Русский Қазақша

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

ІЗДЕУ
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Инфрақұрылым
Қоғам
Мем. қызметтер
Байланыс
Әкім блогы
Анықтама
Сайт картасы Аудан әкімі аппараты
Билік
Құқық
Экономика
Басты бет Билік Аудандық бөлімдер Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі

«Жалағаш аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

 

            Бөлім басшысы: Момынтаев Әлихан Әміртайұлы 1962 жылы 24 қаңтарда Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Жалағаш кентінде дүниеге келген.

1981 жылы Алматы политехникалық техникумын элеватор және диірмендер жабдықтарының техник-механигі мамандығы алып шыққан.

1981-1983 жылдары Чехословакия Республикасында Кеңес Армиясы қатарында болған.

Еңбек жолын 1983-1984 жылдары Жалағаш астық қабылдау кәсіпорнының шебері болып бастаған.

1984-1987 жылдар аралығында Жалағаш аудандық жоспарлау комиссиясының экономисі;

1986-1992 жылдары Алматы халық шаруашылық институтын экономист мамандығы бойынша оқып, бітірген.

1987-1988 жылдары облыстық жұмыспен қамту бюросының Жалағаш ауданының бөлімше меңгерушісі;

1988 жылы Ақсу кеңшарының есепшісі;

1988-1997 жылдары Жалағаш аудандық экономика бөлімінің экономисі;

1999-2004 жылдары Жалағаш аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы;

2004-2006 жылдары Жалағаш аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі бастығының орынбасары;

2006-2014 жылдары Жалағаш аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы;

2014 жылдың маусым айынан бастап Жалағаш аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы қызметін атқарып келеді.

Отбасылы. үш қыз, бір ұл тәрбиелеуде.


Құрылымы

 

Аты-жөні

Қызметі

Жұмыс телефоны

1

Момынтаев Алихан Әміртайұлы

Бөлім басшысы

8(72431) 31-6-15

2

Утенова Самал Орынбасарқызы

Сектор меңгерушісі

8(72431) 79-1-11

3

Сығайбаев Болат Тұрмағанбетұлы

Бас маман

8(72431) 31-3-35

4


Бас маман

8(72431) 31-3-35


Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері:

 

Миссиясы: “Жалағаш аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің миссиясы: тұрғын үй қатынастары, коммуникациялар, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары салаларында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.

Міндеттері:

1) аудан аумағында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары салаларында мемлекеттік саясатты жүргізу;

2) аудан аумағында қолайлы қоршаған ортаны құру және қолдау бойынша іс-шаралар кешенін жүргізу және абаттандырудың, санитарлық жағдайдың, көгалдандырудың қажетті деңгейін қамтамасыз ету;

3) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдарын дамыту;

4) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында мемлекеттік саясатты жүргізуді қамтамасыз ету;

5) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген басқа да міндеттер.

Функциялары:

1) ауданның су құбырларын, тазарту құрылыстарын, жылу мен электр желілерін және басқа да көліктік және инженерлік инфрақұрылымдар объектілерінің құрылысын салуды және пайдалануды ұйымдастыру;

2) автомобиль жолдарын салу, қайта жаңарту, жөндеу және күтіп ұстау, аудан аумағының санитарлық жағдайын күтіп ұстау жұмыстарын ұйымдастыру;

3) автомобиль жолдарының (көпір өткелдерінің) учаскелерін концессияға беру жөніндегі ұсыныстарды, оларды пайдалану тәртібі мен шарттарын, олармен жүріп өту үшін мөлшерлемелердің мөлшерін әзірлеу;

4) аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары желісін басқару;

5) ауданның коммуналдық меншігіндегі жолдарды және жол кәсіпорындарын басқару;

6) аудан аумақтарын абаттандыру және көгалдандыру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;

7) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы объектілерін, автомобиль жолдарын, абаттандыру объектілерін салу, қайта жаңарту және күрделі жөндеу бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлеу және оның орындалуына бақылауды жүзеге асыру;

8) коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйін салуын және оны бөлуін ұйымдастыру;

9) коммуналдық тұрғын үй қорының сақталуын ұйымдастыру;

10) тұрғын үй қорына түгендеу жүргізу;

11) авариялық үй-жайларды бұзуды ұйымдастыру;

12) Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес азаматтардың жекелеген санаттарын тұрғын үймен қамтамасыз ету;

13) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген шарттармен және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен тұрғын үйлерді коммуналдық тұрғын үй қорынан азаматтардың меншігіне беруді жүзеге асыру;

14) тұрғын үй комиссиясының қызметін ұйымдастыру;

15) иесіз, қараусыз қалған жылжымайтын тұрғын үй мүліктерін анықтау және оларды ауданның коммуналдық меншігіне тапсыру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;

16) коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж адамдардың есебінде тұрған Қазақстан Республикасы азаматтарының кезектілік тізіміне жыл сайын түгендеу жүргізу;

17) тиісті аумақта жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

18) жол жүрісі қауіпсіздігін медициналық қамтамасыз ету жөніндегі шаралар кешенін ұйымдастыру әрі өткізу және олардың орындалуын бақылау;

19) аудандық маңызы бар жолдарда, елді мекендердің көшелерінде жол жүрісін реттеудің техникалық құралдарын салу, реконструкциялау, жөндеу, енгізу және күтіп ұстау жөніндегі барлық жұмыс түрлерінің орындалуын және оларды бақылауды қамтамасыз ету;

20) жолдарда жол жүрісін ұйымдастыру жөніндегі іс-шараларды әзірлеу және іске асыру;

21) жол-көлік оқиғаларынан болған ысыраптың және жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған бюджет шығындарының, сондай-ақ жолдардағы авариялық деңгейін азайту үшін қолданылатын шаралар тиімділігінің мониторингін жүзеге асыру;

22) Қазақстан Республикасының көлік саласындағы заңнамасына сәйкес жолаушылар тасымалын ұйымдастыру;

23) жолаушылар мен багажды тұрақты ауданішілік тасымалдауларды ұйымдастыру, олардың маршруттарын бекіту, оларға қызмет көрсету құқығына конкурстар ұйымдастыру және өткізу, маршруттар бойынша жүру кестелерін бекіту;

24) жолаушылар мен багажды тұрақты ауданішілік автомобильмен тасымалдау маршруттарының тізілімін жүргізу;

25) жолаушылар мен багажды таксимен тасымалдауды ұйымдастыру;

26) ауданішілік қатынастарда әлеуметтік мәні бар жолаушылар тасымалдауларын жүзеге асыру кезіндегі тасымалдаушылардың залалдарын субсидиялауды жүзеге асыру;

27) тахографтарды орнату және оған қызмет көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыруды бастағаны туралы хабарлама берген жеке және заңды тұлғалардың тізілімін жүргізу;

28) таксимен тасымалдаушы ретінде қызметті жүзеге асыруды бастағаны туралы хабарлама берген дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың тізілімін жүргізу;

29) Қазақстан Республикасын газдандырудың бас схемасын іске асыруға қатысу;

30) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы іс-шараларды ауданның даму бағдарламасына енгізуді қамтамасыз ету, сондай-ақ энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы ақпараттық қызметті жүзеге асыру;

31) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласы бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді көрсету;

32) заңдарда, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерінде, өзге де нормативтік құқықтық актілерде көзделген өзге функцияларды жүзеге асыру.

Жалағаш аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің “Жалағаш ауыз су” шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны функциялары:

1) “Ауыз су” бағдарламасын жүзеге асыру;

2) ауыз су жүйесін дамыту;

3) ауыз суды тиімді пайдалануға және заңсыз пайдаланушылармен жұмыс жүргізу;

4) ауыз су жүйелеріне ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу;

5) ауыз су төлем ақысын жинау және есебін жүргізу;

6) аудан тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету және пайдалану;

7) дербес /локальді/ су көздерін сапалы ауыз су өндіріп, елді мекен тұрғындарына сапалы қызмет көрсету;

8) ауыз су нысандарын пайдалану және реттеу кезінде оны дамытудың экономикалық шараларын қарастыру;

9) ауыз суды тиімді пайдалану үшін аудан халқына және басқа да пайдаланушы субъектілерге ауыз суды бекітілген жоспар бойынша уақытылы және кідіріссіз жеткізу;

10) ауыз сумен қамтамасыз ету мәселелері бойынша тиісті мемлекеттік және тағы басқа органдарға ұсыныс енгізу;

11) жер асты су қорларын үнемді пайдалану және ауыз су нысандарының тозып, шіріп кетуден қорғау жөніндегі жұмыстарды үйлестіру;

12) суды үнемдеу технологиясын енгізу арқылы су пайдалану жұмыстарының жоспары мен есебін жасау, лимитін анықтау;

13) су қоймаларында және құрылыс объектілерінде төтенше жағдайларды болдырмау шараларын және оны жою жұмыстарына қатысу;

14) лицензия қажет ететін қызмет түрлерін жүзеге асыруға, лицензия болған жағдайда рұқсат етіледі.

Құқықтары мен міндеттері:

1) заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан қажетті ақпарат пен материалдар сұратуға және алуға;

2) құзыреті шегінде құқықтық және нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге қатысу;

3) қолданыстағы заңнамалық актілерде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.

4) жеке және заңды тұлғалардың жолдаған өтініштерін қарауға олардың орындалуын бақылауға, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда және тәртіппен олар бойынша жауаптар беруге;

5) жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауды ұйымдастыруға;

6) заңды және негізделген шешімдер қабылдауға;

7) қабылданған шешімдердің орындалуын бақылауды қамтамасыз етуге;

8) қолданыстағы заңнамада қарастырылған өзге де міндеттерді іске асыруға міндетті.

 

Бөлімнің жұмысын регламенттейтін және басшылыққа алынатын нормативтік-құқықтық актілер тізімі:

1.   «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуiрдегi N 94 Заңы;


Азаматтарды қабылдау:

Бөлім бастығы жеке тұлғалады және заңды тұлғалардың өкілдерін әр аптаның сейсенбі күні сағ. 16.00-ден 18.00-ге дейін қабылдайды.


Мекен-жайы:


120200. Қызылорда облысы, Жалағаш кенті, Н. Мырзалиев көшесі, 24.

Байланыс телефоны: 8 (72431) 31335. 32615. 79111

E-mail: zhal.jkh@korda.gov.kz


“Жалағаш аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесі: Толығымен көру (көшіріп алу): файл... (28,9 Кб)


Хабарландырулар. Жаңалықтар. Есептер.

 

Кіру