Русский Қазақша

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

ІЗДЕУ
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Инфрақұрылым
Қоғам
Мем. қызметтер
Байланыс
Әкім блогы
Анықтама
Сайт картасы Аудан әкімі аппараты
Билік
Құқық
Экономика

Ветеринария бөлімі

«Жалағаш аудандық ветеринария бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы:

 

Бақтыбаев Әбдісаттар Тобжанұлы 1969 жылы 16 қаңтар күні Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Жалағаш кентінде дүниеге келген. Ұлты-қазақ. Білімі-жоғары. 1993 жылы Алматы зооветеринарлық институтын бітірген. Мамандығы - мал дәрігері.

Еңбек жолын 1993 жылы Жалағаш аудандық санитарлық эпидемиялогиялық станциясында санитарлық дәрігердің көмекшісі болып бастаған.

2000-2010 жылдары аралығында Жалағаш аудандық аумақтық ауылшаруашылығы басқармасында жетекші маманнан бөлім бастығы, ауданның бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторы қызметтерін атқарған.

2010 жылдың наурыз айынан бастап Жалағаш аудандық ветеринария бөлімінің бастығы қызметін атқарып келеді.

Отбасылы.



Құрылымы

 

Р/с

Тегі, аты, әкесінің аты

Қызметі

Телефон

электрондық почта

1

Бақтыбаев Әбдісаттар Тобжанұлы

Бөлім бастығы

32235

A.Baktybaev@korda.gov.kz

2

Алибаев Бағдат Шынтасұлы

Бөлім басшысының орынбасары

40330

zhalvet@korda.gov.kz

3

Темирбаев Болатбек Заутбекович

Сектор меңгерушісі

40330

zhalvet@korda.gov.kz

4

Сулейменов Нуркасым Жайбергенович

Сектор меңгерушісі

32235

zhalvet@korda.gov.kz

5

Маңызбаев Жанас Теңылбайұлы

Бас маман

40330

zhalvet@korda.gov.kz

6

Мустафаев Мирамбек Ешпаңұлы

Бас маман

32235

zhalvet@korda.gov.kz

7

Каримов Ерсайын Сабедович

Бас маман

32235

zhalvet@korda.gov.kz

 

Бөлімге қарасты мекеме:

«Жалағаш аудандық ветеринария бөлімі» Жалағаш ауданы әкімінің 22 ақпан 2010 жылғы №48 қаулысымен Жалағаш ауданы әкімдігі жанынан дербес мемлекеттік мекемесі болып құрылды. Алғашқы құрылған кездегі штат саны: - 3 бірлік

Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері:

 

“Жалағаш аудандық ветеринария бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің миссиясы ветеринария саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүргізу болып табылады

Міндеттері:

1) халықтың денсаулығын адам мен жануарларға ортақ аурулардан қорғау;

2) жануарларды аурулардан қорғау және олардың емделуін ұйымдастыру;

3) ветеринарлық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

4) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағын басқа мемлекеттерден жұқпалы және экзотикалық аурулардың әкелінуі мен таралуынан қорғау;

5) жеке және заңды тұлғалар ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асырған кезінде қоршаған ортаны ластаудың алдын-алу және оны жою.

Функциялары:

1) облыстың жергiлiктi өкiлдi органына бекiту үшін жануарларды асырау қағидаларын, иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидаларын, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларын, жануарларды асыраудың санитариялық аймақтарының шекараларын белгiлеу жөнiнде ұсыныстар енгізу;

2) қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды ұйымдастыру;

3) ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарға сәйкес мал қорымын (биотермиялық шұңқырларды) салуды ұйымдастыру және оларды күтіп-ұстауды қамтамасыз ету;

4) мүдделі тұлғаларға өткізіліп жатқан ветеринариялық іс-шаралар туралы ақпарат беруді ұйымдастыру және қамтамасыз ету;

5) ветеринария мәселелері бойынша халықтың арасында ағарту жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу;

6) жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерін, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарды пайдалануға қабылдайтын мемлекеттік комиссияларды ұйымдастыру;

7) жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты алып қоймай залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және қайта өңдеу;

8) жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қоймай залалсыздандырылған (зарарсыздандырылған) және қайта өңделген жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын иелеріне өтеу;

9) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беруге құқығы бар мемлекеттік ветеринариялық дәрігерлер тізімін бекіту;

10) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын сақтауын мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;

11) эпизоотия ошақтары пайда болған жағдайда оларды зерттеп-қарауды жүргізу;

12) эпизоотологиялық зерттеп-қарау актісін беру;

13) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуы тұрғысынан мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды:

ішкі сауда объектілерінде;

жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінде, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарда (импортпен және экспортпен байланыстыларды қоспағанда);

ветеринариялық препараттар өндіруді қоспағанда, ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын адамдарда;

экспортын (импортын) және транзитін қоспағанда, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдау (орнын ауыстыру), тиеу, түсіру кезінде;

экспортты (импортты) және транзитті қоспағанда, жануарлар ауруларының қоздырушыларын тарататын факторлар болуы мүмкін көлік құралдарының барлық түрлерінде, ыдыстың, буып-түю материалдарының барлық түрлері бойынша;

тасымалдау (орнын ауыстыру) маршруттары өтетін, мал айдалатын жолдарда, маршруттарда, мал жайылымдары мен суаттардың аумақтарында;

экспортты (импортты) және транзитті қоспағанда, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді өсіретін, сақтайтын, өңдейтін, өткізетін немесе пайдаланатын жеке және заңды тұлғалардың аумақтарында, өндірістік үй-жайларында және қызметіне жүзеге асыру;

14) мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді күтіп-ұстауға, өсіруге, пайдалануға, өндіруге, дайындауға (союға), сақтауға, қайта өңдеу мен өткізуге байланысты мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілерін орналастыру, салу, реконструкциялау және пайдалануға беру кезінде, сондай-ақ оларды тасымалдау (орнын ауыстыру) кезінде зоогигиеналық және ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптардың сақталуына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;

15) жеке және заңды тұлғаларға қатысты мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау актісін жасау;

16) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында жануарлардың энзоотиялық аурулары бойынша ветеринариялық іс-шаралар өткізуді ұйымдастыру;

17) уәкілетті орган бекітетін тізбе бойынша жануарлардың аса қауіпті ауруларының, сондай-ақ жануарлардың басқа да ауруларының профилактикасы, биологиялық материал сынамаларын алу және оларды диагностикалау үшін жеткізу бойынша ветеринариялық іс-шаралардың жүргізілуін ұйымдастыру;

18) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорды жүргізу бойынша іс-шаралар өткізуді ұйымдастыру;

19) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін бұйымдарға (құралдарға) және атрибуттарға қажеттілікті айқындау және облыстың жергілікті атқарушы органына ақпарат беру;

20) ветеринариялық есепке алу мен есептілікті жинақтау, талдау және оларды облыстың жергілікті атқарушы органына ұсыну;

21) облыстың жергілікті атқарушы органына жануарлардың жұқпалы және жұқпалы емес ауруларының профилактикасы бойынша ветеринариялық іс-шаралар жөнінде ұсыныстар енгізу;

22) облыстың жергілікті атқарушы органына профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесі жөнінде ұсыныстар енгізу;

23) ветеринариялық препараттардың республикалық қорын қоспағанда, бюджет қаражаты есебінен сатып алынған ветеринариялық препараттарды сақтауды ұйымдастыру;

24) облыстың жергілікті атқарушы органына тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар туралы ұсыныстар енгізу;

25) ауру жануарларды санитариялық союды ұйымдастыру;

26) “Рұқсаттар және хабарламалар туралы” Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 16 мамырдағы Заңына сәйкес жеке және заңды тұлғалардан ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламалар қабылдау, сондай-ақ рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізу;

27) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру кіреді.

Құқықтары мен міндеттері:

1) өзіне жүктелген міндеттерді жүзеге асыру үшін ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік органнан және өзге ұйымдардан қажетті ақпаратты сұратуға және алуға;

2) жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатқа ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізуді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың лицензияларын “Рұқсаттар және хабарламалар туралы” 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен тоқтату туралы ұсыныс шығаруға немесе қайтарып алуға бастамашы болуға;

3) Заңмен көзделген өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыруға құқылы.

 

 

Бөлімнің жұмысын регламенттейтін және басшылыққа алынатын нормативтік-құқықтық актілер тізімі:


1.   «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі № 339 Заңы.


Азаматтарды қабылдау:

 

Аты-жөні

Лауазымы

Қабылдау күндері мен уақыты

Мекен-жайы

Байланыс телефоны

1

Бақтыбаев Әбдісаттар Тобжанұлы

Бөлім басшысы

Әр аптаның дүйсенбі, сәрсенбі күндері сағат 15:00 – 17:00 аралығы

Өмірбай шешен, 26

32235

2

Әлібаев Бағдат Шынтасұлы

Бөлім басшысының орынбасары

Әр аптаның бейсенбі, жұма күндері сағат 15:00 – 17:00 аралығы

Өмірбай шешен,26

32235

 

Мекен-жайы:

 

120200. Қызылорда облысы, Жалағаш кенті, Өмірбай шешен көшесі №26

Байланыс телефоны: 8 (724-31) 32235, 40330

E-mail: zhalvet@korda.gov.kz


“Жалағаш аудандық ветеринария бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесі: қарап шығу (көшіріп алу) ....файл. zip (50.7 Kb)


Жаңалықтар. Хабарландырулар. Есептер.

 

Кіру