Русский Қазақша

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

ІЗДЕУ
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Инфрақұрылым
Қоғам
Мем. қызметтер
Байланыс
Әкім блогы
Анықтама
Сайт картасы Аудан әкімі аппараты
Билік
Құқық
Экономика

Құрылыс бөлімі

“Жалағаш аудандық құрылыс бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы:



Ержанов Рустем Дастанович - 1981 жылы туылған.

Білімі: Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, Болашақ университеті.

Еңбек жолы:

2003-2004 жж. -Жалағаш ауданы әкімі аппаратының жетекші маманы ;

2004-2005 жж.- Жалағаш ауданы әкімі аппаратының төтенше жағдайлар жөніндегі бас маманы;

2005-2010 жж. - Жалағаш ауданы әкімі аппаратында жетекші маман, бас маман, мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің бас инспекторы;

2010-2011 жж. - Жалағаш кенті әкімінің орынбасары;

2011 ж. бастап - Жалағаш аудандық құрылыс бөлімінің басшысы.



Бөлімнің жұмысын регламенттейтін және басшылыққа алынатын нормативтік-құқықтық актілер тізімі:

  1. «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі № 242 Заңы.

Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

“Жалағаш аудандық құрылыс бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің миссиясы құрылыс саласында басшылықты жүзеге асыру.

Міндеттері:

1) құрылыс саласында елді мекендердің өмір тіршілігін қамтамасыз ететін мемлекеттік ғылыми-техникалық және инвестициялық саясатты жүргізу;

2) бөлім бюджеттік қаржы есебінен қаржыландырылатын құрылыс саласы бойынша бюджеттік бағдарламаның әкімшісі болады;

3) аудан аумағында мемлекеттік құрылыс саясатын жүргізу;

4) аудандағы құрылыс кешенінің жағдайын талдау, даму болашағын анықтау, барлық құрылыс түрлерінің бәсекелестігін қамтамасыз ету және аудан халқына жоғары деңгейде қызмет көрсету саясатын жүргізу.

Функциялары:

1) құрылыс саласы бойынша мемлекеттің саясатын ведомствалық аумағында жүзеге асыру;

2) құрылыс саласы бойынша жергілікті атқарушы органдарға ұсыныстар дайындау;

3) құрылыс саласы бойынша бюджеттік бағдарламаны дайындау және жүзеге асыру;

4) уәкілеттік органның белгіленген басқа да бюджеттік бағдарламаларын дайындау және жүзеге асыру;

5) белгіленген тәртіппен қызмет және тауар, жобалық және басқада жұмыстардың сатып алу бойынша мемлекеттік сатып алулар өткізу;

6) әр түрлі келісім шарттар жасау, оның ішінде мердігерлік келісім шарттары;

7) белгіленген тәртіпте салынып жатқан обьектілерде техникалық бақылау жүргізуге тұлғаларды тарту;

8) құрылыс обьектілерінде құрылыстың жүруіне жалпы бақылау орнату;

9) құрылысы аяқталған обьектілерді пайдалануға беруге байланысты жұмыстарды ұйымдастыру;

10) құрылысы салынатын және салынып жатқан (реконструкциялау, кеңейту, модернизациялау) және құрылысы жоспарланған обьектілер мен комплекстерге мониторинг жүргізу;

11) бөлінген және қаржыландырылған бюджеттік қаржының қатаң есебін жүргізу, бақылау және мақсатты жұмсалуын қамтамасыз ету;

12) әр түрлі семинарлар, көрмелер, басқа да іс-шараларды ұйымдастыру және қатысу;

13) белгіленген тәртіпте шетелдік және басқа да инвестицияларды тарту жұмыстарына қатысу;

14) Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес өзге де фукцияларды жүзеге асырады;

Құқықтары мен міндеттері:

1) елді мекендерде тіршілікті қамтамасыз ететін құрылыс мекемелері мен ұйымдардың меншік нысаны мен ведомстволық бағыныштылығына қарамастан жұмысын реттеуді жасауға керекті ақпаратты сұрап, уақытында алып отыруға;

алыс және жақын шетелдердің, басқа аумақтардың фирмаларымен келісім шарттарын дайындауға қатысу, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің және облыс, аудан әкімдерінің кесімдері бойынша атқару құжаттарды дайындауға, құрылыс мәселелері бойынша басқа да мемлекеттік органдардың мамандарын тартып отырып орындалатын мәселелерді сараптама және ғылыми-техникалық үйлестіру жөнінде уақытша жұмыс топтар мен комиссиялар құруға;

құрылыс жобаларын іске асыруда құрылыс салу тәртібі, құрылыс жұмыстарының бекітілген құрылыс жобаларына сәйкес орындалуын қамтамасыз етуге;

аудан аумағында құрылыс жүргізуші субъектілерден құрылыс жүргізуге дайындалған және құрылыс жүргізіліп жатқан объектілер мен кешендерді (қайта жаңғырту, кеңейту, жетілдіру, күрделі жөндеу) салуға белгіленген және салынап жатқан құрылыстардың жобалау және орындау құжаттарын алып, таныса алады;

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.

2) жеке және заңды тұлғалардың бөлімге жолдаған өтініштерін қарауға олардың орындалуын бақылауға, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда және тәртіппен олар бойынша жауап беруге;

жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауды ұйымдастыруға;

заңды және негізделген шешімдер қабылдауға;

қабылдаған шешімдердің орындалуын бақылауды қамтамасыз етуге;

қолданыстағы заңнамада қарастырылған өзге де міндеттерді іске асыруға міндетті.


“Жалағаш аудандық құрылыс бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінде бөлім басшысының азаматтарды,

заңды тұлғалардың өкілдерін, оның ішінде осы мекеменің қызметкерлерін жеке қабылдау кестесі

Жеке қабылдауды жүргізетін адамның (тегі, аты, әкесінің аты)

Жеке қабылдауды жүргізетін адамның лауазымы

Жеке қабылдау күні мен уақыты

Мемлекеттік органның орналасқан жері

Байланыс телефоны

1.

Ержанов Рустем Дастанович

Бөлім басшысы

Сәрсенбі, күні сағат 15-00 18.00-ге дейін

Жалағаш кенті, Желтоқсан көшесі №3

40-9-92


Мекен-жайы:


120200. Қызылорда облысы, Жалағаш кенті, Желтоқсан көшесі, №3

Байланыс телефоны: 8 (72431) 31737, 40992

E-mail: zhalstroi@korda.gov.kz

Кіру