Русский Қазақша

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

ІЗДЕУ
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Инфрақұрылым
Қоғам
Мем. қызметтер
Байланыс
Әкім блогы
Анықтама
Сайт картасы Аудан әкімі аппараты
Билік
Құқық
Экономика
Басты бет Билік Жалағаш ауданының әкімдігі Аудандық бөлімдердің басшылары

Аудандық бөлімдердің басшылары

“Жалағаш аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы:

Кальниязов Марат Манерұлы 1968 жылы 19 ақпанда Қазалы ауданында дүниеге келген. Білімі жоғары:

- 1995 жылы, К.А.Тимирязев атындағы Мәскеу ауыл шаруашылығы академиясын бітірген, ғалым-агроном;

- 2002 жылы, Қазақстандық экономика және құқық институтын, заңгер мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолы:

1986 жылы Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Ақсу совхозында жұмысшы;

1986 - 1988 ж.ж. Совет Армиясы қатарында;

1988 - 1995 жылдары К.А.Тимирязев атындағы Мәскеу ауыл шаруашылығы академиясының студенті;

1995 - 1997 жылдары “Чайная компания” жауапкершілігі шектеулі қоғам, сату жөніндегі менеджер;

1998 - 1998 жылдары “Яксарт-Полимер” еншілес жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бағдарламашысы;

1998 - 1999 жылдары Жалағаш аудандық ауылшаруашылығы бөлімінің сыртқы экономика және маркетинг жөніндегі бас маманы;

1999 - 2001 ж. ж. Жалағаш ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру және кадрлармен жұмыс секторының маманы, жетекші маманы;

2001 - 2002 ж. ж. “Агроинвест LTD” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бағдарламашысы;

2005 - 2006 ж.ж. Қызылорда облыстық аумақтық басқармасы шекарадағы “Мыңтай” өсімдіктер карантині бекетінің жетекші маманы;

2006 - 2007 ж. ж. Жалағаш аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы;

2007 - 2015 ж. ж. ҚР АШМ “Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік ортылығы” мемлекеттік мекемесінің Қызылорда облыстық филиалында лаборант, фитопалог, агроном-энтомолог;

2012 - 2012 ж.ж. “Жалағаш аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі” мемлекеттік мекемесінің бас маманы;

2012 - 2013 ж.ж. “Жалағаш ауданы әкімінің аппараты” мемлекеттік мекемесінің құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі;

2013 - 2016 ж. ж. “Жалағаш ауданы әкімінің аппараты” мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыру-бақылау бөлімінің басшысы;

2016 - 2017 ж.ж. Жалағаш аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі” мемлекеттік мекемесінің басшысының орынбасары;

2017 жылдың маусым айынан “Жалағаш аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі” мемлекеттік мекемесінің бөлім басшысы.


«Жалағаш аудандық білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы:

 

          Құрманбаева Гүлзат Ердаулетқызы 1966 жылы 10 сәуірде Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Жаңаталап ауылында дүниеге келген. Ұлтым-қазақ. Білімі-жоғары.             Тарих, қоғамтану және француз тілі мұғалімі.

Еңбек жолын 1988 жылы Сырдария ауданындағы №142 орта мектепте тарих пәні мұғалімі болып бастаған.

1990-1994 жылдар аралығында Жалағаш кентіндегі №201 орта мектепте тарих пәні мұғалімі;

1994-2005 жылдары №202 орта мектепте тарих пәні мұғалімі;

2005-2007 жылдары Жалағаш аудандық білім бөлімінің бас маманы;

2007-2009 жылдары Жалағаш аудандық білім бөлімі бастығының орынбасары;

2009-2016 жылдар Жалағаш кентіндегі Ш.Ермағанбетова атындағы №246 орта мектеп директоры;

2016 жылдың 1 қарашасынан бастап Жалағаш аудандық білім бөлімі басшысы қызметін атқарып келеді.





«Жалағаш аудандық ветеринария бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы:

 

Бақтыбаев Әбдісаттар Тобжанұлы 1969 жылы 16 қаңтар күні Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Жалағаш кентінде дүниеге келген. Ұлты-қазақ. Білімі-жоғары. 1993 жылы Алматы зооветеринарлық институтын бітірген. Мамандығы - мал дәрігері.

Еңбек жолын 1993 жылы Жалағаш аудандық санитарлық эпидемиялогиялық станциясында санитарлық дәрігердің көмекшісі болып бастаған.

2000-2010 жылдары аралығында Жалағаш аудандық аумақтық ауылшаруашылығы басқармасында жетекші маманнан бөлім бастығы, ауданның бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторы қызметтерін атқарған.

2010 жылдың наурыз айынан бастап Жалағаш аудандық ветеринария бөлімінің бастығы қызметін атқарып келеді.

Отбасылы.




«Жалағаш аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бастығы:

 

 Ержанов Нұрлан Манатұлы 1973 жылы 16 қыркүйек күні Қызылорда облысы, Жалағаш қыстағы жұмысшы жанұясында дүниеге келген.1981 жылы №31 орта мектепке            1 сыныпқа барып, 1990 жылы №201 орта мектептің 11 сыныбын бітірген.

 Еңбек жолын 1990 жылы аудандық балалар мен спорт мектебінде жаттықтырушы болып бастаған. 1991 жылы Алматы дене тәрбиесі институтына оқуға түсіп, 1995 жылы            бітіріп шыққан.

1995-1996 жылдары Ақсу ауылындағы №116 орта мектебінде дене шынықтыру пәні мұғалімі.

1996-1999 жылдары №123 орта мектебінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі.

1999-2005 жылдары аудандық білім бөлімінің маманы, №201 орта мектептің директоры, аудандық білім бөлімінің әдіскері.

2005-2006 жылдары аудандық білім бөлімінің жетекші маманы.

2006 жылдың 20 наурызынан Жалағаш аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы қызметін атқарып келеді.

Отбасылы, 4 бала тәрбиелеп отыр.


«Жалағаш аудандық жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы:

 

Байболов Бабаназар Тұрақұлы 1971 жылы 16 маусым күні Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Мәдениет совхозында дүниеге келген. Ұлты-қазақ. Білімі-жоғары. 1999 жылы Қызылорда мемлекеттік университетін жерді үйлестіру, инженер жерді үйлестіруші мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1988 жылы Жалағаш ауданы, Мәдениет совхозында жұмысшы болып бастаған.

1991-1993 жылдары аралығында Жалағаш ауданы Мәдениет совхозында жұмысшы болып істеген.

2001-2002 жылдары аралығында Қызылорда облыстық жер бақылау инспекциясының жер инспекторы, бас маманы қызметтерін атқарған.

2003-2006 жылдары аралығында Қызылорда облысы Жалағаш ауданының жер ресурстарын басқару жөніндегі комитетінің бас маманы,

2006-2007 жылдары Жалағаш аудандық жер қатынастары бөлімінің бас маманы қызметтерін атқарған.

2007 жылдың қаңтар айынан бастап Жалағаш аудандық жер қатынастары бөлімінің бастығы қызметін атқарып келеді.




Жалағаш аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы:

 

Құттымбетова Эльмира Мергенбайқызы, 1972 жылы Жамбыл облысы Қордай ауданы Кенен селосында туылған. Ұлты қазақ. Білімі жоғары.

1988 жылы Алматы сәулет-құрылыс институтына түсіп, 1993 жылы Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясын құрылыс инженер-технологі мамандығы бойынша бітіріп шыққан.

2003-2005 жылдар аралығында Қарағанды экономикалық университетін экономист-есепші мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолы. 1995 жылдың тамыз айында Тереңөзек аудандық халықты әлеуметтік қорғау бөліміне әлеуметтік қызметкер болудан бастаған.

1998 жылдың ақпан айында зейнетақы мен жәрдемақы тағайындау бөлімінің маманы болып ауыстырылып, сол жылдың қазан айында жәрдемақы тағайындау секторының бас маманы болып тағайындалған.

2002-2010 жылдар аралығында Жалағаш аудандық еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бөліміне бас маман, сектор меңгерушісі, бөлім басшысының орынбасары қызметтерін атқарған.

2011 жылдың маусымында Жалағаш ауданының «Жұмыспен қамту орталығы» мемлекеттік мекемесінің директоры лауазымына тағайындалған.

2013 жылдың қыркүйегінде Жалағаш аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі қызметіне тағайындалып, осы күнге дейін осы қызметті атқарып келеді.


«Жалағаш аудандық ішкі саясат бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы:


Телібаев Ғалымжан Қуанышұлы 1978 жылы 7 қыркүйек күні Қызылорда облысы, Жалағаш ауданында дүниеге келген. Ұлты қазақ. Білімі жоғары, заңгер.












«Жалағаш аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы:

 

Еспенбет Жасұлан Ерданұлы 1982 жылы 5 қазанда Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Таң ауылында дүниеге келген. Білімі - жоғары. Мамандығы: маман-заңгер, экономика және бизнес бакалавры.

 Аятаған оқу орындары:

2002 ж. Алматы Заң колледжінің Қызылорда қаласындағы филиалы;

2006 ж. Қызылорда экономика, экология және құқық академиялық университеті;

2014 ж. Болашақ университеті.

 Еңбек жолы:

2003-2004 ж.ж. «Таң» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде хронометражист;

2004-2008 ж.ж. Таң ауылдық округі әкімінің аппаратының маман заңгері,

2008-2010 ж.ж.Таң ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы,

2010-2012 ж.ж. Жалағаш ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің заңгер-кеңесшісі;

2012-2016 ж.ж. Таң ауылдық округі әкімі;

2016-2017 ж.ж. Жалағаш ауданы әкімінің аппараты” мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыру-бақылау бөлімінің басшысы;

2017 жылдың тамыз айынан “Жалағаш аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысы қызметін атқарып келеді.


«Жалағаш аудандық қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы:


           Маратқызы Нұрсұлу 1980 жылы 5 наурыз күні Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Ақсу ауылында дүниеге келген. Ұлты қазақ. Білімі жоғары, есеп және аудит.

Еңбек жолын 2001-2002 жылдары аралығында «Наурыз Банк Қазақстан» ААҚ-ның Жалағаш адуандық филиалында кассир қызметімен бастаған.

2002--2003 жылдары аралығында Наурыз Банк Қазақстан» ААҚ-ның Жалағаш адуандық филиалында касса меңгерушісі,

2003—2005 жылдары аралығында «Қызылорда облыстық сәулет-жоспарлау орталығы» КММ Жалағаш кәсіпорнында бухгалтер,

2005-2006 жылдары аралығында Жалағаш аудандық экономика және қаржы бөлімінің жетекші маманы,

2006-2010 жылдары аралығында Жалағаш аудандық қаржы бөлімінің бас маманы,

2010-2011 жылдары аралығында Жалағаш аудандық қаржы бөлімінде сектор меңгерушісі,

2011 жылдан бастап Жалағаш аудандық қаржы бөлімінің басшысы қызметін атқарып келеді.




“Жалағаш аудандық құрылыс бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы:



Ержанов Рустем Дастанович - 1981 жылы туылған.

Білімі: Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, Болашақ университеті.

Еңбек жолы:

2003-2004 жж. -Жалағаш ауданы әкімі аппаратының жетекші маманы ;

2004-2005 жж.- Жалағаш ауданы әкімі аппаратының төтенше жағдайлар жөніндегі бас маманы;

2005-2010 жж. - Жалағаш ауданы әкімі аппаратында жетекші маман, бас маман, мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің бас инспекторы;

2010-2011 жж. - Жалағаш кенті әкімінің орынбасары;

2011 ж. бастап - Жалағаш аудандық құрылыс бөлімінің басшысы.





«Жалағаш аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.




Жалағаш аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы:

 

Тасыбай Берік Болтайұлы 29 шліде 1960 жылы Қызылорда облысы, Жалағаш ауданында дүниеге келген.

1977 жылы Жалағаш кентінде №31 орта мектебін бітірген.

1977-1978 жж. аралығында Жалағаш ауданында межколхозстрой мекемесінде жұмысшы;

1978-1983 жж. аралығында Казақ химия-технологиялық институтының студенті;

1983-1984 жж. аралығында Жалағаш ауданында межколхозстрой мекемесінде мастер-құрылысшы;

1984-1985 жж. аралығында Жалағаш аудандық Халық депутаттарыатқару комитеті ұйымдастыру бөлімінің нұсқаушысы;

1985-1987 жж. аралығында Жалағаш аудандық комсомол комитетінің меңгерушісі;

1987-1990 жж. аралығында Жалағаш ауданындағы№17 жылжымалы механикалық колонна мекемесінде шебер;

1990-1992 жж. аралығында Жалағаш ауданындағы №17 жылжымалы механикалық колонна мекемесінде прораб;

1992-1993 жж. аралығында Жалағаш әкімі аппаратында халықты қабылдау мәселелері жөнінде бөлімінде реферснт;

1993-1995 жж. аралығында Қызылорда аумақтық мемлекеттік мүлік жөніндегі комитетінің бас маманы;

1996-1996 жж. аралығында Жалағаш ауданы әкімінің ұйымдастыру- бақылау бөлімінің меңгерушісі;

1996-1997 жж. аралығында Жалағаш ауданы әкімі аппаратының экономика және нарықтық қатынастар секторының меңгерушісі;

1997-2000 жж. аралығында Жалағаш ауданы әкімі аппаратының мекемелер және кадр жұмысының сектор меңгерушісі;

2000-2003 жж. аралығында Жалағаш ауданы әкімі аппаратының басшысы;

2003-2004 жж. аралығында Жалағаш кентінің әкімі;

2004-2011 жж. аралығында Жалағаш ауданы әкімінің орынбасары;

2011-2013 жж. аралығында Жалағаш аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы;

2013-ж. бастап Жалағаш аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы.


«Жалағаш аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

 

            Бөлім басшысы: Момынтаев Әлихан Әміртайұлы 1962 жылы 24 қаңтарда Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Жалағаш кентінде дүниеге келген.

1981 жылы Алматы политехникалық техникумын элеватор және диірмендер жабдықтарының техник-механигі мамандығы алып шыққан.

1981-1983 жылдары Чехословакия Республикасында Кеңес Армиясы қатарында болған.

Еңбек жолын 1983-1984 жылдары Жалағаш астық қабылдау кәсіпорнының шебері болып бастаған.

1984-1987 жылдар аралығында Жалағаш аудандық жоспарлау комиссиясының экономисі;

1986-1992 жылдары Алматы халық шаруашылық институтын экономист мамандығы бойынша оқып, бітірген.

1987-1988 жылдары облыстық жұмыспен қамту бюросының Жалағаш ауданының бөлімше меңгерушісі;

1988 жылы Ақсу кеңшарының есепшісі;

1988-1997 жылдары Жалағаш аудандық экономика бөлімінің экономисі;

1999-2004 жылдары Жалағаш аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы;

2004-2006 жылдары Жалағаш аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі бастығының орынбасары;

2006-2014 жылдары Жалағаш аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы;

2014 жылдың маусым айынан бастап Жалағаш аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы қызметін атқарып келеді.

Отбасылы. үш қыз, бір ұл тәрбиелеуде.


«Жалағаш аудандық экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

   

Бөлім басшысы: Баймаханова Жупар Хамитовна 1963 жылы 16 қаңтар күні Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Жалағаш кентінде дүниеге келген. Ұлты қазақ. Білімі жоғары, экономист.

 

Еңбек жолын Жалағаш ауданы, Ақсу совхозында жұмысшы болып бастаған.

1981-1986 жылдары аралығында Алматы халық шаруашылығы институтында оқыған,

1986 жылдың тамыз айынан қазан айы аралығында Жалағаш аудандық финанс бөлімінде экономист,

1986-1992 жылдары аралығында Жалағаш аудандық финанс бөлімінде ревизор-инспектор,

1992-2000 жылдары аралығында Жалағаш аудандық финанс бөлімінде бас экономист,

2000-2003 жылдары аралығында Жалағаш аудандық финанс бөлімінде бас маман,

2003-2005 жылдары аралығында Жалағаш аудандық финанс бөлімінде бюджет бөлімінің бастығы,

2005-2006 жылдары аралығында Жалағаш аудандық экономика және қаржы бөлімінің бюджетті жоспарлау бөлімінің бастығы,

2006 жылдың қаңтар-мамыр айлары аралығында Жалағаш аудандық қаржы бөлімі бастығының орынбасары,

2006-2011 жылдары аралығында Жалағаш аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы,

2011-2013 жылдары аралығында Жалағаш аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бас маманы қызметтерін атқарған.

2013 жылдың қыркүйек айынан бастап Жалағаш аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі басшысының орынбасары,

2015 жылдың ақпан айынан бастап Жалағаш аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы қызметін атқарып келеді.


Кіру