Русский Қазақша

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

ІЗДЕУ
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Инфрақұрылым
Қоғам
Мем. қызметтер
Байланыс
Әкім блогы
Анықтама
Сайт картасы Аудан әкімі аппараты
Билік
Құқық
Экономика

Әкімнің құттықтаулары

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ Т.ДҮЙСЕБАЕВТЫҢ ҚҰТТЫҚТАУЫ



Құрметті аудан тұрғындары!

 

Баршаңызды ұлық мереке - қасиетті Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Исламның басты бес парызының бірі – қажылықпен тұспа-тұс келетін тәлім-тәрбиесі мол қасиетті айттың орны ерекше. Құрбан айт – кең пейілділік пен жомарттықтың, бауырмалдық пен қайырымдылықтың мерекесі. Бұл күні - күллі мұсылман баласы ізгілік пен адалдықты ұлықтап, заманы мен елінің тыныштығын, отбасы мен Отанының амандығын тілейді.

Бүгінгі Құрбан айт мерекесі де елді бірлікке, мұқтаждарға көмек беруге, сабырлылық пен шүкіршілікке шақырады. Әлемдік дәстүрлі діндердің ұстанымы біреу ғана. Ол – адамзатты бірлікке шақыру.

Қасиетті құрбан айт баршаңыздың отбастарыңызға құт-береке әкелсін!

 

 

 

Жалағаш ауданының әкімі Талғат Дүйсебаев.


Кіру