Русский Қазақша

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

ІЗДЕУ
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Инфрақұрылым
Қоғам
Мем. қызметтер
Байланыс
Әкім блогы
Анықтама
Сайт картасы Аудан әкімі аппараты
Билік
Құқық
Экономика

Ереже


ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

ҚАУЛЫ

 

 

Жалағаш кенті                                №159                         15 шілде  2016 жыл

 

 

 

 

Жалағаш ауданы әкімдігінің

“Жалағаш ауданы әкімінің

аппараты” коммуналдық

мемлекеттік мекемесінің

Ережесін бекіту туралы

 

 

“Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Жалағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Жалағаш ауданы әкімдігінің “Жалағаш ауданы әкімінің аппараты” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

     

 

            Жалағаш ауданының  

                       әкімі                                                           Т.Дүйсебаев

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жалағаш ауданы әкімдігінің 2016 жылғы “15” шілдедегі №159 қаулысына қосымша

 

 

Жалағаш ауданы әкімдігінің “Жалағаш ауданы әкімінің аппараты” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесі

 

1. Жалпы ережелер

 

            1. Жалағаш ауданы әкімдігінің “Жалағаш ауданы әкімінің аппараты” коммуналдық мемлекеттік мекемесі жергілікті атқарушы органның және әкімнің қызметін қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

            2. Жалағаш ауданы әкімдігінің “Жалаған ауданы әкімінің аппараты” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.

            3. Жалағаш ауданы әкімдігінің “Жалағаш ауданы әкімінің аппараты” коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

            4. Жалағаш ауданы әкімдігінің “Жалағаш ауданы әкімінің аппараты” коммуналдық мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

            5. Жалағаш ауданы әкімдігінің “Жалағаш ауданы әкімінің аппараты” коммуналдық мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

            6. Жалағаш ауданы әкімдігінің “Жалағаш ауданы әкімінің аппараты” коммуналдық мемлекеттік мекемесі, егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

            7. Жалағаш ауданы әкімдігінің “Жалағаш ауданы әкімінің аппараты” коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен “Жалағаш ауданы әкімінің аппаратының” басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.

            8. Жалағаш ауданы әкімдігінің “Жалағаш ауданы әкімінің аппараты” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

            9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индекс 120200, Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Жалағаш кенті, Әйтеке би көшесі, №14.

            11. Жалағаш ауданы әкімдігінің “Жалағаш ауданы әкімінің аппараты” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жұмыс кестесі: сенбі, жексенбі және заңнама актілерімен бекітілген басқа демалыс және мереке күндерінен бөлек, күн сайын дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 09.00-ден 19.00-ге дейін (сағат: 13.00-ден 15.00-ге дейін үзіліс).

            12. Мемлекеттік органның толық атауы - Жалағаш ауданы әкімдігінің “Жалағаш ауданы әкімінің аппараты” коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

            13. Осы Ереже Жалағаш ауданы әкімдігінің “Жалағаш ауданы әкімінің аппараты” коммуналдық мемлекеттік мекемесі құрылтай құжаты болып табылады.

            14. Жалағаш ауданы әкімдігінің “Жалағаш ауданы әкімінің аппараты” коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметін қаржыландыру аудан бюджетінен жүзеге асырылады.

            15. Жалағаш ауданы әкімдігінің “Жалағаш ауданы әкімінің аппараты” коммуналдық мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субьектілерімен Жалағаш ауданы әкімдігінің “Жалағаш ауданы әкімінің аппараты” комуналдық мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

 

 

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

 

 

            15. Жалағаш ауданы әкімдігінің “Жалағаш ауданы әкімінің аппараты” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің миссиясы жергілікті атқарушы органның және әкімнің қызметін қамтамасыз ету.

            16. Міндеттері:

            “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес аудан әкімінің аппаратын қызметін қамтамасыз ету міндеттерін жүзеге асырады.

            17. Функциясы:

            1) жергілікті атқарушы органның және әкімнің қызметін ақпараттық-талдау тұрғысынан, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету;

            2) Жалағаш ауданы әкімдігінің “Жалағаш ауданы әкімінің аппараты” коммуналдық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік құпияларды қорғау және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

            3) аудан әкімінің және аудан әкімдігінің кесімдерін дайындау және атқару барысында мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру;

            4) облыс әкімінің және облыс әкімдігінің кесімдерімен аудан әкіміне берілген тапсырмаларының, аудан әкімдігі мен аудан әкімі шешімдерінің, аудан әкімі, оның орынбасарлары, Жалағаш ауданы әкімдігінің “Жалағаш ауданы әкімінің аппараты” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы тапсырмаларының орындалу мерзімдерін бақылау;

            5) аудан әкімі, оның орынбасарлары және Жалағаш ауданы әкімдігінің “Жалағаш ауданы әкімінің аппараты” коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысы үшін олар тиісті құжаттарға қол қою не оларды келісу туралы шешім қабылдауы кезінде оның нәтижелері бойынша қорытындының ақпараттық-ұсынымдық сипаты болатын әкімдік пен әкімінің шешімдері жобаларының қаржы-экономикалық, құқықтық және өзге де аспектілеріне сараптама жүргізу.

            18. Құқықтары мен міндеттері:

            1) аудан әкімі мен орынбасарларын ақпараттық-талдамалық, құқықтық, ұйымдық, хаттамалық, құжаттамалық, материалдық-техникалық және өзге де қамтамасыз ету;

            2) өз құзыреті шегінде Жалағаш ауданы әкімдігінің Регламентінің сақталуын қамтамасыз ету;

            3) аудан әкімінің тапсырмасы бойынша аудан әкімдігі мен әкімнің мүдделерін соттарда білдіру және қорғау, прокурорлық ден қою актілерін қарау, сондай-ақ мемлекеттік органдар дайындаған, Жалағаш ауданы әкімдігіне ұсынылатын талап-арыздық өтініштер мен талаптарға пікірлердің жобаларына сараптама жүргізу;

            4) аудан әкімдігінің іс-қағаздарын, оның ішінде құпия іс-қағаздарын ұйымдастыру және жүргізу, хат-хабарларды өңдеу, нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес құпиялылық режимін, өткізу және обьектішілік режимді қамтамасыз ету;

            5) әкімдік мүшелерінің, жергілікті атқарушы органдар басшыларының ұсыныстары бойынша аудан әкімдігінің мәжілістерінде қарауға арналған мәселелері бойынша тоқсан сайынғы тізбесін дайындауды ұйымдастыру;

            6) аудан әкімдігінің мәжілістеріне күн тәртібін жасау, материалдар дайындау, аудан әкімдігі мәжілістерінің материалдарын, хаттамаларын рәсімдеу және жөнелту;

            7) аудан әкімінде, оның орынбасарларында, Жалағаш ауданы әкімдігінің “Жалағаш ауданы әкімінің аппараты” мемлекеттік мекемесінің басшысында кеңестер өткізуді ұйымдастыру, кеңестердің материалдарын, хаттамаларын, ресімдеу және жөнелту;

            8) аудан әкімінің оның орынбасарларының, Жалағаш ауданы әкімдігінің “Жалағаш ауданы әкімінің аппараты” коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының тапсырмалары бойынша әкімдіктің қаулылары мен әкімнің шешімдері, өкімдерінің жобаларын дайындау;

            9) әкімдіктің қаулылары мен әкімнің шешімдері, өкімдерін жөнелту және сақтау;

            10) сараптама жасау барысында келіспеушілік туындаған жағдайда аудан әкімдігінің регламентіне сәйкес оларды жою жөнінде тапсырма берілген әкімдік қаулыларының жобаларын жетілдіру;

            11) облыс әкімінің кесімдері мен тапсырмаларының, әкімдік кесімдерінің, аудан әкімі мен оның орынбасарлары тапсырмаларының, әкімдік мәжілістерінің хаттамалық шешімдерінің орындалуын бақылау, осы мәселелер жөнінде аудан әкімін хабардар ету;

            12) облыс әкімінің кесімдері мен тапсырмаларының орындалу барысы туралы облыс әкіміне және оның аппаратына ақпарат дайындауды ұйымдастыру;

            13) аудан әкімдігі мен аудан әкімінің мәслихатпен өзара іс-қимылын қамтамасыз ету;

            14) аудан әкімінің немесе оның орынбасарларының тапсырмасы бойынша әкімдіктің аудандық мәслихатында қаралатын мәселелер бойынша ресми ұстанымын мәслихат депутаттарының назарына жеткізу;

            15) аудан әкімін әкімдік мүшелерінің атына түскен депутаттық сұрау салулармен жұмыс туралы хабардар ету;

            16) аудан әкімі мен оның орынбасарлары үшін тұтастай алғанда және ауылдық округтер бойынша ауданның әлеуметтік-экономикалық жағдайы мен дамуын сипаттайтын материалдарды, сондай-ақ аудан әкімінің тапсырмасы бойынша өзге де ақпаратты дайындау;

            17) аудан әкімін бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара байланысын қамтамасыз ету;

            18) ауданның мемлекеттік органдарының электрондық құжат айналымы бірыңғай жүйесін құру жөніндегі жұмысты үйлестіру;

            19) Жалағаш ауданы әкімдігінің “Жалағаш ауданы әкімінің аппараты” мемлекеттік мекемесінің кадрларының оқуын ұйымдастыру;

            20) аудан әкімінің және әкімдік мәжілістерінің, қажет болған жағдайларда әкімдік жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың қызметін құжаттамалық қамтамасыз ету, оларға қызмет көрсету;

            21) Жалағаш ауданы әкімдігінің “Жалағаш ауданы әкімінің аппараты” мемлекеттік мекемесінде азаматтарды қабылдауды ұйымдастыру;

            22) азаматтар мен заңды тұлғалардың жазбаша өтініштерін қарау;

            23) аудан әкімі тағайындайтын немесе оның келісімі бойынша тағайындалатын мемлекеттік қызметшілер және өзге де лауазымды тұлғалармен жұмыстар жүргізуге қатысу;

            24) аудан әкімдігінің және аудан әкімінің жалпыға міндетті маңызы бар, азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты актілерін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте Әділет органдарына тіркеуге жолдауды, оларды ресми жариялауды қамтамасыз ету;

            25) оған заңнамамен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

            Негізгі міндеттерді іске асыру және функцияларын жүзеге асыру мақсатында аппарат өз құзыреті шегінде мыналарға құқылы:

            1) аудандық мәслихатта және оның тұрақты комиссиялары мен өзге органдарында әкімдіктің мүддесін білдіруге;

            2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдардың қарамағындағы кез-келген, оның ішінде құпия ақпараттық деректер банкін пайдалануға;

            3) Жалағаш ауданы әкімдігінің “Жалағаш ауданы әкімінің аппараты” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қарауына жатқызылған мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен арнайы байланыс пен деректер беру жүйесін пайдалана отырып, қызметтік, оның ішінде құпия хат алмасуға;

            4) аудан әкімінің және оның орынбасарларының тапсырмалары бойынша әкімдіктің қаулылары мен әкімнің шешім, өкімдерінің жобаларын дайындауға;

            5) заңнамада белгіленген жағдайларда әкімдіктің қаулылары мен әкімнің шешім, өкімдерінің жобаларын оларды әзірлеушілерге қайтаруға;

            6) әкімдік шешімдерін талап етпейтін мәселелер жөніндегі хатхабарларды тиісті мемлекеттік органдарға жолдауға және қайтаруға;

            7) ауданы әкімінің, оның орынбасарларының атына келіп түскен депутат-тық сауалдарға жауап берудің мерзімдерін бақылауды жүзеге асыру;

            8) аудан әкімінің, оның орынбасарлары тапсырмаларын орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін аудан бюджетінен қаржыландырылатын атқару орган басшыларының және кент, ауылдық округі әкімдерінің жауапкершілігі туралы ұсыныстар енгізуге;

            9) қаралатын мәселелер бойынша түсіндіру үшін мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың лауазымды тұлғаларын шақыруға;

            10) заңнамаға сәйкес өзге құқықтарды жүзеге асыруға.

 

 

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

 

 

            19. Жалағаш ауданы әкімдігінің “Жалағаш ауданы әкімінің аппараты” коммуналдық мемлекеттік мекемесіне басшылықты Жалағаш ауданы әкімдігінің “Жалағаш ауданы әкімінің аппараты” коммуналдық мемлекеттік мекемесі жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

            20. Жалағаш ауданы әкімдігінің “Жалағаш ауданы әкімінің аппараты” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Жалағаш ауданының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

            21. Жалағаш ауданы әкімдігінің “Жалағаш ауданы әкімінің аппараты” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары жоқ.

            22. Жалағаш ауданы әкімдігінің “Жалағаш ауданы әкімінің аппараты” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:

            1) Жалағаш ауданы әкімдігінің “Жалағаш ауданы әкімінің аппараты” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшелерінің өзара іс-қимылын үйлестіреді;

            2) заңнамаға сәйкес аудан әкімі тағайындайтын адамдарды қоспағанда, Жалағаш ауданы әкімдігінің “Жалағаш ауданы әкімінің аппараты” коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

            3) заңнамада белгіленген тәртіппен және өз құзыретінің шегінде Жалағаш ауданы әкімдігінің “Жалағаш ауданы әкімінің аппараты” коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметкерлерін көтермелейді және оларға тәртіптік жаза қолданады;

            4) Жалағаш ауданы әкімдігінің “Жалағаш ауданы әкімінің аппараты” коммуналдық мемлекеттік мекемесіне құзыретіне жататын мәселелер бойынша бұйрықтар шығарады;

            5) Жалағаш ауданы әкімдігінің “Жалағаш ауданы әкімінің аппараты” коммуналдық мемлекеттік мекемесіне мүдделерін мемлекеттік органдарда, өзге ұйымдарда білдіреді;

            6) Жалағаш ауданы әкімдігінің “Жалағаш ауданы әкімінің аппараты” коммуналдық мемлекеттік мекемесіне сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекетке бағытталған шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың қабылдануына дербес жауапты болады;

            7) гендерлік теңдік саясатын жүзеге асыру жұмыстарын ұйымдастырады;

            8) заңнамаға сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

            Жалағаш ауданы әкімдігінің “Жалағаш ауданы әкімінің аппараты” коммуналдық мемлекеттік мекемесі бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
            23. Заңды тұлға мен мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның (жергілікті атқарушы органның), заңды тұлға мен тиісті саланың уәкілетті органының (жергілікті атқарушы органның), заңды тұлғаның әкімшілігі мен оның еңбек ұжымының арасындағы өзара қарымқатынастар Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі.

            24. Жалағаш ауданы әкімдігінің “Жалағаш ауданы әкімінің аппараты” коммуналдық мемлекеттік мекемесі аппарат Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын аппарат басшысы басқарады.

 

 

4. Мемлекеттік органның мүлкі

            25. Жалағаш ауданы әкімдігінің “Жалағаш ауданы әкімінің аппараты” коммуналдық мемлекеттік мекемесіннің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.

            Жалағаш ауданы әкімдігінің “Жалағаш ауданы әкімінің аппараты” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

            26. Жалағаш ауданы әкімдігінің “Жалағаш ауданы әкімінің аппараты” коммуналдық мемлекеттік мекемесіне бекітіліп берілген мүлік аудандық коммуналдық меншікке жатады.

            27. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Жалағаш ауданы әкімдігінің “Жалағаш ауданы әкімінің аппараты” коммуналдық мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

 

 

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

 

 

            28. Жалағаш ауданы әкімдігінің Жалағаш ауданы әкімінің аппараты” коммуналдық мемлекеттік мекемесіне қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.


 

 

 

 

                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                        


Кіру