.

Еңбек жолын 2001-2002 жылдары аралығында «Наурыз Банк Қазақстан» ААҚ-ның Жалағаш адуандық филиалында кассир қызметімен бастаған.

2002--2003 жылдары аралығында Наурыз Банк Қазақстан» ААҚ-ның Жалағаш адуандық филиалында касса меңгерушісі,

2003—2005 жылдары аралығында «Қызылорда облыстық сәулет-жоспарлау орталығы» КММ Жалағаш кәсіпорнында бухгалтер,

2005-2006 жылдары аралығында Жалағаш аудандық экономика және қаржы бөлімінің жетекші маманы,

2006-2010 жылдары аралығында Жалағаш аудандық қаржы бөлімінің бас маманы,

2010-2011 жылдары аралығында Жалағаш аудандық қаржы бөлімінде сектор меңгерушісі,

2011 жылдан бастап Жалағаш аудандық қаржы бөлімінің басшысы қызметін атқарып келеді.




Құрылымдық бөлімшелердің басшылары мен мамандары туралы мәлімет


Аты-жөні

Қызметі

Жұмыс телефоны

1

Құрманаева Нұржамал

Сектор меңгерушісі

32-4-60

2

Құрманалива Анар

Сектор меңгерушісі

31-6-85

3

Желдербаева Ләззат

Бас маман

32-4-60

 

«Жалағаш аудандық қаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің миссиясы:

 

Миссиясы: Аудан бюджетінің атқарылуын талдау және ауданның коммуналдық меншігін басқару саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер болып табылады.

Міндеттері:

1)ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының старетегиялық мақсаттарын және басымдықтарын, негізгі бағыттарын қалыптастыру және оның атқару процесін жетілдіру;

2)аудан бюджетін қалыптастыру және оның атқару процесін жетілдіру;

3)аудан көлеміндегі коммуналдық меншікті басқару, мемлекеттік сатып алу мониторингін жүргізу есебін алу.

Функциялары:

1)мемлекеттік қаржыны және коммуналдық меншікті басқару саласында мемлекеттік саясаттың мақсаттары мен басымдықтарын айқындауға қатысу;

2)аудан бюджетінің атқарылуына талдау жасау, аудан бюдежті жобасының негізгі көрсеткіштерін анықтау;

3)аудан бюдежтінің қаржыландыру жиынтық жоспарын бекіту және оларға өзгерістер енгізу

4)аудан бюджетінің атқарылуына мониторинг жүргізу және талдау жасау;

5)өз қызметі саласында заңнаманың қолданылу тәжірибесін талдау және қорытындылау, оны жетілдіру жөнінде ұсыныстар беру;

6)өз құзіретіне жататын мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу;

7)аудандық коммуналдық мүлікті басқару, оны қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асыру;

8)аудандық коммуналдық мүлік обьектілерінің тізбесіне енгізілген, облыстың жергілікті атқарушы органнының алдын ала келісімімен жекешелендіру жүргізілуі мүмлкін аудандық коммуналдық мүлікті жекешелендіру бойынша облыстың жергілікті атқарушы органының алдын ала келісімін алу;

9)аудандық коммуналдық мүлікті жекешелендіру туралы шешім қабылдау;

10) «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес аудандық коммуналдық мүлікті жекешелендіру бойынша сауда-саттық өткізу туралы хабарламаны жариялау үшін мерзімді баспа басылымын айқындау жөнінде конкурс өткізу;

11) аудандық коммуналдық мүлікті жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз, шағын кәсіпкерлік субьектілерінің меншігіне кейіннен сатып алу құқығымен немесе кейіннен меншігіне өтеусіз негізде беру құқығымен мүліктік жалдауға(жалға алуға), сенімгерлікпен басқаруға беру.

12)аудандық коммуналдық мүліктің пайдаланылу және сақталуын бақылауды қамтамасыз ету;

13) ауданның жергілікті атқарушы органы құрған коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың, мемлекет бақылайтын жауапкершілігі шектеулі серіктестердің даму жоспарларының орындалуын бақылау және талдауды жүзеге асыру;

14)аудандық коммуналдық мүлікті аудандық коммуналдық заңды тұлғаларға бекітіп беру;

15)аудандық коммуналдық мүлікті, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес ақшаны жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталына не акционерлік қоғамның акцияларын төлеуге беру туралы аудан әкімдігіне ұсыныс енгізу;

16)аудандық коммуналдық мүлікті пайдалану туралы, оның ішінде оны кепілге, мүліктік жалдауға(жалға алуға), өтеусіз пайдалануға және сенімгерлікпен басқаруға беру туралы шешімдер қабылдау;

17)коммуналдық меншікке айналдырылған(түскен), Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен иесі жоқ деп танылған, мемлекеттік мұрагерлік құқығы бойынша өткен аудандық коммуналдық мүліктің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен коммуналдық меншікке өтеусіз өткізілген иесіз қалған мүліктің, олжаның, қараусыз қалған жануарларды, құрамында мәдени құндылықтарға жататын зат жоқ көмбелердің үлестерін есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалануды ұйымдастыру;

18)сенімгерлікпен басқарушының аудандық коммуналдық мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты бойынша міндеттемелерді орындалуын басқылауд жүзеге асыру;

19)ауданның коммуналдық мүлікті жекешелендіруді жүзеге асырады, оның ішінде жекешелендіру процесін ұйымдастыру үшін делдалды тартады, жекешелендіру обьектісін сатып алу-сату шарттарын әзірлеу мен жасау және сатып алу-сату шарттары талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асыру;

Құқықтары мен міндеттері:

1)ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының стратегиялық мақсаттарын және басымдықтарын, негізгі бағыттарын қалыптастыру және оның атқару процесін жетілдіру;

2)аудан бюдежтін қалыптастыру және оның атқару процесін жетілдіру;

3) аудан көлеміндегі коммуналдық меншікті басқару, мемлекеттік сатып алу мониторингін жүргізу және есебін алу.


Бөлімнің жұмысын регламенттейтін және басшылыққа алынатын нормативтік-құқықтық актілер тізімі:

 

1.   «Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Кодексі.

2.   «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы № 148 Заңы.

3.   «Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі» Қазақстан Республикасының Кодексі 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V ҚРЗ

4.   «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы № 413-IV Заңы.

5.   «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығы

6.   «Бюджеттік мониторинг жүргізу нұсқаулығын бекіту туралы»

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 30 қарашадағы № 629 бұйрығы

7.   «Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі туралы»

Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 Жарлығы

8.   «Мемлекеттік мекемелер үшін бухгалтерлік құжаттама нысандарының альбомын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрі м.а. 2011 жылғы 2 тамыздағы № 390 Бұйрығы

9.   «Есеп саясатын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 7 қыркүйектегі №444 Бұйрығы

10. «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы №393 Бұйрығы

11. «Қаржы есептілігін жасаудың және ұсынудың нысаны мен ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 8 шілдедегі №325 Бұйрығы

12. «Бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi мен бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдардың шоғырландырылған қаржылық есептiлiкті жасау қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2013 жылғы 30 қазандағы №500 Бұйрығы

13. «Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алу шоттарының жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 15 маусымдағы №281 Бұйрығы

14. «Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) мүлікті есепке алудың, сақтаудың, бағалаудың және одан әрі пайдаланудың кейбір мәселелері»

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі №833 Қаулысы

15. «Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру қағидаларын бекіту» туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы №17 бұйрығы

16. «Мемлекеттік мүлікті мүлікті жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы №212 бұйрығы


Мекен-жайы:

120200. Қызылорда облысы, Жалағаш кенті, Төле би көшесі, №3

Байланыс телефоны: 8 (72431) 31746, 32460

E-mail: zhalfin@korda.gov.kz


Азаматтарды қабылдау:

Бөлім бастығы жеке және заңды тұлғаларды әр аптаның бейсенбі күні сағ. 15.00-тен 19.00-ге дейін қабылдайды.


 

Кіру