Русский Қазақша

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

ІЗДЕУ
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Инфрақұрылым
Қоғам
Мем. қызметтер
Байланыс
Әкім блогы
Анықтама
Сайт картасы Аудан әкімі аппараты
Билік
Құқық
Экономика
Басты бет Билік Аудандық бөлімдер Сәулет және қала құрылысы бөлімі

Сәулет және қала құрылысы бөлімі

Жалағаш аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы:

 

Тасыбай Берік Болтайұлы 29 шліде 1960 жылы Қызылорда облысы, Жалағаш ауданында дүниеге келген.

1977 жылы Жалағаш кентінде №31 орта мектебін бітірген.

1977-1978 жж. аралығында Жалағаш ауданында межколхозстрой мекемесінде жұмысшы;

1978-1983 жж. аралығында Казақ химия-технологиялық институтының студенті;

1983-1984 жж. аралығында Жалағаш ауданында межколхозстрой мекемесінде мастер-құрылысшы;

1984-1985 жж. аралығында Жалағаш аудандық Халық депутаттарыатқару комитеті ұйымдастыру бөлімінің нұсқаушысы;

1985-1987 жж. аралығында Жалағаш аудандық комсомол комитетінің меңгерушісі;

1987-1990 жж. аралығында Жалағаш ауданындағы№17 жылжымалы механикалық колонна мекемесінде шебер;

1990-1992 жж. аралығында Жалағаш ауданындағы №17 жылжымалы механикалық колонна мекемесінде прораб;

1992-1993 жж. аралығында Жалағаш әкімі аппаратында халықты қабылдау мәселелері жөнінде бөлімінде реферснт;

1993-1995 жж. аралығында Қызылорда аумақтық мемлекеттік мүлік жөніндегі комитетінің бас маманы;

1996-1996 жж. аралығында Жалағаш ауданы әкімінің ұйымдастыру- бақылау бөлімінің меңгерушісі;

1996-1997 жж. аралығында Жалағаш ауданы әкімі аппаратының экономика және нарықтық қатынастар секторының меңгерушісі;

1997-2000 жж. аралығында Жалағаш ауданы әкімі аппаратының мекемелер және кадр жұмысының сектор меңгерушісі;

2000-2003 жж. аралығында Жалағаш ауданы әкімі аппаратының басшысы;

2003-2004 жж. аралығында Жалағаш кентінің әкімі;

2004-2011 жж. аралығында Жалағаш ауданы әкімінің орынбасары;

2011-2013 жж. аралығында Жалағаш аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы;

2013-ж. бастап Жалағаш аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы.


Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

           

“Жалағаш аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің миссиясы сәулет және қала құрылысы саласын кешенді дамыту арқылы аудан халқының тіршілік етуіне қолайлы орта жасау.

Міндеттері:

1) өз құзыреті шегінде аудан аумағында Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасының талаптарының орындалауын қамтамасыз ету;

2) заңнамамен белгіленген тәртіпте бекітілген бас жоспарлардың негізінде елді мекендердің аумақтарында құрылыс салу және дамыту, сондай-ақ, адамның тіршілік етуіне қолайлы орта мен орын құру жөніндегі қызметтерді үйлестіру;

3) аудан бойынша базалық деңгейдегі мемлекеттік қала құрылысы кадастрының қызметтерін ұйымдастыру;

4) кент, елді мекендерде құрылыс салудың кезекші-оперативтік жоспарларын, сондай-ақ жер асты коммуникациялары мен құрылыс объектілерін орналастырудың кезекші жоспарларын жүргізу жөніндегі қызметтерді үйлестіру;

5) өз құзыреті шегінде бөлімге жүктелген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

Функциялары:

1) заңнамада белгiленген тәртiппен бекiтiлген аудан аумағының қала құрылысын жоспарлаудың кешендi схемасын (аудандық жоспарлау жобасын), селолық елдi мекендердiң бас жоспарларын iске асыру жөніндегi қызметтi үйлестiру;

2) аудан аумағында қала құрылысын дамыту схемаларын, сондай-ақ кенттің және өзге де ауылдық елді мекендердің бас жоспарларының жобаларын әзірлеуді ұйымдастыру және аудандық мәслихаттың бекітуіне ұсыну;

3) мемлекеттік қала құрылысы кадастрының дерекқорына енгізу үшін белгіленген тәртіппен ақпарат және (немесе) мәліметтер беру;

4) аумақта жоспарланып отырған құрылыс салу не өзге де қала құрылысының өзгерiстерi туралы халыққа хабарлап отыру;

5) объектілерді пайдалануға қабылдау актілерін тіркеу және пайдалануға берілетін объектілерді (кешендерді) есепке алуды жүргізу;

6) салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің мониторингін сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүргізу;

7) елді мекендердің бекітілген бас жоспарларын (аумақтық даму схемаларын) дамыту үшін әзірленетін қала құрылысы жобаларын іске асыру;

8) ведомстволық бағынысты аумақта құрылыс салуға немесе өзге де қала құрылысын игеруге арналған жер учаскелерін таңдау, беру, заңнамалық актілерде көзделген жағдайларда, мемлекеттік қажеттер үшін алып қою жөнінде аудан әкімдігіне ұсыныс енгізу;

9) аудан аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекен-жайын анықтау жөнінде анықтама беру;

10) “Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру” мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету;

11) “Тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертумен байланысты қолданыстағы ғимараттардағы үй-жайларды (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) шешім беру” мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету;

12) “Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу” мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету;

13) елді мекендерде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыруға рұқсат беру және өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңнамасының сақталуына бақылау жасау;

            14) жеке және (немесе) заңды тұлғалардың жарнама қызметінің мәселелері жөніндегі өтініштерін қарау;

15) “Мекенжай тiркелiмi” ақпараттық жүйесiн жүргiзуді және толықтыруды қамтамасыз ету;

16) аудан аумағында мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы органының жұмысына жәрдемдесу;

17) жеке және заңды тұлғалардың бөлімге жолдаған өтініштерін қарау, олардың орындалуын бақылау, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда және тәртіппен олар бойынша жауаптар беру;

18) жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауды ұйымдастыру;

19) заңдарда, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерінде, өзге де нормативтік құқықтық актілерде көзделген өзге функцияларды жүзеге асыру.

Құқықтары мен міндеттері:

1) заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан қажетті ақпарат пен материалдар сұратуға және алуға;

2) құзыреті шегінде құқықтық және нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге қатысу;

3) қолданыстағы заңнамалық актілерде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.


Бөлім басшысы мен маманы туралы мәлімет

 

Аты-жөні

қызметі

Жұмыс телефондары

1

Тасыбай Берік Болтайұлы

Бөлім басшысы

872431-79122

2

Узденбаев Марат Нурымович

Бас маман

872431-32668

3

Берікулы Алмат

Бас маман

872431-32668

 

Бөлімнің жұмысын регламенттейтін және басшылыққа алынатын нормативтік-құқықтық актілер тізімі:

  1. "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі № 242 Заңы.
  2.  

«"Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау жөнінде анықтама беру", "Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру" және "Тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге байланысты емес қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) шешім беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 257 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2016 жылғы 21 қаңтардағы № 23 бұйрығы.


Мекен-жайы:

 

120200. Қызылорда облысы, Жалағаш кенті, Желтоқсан көшесі, №3

Байланыс телефоны: 8 (72431) 32165, 79122

E-mail: zh.arhitektyra@mail.ru



Азаматтарды қабылдау:

 

Жеке қабылдауды жүргізетін адамның (тегі, аты, әкесінің аты)

Жеке қабылдауды жүргізетін адамның лауазымы

Жеке қабылдау күні мен уақыты

Мемлекеттік органның орналасқан жері

Байланыс телефоны

1.

Тасыбай Берік Болтайұлы

Бөлім басшысы

Сәрсенбі, жұма күні сағат 15-00 17.00-ге дейін

Жалағаш кенті, Желтоқсан көшесі №3

79-1-22

 

 “Жалағаш аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесі

Толығымен көру (көшіріп алу): файл... (32,4 Кб)


Кіру