Русский Қазақша

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

ІЗДЕУ
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Инфрақұрылым
Қоғам
Мем. қызметтер
Байланыс
Әкім блогы
Анықтама
Сайт картасы Аудан әкімі аппараты
Билік
Құқық
Экономика

ІС-ҚИМЫЛ ЖОСПАРЫ

Жалағаш ауданы әкімінің 2017 жылға арналған іс-қимыл жоспарын жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының

2017 жылдың 9 айында орындалуы

Іс-шараның атауы

Іс-шараның

орындалуы

Жауапты

орындаушылар

Аудан өнеркәсібін әртараптандыру

1

Ауданда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік, азық-түлік емес, дәрі дәрмектер, жанар-жағар май және сұйытылған газдың бағаларына мониторинг жүргізу

Ауданда әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағаларын тұрақтандыру үшін шаралар әзірлеу жөніндегі аудандық жұмыс тобы құрылып, тауарларды алыпсатарлықпен өсуіне жол берілмеуіне бақылау жүргізілуде.

Қазіргі таңда жасалған мониторинг бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын 2016 жылдың желтоқсан айының бағаларымен салыстырғанда -5 түрлі өнімнің бағасы көтерілгендігі, 7 түрлі өнімдердің бағасы төмендегені және 7 түрлі өнім бойыншабағалар бір қалыпты деңгейде.

Аудан бойынша белгіленген 200 түрлі дәрі-дәрмектің 133 түрі шекті бағадан төмен, ал 3 түрі шекті бағада, қалған 64 түрі дәріханада жоқ.

Бүгінгі күнге жанар-жағар майдың бағасы:

· АИ-92 маркалы бензиннің 1л/148 теңгеден,

· АИ-80 маркалы бензин 1л/89 теңгеден,

· Дизель отыны 1л/148 теңгеден.

АИ-92 маркалы бензин 2016 жылдың желтоқсан айының бағасымен салыстырғанда 10,4%, ал дизель отыны 16,5% өсіп отыр.

“Жалағаш аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі” КММ

2

Кәсіпкерлік саласын ынталандыруға байланысты өткізілетін облыстық деңгейдегі конкурс-көрмелерге аудан кәсіпкерлерінің жоғары деңгейде қатысуын және қажетті мәліметтердің әзірленуін қамтамасыз ету

Кәсіпкерлік саласын ынталандыруға байланысты өткізілетін облыстық деңгейдегі конкурс-көрмелерге аудан кәсіпкерлері белсенді қатысуда. Атап айтқанда, үстіміздегі жылдың мамыр айында А.Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет үйінде облыстағы қолөнер шеберлерінің көрмесіне ауданнан біршама кәсіпкерлер қатысып, облыс әкімінің алғыс хаттармен марапатталды.

“Жалағаш аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі” КММ

3

Отандық тауар өндірушілерді қолдау және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағаларын тұрақтандыру мақсатында аудан орталығында Қазақстан өнімдерін сату жәрмеңкесін ұйымдастыру

Үстіміздегі жылдың 9 айында бағаны тұрақтандыру мақсатында кент орталығында 6 рет ауыл шаруашылық жәрмеңкесі ұйымдастырылып, аудан тұрғындарына төмен бағада ауыл шаруашылық өнімдері сатылды. Жәрмеңкеде 178 көлікте 381 тонна өнім сатылып, жалпы құны 48,6 млн.теңгені құрады.

“Жалағаш аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі” КММ

4

Өңдеу өнеркәсібін дамыту мақсатында өнім өндіруші кәсіпорындарын ашу және заманауи әдістерді пайдалана отырып, әлсіреп бара жатқан кәсіпорындардың жұмысын жандандыру

Өңдеу өнеркәсібін дамыту мақсатында ағымдағы жылы іске қосылған және қосылатын өнім өндіруші кәсіпорындар:

· Жеке кәсіпкер Н.Ералиевтың балықты алқашқы өндіру цехы;

· «Таң-LTD» ЖШС-нің күріш ақтау цехы;

· «Баба» ШҚ-ның асыл тұқымды ешкілерді көбейту, етін өндіру және сүтін өңдеу фермасы;

· Жеке кәсіпкер Әжібековтың құрама жем өндіретін шағын зауыты;

· «Өркен Әлем» ЖШС-гі арнайы киім тігу шеберханасы;

· Жеке кәсіпкер Н.Арапованың наубайханасы.

“Жалағаш аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі” КММ

5

Аудан бойынша шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің “Бизнестің жол картасы 2020”, “Даму Өндіріс” және “Микробизнес Қызылорда” бағдарламалары аясындажеңілдікпен берілетін несиелермен қамтамасыз ету

Шағын және орта кәсіпкерлікті бастау немесе дамыту мақсатында мемлекет ұсынған бағдарламалар бойынша 2017 жыл басынан жалпы құны 538,2 млн. теңгені құрайтын 77 жоба қаржыландырылды.

«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында ағымдағы жылы жалпы құны 313,8 млн теңгені құрайтын 9 жоба екінші деңгейлі банктер арқылы қаржыландырылып, Өңірлік үйлестіру кеңесінің оң қорытындысына сәйкес пайыздық ставкасы субсидияланды. Оның ішінен 4 жоба 98,6 млн теңгеге ішінара кепілдендірілді.

Сонымен қатар, аталған бағдарламаның мемлекеттік гранттар беру бағыты бойынша өткізілген конкурсқа ауданнан құны 86,2 млн теңгені құрайтын 47 жоба ұсынылып, қазіргі таңда Өңірлік үйлестіру кеңесінің отырысының қорытындысын күтуде.

«Микробизнес Қызылорда» бағдарламасыаясында 2 жоба 9,8 млн теңгеге қаржыландырылды.

«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының»екінші, микронесие беру бағыты бойынша 66 жоба 214,6 млн теңгеге қаржыландырылды.

Оның ішінде, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ның облыстық филиалы арқылы 56 жоба 151,7 млн теңгеге қаржыландырылса, қалған 10 жоба 62,9 млн теңгеге «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы қаржыландырылды.

“Жалағаш аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі” КММ

6

Аудан бойынша өңдеу өнеркәсібі саласы бойынша жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың өндірген өнімдері туралы есептілікті уақытылы аудандық статистика басқармасына тапсыруға ықпал жасау

Өңдеу өнеркәсібі саласы бойынша жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың өндірген өнімдері туралы есептілік ай сайын «Агро Холдинг Байконур» ЖШС-гі, «Өркен Әлем» ЖШС-гі және «Шиелі Жарығы» ЖШС-гі аудандық статистика басқармасына тапсырылып отыр. Сонымен қатар, ауданның ірі күріш өнімін өндіретін ірі ЖШС-тер тоқсан сайын және жылына бір рет сауалнама арқылы майда шаруашылықтар тапсырады.

“Жалағаш аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі” КММ

7

“Серпін” индустриялды аймаққа кәсіпкерлік субъектілерінің жобаларын орналастыру

Серпін» индустриялды аймағында қазіргі таңда жалпы құны 139,6 млн.теңгеніқұрайтын 4 жоба 1,65 га жерге орналастырылды.

1. Жеке кәсіпкер Д.Жарасбаевтың мал сою цехы.

2. «К.Қанатбаева» ШҚ-ның мал бордақылау, сою және жіліктеп бумалау цехы.

3. «Өркен-Әлем» ЖШС-нің тігін шеберханасы.

4. «К.Қанатбаева» ЖШС-нің мал базары.

Сонымен қатар, аталған аймақтың 2,2 гажерінде жалпы құны 30,0 млн теңгеніқұрайтын екі жобаның құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Бұл жобалар 2017 жылдың аяғына дейін толық іске қосылады.

1. «Баба» ШҚ-ның асыл тұқымды ешкілерді көбейту, етін өндіру және сүтін өңдеу фермасы;

2. жеке кәсіпкер М.Қанибаевтың 3000 басқа арналған жұмыртқа бағытындағы шағын құс фермасы.

8

“Қазақстан Республикасының индустриялық - инновациялық даму жөніндегі” мемлекеттік бағдарламасы аясында өңірлік Индустрияландыру картасына енгізілген жобалардың толыққанды жұмыс жасауын қамтамасыз ету

«БИС-Групп» ЖШС-нің «Қызыл миятамырын өңдеу» зауыты «Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық даму жөніндегі» мемлекеттік бағдарлама аясында өңірлік Индустрияландыру картасына енгізілген. Қазіргі таңда арнаулы мамандар тапшылығына байланысты зауыт жұмысы уақытша тоқтатып тұр.

“Жалағаш аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі” КММ

9

Аудан бойынша инвестициялық жобаларды қаржыландыру мақсатында екінші деңгейлі банк өкілдерімен қаржы қорлары өкілдерімен кездесу ұйымдастыру

Инвестициялық жобаларды қаржыландыру мақсатында аудан кәсіпкерлерін қатыстыра отырып екінші деңгейлік банк және қаржы ұйымдарының өкілдерімен кездесуді үстіміздегі жылдың аяғына ұйымдастыру жоспарлануда.

Жалағаш аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі” КММ

Агроөнеркәсіп кешенін дамыту, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қоршаған ортаны қорғау

10

Жаңадария ауылдық округінде бақша дақылын үлбір асты және көкөніс дақылын егуді ұйымдастыру

«Магро» фермер қожалығы 2017 жылы 100 гектар қауын, 5 гектар көкөніс дақылдарын егіп, бүгінгі күні вегетациялық өсу кезеңіне сәйкес, алқашқы егілген үлбір асты (под пленкой) 50 гектар толық жиналып, жасалған келісім шартқа сәйкес 435 тонна өнім экспортқа және Ақтөбе, Астана, Қызылорда қалаларына 357 тонна бақша өнімі жөнелтілді. Сонымен қатар егілген 4 гектар болгар бұрышы жиналып, Ресей Федерациясына 15 тонна болгар бұрышы жіберілді

“Жалағаш аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі” КММ

11

Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі “Агробизнес-2017” бағдар-ламасын (“Сыбаға”, “Құлан”, “Алтын асық”) орындау мақсатында ауданда асыл тұқымды мал басының үлесін арттыру

Облыстан “Сыбаға”,“Құлан”, “Алтын асық” бағдарламалары аясында 2017 жылы сатып алынатын мал санының жоспары белгіленіп, жұмыстар жүргізілуде. (Сыбаға бойынша 262 бас аналық сиыр, 9 асыл тұқымды бұқа, Құлан 63 бас бие, 5 айғыр, Алтын асық 125 бас аналық қой, 5 бас асыл тұқымды қошқар) Есепті кезеңге “Сыбаға” бағдарламасымен “Фарида” ШҚ-ы “Ауыл кредиттік серіктестігі ” ЖШС-нан 7,5 млн теңге несие алып 2 бас асыл тұқымды бұқа мен 48 бас аналық, “Құлан” бағдарламасымен “Төлеген” ЖК 7,0 млн.теңге несие алып 20 бас бие мен 2 бас асыл айғыр, “Жарқынай” ШҚ-ы 10,0 млн теңге несие алып 3 бас айғыр мен 35 бас бие, «Агронесие корпорациясы» АҚ-нан «Малқаждар» ШҚ-ы 12,0 млн теңге несие алып 3 бас асыл тұқымды айғыр мен 37 бас бие сатып алып жұмыстарын жүргізуде.

2017 жылға белгіленген жоспарға сәйкес «Сыбаға» бағдар-ламасы 83,6 пайыз, «Құлан» 146,0 пайызға, «Алтын асық» 140пайызға орындалды.

“Жалағаш аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі” КММ

12

Ауданда асыл тұқымды ет бағытындағы ірі қара малын сатып алу жұмыстарын үйлестіре отырып, асыл тұқымды шаруашылық ашу бағытында жұмыстарды ұйымдастыру

«Бақдаулет-57» ФҚ 2014 жылы 58 бас асыл тұқымды ет бағытындағы қазақтың ақбас сиырын сатып алып, бүгінгі күнге осы малдардың санын 115 басқа жеткізді. «Аққұм» ауылдық округінде орналасқан «Бақдаулет-57» ШҚ ет бағытындағы «қазақтың ақбас» тұқымды асыл тұқымды шаруашылық статусын алды.

13

Жоспар бойынша ет бағытындағы қой, жылқы өсірумен айналысуға ниетті шаруашылықтарды нақтылай отырып, жұмыстарды ұйымдастыру

«Алтын асық» бағдарламасымен Таң ауылдық округінен «Доспанов КС» ЖК өз қаражатымен Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы Әбіл ШҚ-нан 7 бас асыл тұқымды «Қазақтың ірі қылшық жүнді құйрықты» қошқарын сатып алып 190 бас жергілікті аналықты ИСЖ, ИАС бағдарламаларына енгізіп жұмыс жасауда.

«Құлан» бағдарламасымен жұмыс жасап жатқан «Жарасбаев ДК» , «Қанатбаева» ШҚ-ы асыл тұқымды айғыр алып жылқы малын асылдандыру бағытында жұмыстар жүргізуде.

“Жалағаш аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі” КММ

14

Көктемгі егіске су шаруашылығы нысандарының дайындығын ұйымдастыру

Көктемгі егіске су шаруашылығы нысандарының дайындығын ұйымдастыру үшін іс-шара жасалып, жұмыстар 100 пайызға орындалды.

15

Эпизотияға және энзоотияға қарсы іс-шаралар жүргізуді ұйымдастыру

Ауданда эпизоотиялық тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында тізімге енген 14 түрлі аса қауіпті жұқпалы ауруларға қарсы іс-шараларды атқаруға 54,6 млн теңге қаржы бөлінді, есепті мерзімге игерілгені 46,3 млн теңге.(85,0 пайыз).

Жануарлардың 6 түрлі энзоотиялық (МІҚ өттеу, пироплазмоз, уақ малдың бауыр құрт, жылқының сақау, гастрофилез, түйенің трипанасомоз) ауруларына дәрі-дәрмектер жеткізіліп, алдын ала егу жұмыстары жоспарға сәйкес атқарылуда.

“Жалағаш аудандық ветеринария бөлімі” КММ

16

Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды ұйымдастыруды қамтамасыз ету

Қаңғыбасит, мысықтарды аулап жоюға 2017 жылға 2,0 млн.теңге қаржы қаралды. Есепті кезеңге 1,7 млн.теңгесі игеріліп, 1039 бас ит пен 23 мысық жойылды.

“Жалағаш аудандық ветеринария бөлімі” КММ

17

Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екіншісіне ауыстыру жөнінде ұсыныстар дайындау

Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екіншісіне ауыстыру жөнінде үстіміздегі жылдың 9 айында жеке және заңды тұлғалардан 7 өтініш түсіп, жалпы көлемі 347 гектар жайылымдық жерлері суармалы егістік жерлеріне ауыстырылды.

“Жалағаш аудандық жер қатынастары бөлімі” КММ

18

8 елді мекендердің шекараларын (шегін) өзгерту мен белгілеу жұмыстарын жүргізу

Аққыр, Жаңадария, Қаракеткен, Мырзабай ахун, Таң, Аламесек, Жаңаталап, Шәменов елді-мекендердің шекараларын (шегін) өзгерту мен белгілеу жұмыстарын жүргізу бойынша жерге орналастыру жобалары жасалуда.

“Жалағаш аудандық жер қатынастары бөлімі” КММ

19

Ауыл шаруашылығы жерлерін тиімді пайдалану мақсатында жер учаскелерін сауда-саттық арқылы жалға беру

Үстіміздегі жылдың 9 айында жалпы көлемі сауда-саттық, яғни аукцион арқылы жеке және заңды тұлғаларға 4638 гектарды құрайтын 85 жер учаскелері табысталып, ауыл шаруашылығы айналымына енгізілді, жалпы жер учаскелері бойынша талдау құқығын сатудан 23,7 млн.теңге жергілікті бюджетке түсірілді.

“Жалағаш аудандық жер қатынастары бөлімі” КММ

Инженерлік инфрақұрылым

20

Аудан аумағында қала құрылысын дамыту схемаларын және елді мекендердің бас жоспарларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу (Ақтерек лагері маңындағы 170 га)

Аудан орталығының бас жоспарына және елді мекендердің схемаларына қажеттілік болмағандықтан өзгерістер мен толықтырулар енгілмеген.

“Жалағаш аудандық

сәулет және қала құрылысы бөлімі” КММ

Көлік инфрақұрылымы

21

Кенттегі Төле би көшесін күрделі жөндеуден өткізу (3,3 шқ)

Жалағаш кентіндегі Төле би көшесінің автомобиль жолдарын (1,689 шқ) күрделі жөндеу жұмыстарына «Қызылорда жолдары» ЖШС-мен 127,1 млн.теңгеге келісім шартқа отырып, жөндеу жұмыстары толық жүргізілді.

“Жалағаш аудандық ТКШ,ЖК және АЖ бөлімі” КММ

22

Кенттегі А.Ізтілеуова көшесін орташа жөндеуден өткізу (2,06 шқ)

Жалағаш кентіндегі А.Ізтелеуова көшесінің автомобиль жолдарын орташа жөндеу жұмыстарына «Сыр жолдары» ЖШС-мен 62,2 млн. теңгеге келісім шартқа отырып, жөндеу жұмыстары толық жүргізілді.

“Жалағаш аудандық ТКШ,ЖК және АЖ бөлімі” КММ

23

Аудандық маңызы бар “Самара-Шымкент-Мәдениет-Мақпалкөл-Жаңаталап-Аққыр” автомобиль жолының бойындағы “Оңтүстік коллектор” көпірін қайта жаңғырту жұмыстарына мемлекеттік сарапта-мамен жоба-сметалық құжатын әзірлеу

“Оңтүстік коллектор” көпірін қайта жаңғырту жұмыстарының жоба-сметалық құжаты әзірленді. Қазіргі таңда мемлекеттік сараптамадан өтуде.

“Жалағаш аудандық ТКШ,ЖК және АЖ бөлімі” КММ

24

Еңбек елді мекенінің ішкі көшелерін орташа жөндеу жұмыстарына жоба-сметалық құжатын әзірлеу

Еңбек елді мекенінің ішкі көшелерін орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге жоба-сметалық құжаттар әзірленді. Жоба құны 54,5 млн.теңге.

“Жалағаш аудандық ТКШ,ЖК және АЖ бөлімі” КММ

25

Кенттегі І.Қабылов, С.Қалыбаев, С.Отарбаев, Нысанбай жырау, Бұқарбай батыр, Н.Мырзалиев, Әйтеке би, Ы.Алтынсарин, Т.Жүргенов көшелерінің орташа жөндеу жұмыстарына жоба-сметалық құжатын әзірлеу

Кенттегі І.Қабылов, С.Қалыбаев, С.Отарбаев, Нысанбай жырау, Бұқарбай батыр, Н.Мырзалиев, Әйтеке би, Ы.Алтынсарин, Т.Жүргенов көшелерінің орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жоба-сметалық құжаттар әзірленді. Жоба құны 463,3 млн.теңге.

“Жалағаш аудандық ТКШ,ЖК және АЖ бөлімі” КММ

26

Аудандық маңызы бар “Самара-Шымкент-Еңбек-Ақарық-Жаңадария” автомобиль жолының 0-8,0 шақырым аралығын орташа жөндеу жұмыстарына жоба-сметалық құжатын әзірлеу

Аудандық маңызы бар “Самара-Шымкент-Еңбек-Ақарық-Жаңадария” автомобиль жолының 0-8,0 шақырым аралығын орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жоба-сметалық құжаттар әзірленді. Жоба құны 270,0 млн.теңге.

“Жалағаш аудандық ТКШ,ЖК және АЖ бөлімі” КММ

27

Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы бойынша кент ішіндегі көшелерді ағымдағы жөндеуден өткізу

Кент ішілік көшелерге (Панфилов, Алтынсарин, Қабылов, Қалыбаев) 33,2 млн.теңгеге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда Панфилов, Алтынсарин көшелеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары толық аяқталды. Қалыбаев және Қабылов көшелерінің ағымдағы жөндеу жұмыстары қазан айында аяқталады.

Жалағаш ауданы әкімдігінің “Жалағаш кенті әкімінің аппараты” КММ

Тіршілік көзін қамтамасыз ететін инфрақұрылым

Сумен қамтамасыз ету

28

Республикалық бюджеттен берілген трансферттер есебінен Қаракеткен елді мекенінің сумен қамтамасыз ету жүйесін қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізу

Жалағаш ауданы Қаракеткен, Шаменов, Мырзабай ахун елді мекендерінің сумен жабдықтау жүйелерін қайта жаңғырту және кеңейту жұмыстарына республикалық бюджеттен 469,1 млн.теңге және облыстық бюджеттен Жалағаш ауданы Қаракеткен, Шаменов, Мырзабай ахун елді мекендерінің сумен жабдықтау жүйелерін қайта жаңғырту және кеңейту жұмыстарына 52,1 млн.теңге қаржы бағытталып жеке қаржыландыру жоспарында наурыз айынан бастап жоспарланған. Бұл жұмыстар бойынша мемлекеттік сатып алулар жүргізіліп ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті түзеу мекемелерінің “Еңбек” ШЖҚ РМК “Еңбек-Қызылорда” филиалымен келісім шарттар жасалды. Қаралған қаржы 100 пайызға игеріліп, 1 нысан –Қаракеткен елді мекенінің сумен жабдықтау жүйелерін қайта жаңғырту жұмыстары толық аяқталып, пайдалануға берілді. Шәменов, Мырзабай ахун елді мекендерінің сумен жабдықтау жүйелерін қайта жаңғырту және кеңейту жұмыстарының құрылысы 2018 жылға өтпелі.

“Жалағаш аудандық құрылыс бөлімі” КММ-сі

29

Республикалық бюджеттен берілген трансферттер есебінен М.Шәменов, Мырзабай ахун елді мекендеріндегі сумен қамтамасыз ету жүйесін қайта жаңғырту жұмыстарын бастау

30

Жаңадария, Аққыр, Темірбек Жүргенов елді мекендерінің ауыз су жүйесін қайта жаңғыртуға жоба-сметалық құжатын әзірлеу

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту және абаттандыру

31

Жалағаш кентінде көп пәтерлі тұрғын үйлерге күрделі жөндеу (модернизация) жұмыстарын жүргізу

Жалағаш кентіндегі Қазыбек би №48 және Қазыбек би №52 көп пәтерлі тұрғын үйлерді күрделі жөндеуден өткізу үшін дайындық жұмыстары жүргізілуде. Аудан бюджетінен 14,0 млн. теңге қаржы бөлініп, «Өңір қызметі» ЖШС-гі арқылы есепті мерзімге 12,5 млн. теңгесі игеріліп, жөндеу жұмыстары толық аяқталды.

“Жалағаш аудандық ТКШ,ЖК және АЖ бөлімі” КММ

Шағын және орта бизнесті дамыту

32

Аудандағы кәсіпкерлік дамуының басым бағыттарын анықтап, әр сала бойынша талдау жасау

Ауданда жаппай кәсіпкерлікті дамыту мақсатында 2016-2020 жылдарға арналған «Кәсіпкерлікті дамыту картасы» әзірленіп, облыстық ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік және туризм басқармаларымен келісе отырып бекітілді. Осының нәтижесінде кент, ауылдық округтердің ұсыныстары негізінде 2017-2018 жылдары жалпы құны 2 466,9 млн теңгені құрайтын 128 жоба іске асырылып, 657 жаңа жұмыс орнын ашу көзделген болатын.

Бүгінгі күнге межеленген жобаның жалпы құны 503,2 млн теңгені құрайтын 55 жобасыіске асырылып, 174 жұмыс орны ашылды.

Оның ішінде, 8 жобасы Жалағаш кентінде іске асырылғандар болса, қалған 47 жоба ауылдық округтерде іске асырылды.

Сондай-ақ, құны 1065,2 млн теңгеніқұрайтын 22 жобаның құрылыс жұмыстары жүргізілуде. 182 жаңа жұмыс орны ашылады деп жоспарлануда.

Қалған 51 жобаға ауылдық округтер бойынша зерделеу жұмыстары жүргізіліп, тағыда жобалармен толықтырып, 2018 жылы жүзеге асыруға жоспарланып отыр.

“Жалағаш аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі” КММ

33

Аудандық деңгейде шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жұмысын насихаттау. Оларға Үкімет тарыпынан беріліп жатқан жеңілдіктерді түсіндіру мақсатында форум өткізу

Ағымдағы жылдың маусым айында жергілікті бюджеттен 439,0 мың теңге қаржы бөлініп, кәсіпкерлер және кәсіпкерлік бастамашылығы бар тұрғындар үшін «Кәсіпкерлік негіздері» тақырыбындағы қысқа мерзімді оқыту курсы өткізілді. Оқу қурсына ауданнан 70 адам қатысып, барлығына сертификат табысталды.

“Жалағаш аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі” КММ

34

Аудан әкімдігі жанындағы кәсіпкерлер кеңесінің жұмысын үйлестіру

Қазіргі таңда аудан әкімі жанындағы кәсіпкерлер кеңесінің құрамына өзгерістер енгізу бағытында тиісті жұмыстар жүргізілуде. Өзгеріс енгізіліп, кәсіпкерлер кеңесінің құрамын нақтылағаннан кейін кәсіпкерлер отырысы өткізілетін болады.

“Жалағаш аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі” КММ

35

Ауданда қозғалыссыз тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің мәліметін зерделеп, қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті шаралар атқару

Аудан бойынша 2017 жылдың 27 қыркүйегіне тоқтап тұрған 638 кәсіпкерлік субъектілерінің тізімін нақтылды. Тоқтап тұрған кәсіпкерлік субъектілерінің басым бөлігі 427 субъектісін Жалағаш кентінде тіркелген кәсіпкерлер құраса, қалған 211 субъекті ауылдық округтерге тиісілі.

Тоқтап тұрған кәсіпкерлік субъектілерінің санын азайту бағытында, кент және ауылдық округ әкімдерімен бірлесіп тиісті жұмыстар жүргізіліп, нәтижесінде қыркүйек айында тоқтап тұрған 28 субъекті заңға сәйкес жабылды.

“Жалағаш аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі” КММ

Әлеуметтік жаңғыртуды дамыту

36

№201 мектеп-лицей базасында психологиялық дамуы тежелген балаларға инклюзивті білім беру мақсатында түзету кластарын ашу

Ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап №201 мектеп-лицей базасында психологиялық дамуы тежелген балаларға арналған 2 класс 2 штатымен (психолог және дефектолог) ашылды. (2 кл-6 оқушы, 3 кл-11 оқушы). Онда 17 оқушы білім алып, түзету жұмыстары жүргізілуде. Бұл мақсатта аудандық бюджеттен 2383,0 мың теңге бөлінді.

“Жалағаш аудандық білім бөлімі” КММ

37

№124 орта мектептің жылу қазандығына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу

Есет батыр ауылындағы №124 орта мектептің жылу қазандығына жергілікті бюджет есебінен 9,8 млн.теңгеге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

“Жалағаш аудандық білім бөлімі” КММ

38

Ілияс Қабылов атындағы №32, Темірбек Жүргенов атындағы №123, №201 мектеп-лицейлерді жаңа модификациялы физика кабинеттерімен жарақтандыру

№31,32,123,201 мектеп-лицейлерге жаңа модификациялық физика кабинеттерімен жарақтандыру үшін «Мемлекеттік сатып алу» Заңына сәйкес тиісті жұмыстар ұйымдастырылуда. Бұл мақсатта облыстықбюджеттен 12,3 млн.теңге қаржы бөлінді.

“Жалағаш аудандық білім бөлімі” КММ

39

№31 мектеп-гимназия, Ілияс Қабылов атындағы №32, Темірбек Жүргенов атындағы №123, №201 мектеп-лицейлерге және оқушылар үйіне жаңа технологияларды ендіру үшін робот техникасына арналған арнайы кабинеттер ашу

2017 жылдың тамыз айында №31, 32, 123, 201 мектеп-лицейлер және аудандық оқушылар Үйіне облыстық бюджет есебінен 16,8 млн.теңгеге «Робототехника» кабинетімен жабдықталды.

“Жалағаш аудандық білім бөлімі” КММ

40

Жаңартылған білім беру мазмұнына көшетін 2, 5, 7 сынып мұғалімдерін арнайы біліктілік арттыру курстардан өткізу

Жыл басынан бері жаңартылған білім беру мазмұнына көшетін 2,5,7 класс оқушыларына сабақ беретін 289 мұғалім біліктілік арттыру курсынан өткізілді. Жылдың аяғына дейін 230 мұғалімді курстан өткізуге «Өрлеу» біліктілікарттыру орталығына сұраныс берілді.

“Жалағаш аудандық білім бөлімі” КММ

41

№201 мектеп-лицей, №188, №117 орта мектеп ғимараттарының күрделі жөндеу жұмыстарына жоба-сметалық құжатын әзірлеу

№188, 117, 201 мектептердің ғимараттарын күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жоба-сметалық құжат әзірленуде. Бұл мақсатта аудандық бюджеттен 8,2 млн.теңге қаржы бөлінді.

“Жалағаш аудандық білім бөлімі” КММ

42

Облыстық құрылыс басқармасы арқылы салынатын Мәдениет тіректі елді мекеніндегі 90 орындық балабақша құрылыс жұмысының сапалы жүргізілуіне бірлесіп жұмыс жасау

Облыстық құрылыс басқармасы арқылы салынатын Мәдениет елді мекеніндегі 90 орындық балабақша құрылысы басталды. Қазіргі таңда 1-ші қабатының өру жұмыстары аяқталды.

“Жалағаш аудандық білім бөлімі” КММ

Әлеуметтік жаңғыртуды дамыту

43

Дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысатын тұрғын-дардың үлесін арттыру

Аудан бойынша 2016 жылдың қорытындысы бойынша спортпен шұғылданушылар саны 9606 болып, аудан тұрғындарының 26,1 пайызын құрады. 2017 жылы спортпен шұғылданушылар санын 27 пайызға жеткізу жоспарланып отыр.

“Жалағаш аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі” КММ

44

Аудан тұрғындарын бұқаралық спортпен қамту көлемін арттыру бойынша шаралар ұйымдастыру

Бұқаралық спортпен қамту көлемін арттыру мақсатында үстіміздегі жылдың 1 қазанына 75 спорттық шара өткізіліп, 11806 спортшылар қатыстырылды.

“Жалағаш аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі” КММ

45

Облыстық құрылыс басқармасы арқылы Жалағаш ауданы Мәдениет тіректі елді мекенінде салынатын cпорт кешені құрылыс жұмысының сапалы жүргізілуіне бірлесіп жұмыс жасау

Қазіргі таңда облыстық құрылыс басқармасы арқылы мемлекеттік сатып алу процедуралары қайтадан жүргізілуіне байланысты, құрылыс жұмыстары басталмаған.

“Жалағаш аудандық құрылыс бөлімі” КММ

46

Мемлекеттік қызметшілерді Казтест жүйесі бойынша “Мемлекеттік тілді жеделдете деңгейлік оқыту” курсынан өткізу

Қазақ, орыс, ағылшын тілдерін оқыту курстары ағымдағы жылдың 26 маусым - 7 шілде аралығында 63 сағаттық оқыту курстары жүргізілді. Курстан өтуге барлығы 36 адам қамтылды.

“Жалағаш аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі” КММ

47

Мемлекеттік қызметшілер мен мемлекеттік қызмет көрсететін ұйым қызметкерлерін қазақ тілін белгілі деңгейде меңгеруі тиіс мамандықтар мен лауазымдардың тізбесіне сәйкес сертификациялық тестілеуден өткізу

Сертификациялық тестілеуден өткізу жұмыстарды жүргізу 2018 жылға қалдырылды.

“Жалағаш аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі” КММ

48

“Тілдердің үш тұғырлылығы” мәдени жобасын іске асыру мақсатында ағылшын тілі, орыс тілі курстарынан өткізу

Қазақ, орыс, ағылшын тілдерін оқыту курстары ағымдағы жылдың 26 маусым - 7 шілде аралығында 63 сағаттық оқыту курстары жүргізілді. Курстан өтуге барлығы 36 адам қамтылды.

“Жалағаш аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі” КММ

49

Мәдени-демалыс ұйымдары, мектеп-тер және мектептен тыс мекемелер, денсаулық сақтау саласы басқа да ұйымдардың жанынан көркем өнерпаздар ұжымдарын құру

Аудандық,ауылдық мәдениет үйлері мен клубтар жанынан жаңадан 3 үйірме құрылып, жұмыс жүргізуде. Мақпалкөл ауылдық мәдениет үйі жанынан «Шұғыла» фольклорлық ансамблі қайта жасақталды.

“Жалағаш аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі” КММ

50

Шығармашылық ұжымдардың жұмысын ынталандыру, шығарма-шылық қызметті жоғары деңгейде қамтамасыз ету, әр топтағы дарынды адамдардың одан әрі кәсіби қалыптасуы үшін талантты өнерпаз орындаушыларды қолдау

Бұл бағытта көркемөнерпаздардың қатысуымен аудандық 11 байқау өткізіліп 7 бас жүлде, 9-І орын, 14-ІІ орын, 18-ІІІ орын иеленді. Аудан өнерпаздары 11 облыстық байқауларға қатысып 2 бас жүлде, 4-І орын, 2-ІІ орын, 5-ІІІ орын иеленіп, 1 арнайы жүлде 3 номинациямен марапатталды.

“Жалағаш аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі” КММ

51

Мәдениет және өнерді дамыту орталығынан дәстүрлі жыр өнерін насихаттау, дамыту мақсатында “Ақын-жырау”, “Жыршы” және “Баян” үйірме-кластарын ашу

Үйірме-кластарын ашу бағытында «Айтыс өнері» үйірмесін ашу үшін қаржы мәселесі аудандық бюджеттік комиссия отырысында талқыланып, депутаттар ұсынысымен мекеменің ақылы қызмет көрсету есебінен шешу ұсынылды.

“Жалағаш аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі” КММ

52

Кітапхана қорындағы кітаптарды цифрлы жүйеге көшіру санын арттыру

2017 жылдың 9 айында 105 дана кітап сандық форматқа көшірілген.

“Жалағаш аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі” КММ

53

Сандық пішінге (цифровой формат) көшірілген экспонаттар санын арттыру

Музей қорындағы 235 экспонат сандық пішінге көшірілген.

“Жалағаш аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі” КММ

54

Жент қаласы, Қосабалы асар, Үңгірлі асар, Домалақ асарлардың қорғау, құрылыс салуды реттеу және қорғалатын ландшафты аймақтарын белгілеу жұмыстарын жүргізу

Халықаралық ЮНЕСКО тізіміне енгізілген Қосабалы, Үңгірлі, Домалақ асарлардың қорғау, құрылыс салуды реттеу және қорғалатын ландшафты аймақтарын белгілеу үшін облыстық бюджеттен қаржы қаралып, тиісті жұмыстар жүргізілген.

55

Қ.Қазантаев атындағы Мәдениет үйінің шатырына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу

Мәдениет үйі ғимаратының шатырына күрделі жөндеу жұмыстары толығымен аяқталды.

“Жалағаш аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі” КММ

56

Аудандық кітапхана ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жоба-сметалық құжаттарын әзірлеу, мемлекеттік сараптамадан өткізу

Кітапхана ғимаратын күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жоба-сметалық құжаттары әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өткізілді. Облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасына қаржыландыру үшін бюджеттік өтінім ұсынылды.

“Жалағаш аудандық құрылыс бөлімі” КММ

57

М.Шәменов ауылдық мәдениет Үйінің күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін қаржыландыруға ұсыну. Облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасына бюджеттік өтінім әзірлеп, тапсыру.

Облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасына бюджеттік өтінім жолданды.

“Жалағаш аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі” КММ

58

Облыстық құрылыс басқармасы арқылы салынатын Мәдениет тіректі елді мекенінде 150 орындық ауылдық клуб құрылыс жұмысының сапалы жүргізілуіне бірлесіп жұмыс жасау

Қазіргі таңда облыстық құрылыс басқармасы арқылы мемлекеттік сатып алу процедуралары аяқталды. Қазіргі таңда ауылдық клуб ғимаратының 1-ші және 2-ші қабаттарын өру жұмыстары аяқталып, төбесін жабу жұмыстары жүргізілуде.

“Жалағаш аудандық құрылыс бөлімі” КММ

59

Облыстық құрылыс басқармасы арқылы салынатын Жалағаш аудандық ішкі істер бөлімі ғимаратының құрылыс жұмысының сапалы жүргізілуіне бірлесіп жұмыс жасау

Қазіргі таңда облыстық құрылыс басқармасы арқылы мемлекеттік сатып алу процедуралары жүргізілді. Қазіргі таңда ішкі істер бөлімі ғимаратының қабырғаларын өру жұмыстары жүргізілуде.

“Жалағаш аудандық құрылыс бөлімі” КММ

60

Аудандағы кәсіпорындарда қызметкерлердің жаппай жұмыстан босатылуына жол бермеу мақсатында, 2017 жылға қызметкерлердің еңбек шарттары мен құқықтарын сақтау жөніндегі жұмыс берушілермен жасалған меморандумдардың орындалуына бақылауды қамтамасыз ету

Аудан көлемінде орналасқан мекемелер мен кәсіпорындардан жалақыға қарызын анықтау үшін аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі арқылы ай сайын есебі алынып, мониторинг жүргізіліп отыр.

“Жалағаш аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарла-малар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі” КММ

61

Мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп еңбек заңдылықтарының бұзылу фактілеріне, әсіресе ауданның кәсіпорындары мен ұйымдарында жалақының уақытылы төленбеу жағдайына тездетіп әрекет ету

2017 жылдың 1 қыркүйегіне меморандумғаотырған шаруашылықтар мен ұйымдарда жұмысшыларды қысқарту орын алған жоқ.

Жалағаш ауданы бойынша жұмыс берушілердің есепті мерзімге жұмысшы,қызметкерлерге еңбек ақыдан қарыз қалыптаспады.

“Жалағаш аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарла-малар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі” КММ

62

2017 жылы аудандағы отбасы құрамында еңбекке жарамды адамы бар, жұмыспен қамтуға көмек көрсету шараларына міндетті түрде қатысушартымен, аз қамтылған отбасыларына ақшалай көмек беру жүйесін енгізу

2017 жылға «Өрлеу» шартты ақшалай көмекке жергілікті бюджеттен 2,0 млн.теңге, республикалық бюджеттен 4,8 млн.теңге қаржы қаралған. Есепті кезеңге «Өрлеу» жобасына 31 отбасы (200 мүшесі) тартылды, олардың 27-і тұрақты жұмысқа, 4-уі қоғамдық жұмысқа орналастырылды. Жергілікті бюджеттен 1 қазанға 1,6 млн.теңге тағайындалды, 1,3 млн.теңге төленді. Республикалық бюджеттен 4,7 млн.теңге тағайындалып, 2,7 млн.теңге төленді.

“Жалағаш аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарла-малар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі” КММ

63

Халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарына әлеуметтік дүкен ашу арқылы әлеуметтік көмек көрсету

Үстіміздегі жылы «Азиза» азық-түлік әлеуметтік сауда дүкені арқылы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері төмен бағамен сатылуда.

“Жалағаш аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарла-малар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі” КММ

64

Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, соғыс кезінде қайтыс болған немесе хабарсыз кеткен әскери қызметшілердің жесірлеріне, сондай-ақ тылда кемінде алты ай жұмыс істеген еңбек ардагерлеріне әлеуметтік қолдау көрсетуді жалғастыру

Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне, ҰОС-ында қаза тапқан жауынгерлердің екінші рет некеге отырмаған жесірлеріне және ҰОС жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО ордендерімен және медальдарымен наградталған, ҰОС жылдары 6 айдан кем емес жұмыс істеген 261 адамға барлығы 17,7 млн.теңге төленді.

“Жалағаш аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарла-малар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі” КММ

65

“2016-2017 жылдарға арналған аудандағы мүгедектер өмірінің сапасын жақсарту және құқығын қамтамасыз ету бойынша Жол картасының” жүзеге асырылуын қамтамасыз ету, әсіресе жеке сауықтыру бағдарламаларын 100 пайызға орындау

Мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2016 - 2017 жылдарға арналған Жол картасына сәйкес аудан бойынша жұмыстар атқарылуда. Атап айтқанда, «Инватакси» аудан бойынша 23 мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қызмет көрсетуде. Мүгедектердің қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін ауданда 66 объектіге пандустар стандартқа сәйкес орнатылды.

2017 жылдың 1 қазанына 97 мүмкіндігі шектеулі адамдарға, оның ішінде 18 жасқа дейінгі 65 балаға үйден әлеуметтік қызмет көрсетілді.

Мемлекеттік қолдау шараларын пайдалана отырып мүгедектерді өнімді жұмыспен қамтуға тарту мақсатында 22 мүгедек жұмыс іздеуші ретінде жұмыспен қамту орталығына тіркеліп, 7-і тұрақты жұмысқа, 10-ы ақылы қоғамдық жұмысқа орналастырылды. 2-уі кәсіптік оқуға жіберілді, 3 адамға шағын несие берілді.

“Жалағаш аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарла-малар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі” КММ

66

Жұмыссыздық деңгейін 5,1 пайызға дейін төмендетуге шаралар қабылдау

2017 жылдың 1 қазанына экономикалық белсенді халық саны 17585, жұмыспен қамтылғаны 16674, жалдамалы қызметкерлер 8480, өз бетінше жұмыспен қамтылғандар саны 8194, жұмыссыздар 911 адам. Жұмыссыздық деңгейі 5,2 пайыз.

“Жалағаш аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарла-малар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі” КММ

67

2017 жылы экономика салаларында 680 жаңажұмыс орнын ашу

2017 жылы 680 жаңа жұмысорындары ашу жоспарланған, есепті мерзімге 673 жаңа жұмыс орындары ашылды немесе 98,9 пайыз (оның 631-і тұрақты). Оның ішінде: ауылшаруашылық саласы -342, білім саласына-30, экономикалық қызметтің басқа салаларында – 157, уақытша және маусымдық жұмыстар -42, құрылыс саласы – 4, көтерме және бөлшек сауда -88, көлік және қоймалау – 6, денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет -4.

“Жалағаш аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарла-малар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі” КММ

68

Қазақстан Республикасының “Халықты жұмыспен қамту туралы” Заңымен белгіленген жалпы жұмыс орындарының 2-4 пайыз шеңберінде мүгедектер үшін жұмыс орындарына квотаның орындалуы

2017 жылдың 1 қазанына 22 мүгедек жұмыс іздеуші ретінде жұмыспен қамту орталығына тіркеліп, 7-і тұрақты жұмысқа, 10-ы ақылы қоғамдық жұмысқа орналастырылды. 2-уі кәсіптік оқуға жіберіліп, 3 адамға шағын несие берілді.

“Жалағаш аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарла-малар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі” КММ

Аймақтық даму

69

Кент, ауылдық елді мекендердегі абаттандыру мен көгалдандыру жұмыстарын ұйымдастыру

Жергілікті өзін-өзі басқаруға байланысты кент, ауылдық округтердің бақылау шотына түскен 38,9 млн.теңге қаржысына абаттандыру мен көгалдандыру жұмыстарын жүргізген.

Кент, ауылдық округ әкімдері

70

Аудан аумағында салынатын құрылыс нысандарына жер телімдерін (меншік түріне қарамастан) аудандық мәслихаттың шешімімен бекітілген бас жоспар мен даму сызбаларына сәйкес берілуін қадағалау

Жалағаш кентінде бас жоспар бойынша жалпы аумағы - 451,0 га, 5 жаңа қоныстану аймақтары анықталған болатын.

(Олар: Дауімбай уч.-60,0 га; Ақтерек уч-170,0 га; Қисық арық уч-110,0 га және Ақсу автожолы бойы-68,0 га; Береке ауданы-43 га)

Жалағаш кентінің «Береке» ауданы 43 га учаскесіне инженерлік-инфрақұрылым жүргізіліп, 185 жер учаскелері дайындалды. Оның 60 жер теліміне нысандар орналасқан. Қалған 125 жер теліміне қазіргі таңда аудандық жер қатынастар бөлімі арқылы тұрғын үй салу үшін кезектілікте тұрған азаматтардың 30-на алдын ала таңдау жұмыстары жүргізіліп, жер мәселелерін реттеу жөніндегі комиссияға ұсынылды.

Сонымен қатар, кенттің «Ақтерек» участогі жалпы аумағы 170 га жер теліміне егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы әзірленіп, инженерлік-инфрақұрылым жұмыстары жүргізілгеннен кейін, 750 тұрғын үй салу үшін кезектілікте тұрған азаматтарға жер телімі берілетін болады.

“Жалағаш аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі” КММ

71

Ауданның елді мекендерінің сәулеттік келбетін жақсарту мәселесін назарға ала отырып, кенттің бас жоспары мен елді мекендердің даму сызбаларына сәйкес құрылыс жұмыстарын жүргізуді қадағалау

Ауданның елді мекендерінің сәулеттік келбетін жақсарту мәселесін назарға ала отырып, кенттің бас жоспары мен елді мекендердің даму сызбаларына сәйкес үстімізлегі жылдың 9 айында 65 тұрғын үйдің құрылысы аяқталды, былтырғы жылмен салыстырғанда 4,3 пайызға артты.

“Жалағаш аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі” КММ

72

Аудан орталығы, кенттің бас жоспары мен ауылдық елді мекендердің даму сызбаларына сәйкес, елді мекендердің шекарасын белгілеу мен енгізілетін өзгертулерді ұйымдастыру

Елді-мекендердің шекараларын (шегін) өзгерту мен белгілеу жұмыстары кенттің бас жоспары мен елді мекендердің даму сызбаларына өзгеріс енгізу үшін 2017 жылдың наурыз айында 3 елді мекендердің шекара жобасы дайындалып, Жалағаш аудандық мәслихатының шешімімен бекітілді. Қазіргі таңда 8 елді мекеннің шекараларын өзгерту мен белгілеу жобалары дайындалуда.

“Жалағаш аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі” КММ

73

“Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін айқындау туралы” Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы №183 қаулысының аясындағы жұмыстарды жалғастыру

«Дипломмен ауылға» жобасы аясында ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұру үшін келген мамандарға әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі шараларды іске асыру (көтерме жәрдем ақы) және тұрғын үй сатып алуға немесе салуға 2017 жылы аудан бюджетінен көтерме жәрдемақыға 30 444,0 мың теңге қаржы бөлініп, оның 3 653,0 мың теңгесі 23 маманға көтерме жәрдемақыға, қалған 26791,0 мың теңгесі қаржылай қолдау қордың 3 %-дық сыйақысына аударылып берілген.

Есепті кезеңге 101 маманға 323 333,0мың.теңге көлемінде тұрғын үй несиесі берілген.

“Жалағаш аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі” КММ

Жергілікті мемлекеттік басқаруды дамыту және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету

74

Тұрғындардың компьютерлік сауаттылық деңгейін 77,0 пайызға дейін жоғарылату

Аудан тұрғындарының компьютерлік сауаттылық деңгейін жоғарлату мақсатында оқу курстары өткізілуде.

“Жалағаш аудандық білім бөлімі” КММ

75

Мүгедектердің қоғамдық ұйымда-рымен құрылған, тауарлар өндіретін немесе сататын, қызмет көрсету жұмыстарын атқаратын мүгедектердің қоғамдық ұйымдары мен бірлестіктерін қолдау үшін мемлекеттік сатып алу заңдылықтарын сақтаудың мониторингісін қамтамасыз ету

«ҰШҚЫН» Қызылорда мүгедектерінің оқу-өндірістік кәсіпорны» ЖШС-нің 2017 жылдың 7 қаңтардағы хатына сәйкес барлық бюджеттік бағдарлама әкімшілеріне мемлекеттік сатып алуға байланысты семинарлар мен дөңгелек үстел өткізілді.

“Жалағаш аудандық қаржы бөлімі” КММ

76

Мемлекеттік қызметкерлердің, оның ішінде ауылдық округ әкімдерінің аппараты қызметкерлерінің білікті-лігін көтеруді жалғастыру

Аудан бойынша үстіміздегі жылдың 9 айында 37 мемлекеттік қызметкер біліктілігін көтеріп және 13 мемлекеттік қызметкер қайта даярлау курстарынан өтті.

Жалағаш ауданы әкімдігінің “Жалағаш ауданы әкімінің аппараты” КММ

77

Жасөспірімдер қылмыстығының алдын алу және ескерту бойынша кешенді шараларды іске асыру

2017 жылдың 9 айында аудан көлемінде орналасқан орта оқу орындарында басқа да құқық қорғау органдарымен бірлесе отырып алкоголизмнің, есірткі құнарлықтың, уытқұмарлықтың зияны, ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершіліктері, жасөспірімдердің заң алдындағы жауапкершілігі т.б. «Жасөспірім Заң қауіпсіздік», «Түнгі Жалағаш», «Жасөспірімдерді жыныстық зорлы-зомбылықтан қорғау және жыныстық қол сұғылмаушылықтан алдын алу», «Балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыптарда 37рет әңгіме лекциялар, дөңгелек үстелдер, сұхбаттар, кездесулер өткізіліп, мектеп оқушылары арасында сауалнамалар жүргізілді.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қызылорда облысының ішкі істер департаменті “Жалағаш ауданының ішкі істер бөлімі” ММ (келісім бойынша)

78

Қоғамдық тәртіп бұзушылықтың кез-келген түрлеріне “мүлдем төзбеушілікті” насихаттау

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің құқық бұзушылыққа «Мүлдем төзбеушілік», «Қоғамдық орынды ластаушы», «Тұрмыс», «Құқық тәртібі», «Тәртіпсіздік пен құқық бұзушылықтарғы мүлдем төзбеушілік» қағидатын жүзеге асыру, отбасы тұрмыс саласында, жасөспірімдер қылмысының алдын алу бағытында профилактикалық жұмыстарға аудан көлемінде 8-рет кездесу бірнеше мәрте акция жүргізілді

Жыл басынан бері аудандық "Жалағаш жаршысы" газетіне 35 мақала жарияланды

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қызылорда облысының ішкі істер департаменті “Жалағаш ауданының ішкі істер бөлімі” ММ (келісім бойынша), “Жалағаш аудандық ішкі

саясат бөлімі” КММ

Қоғамдық-саяси тұрақтылық

79

Қазақстан Республикасы Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, “Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамаларын қолдану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары және тексеру парағын бекiту туралы”, “Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы” Қазақстан Республикасы Заңын, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Туының бейнесін, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының бейнесін және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Гимінің мәтінін пайдалану (орнату, орналастыру) қағидаларын және Елбасы Жолдауын басшылыққа ала отырып жұмыс жасау

Барлық атқарылатын шаралар туралы бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануда Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында жүзеге асырылатын әлеуметтік жобалар Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы Жолдауларынан туындаған мемлекеттік саясатты жүргізуге бағытталған.

“Жалағаш аудандық ішкі саясат бөлімі” КММ

80

Жастардың арасындағы жұмыссыздықты азайту мақсатында жастарды “Нұрлы Жол” жаңа экономикалық саясатын жүзеге асыруға барынша жұмылдыру

Аудан бойынша жастар саны 8865 оның ішінде кенттен 3923, ауыл округтерінен 4942 жастарды құрайды.

Жалағаш ауданы бойынша жалпы жұмыссыздық деңгейі 4,5 пайыз, оның ішіндежастар арасында жұмыссыздық деңгейі 15-24 жас аралығы 6,2 пайыз, 15-28 жас аралығы 4,5 пайызды құрайды.

2017 жылдан бастап «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» жүзеге асырылуда.

Бағдарлама аясында 15-24 жас аралығындағы жастар колледждерде тегін кәсіби техникалық білім ала алатын болады. ҰБТ тапсыра алмаған түлектер, оқу орнына түсе алмаған азаматтар, тұрмысы төмен отбасынан шыққан балаларды оқыту көзделген. Оқу мерзімі - 2,5 жыл.

Бағдарламаға қатысушыларға бір реттік ыстық тамақпен, стипендиямен, жол жүру ақысымен қамтамасыз етіледі.

Қысқа мерзімді кәсіптік оқуға республикалық бюджеттен 80 адамға 26,4 млн. теңге қаржы қаралған. Қазіргі таңда 119 жас тұлға қысқа мерзімді оқытуға жіберілген.

Аталған бағдарламаның үшінші бағыты бойынша республикалық бюджеттен 80 адамға 27,2 млн.теңге қаржы бөлінген.Есепті мерзімге 52 мекемеге 96 оқу орнының түлектері жастар тәжірибесіне жолданды.

“Жалағаш аудандық ішкі саясат бөлімі” КММ

81

Үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл және әріптестікті нығайту, әлеуметтік жобаларын қаржыландыру

Жалағаш ауданы бойынша бүгінгі таңда әділет органдарында тіркелген 23 үкіметтік емес ұйым бар. Олардың 11-і қоғамдық қорболса, қалған 12-уі қоғамдық бірлестіктер. Оның ішінде 2-уі жастар ұйымдары.

2017 жылы аудандық ішкі саясат бөлімі арқылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде жергілікті бюджеттен 7 500,0 мың теңге қаржы бөлініп, қазіргі таңда 6 әлеуметтік қызмет жүзеге асырылуда.

«ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандырылған Көрмесіне мүмкіндігішектеулі азаматтар мен зейнеткерлерді апару қызметін ұйымдастыруға 7 985,0 мың теңгеге қаржы қаралды. 2017 жылдың маусым-қыркүйек айлары аралығында ауданнан 140 ардагерлер мен мүмкіндігі шектеулі азаматтар Астана қаласына «ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған Көрмесіне саяхат жасап келді.

“Жалағаш аудандық ішкі саясат бөлімі” КММ

82

“Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік” атты мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың 2017 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауын насихаттау мен түсіндіру жұмыстарын жүргізу

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2017 жылғы қаңтардағы«Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауын Жалағаш ауданы тұрғындары арасында түсіндіру мен жүзеге асыру мақсатында 2017 жылғы 15 ақпанда №66 өкімімен аудандық ақпараттық-насихаттық топтар құрылып, Жалағаш кенті мен ауылдық округтерде насихаттау жұмыстары жүргізіліп келеді.

Жалағаш ауданы бойынша осы уақытқа дейін республикалық, облыстық және аудандық ақпараттық топ өкілдерінің қатысуымен 71 шара ұйымдастырылып, оған4600 адам қамтылды. Сонымен қатар «Жалағаш жаршысы» газетінде 33 мақала жарияланды.

2017 жылдың қазан айында кент және ауылдық округтерде кездесулер жоспарлануда.

“Жалағаш аудандық ішкі саясат бөлімі” КММ

83

Ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету, ұлтаралық және конфессияаралық келісімді нығайту

Ауданда ұлтаралық, конфессияаралық қатынастарды нығайту бағытындағы жұмыстарға 1,0 млн.теңгеге «Жалағаш достық мекені» қоғамдық бірлестігімен келісім шарт жасалынған.

«Жалағаш достық мекені» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен 2017 жылдың 1 наурызы күні №123 мектеп-лицейде елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған - Алғыс айту күніне орай «Алғыс айту-парыз!» атты кездесу өтті. Кездесуге аудандық Қоғамдық келісім кеңес төрағалары, ҮЕҰ өкілдері, түрлі этнос өкілдері және БАҚ өкілдері қатысты.

Ұлыстың ұлы күні 22 наурызда Жалағаш ауданының орталық алаңында этносаралық келісім мен этносаралық қатынастарды нығайту мақсатында түрлі этнос өкілдеріне арнап «Жалағаш достық мекені» қоғамдық бірлестігі «Достық үйі» атты киіз үйін құрды. Кент орталығындағы №31 орта мектебінде 1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күніне орай "Мен - Қазақстандықпын" атты мерекелік шара өтті. Оған аудандағы өзге этнос өкілдерінің балалары мен ата-аналары қатысты.

“Жалағаш аудандық ішкі саясат бөлімі” КММ

84

Ауданда тиімді жастар саясатын жүзеге асыру, жастар қозғалысын дамыту үшін қажетті жағдайлар жасау

Жалағаш ауданы бойынша 14 пен 29 жас аралығында 8865 жас тіркелген. Бұл көрсеткіш халық санының 24,7 пайызын құрайды. Оның ішінде кент жастары - 3923, ауыл жастары - 4942 (Ерлер саны - 4564, қыздар саны – 4341).

Жалағаш аудандық жастар ресурстық орталығының 3 тоқсанында жүргізген жастар санағы қорытындысымен жұмыссыз және NEET санатындағы 496 жас анықталды. Олардың жұмыссыз екенін анықтау мақсатында жүргізілген адрестік жұмыстар нәтижесінде көпшілігі оқу орнын бітіріп, жұмыс таппай жүрген, жоғары немесе орта арнаулы білімі жоқ жастар мен бала күтіміндегі аналар, сондай-ақ денсаулығына байланысты жарамсыздар мен жұмыстан өз еркімен босаған жастардан құралып отыр.

2017 жылы аудандық бюджеттен 11,5 млн.теңге қаржы қаралып, аудандық ішкі саясат бөлімі жанынан 7 штаттық бірліктен тұратын «Жалағаш аудандық жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі құрылды. Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру мақсатында құрылған жастар ресурстық орталығына қажетті құрал-жабдықтар және ғимаратпен қамтамасыз етілді.

2017 жылы жергілікті бюджет есебінен жастар саясаты саласында іс-шараларды іске асыру бағытында 2 млн 290 мың теңге қаржы бөлініп, Жалағаш ауданы жастарының «Темірқазық» қоғамдық бірлестігі арқылы іс-шаралар жүзеге асырылуда.

Аудан бойынша жұмыссыз жастарды кәсіпкерлікпен шұғылдануға тарту және жас кәсіпкерлер базасын қалыптастыру жұмыстары нәтижесінде 168 жас кәсіпкер анықталды. Жастар ресурстық орталығы аудандық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп дөңгелек үстелдер мен семинарлар өткізу арқылы жастарды кәсіпкерлікке баулу және олардың сауаттылығын арттыру жұмыстарын белсенді жүргізуде. Семинарларға Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының «Бизнес тренерлері» шақыртылып, мемлекеттік бағдарламалар бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, қатысушыларға арнайы кәсіпкерліктің негізгі курсынан өткендігі жөнінде сертификаттар табысталды.

Жастардың бос уақыты мен демалысы үшін жағдайлар жасау, шығармашыл жастарды қолдау мақсатында конкурстар, ойындар, дарынды жастар арасында турнирлер өткізу бойынша Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен 2017 жылдың 9 айында55 кездесу, 10 мерекелік шара, 8 акция, 11 әртүрлі бағыттағы шара, 6 қоғамдық түнгі рейд, 8 кеңес беру, 3 оқу-семинарларөткізілді.

“Жалағаш аудандық ішкі саясат бөлімі” КММ

85

Жалағаш ауданы бойынша діни бірлестіктермен жұмыс жасау

Жалағаш ауданы бойынша діни ахуал тұрақты. Діни ахуал тұрақтылығын сақтау мақсатында аудан әкімі жанындағы діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңес, Дін саласындағы мемлекеттік саясатты түсіндіру, тұрақтылықты нығайту және діни экстремизмнің алдын алу үшін құрылған Жалағаш аудандық ақпараттық түсіндірме тобы, Жалағаш ауданының әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссия, ҚМДБ қарасты аудан көлемінде барлығы 12 мешіт жұмыс жасайды. Олардың барлығы да әділет органдарында тіркелген.

Жыл басынан бастап аудандық ақпараттық түсіндірме тобының мүшелерімен 6 дөңгелек үстел, 5 акция, 35 кездесу өткізіліп, барлығы 3140 адам қатыстырылды.

Дін мәселелерін зерттеу орталығының теологтарының қатысуымен аудандық АТТ мүшелері дәстүрлі емес діни ағымды ұстанушыларға 11 мәрте адрестік профилактикалық жұмыстар жүргізілді.

2017 жылдың мамыр айында кент әкімінің қолдауымен аудандық "Иманқұл" мешітіне 4 бейнебақылау камерасы орнатылып, мешіт ішіндегі жағдай күнделікті бақылауға алынды.

“Жалағаш аудандық ішкі саясат бөлімі” КММ

86

Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру мен іске асыруды қамтамасыз ету

Жалағаш ауданы бойынша бұқаралық ақпарат құралдарының саны біреу, ол аудандық “Жалағаш жаршысы” газеті. Басылым мемлекеттік тілде аптасына 2 рет шығарылады, 2 бетіне мемлекеттік тапсырыс орналастырылуда. 2 беттің көлемі 3700 см2. Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізуге әлеуметтік қызмет бойынша жергілікті бюджеттен қаржы қаралмаған. 2016 жылдан бастап бұл мақсатқа облыстық бюджеттен қаржы бөлінуде.

Сонымен қатар телерадиохабарлар арқылы мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу әлеуметтік қызмет бойынша жергілікті бюджеттен 5,7 млн.теңге қаржы бөлініп, Қазақстан Қызылорда телеарнасымен келісім шарт жасалынып жұмыстар жүргізілуде.

87

Әлеуметтік тапсырыс арқылы мемлекеттік саясатты жүргізу

Барлық атқарылатын шаралар туралы мәлімет бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануда. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында жүзеге асырылатын әлеуметтік жобалар Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы Жолдауларынан туындаған мемлекеттік саясатты жүргізуге бағытталған.

Жалағаш ауданы әкімінің 2017 жылға арналған іс-қимыл жоспарын жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 2017 жылдың 2 тоқсанында орындалуы

Іс-шараның атауы

Іс-шараның

орындалуы

Жауапты

орындаушылар

Аудан өнеркәсібін әртараптандыру

1

Ауданда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік, азық-түлік емес, дәрі дәрмектер, жанар-жағар май және сұйытылған газдың бағаларына мониторинг жүргізу

Ауданда әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағаларын тұрақтандыру үшін шаралар әзірлеу жөніндегі аудандық жұмыс тобы құрылып, тауарларды алыпсатарлықпен өсуіне жол берілмеуіне бақылау жүргізілуде.

Сонымен қатар, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының 19 түріне, азық-түлік емес тауарлардың 21 түріне және дәрі-дәрмектің 200 түріне, жанар-жағар май, дизель отынының бағаларына күнделікті мониторинг жүргізілуде.

Қазіргі таңда жасалған мониторинг бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын 2016 жылдың желтоқсан айының бағаларымен салыстырғанда -8 түрліөнімнің бағасы көтерілгендігі, 7 түрліөнімдердің бағасы төмендегені және 4 түрлі өнім бойынша бағалар бір қалыпты деңгейде.

Аудан бойынша белгіленген 200 түрлі дәрі-дәрмектің 133 түрі шекті бағадан төмен, ал 3 түрі шекті бағада, қалған 64 түрі дәріханада жоқ.

Бүгінгі күнге жанар-жағар майдың бағасы:

· АИ-92 маркалы бензиннің1л/143 теңгеден,

· АИ-80 маркалы бензин 1л/89 теңгеден,

· Дизель отыны 1л/137 теңгеден.

АИ-92 маркалы бензин 2016 жылдың желтоқсан айының бағасымен салыстырғанда 6,7%, ал дизель отыны 7,9% өсіп отыр.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік емес тауарлардың бағалары тұрақты. Мониторинг жүргізу барысында азық-түлік тауарлар бағаларының негізсіз өсуібайқалмайды.

“Жалағаш аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі” КММ

2

Кәсіпкерлік саласын ынталандыруға байланысты өткізілетін облыстық деңгейдегі конкурс-көрмелерге аудан кәсіпкерлерінің жоғары деңгейде қатысуын және қажетті мәліметтердің әзірленуін қамтамасыз ету

Кәсіпкерлік саласын ынталандыруға байланысты өткізілетін облыстық деңгейдегі конкурс-көрмелерге аудан кәсіпкерлері белсенді қатысуда.

“Жалағаш аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі” КММ

3

Отандық тауар өндірушілерді қолдау және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағаларын тұрақтандыру мақсатында аудан орталығында Қазақстан өнімдерін сату жәрмеңкесін ұйымдастыру

Үстіміздегі жылдың 6 айында бағаны тұрақтандыру мақсатында кент орталығында 4 рет ауыл шаруашылық жәрмеңкесі ұйымдастырылып, аудан тұрғындарына төмен бағада ауыл шаруашылық өнімдері сатылды. Жәрмеңкеде 66 көлікте 194 тонна өнім сатылып, жалпы құны 23,2 млн.теңгені құрады.

“Жалағаш аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі” КММ

4

Өңдеу өнеркәсібін дамыту мақсатында өнім өндіруші кәсіпорындарын ашу және заманауи әдістерді пайдалана отырып, әлсіреп бара жатқан кәсіпорындардың жұмысын жандандыру

· Өңдеу өнеркәсібін дамыту мақсатында ағымдағы жылдың аяғына дейін төмендегі кәсіпорындарды іске асыру жоспарлануда.

· Жеке кәсіпкер А.Боранқұловтың ағаш өндіру цехы;

· Жеке кәсіпкер Н.Ералиевтың балықты алқашқы өндіру цехы;

· «Таң-LTD» ЖШС-нің күріш ақтау цехы;

· «Баба» ШҚ-ның асыл тұқымды ешкілерді көбейту, етін өндіру және сүтін өңдеу фермасы;

· Жеке кәсіпкер Әжібековтың құрама жем өндіретін шағын зауыты;

· Жеке кәсіпкер К.Туралиеваның макарон өнімдерін өндіру цехы;

· Жеке кәсіпкер А.Бекжановтың құрама жем өндіру цехы;

· Жеке кәсіпкер Н.Арапованың наубайханасы.

“Жалағаш аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі” КММ

5

Аудан бойынша шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің “Бизнестің жол картасы 2020”, “Даму Өндіріс” және “Микробизнес Қызылорда” бағдарламалары аясындажеңілдікпен берілетін несиелермен қамтамасыз ету

Шағын және оның ішінде микробизнесті қолдауға бағытталған аудан бойынша біршама жұмыстар атқарылуда.

«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясында ағымдағы жылыжалпы құны 280,8 млн теңгені құрайтын 7 жоба екінші деңгейлі банктер арқылы қаржыландырылып, Өңірлік үйлестіру кеңесінің оң қорытындысына сәйкес пайыздық ставкасы субсидияланды.

1) «Таң ЛТД» ЖШС-нің күріш егу және ақтау жобасы. Жоба 60,0 млн теңгеге қаржыландырылды;

2) жеке кәсіпкер Қ.Дүйсебаевтың мейрамхана сатып алу жобасы. Жоба 70,0 млн теңгеге қаржыландырылды.

3) «Дархан» ЖШС-нің айналым қаражатын толықтыру жобасы. Жоба 15,0 млн теңгеге қаржыландырылды.

4) жеке кәсіпкер Ажибековтың құрама жем өңдеу зауыты жобасы. Жоба 34,8 млн теңгеге қаржыландырылды.

5) жеке кәсіпкер Б.Ұзақовтың жол бойы кешені жобасы. Жоба 55,0 млн теңгеге қаржыландырылды.

6) «Атамекен» ШҚ-ның қажетті қажетті жабдықтар сатып алу жобасы. Жоба 12,9 млн теңгеге қаржыландырылды.

7) «Атамекен» ШҚ-ның қажетті қажетті жабдықтар сатып алу жобасы. Жоба 33,1 млн теңгеге қаржыландырылды.

«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ның облыстық филиалының «50 ауыл» бағдарламасы аясында Мырзабай ахун ауылдық округінде мал асырау бағытында құрылған «Табыс» АӨК 53,8 млн теңгеге қаржыландырылып, 309 МІҚ малы алынып, бордақылануда.

Сонымен қатар, «Микробизнес Қызылорда» бағдарламасы аясында несие алуған жалпы құны 11,0 млн теңгені құрайтын екі жоба оң қорытынды алды.

“Жалағаш аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі” КММ

6

Аудан бойынша өңдеу өнеркәсібі саласы бойынша жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың өндірген өнімдері туралы есептілікті уақытылы аудандық статистика басқармасына тапсыруға ықпал жасау

Өңдеу өнеркәсібі саласы бойынша жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың өндірген өнімдері туралы есептілік ай сайын уақытылы аудандық статистика басқармасына тапсырылып отыр.

“Жалағаш аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі” КММ

7

“Серпін” индустриялды аймаққа кәсіпкерлік субъектілерінің жобаларын орналастыру

Серпін» индустриялды аймағында қазіргі таңда жалпы құны 139,6 млн.теңгені құрайтын 4 жоба 1,65 га жерге орналастырылды.

1. Жеке кәсіпкер Д.Жарасбаевтың мал сою цехы.

2. «К.Қанатбаева» ШҚ-ның мал бордақылау, сою және жіліктеп бумалау цехы.

3. «Өркен-Әлем» ЖШС-нің тігін шеберханасы.

4. «К.Қанатбаева» ЖШС-нің мал базары.

Сонымен қатар, аталған аймақтың 2,2 га жерінде жалпы құны 30,0 млн теңгеніқұрайтын екі жобаның құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Бұл жобалар 2017 жылдың аяғына дейін толық іске қосылады.

1. «Баба» ШҚ-ның асыл тұқымды ешкілерді көбейту, етін өндіру және сүтін өңдеу фермасы;

2. жеке кәсіпкер М.Қанибаевтың 3000 басқа арналған жұмыртқа бағытындағы шағын құс фермасы.

“Жалағаш аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі” КММ

8

“Қазақстан Республикасының индустриялық - инновациялық даму жөніндегі” мемлекеттік бағдарламасы аясында өңірлік Индустрияландыру картасына енгізілген жобалардың толыққанды жұмыс жасауын қамтамасыз ету

«БИС-Групп» ЖШС-нің «Қызыл миятамырын өңдеу» зауыты «Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық даму жөніндегі» мемлекеттік бағдарлама аясында өңірлік Индустрияландыру картасына енгізілген. Қазіргі таңда зауытта жергілікті тұрғындар есебінен 50 адам жұмыс жасайды.

Ағымдағы жылдың қаңтар айында Қытай мемлекетіне алғашқы 20,0 тонна өнім экспортталды. Қазіргі таңда екіншітоптама 20,0 тонна өнім экспорттау үшін жұмыстар жүргізілуде.

“Жалағаш аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі” КММ

Агроөнеркәсіп кешенін дамыту, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қоршаған ортаны қорғау

10

Жаңадария ауылдық округінде бақша дақылын үлбір асты және көкөніс дақылын егуді ұйымдастыру

«Магро» фермер қожалығы 2017 жылы 100 гектар қауын, 5 гектар көкөніс дақылдарын егіп, бүгінгі күні вегетациялық өсу кезеңіне сәйкес, алқашқы егілген үлбір асты (под пленкой - 50 га) бақша дақылын жинаудың бірінші кезеңі басталуда. Меже бойынша қауынның алғашқы өнімін Ақтөбе, Атырау, Астана қалаларына жөнелту жоспарлануда.

“Жалағаш аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі” КММ

11

Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі “Агробизнес-2017” бағдар-ламасын (“Сыбаға”, “Құлан”, “Алтын асық”) орындау мақсатында ауданда асыл тұқымды мал басының үлесін арттыру

Облыстан “Сыбаға”,“Құлан”, “Алтын асық” бағдарламалары аясында 2017 жылы сатып алынатын мал санының жоспары белгіленіп, жұмыстар жүргізілуде. (Сыбаға бойынша 262 бас аналық сиыр, 9 асыл тұқымды бұқа, Құлан 63 бас бие, 5 айғыр, Алтын асық 125 бас аналық қой, 5 бас асыл тұқымды қошқар) Есепті кезеңге “Сыбаға” бағдарламасымен “Фарида” ШҚ-ы “Ауыл кредиттік серіктестігі ” ЖШС-нан 7,5 млн теңге несие алып 2 бас асыл тұқымды бұқа мен 48 бас аналық , “Құлан” бағдарламасымен “Төлеген” ЖК 7,0 млн.теңге несие алып 20 бас бие мен 2 бас асыл айғыр, “Жарқынай” ШҚ-ы 10,0 млн теңге несие алып 3 бас айғыр мен 35 бас бие, «Агронесие корпорациясы» АҚ-нан «Малқаждар» ШҚ-ы 12,0 млн теңге несие алып 3 бас асыл тұқымды айғыр мен 37 бас бие сатып алып жұмыстарын жүргізуде.

2017 жылға белгіленген жоспарға сәйкес «Сыбаға» бағдар-ламасы 18,3 пайыз, «Құлан» 146,0 пайызға, «Алтын асық» 140 пайызға орындалды.

“Жалағаш аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі” КММ

12

Ауданда асыл тұқымды ет бағытындағы ірі қара малын сатып алу жұмыстарын үйлестіре отырып, асыл тұқымды шаруашылық ашу бағытында жұмыстарды ұйымдастыру

«Бақдаулет-57» ФҚ 2014 жылы 58 бас асыл тұқымды ет бағытындағы қазақтың ақбас сиырын сатып алып, бүгінгі күнге осы малдардың санын 115 басқа жеткізді. «Аққұм» ауылдық округінде орналасқан «Бақдаулет-57» ШҚ ет бағытындағы «қазақтың ақбас» тұқымды асыл тұқымды шаруашылық статусын алды.

“Жалағаш аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі” КММ

13

Жоспар бойынша ет бағытындағы қой, жылқы өсірумен айналысуға ниетті шаруашылықтарды нақтылай отырып, жұмыстарды ұйымдастыру

«Алтын асық» бағдарламасымен Таң ауылдық округінен «Доспанов КС» ЖК өз қаражатымен Оңтүстік Қазақстан облысыСарыағаш ауданы Әбіл ШҚ-нан 7 бас асыл тұқымды «Қазақтың ірі қылшық жүнді құйрықты» қошқарын сатып алып 190 бас жергілікті аналықты ИСЖ, ИАС бағдарламаларына енгізіп жұмыс жасауда.

«Құлан» бағдарламасымен жұмыс жасап жатқан «Жарасбаев ДК» , «Қанатбаева» ШҚ-ы асыл тұқымды айғыр алып жылқы малын асылдандыру бағытында жұмыстар жүргізуде.

“Жалағаш аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі” КММ

14

Көктемгі егіске су шаруашылығы нысандарының дайындығын ұйымдастыру

Көктемгі егіске су шаруашылығы нысандарының дайындығын ұйымдастыру үшін іс-шара жасалып, жұмыстар 100 пайызға орындалды.

“Жалағаш аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі” КММ

15

Эпизотияға және энзоотияға қарсы іс-шаралар жүргізуді ұйымдастыру

Ауданда эпизоотиялық тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында тізімге енген 14 түрлі аса қауіпті жұқпалы ауруларға қарсы іс-шараларды атқаруға 54,6 млн теңге қаржы бөлінді, есепті мерзімге игерілгені 28,8 млн теңге.(52,7 пайыз).

Жануарлардың 6 түрлі энзоотиялық (МІҚ өттеу, пироплазмоз, уақ малдың бауыр құрт, жылқының сақау, гастрофилез, түйенің трипанасомоз) ауруларына дәрі-дәрмектер жеткізіліп, алдын ала егу жұмыстары жоспарға сәйкес атқарылуда.

“Жалағаш аудандық ветеринария бөлімі” КММ

16

Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды ұйымдастыруды қамтамасыз ету

Қаңғыбасит, мысықтарды аулап жоюға 2017 жылға 2,0 млн.теңге қаржы қаралды. Есепті кезеңге 1,0 млн.теңгесі игеріліп, 689 бас ит пен мысық жойылды.

“Жалағаш аудандық ветеринария бөлімі” КММ

17

Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екіншісіне ауыстыру жөнінде ұсыныстар дайындау

Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екіншісіне ауыстыру жөнінде үстіміздегі жылдың 1-ші жартыжылдығында жеке және заңды тұлғалардан 5 өтініш түсіп, барлығы қанағаттандырылды.

“Жалағаш аудандық жер қатынастары бөлімі” КММ

19

Ауыл шаруашылығы жерлерін тиімді пайдалану мақсатында жер учаскелерін сауда-саттық арқылы жалға беру

Үстіміздегі жылдың 1-ші жартыжылдығында жалпы көлемі сауда-саттық, яғни аукцион арқылы жеке және заңды тұлғаларға 2257 гектарды құрайтын 3 жер учаскелері табысталып, ауыл шаруашылығы айналымына енгізілді, жалпы жер учаскелері бойынша жалдау құқығын сатудан 13,7 млн.теңге қаржы жергілікті бюджетке түсірілді.

“Жалағаш аудандық жер қатынастары бөлімі” КММ

Көлік инфрақұрылымы

21

Кенттегі Төле би көшесін күрделі жөндеуден өткізу (3,3 шқ)

Жалағаш кентіндегі Төле би көшесінің автомобиль жолдарын (1,689 шқ) күрделі жөндеу жұмыстарына «Қызылорда жолдары» ЖШС-мен 127,1 млн.теңгеге келісім шартқа отырып, жөндеу жұмыстары толық жүргізілді.

“Жалағаш аудандық ТКШ,ЖК және АЖ бөлімі” КММ

22

Кенттегі А.Ізтілеуова көшесін орташа жөндеуден өткізу (2,06 шқ)

Жалағаш кентіндегі А.Ізтелеуова көшесінің автомобиль жолдарын орташа жөндеу жұмыстарына «Сыр жолдары» ЖШС-мен 62,2 млн. теңгеге келісім шартқа отырып, есепті мерзімге 20,5 млн.теңгесі игерілді.

“Жалағаш аудандық ТКШ,ЖК және АЖ бөлімі” КММ

23

Аудандық маңызы бар “Самара-Шымкент-Мәдениет-Мақпалкөл-Жаңаталап-Аққыр” автомобиль жолының бойындағы “Оңтүстік коллектор” көпірін қайта жаңғырту жұмыстарына мемлекеттік сарапта-мамен жоба-сметалық құжатын әзірлеу

Қазіргі таңда мемлекеттік сараптама жұмыстары жүргізілуде.

“Жалағаш аудандық ТКШ,ЖК және АЖ бөлімі” КММ

27

Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы бойынша кент ішіндегі көшелерді ағымдағы жөндеуден өткізу

Кент ішілік көшелерге (Панфилов, Алтынсарин, Қабылов, Қалыбаев) 33,2 млн.теңгеге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Жалағаш ауданы әкімдігінің “Жалағаш кенті әкімінің аппараты” КММ

Тіршілік көзін қамтамасыз ететін инфрақұрылым

Сумен қамтамасыз ету

28

Республикалық бюджеттен берілген трансферттер есебінен Қаракеткен елді мекенінің сумен қамтамасыз ету жүйесін қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізу

Жалағаш ауданы Қаракеткен, Шаменов, Мырзабай ахун елді мекендерінің сумен жабдықтау жүйелерін қайта жаңғырту және кеңейту жұмыстарына республикалық бюджеттен 469,1 млн.теңге және облыстық бюджеттен Жалағаш ауданы Қаракеткен, Шаменов, Мырзабай ахун елді мекендерінің сумен жабдықтау жүйелерін қайта жаңғырту және кеңейту жұмыстарына 52,1 млн.теңге қаржы бағытталып жеке қаржыландыру жоспарында наурыз айынан бастап жоспарланған. Бұл жұмыстар бойынша мемлекеттік сатып алулар жүргізіліп ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті түзеу мекемелерінің “Еңбек” ШЖҚ РМК “Еңбек-Қызылорда” филиалымен тиісінше 10.02.2017 жылы №9, 15.02.2017 жылы №18, 15.02.2017 жылы №17 келісім шарттар жасасты. Маусым айына қаралған 455,5 млн.теңге 100 пайызға игерілді.

“Жалағаш аудандық құрылыс бөлімі” КММ-сі

29

Республикалық бюджеттен берілген трансферттер есебінен М.Шәменов, Мырзабай ахун елді мекендеріндегі сумен қамтамасыз ету жүйесін қайта жаңғырту жұмыстарын бастау

30

Жаңадария, Аққыр, Темірбек Жүргенов елді мекендерінің ауыз су жүйесін қайта жаңғыртуға жоба-сметалық құжатын әзірлеу

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту және абаттандыру

31

Жалағаш кентінде көп пәтерлі тұрғын үйлерге күрделі жөндеу (модернизация) жұмыстарын жүргізу

Жалағаш кентіндегі Қазыбек би №48 және Қазыбек би №52 көп пәтерлі тұрғын үйлерді күрделі жөндеуден өткізу үшін дайындық жұмыстары жүргізілуде. Аудан бюджетінен 14,0 млн. теңге қаржы бөлініп, «Өңір қызметі» ЖШС-гі арқылы есепті мерзімге 9,6 млн. теңгесі игерілді.

“Жалағаш аудандық ТКШ,ЖК және АЖ бөлімі” КММ

Шағын және орта бизнесті дамыту

32

Аудандағы кәсіпкерлік дамуының басым бағыттарын анықтап, әр сала бойынша талдау жасау

Ауданда жаппай кәсіпкерлікті дамыту мақсатында 2016-2020 жылдарға арналған «Кәсіпкерлікті дамыту картасы» әзірленіп, облыстық ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік және туризм басқармаларымен келісе отырып бекітілді. Осының нәтижесінде кәсіпкерліктің бағыты айқындалды. Кәсіпкерлікті дамыту картасында негізінен ауылдық округтерде жоқ (наубайхана, шаштараз, аяқ киім және тұрмыстық техникаларды жөндеу, жеке балабақша, бақша дақылдарын егу, мал бағу және тұрмыстық қызмет көрсету) кәсіп түрлерін ашу және кооперативтерді құру қарастырылған.

Қазіргі таңда, кент, ауылдық округтердің ұсыныстары негізінде жалпы құны 2 225,9 млн теңгені құрайтын 102 жоба айқындалып, 623 жаңа жұмыс орнын ашу көзделіп отыр. Оның ішінде, 89 жоба ауылдық округтер бойынша жүзеге асырылатын болса, қалған 13 жоба аудан орталығында іске асырылатын болады.

Іске асырылатын жобалардың басым бөлігі, яғни 47 жобасы мал шаруашылы, 28 жобасы қызмет көрсету, 14 жобасы өндіріс орындарын ашуға, 8 жобасы құс шаруашылығы және 5 жобасы егін егу саласына бағытталады.

Межеленген жобалардың 81-і мемлекеттік бағдарламалар арқылы қаржыландырылып, жүзеге асырылатын болса, қалған 21 жоба жеке қаражат есебінен іске асырылады деп жоспарлануда.

“Жалағаш аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі” КММ

33

Аудандық деңгейде шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жұмысын насихаттау. Оларға Үкімет тарыпынан беріліп жатқан жеңілдіктерді түсіндіру мақсатында форум өткізу

Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жұмысын насихаттау және оларған Үкімет тарыпынан беріліп жатқан жеңілдіктерді түсіндіру үшін «Кәсіпкерлер форумын» өткізуге қаржы мәселесі толық шешілген. Ағымдағы жылдың аяғына дейін өткізілу жоспарлануда.

“Жалағаш аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі” КММ

34

Аудан әкімдігі жанындағы кәсіпкерлер кеңесінің жұмысын үйлестіру

Ағымдағы жылы аудан әкімі жанындағы кәсіпкерлер кеңесіне өзрегістер енгізілді. Алдағы уақытта кәсіпкерлер отырысы өткізілетін болады.

“Жалағаш аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі” КММ

35

Ауданда қозғалыссыз тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің мәліметін зерделеп, қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті шаралар атқару

Ауданда қозғалыссыз тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің мәліметін зерделеп, олардың жұмысын жандандыру бағытында тиісті шаралар атқарылуда.

“Жалағаш аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі” КММ

Әлеуметтік жаңғыртуды дамыту

43

Дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысатын тұрғын-дардың үлесін арттыру

Аудан бойынша 2016 жылдың қорытындысы бойынша спортпен шұғылданушылар саны 9606 болып, аудан тұрғындарының 26,1 айызын құрады. 2017 жылы спортпен ұғылданушылар санын 27 пайызға жеткізу жоспарланып отыр.

“Жалағаш аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі” КММ

44

Аудан тұрғындарын бұқаралық спортпен қамту көлемін арттыру бойынша шаралар ұйымдастыру

Бұқаралық спортпен қамту көлемін арттыру мақсатында үстіміздегі жылдың 1-ші жартыжылдығында 50 спорттық шара өткізіліп, 8046 спортшылар қатыстырылды.

“Жалағаш аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі” КММ

45

Облыстық құрылыс басқармасы арқылы Жалағаш ауданы Мәдениет тіректі елді мекенінде салынатын cпорт кешені құрылыс жұмысының сапалы жүргізілуіне бірлесіп жұмыс жасау

Қазіргі таңда облыстық құрылыс басқармасы арқылы мемлекеттік сатып алу процедуралары аяқталып, құрылыс жұмыстары тамыз айында жүргізіледі.

“Жалағаш аудандық құрылыс бөлімі” КММ

46

Мемлекеттік қызметшілерді Казтест жүйесі бойынша “Мемлекеттік тілді жеделдете деңгейлік оқыту” курсынан өткізу

Қазақ, орыс, ағылшын тілдерін оқыту курстары ағымдағы жылдың 26 маусым - 7 шілде аралығында 63 сағаттық оқыту курстары жүргізілді. Курстан өтуге барлығы 36 адам қамтылды.

“Жалағаш аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі” КММ

47

Мемлекеттік қызметшілер мен мемлекеттік қызмет көрсететін ұйым қызметкерлерін қазақ тілін белгілі деңгейде меңгеруі тиіс мамандықтар мен лауазымдардың тізбесіне сәйкес сертификациялық тестілеуден өткізу

Мемлекеттік қызметшілер мен мемлекеттік қызмет көрсететін ұйым қызметкерлерін қазақ тілін белгілі деңгейде меңгеруі тиіс мамандықтар мен лауазымдардың тізбесіне сәйкес сертификациялық тестілеуден өткізу жұмыстары үстіміздегі жылдың 3-4-ші тоқсанға жоспарланған.

“Жалағаш аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі” КММ

48

“Тілдердің үш тұғырлылығы” мәдени жобасын іске асыру мақсатында ағылшын тілі, орыс тілі курстарынан өткізу

Қазақ, орыс, ағылшын тілдерін оқыту курстары ағымдағы жылдың 26 маусым - 7 шілде аралығында 63 сағаттық оқыту курстары жүргізілді. Курстан өтуге барлығы 36 адам қамтылды.

“Жалағаш аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі” КММ

49

Мәдени-демалыс ұйымдары, мектеп-тер және мектептен тыс мекемелер, денсаулық сақтау саласы басқа да ұйымдардың жанынан көркемөнерпаздар ұжымдарын құру

Аудандық, ауылдық мәдениет үйлері мен клубтар жанынан жаңадан 3 үйірме құрылып, жұмыс жүргізуде.

“Жалағаш аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі” КММ

50

Шығармашылық ұжымдардың жұмысын ынталандыру, шығарма-шылық қызметті жоғары деңгейде қамтамасыз ету, әр топтағы дарынды адамдардың одан әрі кәсіби қалыптасуы үшін талантты өнерпаз орындаушыларды қолдау

Бұл бағытта «Өнерлі орда» аудандық мекемеаралық өнер байқауы өткізіліп, жеңімпаздары арнайы дипломмен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Аудан бойынша 17 өнерпаз, 6 би ұжымына облыстық «Бозторғай» балалар шығармашылық байқауынақатыстырылды. Нәтижесінде Қ.Қазантаев атындағы Мәдениет үйі жанындағы «Алтын-Арай» халық ән-би ансамблінің кіші би тобы Бас жүлдені иеленіп, республикалық байқауға жолдама алды. Сонымен қатар аудан өнерпаздары 5 облыстық байқауларға қатысып, 3 жүлделі орынды иеленді.

“Жалағаш аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі” КММ

51

Мәдениет және өнерді дамыту орталығынан дәстүрлі жыр өнерін насихаттау, дамыту мақсатында “Ақын-жырау”, “Жыршы” және “Баян” үйірме-кластарын ашу

Үйірме-кластарын ашу бағытында аудандық бюджеттік комиссияға бюджеттік өтінім ұсынылды. Жыл көлемінде ашылады деп күтілуде.

“Жалағаш аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі” КММ

52

Кітапхана қорындағы кітаптарды цифрлы жүйеге көшіру санын арттыру

2017 жылдың І-ші жартыжылдығында 70 дана кітап сандық форматқа көшірілген.

“Жалағаш аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі” КММ

53

Сандық пішінге (цифровой формат) көшірілген экспонаттар санын арттыру

Музей қорындағы 195 экспонат сандық пішінге көшірілді.

“Жалағаш аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі” КММ

54

Жент қаласы, Қосабалы асар, Үңгірлі асар, Домалақ асарлардың қорғау, құрылыс салуды реттеу және қорғалатын ландшафты аймақтарын белгілеу жұмыстарын жүргізу

Халықаралық ЮНЕСКО тізіміне енгізілген Қосабалы, Үңгірлі, Домалақ асарлардың қорғау, құрылыс салуды реттеу және қорғалатын ландшафты аймақтарын белгілеу үшін облыстық бюджеттен қаржы қаралып, тиісті жұмыстар жүргізілген.

“Жалағаш аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі” КММ

55

Қ.Қазантаев атындағы Мәдениет үйінің шатырына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу

Мәдениет үйі ғимаратының шатырынакүрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде

“Жалағаш аудандық құрылыс бөлімі” КММ

Үйлестіруші: аудан әкімінің орынбасары А.Дәрібаев

56

Аудандық кітапхана ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жоба-сметалық құжаттарын әзірлеу, мемлекеттік сараптамадан өткізу

Кітапхана ғимаратын күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жоба-сметалық құжаттары «Еңбек» шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік комитеті «Еңбек-Қызылорда» филиалы арқылы жүзеге асырылып, мемлекеттік сараптамадан өткізілуде.

“Жалағаш аудандық құрылыс бөлімі” КММ

Үйлестіруші: аудан әкімінің орынбасары А.Дәрібаев

57

М.Шәменов ауылдық мәдениет Үйінің күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін қаржыландыруға ұсыну. Облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасына бюджеттік өтінім әзірлеп, тапсыру.

Облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасына бюджеттік өтінім жолданды.

“Жалағаш аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі” КММ

Үйлестіруші: аудан әкімінің орынбасары А.Дәрібаев

58

Облыстық құрылыс басқармасы арқылы салынатын Мәдениет тіректі елді мекенінде 150 орындық ауылдық клуб құрылыс жұмысының сапалы жүргізілуіне бірлесіп жұмыс жасау

Қазіргі таңда облыстық құрылыс басқармасы арқылы мемлекеттік сатып алу процедуралары аяқталды. Қазіргі таңда тіректі елді мекенде құрылыс жұмыстары басталды.

“Жалағаш аудандық құрылыс бөлімі” КММ

59

Облыстық құрылыс басқармасы арқылы салынатын Жалағаш аудандық ішкі істер бөлімі ғимаратының құрылыс жұмысының сапалы жүргізілуіне бірлесіп жұмыс жасау

Қазіргі таңда облыстық құрылыс басқармасы арқылы мемлекеттік сатып алу процедуралары жүргізілуде.

“Жалағаш аудандық құрылыс бөлімі” КММ

60

Аудандағы кәсіпорындарда қызметкерлердің жаппай жұмыстан босатылуына жол бермеу мақсатында, 2017 жылға қызметкерлердің еңбек шарттары мен құқықтарын сақтау жөніндегі жұмыс берушілермен жасалған меморандумдардың орындалуына бақылауды қамтамасыз ету

Әлеуметтік шиеленістің алдын-алу, еңбек қатынастарында дауларды болдырмау мақсатында (қызметкерлердің еңбек құқықтары мен кепілдіктерін қамтамасыз ету мәселелері жөнінде) 2016 жылы 133 шаруашылықтар мен ұйымдар арасындамеморандум жасалған.

Аудан көлемінде орналасқан мекемелер мен кәсіпорындардан жалақыға қарызын анықтау үшін аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі арқылы ай сайын есебі алынып, мониторинг жүргізіліп отыр.

“Жалағаш аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарла-малар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі” КММ

61

Мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп еңбек заңдылықтарының бұзылу фактілеріне, әсіресе ауданның кәсіпорындары мен ұйымдарында жалақының уақытылы төленбеу жағдайына тездетіп әрекет ету

2017 жылдың 1-ші жартыжылдығында меморандумға отырған шаруашылықтар мен ұйымдарда жұмысшыларды қысқарту орын алған жоқ.

Жалағаш ауданы бойынша жұмыс берушілердің есепті мерзімге жұмысшы,қызметкерлерге еңбек ақыдан қарызы жоқ.

“Жалағаш аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарла-малар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі” КММ

62

2017 жылы аудандағы отбасы құрамында еңбекке жарамды адамы бар, жұмыспен қамтуға көмек көрсету шараларына міндетті түрде қатысушартымен, аз қамтылған отбасыларына ақшалай көмек беру жүйесін енгізу

2017 жылға «Өрлеу» шартты ақшалай көмекке жергілікті бюджеттен 2,0 млн.теңге, республикалық бюджеттен 4,8 млн.теңге қаржы қаралған. Есепті кезеңге «Өрлеу» жобасына 16 отбасы (107 мүшесі) тартылды, олардың 15-і тұрақты жұмысқа, 3-уі қоғамдық жұмысқа орналастырылды. Республикалық бюджеттен 2459,5 мың теңге тағайындалып, 1700,0 мың теңге төленді. Жергілікті бюджеттен 730,0 мың теңге тағайындалып, 600,0 мың теңге төленді.

“Жалағаш аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарла-малар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі” КММ

63

Халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарына әлеуметтік дүкен ашу арқылы әлеуметтік көмек көрсету

Үстіміздегі жылы «Азиза» азық-түлік әлеуметтік сауда дүкені арқылы төмен бағамен азық-түлік өнімдері сатылуда.

“Жалағаш аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарла-малар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі” КММ

65

“2016-2017 жылдарға арналған аудандағы мүгедектер өмірінің сапасын жақсарту және құқығын қамтамасыз ету бойынша Жол картасының” жүзеге асырылуын қамтамасыз ету, әсіресе жеке сауықтыру бағдарламаларын 100 пайызға орындау

Мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2016 - 2017 жылдарға арналған Жол картасына сәйкес аудан бойынша жұмыстар атқарылуда. Атап айтқанда, «Инватакси» аудан бойынша 23 мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қызмет көрсетуде. Мүгедектердің қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін ауданда 66 объектіге пандустар стандартқа сәйкес орнатылды.

Аудан бойынша 102 мүмкіндігі шектеулі азаматтарға, оның ішінде 18 жасқа дейінгі 71 балаға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетілуде.

Мемлекеттік қолдау шараларын пайдалана отырып мүгедектерді өнімді жұмыспен қамтуға тарту мақсатында 2017 жылдың 1 шілдесіне 13 мүгедек жұмыс іздеуші ретінде жұмыспен қамту орталығына тіркеліп, 5-і тұрақты жұмысқа, 8-і ақылы қоғамдық жұмысқа орналастырылды. 1-уі кәсіптік оқуға жіберілді.

“Жалағаш аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарла-малар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі” КММ

66

Жұмыссыздық деңгейін 5,1 пайызға дейін төмендетуге шаралар қабылдау

2017 жылдың 1 сәуіріне экономикалық белсенді халық саны 17585, жұмыспен қамтылғаны 16674, жалдамалы қызметкерлер 8480, өз бетінше жұмыспен қамтылғандар саны 8194, жұмыссыздар 911 адам. Жұмыссыздық деңгейі 5,2 пайыз.

“Жалағаш аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарла-малар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі” КММ

67

2017 жылы экономика салаларында 680 жаңажұмыс орнын ашу

2017 жылы 680 жаңа жұмысорындары ашу жоспарланған, есепті мерзімге 416 жаңа жұмыс орындары ашылды немесе 62,2 пайыз (оның 374-і тұрақты). Оның ішінде: ауылшаруашылық саласы-184, құрылыс-4, көтерме және бөлшек сауда, авто ж/е мотоцикл жөндеу-86, білім беру-13, экономикалық қызметтің басқа салаларына-87 және уақытша және маусымдық орындарына-42.

“Жалағаш аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарла-малар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі” КММ

68

Қазақстан Республикасының “Халықты жұмыспен қамту туралы” Заңымен белгіленген жалпы жұмыс орындарының 2-4 пайыз шеңберінде мүгедектер үшін жұмыс орындарына квотаның орындалуы

2017 жылдың 1 шілдесіне 13 мүгедек жұмыссыз ретінде тіркеліп, 5-уі жұмысқа орналастырылды, 8-уі қоғамдық жұмысқа жіберілді.

“Жалағаш аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарла-малар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі” КММ

Аймақтық даму

69

Кент, ауылдық елді мекендердегі абаттандыру мен көгалдандыру жұмыстарын ұйымдастыру

Кент, ауылдық елді мекендердегі абаттандыру мен көгалдандыру жұмыстарының қаржысы үстіміздегі жылдың 3-ші тоқсанына жоспарланған.

Кент, ауылдық округ әкімдері

70

Аудан аумағында салынатын құрылыс нысандарына жер телімдерін (меншік түріне қарамастан) аудандық мәслихаттың шешімімен бекітілген бас жоспар мен даму сызбаларына сәйкес берілуін қадағалау

Жалағаш кентінде бас жоспар бойынша жалпы аумағы - 451,0 га, 5 жаңа қоныстану аймақтары анықталған болатын.

(Олар: Дауімбай уч.-60,0 га; Ақтерек уч-170,0 га; Қисық арық уч-110,0 га және Ақсу автожолы бойы-68,0 га; Береке ауданы-43 га)

Оның ішінде «Дәуімбай» учаскесінде 60 га жаңа қоныстану аймағына түбегейлі жоспарлау жобасы әзірленіп, инженерлік инфрақұрылымдар орналастырылып, тұрғын үй салу үшін кезекте тұрған азаматтарға 315 жер телімі табысталды.

2016 жылы аудандық бюджеттен тиісті қаржы бөлініп, кенттің «Береке» ауданы 43 га учаскесіне егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы «Казгипроград 1» ЖШС мекемесі арқылы әзірленді.

Сонымен қатар, «Береке» ауданына инженерлік-инфрақұрылым жүргізіліп, 185 жер учаскелері дайын болды.

Аталған учаскеге 125 тұрғын үй салу үшін кезектілікте тұрған азаматтарға жер беру жұмыстары жүргізілуде.

“Жалағаш аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі” КММ

71

Ауданның елді мекендерінің сәулеттік келбетін жақсарту мәселесін назарға ала отырып, кенттің бас жоспары мен елді мекендердің даму сызбаларына сәйкес құрылыс жұмыстарын жүргізуді қадағалау

Ауданның елді мекендерінің сәулеттік келбетін жақсарту мәселесін назарға ала отырып, кенттің бас жоспары мен елді мекендердің даму сызбаларына сәйкес үстімізлегі жылдың 1-ші жартыжылдығында 34 тұрғын үйдің құрылысы аяқталды, былтырғы жылмен салыстырғанда 6,0 пайызға артты.

“Жалағаш аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі” КММ

72

Аудан орталығы, кенттің бас жоспары мен ауылдық елді мекендердің даму сызбаларына сәйкес, елді мекендердің шекарасын белгілеу мен енгізілетін өзгертулерді ұйымдастыру

Елді-мекендердің шекараларын (шегін) өзгерту мен белгілеу жұмыстары кенттің бас жоспары мен елді мекендердің даму сызбаларына сәйкес өз деңгейінде жүргізілді. Жалағаш аудандық мәслихатының шешімен 2016 жылы Жалағаш кенті және 6 елді мекенніңшекаралары бекітілді. 2017 жылдың наурыз айында 3 елді мекендердің шекара жобасы дайындалып, Жалағаш аудандық мәслихатының шешімімен бекітілді.

“Жалағаш аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі” КММ

73

“Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін айқындау туралы” Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы №183 қаулысының аясындағы жұмыстарды жалғастыру

«Дипломмен ауылға» жобасы аясында ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұру үшін келген мамандарға әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі шараларды іске асыру (көтерме жәрдем ақы) және тұрғын үй сатып алуға немесе салуға 2017 жылы аудан бюджетінен көтерме жәрдемақыға 30 444,0 мың теңге қаржы бөлініп, есепті кезеңге 38 маманға 120,0 млн.теңге көлемінде несие, 23 маманға 3 653,0 мың теңгекөтерме жәрдемақы берілді.

“Жалағаш аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі” КММ

Жергілікті мемлекеттік басқаруды дамыту және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету

74

Тұрғындардың компьютерлік сауаттылық деңгейін 77,0 пайызға дейін жоғарылату

Аудан тұрғындарының компьютерлік сауаттылық деңгейін жоғарлату мақсатында оқу курстары өткізілуде.

“Жалағаш аудандық білім бөлімі” КММ

75

Мүгедектердің қоғамдық ұйымда-рымен құрылған, тауарлар өндіретін немесе сататын, қызмет көрсету жұмыстарын атқаратын мүгедектердің қоғамдық ұйымдары мен бірлестіктерін қолдау үшін мемлекеттік сатып алу заңдылықтарын сақтаудың мониторингісін қамтамасыз ету

«ҰШҚЫН» Қызылорда мүгедектерінің оқу-өндірістік кәсіпорны» ЖШС-нің 2017 жылдың 7 қаңтардағы хатына сәйкес барлық бюджеттік бағдарлама әкімшілеріне мемлекеттік сатып алуға байланысты семинарлар мен дөңгелек үстел өткізілді.

“Жалағаш аудандық қаржы бөлімі” КММ

76

Мемлекеттік қызметкерлердің, оның ішінде ауылдық округ әкімдерінің аппараты қызметкерлерінің білікті-лігін көтеруді жалғастыру

Аудан бойынша үстіміздегі жылдың 1-ші жартыжылдығында 19 мемлекеттік қызметкер біліктілігін көтеру және қайта даярлау курстарынан өтті.

Жалағаш ауданы әкімдігінің “Жалағаш ауданы әкімінің аппараты” КММ

77

Жасөспірімдер қылмыстығының алдын алу және ескерту бойынша кешенді шараларды іске асыру

2017 жылдың 6 айында аудан көлемінде орналасқан орта оқу орындарында басқа да құқық қорғау органдарымен бірлесе отырып алкоголизмнің, есірткі құарлықтың, уытқұмарлықтың зияны, ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершіліктері, жасөспірімдердің заң алдындағы жауапкершілігі т.б. «Жасөспірім Заң қауіпсіздік», «Түнгі Жалағаш», «Жасөспірімдерді жыныстық зорлы-зомбылықтан қорғау және жыныстық қол сұғылмаушылықтан алдын алу», «Балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыптарда 24 рет әңгіме лекциялар, дөңгелек үстелдер, сұхбаттар, кездесулер өткізіліп, мектеп оқушылары арасында сауалнамалар жүргізілді.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қызылорда облысының ішкі істер департаменті “Жалағаш ауданының ішкі істер бөлімі” ММ (келісім бойынша)

78

Қоғамдық тәртіп бұзушылықтың кез-келген түрлеріне “мүлдем төзбеушілікті” насихаттау

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің құқық бұзушылыққа «Мүлдем төзбеушілік», «Қоғамдық орынды ластаушы», «Тұрмыс», «Құқық тәртібі», «Тәртіпсіздік пен құқық бұзушылықтарғы мүлдем төзбеушілік» қағидатын жүзеге асыру, отбасы тұрмыс саласында, жасөспірімдер қылмысының алдын алу бағытында профилактикалық жұмыстарға аудан көлемінде 6-рет кездесу бірнеше мәрте акция жүргізілді

Жыл басынан бері аудандық "Жалағаш жаршысы" газетіне 25 мақала жарияланды

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қызылорда облысының ішкі істер департаменті “Жалағаш ауданының ішкі істер бөлімі” ММ (келісім бойынша), “Жалағаш аудандық ішкі

саясат бөлімі” КММ

Қоғамдық-саяси тұрақтылық

79

Қазақстан Республикасы Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, “Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамаларын қолдану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары және тексеру парағын бекiту туралы”, “Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы” Қазақстан Республикасы Заңын, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Туының бейнесін, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының бейнесін және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Гимінің мәтінін пайдалану (орнату, орналастыру) қағидаларын және Елбасы Жолдауын басшылыққа ала отырып жұмыс жасау

Барлық атқарылатын шаралар туралы бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануда Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында жүзеге асырылатын әлеуметтік жобалар Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы Жолдауларынан туындаған мемлекеттік саясатты жүргізуге бағытталған.

“Жалағаш аудандық ішкі саясат бөлімі” КММ

80

Жастардың арасындағы жұмыссыздықты азайту мақсатында жастарды “Нұрлы Жол” жаңа экономикалық саясатын жүзеге асыруға барынша жұмылдыру

Аудан бойынша жастар саны 8865 оның ішінде кенттен 3923, ауыл округтерінен 4942 жастарды құрайды.

Жалағаш ауданы бойынша жалпы жұмыссыздық деңгейі 5,3 пайыз, оның ішінде жастар арасында жұмыссыздық деңгейі 15-24 жас аралығы 6,2 пайыз, 15-28 жас аралығы 4,5 пайызды құрайды.

2017 жылдан бастап «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» жүзеге асырылуда.

Бағдарлама аясында 15-24 жас аралығындағы жастар колледждерде тегін кәсіби техникалық білім ала алатын болады. ҰБТ тапсыра алмаған түлектер, оқу орнына түсе алмаған азаматтар, тұрмысы төмен отбасынан шыққан балаларды оқыту көзделген. Оқу мерзімі - 2,5 жыл.

Бағдарламаға қатысушыларға бір реттік ыстық тамақпен, стипендиямен, жол жүру ақысымен қамтамасыз етіледі.

Сонымен қатар, бағдарлама шеңберінде 25-44 жас аралығындағы қайта даярлауға мұқтаж азаматтар қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға жіберілетін болады.

Қысқа мерзімді кәсіптік оқуға республикалық бюджеттен 80 адамға 26,4 млн. теңге қаржы қаралған. Қазіргі таңда үміткерлердің тізімдері қалыптастырылуда. Бағдарламаға қатысушыларға оқуына ақы төлеу бойынша мемлекеттік қолдаумен, стипендиямен, жол жүру ақысымен және басқа қаладан келген қатысушылар үшін тұрғын үйді жалдау бойынша шығыстарды өтеумен қамтамасыз етіледі.

Аталған бағдарламаның үшінші бағыты бойынша республикалық бюджеттен 80 адамға 27 216,0 мың теңге қаржы бөлінген. Есепті мерзімге 29 мекемеге 58 оқу орнының түлектері жастар тәжірибесіне жолданды.

“Жалағаш аудандық ішкі саясат бөлімі” КММ

81

Үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл және әріптестікті нығайту, әлеуметтік жобаларын қаржыландыру

Жалағаш ауданы бойынша бүгінгі таңда әділет органдарында тіркелген 23үкіметтік емес ұйым бар. Олардың 11-іқоғамдық қор болса, қалған 12-уіқоғамдық бірлестіктер. Оның ішінде 2-уі жастар ұйымдары.

2017 жылы аудандық ішкі саясат бөлімі арқылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде жергілікті бюджеттен 7 500,0 мың теңге қаржы бөлініп, қазіргі таңда 6 әлеуметтік қызмет жүзеге асырылуда.

«ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандырылған Көрмесіне мүмкіндігішектеулі азаматтар мен зейнеткерлерді апару қызметін ұйымдастыруға 7 985,0 мың теңгеге қаржы қаралып 2017 жылдың маусым-қыркүйек айлары аралығында 140 ардагерлерді Астана «ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған Көрмесіне саяхат жасауға «Самұрық» Инновациялық иделяарды дамыту орталығы» қоғамдық қорымен келісім шарт жасалынып 23-28 маусым аралығында 52 ардагер саяхат жасап келді.

“Жалағаш аудандық ішкі саясат бөлімі” КММ

82

“Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік” атты мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың 2017 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауын насихаттау мен түсіндіру жұмыстарын жүргізу

Қазақстан Республикасының ПрезидентіН.Ә. Назарбаевтың 2017 жылғықаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауын Жалағаш ауданы тұрғындары арасында түсіндіру мен жүзеге асыру мақсатында 2017 жылғы 15 ақпанда №66 өкімімен аудандық ақпараттық-насихаттық топтар құрылып,Жалағаш кенті мен ауылдық округтерде насихаттау жұмыстары жүргізіліп келеді.

Жалағаш ауданы бойынша осы уақытқа дейін республикалық, облыстық және аудандық ақпараттық топ өкілдерінің қатысуымен 71 шара ұйымдастырылып, оған 4600 адам қамтылды. Сонымен қатар «Жалағаш жаршысы» газетінде 28 мақала жарияланды.

“Жалағаш аудандық ішкі саясат бөлімі” КММ

83

Ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету, ұлтаралық және конфессияаралық келісімді нығайту

Ауданда ұлтаралық, конфессияаралық қатынастарды нығайту бағытындағы жұмыстарға 1 000,0 мың теңгеге «Жалағаш достық мекені» қоғамдық бірлестігімен келісім шарт жасалынған.

Жалағаш достық мекені» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен 2017 жылдың 1 наурызы күні №123 мектеп-лицейде елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған - Алғыс айту күніне орай «Алғыс айту-парыз!» атты кездесу өтті. Кездесуге аудандық Қоғамдық келісім кеңес төрағалары, ҮЕҰ өкілдері, түрлі этнос өкілдері және БАҚ өкілдері қатысты.

Ұлыстың ұлы күні 22 наурызда Жалағаш ауданының орталық алаңында этносаралық келісім мен этносаралық қатынастарды нығайту мақсатында түрлі этнос өкілдеріне арнап «Жалағаш достық мекені» қоғамдық бірлестігі «Достық үйі» атты киіз үйін құрды. Кент орталығындағы №31 орта мектебінде 1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күніне орай "Мен - Қазақстандықпын" атты мерекелік шара өтті. Оған аудандағы өзге этнос өкілдерінің балалары мен ата-аналары қатысты.

“Жалағаш аудандық ішкі саясат бөлімі” КММ

84

Ауданда тиімді жастар саясатын жүзеге асыру, жастар қозғалысын дамыту үшін қажетті жағдайлар жасау

Жалағаш ауданы бойынша 14 пен 29 жас аралығында 8865 жас тіркелген. Бұл көрсеткіш халық санының 24,7 пайызын құрайды. Оның ішінде кент жастары - 3923, ауыл жастары - 4942 (Ерлер саны - 4564, қыздар саны – 4341).

Жалағаш аудандық жастар ресурстық орталығының І жартыжылдығында жүргізген жастар санағы қорытындысымен жұмыссыз және NEET санатындағы 496 жасанықталды. Олардың жұмыссыз екенін анықтау мақсатында жүргізілген адрестік жұмыстар нәтижесінде көпшілігі оқу орнын бітіріп, жұмыс таппай жүрген, жоғары немесе орта арнаулы білімі жоқ жастар мен бала күтіміндегі аналар, сондай-ақ денсаулығына байланысты жарамсыздар мен жұмыстан өз еркімен босаған жастардан құралып отыр.

2017 жылы аудандық бюджеттен 11,5 млн.теңге қаржы қаралып, аудандық ішкі саясат бөлімі жанынан 7 штаттық бірліктен тұратын «Жалағаш аудандық жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі құрылды. Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру мақсатында құрылған жастар ресурстық орталығына қажетті құрал-жабдықтар және ғимаратпен қамтамасыз етілді.

2017 жылы жергілікті бюджет есебінен жастар саясаты саласында іс-шараларды іске асыру бағытында 2 млн 290 мың теңге қаржы бөлініп, Жалағаш ауданы жастарының «Темірқазық» қоғамдық бірлестігі арқылы іс-шаралар жүзеге асырылуда.

Аудан бойынша жұмыссыз жастарды кәсіпкерлікпен шұғылдануға тарту және жас кәсіпкерлер базасын қалыптастыру жұмыстары нәтижесінде 168 жас кәсіпкер анықталды. Жастар ресурстық орталығы аудандық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп дөңгелек үстелдер мен семинарлар өткізу арқылы жастарды кәсіпкерлікке баулу және олардың сауаттылығын арттыру жұмыстарын белсенді жүргізуде. Семинарларға Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының «Бизнес тренерлері» шақыртылып, мемлекеттік бағдарламалар бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, қатысушыларға арнайы кәсіпкерліктің негізгі курсынан өткендігі жөнінде сертификаттар табысталды.

Жастардың бос уақыты мен демалысы үшін жағдайлар жасау, шығармашыл жастарды қолдау мақсатында конкурстар, ойындар, дарынды жастар арасында турнирлер өткізу бойынша Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен 2017 жылдың 6 айында 39 - кездесу, 6 - мерекелік шара, 6 - акция, 4 - әртүрлі бағыттағы шара, 6 - қоғамдық түнгі рейд, 6 - кеңес беру, 3 - оқу-семинарлар өткізілді.

“Жалағаш аудандық ішкі саясат бөлімі” КММ

85

Жалағаш ауданы бойынша діни бірлестіктермен жұмыс жасау

Жалағаш ауданы бойынша діни ахуал тұрақты. Діни ахуал тұрақтылығын сақтау мақсатында аудан әкімі жанындағы діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңес, Дін саласындағы мемлекеттік саясатты түсіндіру, тұрақтылықты нығайту және діни экстремизмнің алдын алу үшін құрылған Жалағаш аудандық ақпараттық түсіндірме тобы, Жалағаш ауданының әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссия, ҚМДБ қарасты аудан көлемінде барлығы 12 мешіт жұмыс жасайды. Олардың барлығы да әділет органдарында тіркелген.

Жыл басынан бастап аудандық ақпараттық түсіндірме тобының мүшелерімен 6 дөңгелек үстел, 5 акция, 35 кездесу өткізіліп, барлығы 3140 адам жоспарлануда.

Дін мәселелерін зерттеу орталығының теологтарының қатысуымен аудандық АТТ мүшелері дәстүрлі емес діни ағымды ұстанушыларға 11 мәрте адрестік профилактикалық жұмыстар жүргізілді.

2017 жылдың мамыр айында кент әкімінің қолдауымен аудандық "Иманқұл" мешітіне 4 бейнебақылау камерасы орнатылып, мешіт ішіндегі жағдай күнделікті бақылауға алынды.

“Жалағаш аудандық ішкі саясат бөлімі” КММ

86

Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру мен іске асыруды қамтамасыз ету

Жалағаш ауданы бойынша бұқаралық ақпарат құралдарының саны біреу, ол аудандық “Жалағаш жаршысы” газеті. Басылым мемлекеттік тілде аптасына 2 рет шығарылады, 2 бетіне мемлекеттік тапсырыс орналастырылуда. 2 беттің көлемі 3700 см2. Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізуге әлеуметтік қызмет бойынша жергілікті бюджеттен қаржы қаралмаған. 2016 жылдан бастап бұл мақсатқа облыстық бюджеттен қаржы бөлінуде.

Сонымен қатар телерадиохабарлар арқылы мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу әлеуметтік қызмет бойынша жергілікті бюджеттен 5,7 млн.теңге қаржы бөлініп, Қазақстан Қызылорда телеарнасымен келісім шарт жасалынып жұмыстар жүргізілуде.

“Жалағаш аудандық ішкі саясат бөлімі” КММ

87

Әлеуметтік тапсырыс арқылы мемлекеттік саясатты жүргізу

Барлық атқарылатын шаралар туралы мәлімет бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануда. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында жүзеге асырылатын әлеуметтік жобалар Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы Жолдауларынан туындаған мемлекеттік саясатты жүргізуге бағытталған.

“Жалағаш аудандық ішкі саясат бөлімі” КММ

Жалағаш ауданы әкімінің 2017 жылға арналған іс-қимыл жоспарын жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 2017 жылдың 1 тоқсанында орындалуы

Іс-шараның атауы

Іс-шараның

орындалуы

Жауапты

орындаушылар

Аудан өнеркәсібін әртараптандыру

1

Ауданда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік, азық-түлік емес, дәрі дәрмектер, жанар-жағар май және сұйытылған газдың бағаларына мониторинг жүргізу

Ауданда әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағаларын тұрақтандыру үшін шаралар әзірлеу жөніндегі аудандық жұмыс тобы құрылып, тауарларды алыпсатарлықпен өсуіне жол берілмеуіне бақылау жүргізілуде.

Сонымен қатар, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының 33 түріне, азық-түлік емес тауарлардың 21 түріне және дәрі-дәрмектің 106 түріне, жанар-жағар май, дизель отынының бағаларына күнделікті мониторинг жүргізілуде.

Қазіргі таңда жасалған мониторинг бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын 2016 жылдың желтоқсан айының бағаларымен салыстырғанда -7 түрлі өнімнің бағасы көтерілгендігі, 12 түрлі өнімдердің бағасы төмендегені және 14 түрлі өнім бойынша бағалар бір қалыпты деңгейде.

Аудан бойынша белгіленген 106 түрлі дәрі-дәрмектің 69 түрі шекті бағадан төмен, ал 32 түрі шекті бағада, қалған 5 түрі дәріханада жоқ.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік емес тауарлардың бағалары тұрақты. Мониторинг жүргізу барысында азық-түлік тауарлар бағаларының негізсіз өсуі байқалмайды.

“Жалағаш аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі” КММ

2

Кәсіпкерлік саласын ынталандыруға байланысты өткізілетін облыстық деңгейдегі конкурс-көрмелерге аудан кәсіпкерлерінің жоғары деңгейде қатысуын және қажетті мәліметтердің әзірленуін қамтамасыз ету

Кәсіпкерлік саласын ынталандыруға байланысты өткізілетін облыстық деңгейдегі конкурс-көрмелерге аудан кәсіпкерлері белсенді қатысуда.

“Жалағаш аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі” КММ

3

Отандық тауар өндірушілерді қолдау және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағаларын тұрақтандыру мақсатында аудан орталығында Қазақстан өнімдерін сату жәрмеңкесін ұйымдастыру

Үстіміздегі жылдың наурыз айының 20 күні бағаны тұрақтандыру мақсатында кент орталығында ауыл шаруашылық жәрмеңкесі ұйымдастырылып, аудан тұрғындарына төмен бағада ауыл шаруашылық өнімдері сатылды. Жәрмеңкеде 25 көлікте 57 тонна өнім сатылып, жалпы құны 5,3 млн.теңгені құрады.

“Жалағаш аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі” КММ

4

Өңдеу өнеркәсібін дамыту мақсатында өнім өндіруші кәсіпорындарын ашу және заманауи әдістерді пайдалана отырып, әлсіреп бара жатқан кәсіпорындардың жұмысын жандандыру

Өңдеу өнеркәсібін дамыту мақсатында ағымдағы жылдың аяғына дейін төмендегі кәсіпорындарды іске асыру жоспарлануда.

· Жеке кәсіпкер А.Боранқұловтың ағаш өндіру цехы;

· Жеке кәсіпкер Н.Ералиевтың балықты алқашқы өндіру цехы;

· «Таң-LTD» ЖШС-нің күріш ақтау цехы;

· «Баба» ШҚ-ның асыл тұқымды ешкілерді көбейту, етін өндіру және сүтін өңдеу фермасы;

· Жеке кәсіпкер Әжібековтың құрама жем өндіретін шағын зауыты;

· Жеке кәсіпкер К.Туралиеваның макарон өнімдерін өндіру цехы;

Жеке кәсіпкер А.Бекжановтың құрама жем өндіру цехы;

“Жалағаш аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі” КММ

5

Аудан бойынша шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің “Бизнестің жол картасы 2020”, “Даму Өндіріс” және “Микробизнес Қызылорда” бағдарламалары аясында жеңілдікпен берілетін несиелермен қамтамасыз ету

Шағын және оның ішінде микробизнесті қолдауға бағытталған аудан бойынша біршама жұмыстар атқарылуда.

«Бизнестің жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында ағымдағы жылы жалпы құны 130,0 млн. теңге құрайтын екі жоба қаржыландырылды:

1) «Таң ЛТД» ЖШС-нің күріш егу және ақтау жобасы;

2) Жеке кәсіпкер Қ.Дүйсебаевтың мейрамхана сатып алу жобасы.

Қазіргі таңда, аудандық кәсіпкерлер палатасы «Микробизнес Қызылорда» бағдарламасы арқылы жалпы құны 134,3 млн. теңгені құрайтын 26 жобаға несие алу үшін аудан тұрғындарынан өтініш түсіп отыр.

“Жалағаш аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі” КММ

6

Аудан бойынша өңдеу өнеркәсібі саласы бойынша жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың өндірген өнімдері туралы есептілікті уақытылы аудандық статистика басқармасына тапсыруға ықпал жасау

Өңдеу өнеркәсібі саласы бойынша жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың өндірген өнімдері туралы есептілік ай сайын уақытылы аудандық статистика басқармасына тапсырылып отыр.

“Жалағаш аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі” КММ

7

“Серпін” индустриялды аймаққа кәсіпкерлік субъектілерінің жобаларын орналастыру

Серпін» индустриялды аймағында қазіргі таңда жалпы құны 139,6 млн.теңгеніқұрайтын 4 жоба 1,65 га жерге орналастырылды.

1. Жеке кәсіпкер Д.Жарасбаевтың мал сою цехы.

2. «К.Қанатбаева» ШҚ-ның мал бордақылау, сою және жіліктеп бумалау цехы.

3. «Өркен-Әлем» ЖШС-нің тігін шеберханасы.

4. «К.Қанатбаева» ЖШС-нің мал базары.

Сонымен қатар, аталған аймақтың 2,2 гажерінде жалпы құны 30,0 млн теңгеніқұрайтын екі жобаның құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Бұл жобалар 2017 жылдың аяғына дейін толық іске қосылады.

1. «Баба» ШҚ-ның асыл тұқымды ешкілерді көбейту, етін өндіру және сүтін өңдеу фермасы;

2. жеке кәсіпкер М.Қанибаевтың 3000 басқа арналған жұмыртқа бағытындағы шағын құс фермасы.

Сонымен қатар, қазіргі таңда, Индустриялық аймақтың 0,5 га жеріне «Ай-Скан» ЖШС-ніңкүріш ақтау цехын орналастыру үшін құжаттары дайындалуда.

“Жалағаш аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі” КММ

8

“Қазақстан Республикасының индустриялық - инновациялық даму жөніндегі” мемлекеттік бағдарламасы аясында өңірлік Индустрияландыру картасына енгізілген жобалардың толыққанды жұмыс жасауын қамтамасыз ету

«БИС-Групп» ЖШС-нің «Қызыл миятамырын өңдеу» зауыты «Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық даму жөніндегі» мемлекеттік бағдарлама аясында өңірлік Индустрияландыру картасына енгізілген. Қазіргі таңда зауытта жергілікті тұрғындар есебінен 50 адам жұмыс жасайды.

Ағымдағы жылдың қаңтар айында Қытай мемлекетіне алғашқы 20,0 тонна өнім экспортталды. Қазіргі таңда екінші топтама 20,0 тонна өнім экспорттау үшін жұмыстар жүргізілуде.

“Жалағаш аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі” КММ

Агроөнеркәсіп кешенін дамыту, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қоршаған ортаны қорғау

10

Жаңадария ауылдық округінде бақша дақылын үлбір асты және көкөніс дақылын егуді ұйымдастыру

«Жаңадария» ауылдық округіндегі «Магро» фермер қожалығы 2017 жылы 100 гектар жерге қауын дақылын егуді межелеуде. Оның 50 гектары үлбір асты (под пленкой), Жиенбай, Валет, Колхозница сорттарын егуді жоспарлауда.

“Жалағаш аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі” КММ

11

Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі “Агробизнес-2017” бағдарламасын (“Сыбаға”, “Құлан”, “Алтын асық”) орындау мақсатында ауданда асыл тұқымды мал басының үлесін арттыру

Облыстан “Сыбаға”,“Құлан”, “Алтын асық” бағдарламалары аясында 2017 жылы сатып алынатын мал санының жоспары белгіленіп, жұмыстар жүргізілуде («Сыбаға» бойынша 262 бас аналық сиыр, 9 асыл тұқымды бұқа, «Құлан» - 63 бас бие, 5 айғыр, «Алтын асық» - 125 бас аналық қой, 5 бас асыл тұқымды қошқар) Есепті кезеңге “Сыбаға” бағдарламасымен “Фарида” ШҚ-ы “Ауыл кредиттік серіктестігі ” ЖШС-нан 7,5 млн теңге несие алып 2 бас асыл тұқымды бұқа мен 60 бас аналық , “Құлан” бағдарламасымен “Төлеген” ЖК 20 бас бие мен 2 бас асыл айғыр сатып алынды.

“Жалағаш аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі” КММ

12

Ауданда асыл тұқымды ет бағытындағы ірі қара малын сатып алу жұмыстарын үйлестіре отырып, асыл тұқымды шаруашылық ашу бағытында жұмыстарды ұйымдастыру

«Бақдаулет-57» ФҚ 2014 жылы 58 бас асыл тұқымды ет бағытындағы қазақтың ақбас сиырын сатып алып, бүгінгі күнге осы малдардың санын 115 басқа жеткізді. Алдағы уақытта асыл тұқымды шаруашылық ашуға жұмыстар жүргізуде.

“Жалағаш аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі” КММ

13

Жоспар бойынша ет бағытындағы қой, жылқы өсірумен айналысуға ниетті шаруашылықтарды нақтылай отырып, жұмыстарды ұйымдастыру

Ауданда «Туған жер» ШҚ, «Бақдаулет-57» ФҚ-тарында ет бағытындағы қазақтың ірі қылшық жүнді құйрықты қойы өсірілуде. «Құлан» бағдарламасымен жұмыс жасап жатқан «Жарасбаев ДК» , «Қанатбаева» ШҚ-ы асыл тұқымды айғыр алып жылқы малын асылдандыру бағытында жұмыстар жүргізуде.

“Жалағаш аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі” КММ

14

Көктемгі егіске су шаруашылығы нысандарының дайындығын ұйымдастыру

Көктемгі егіске су шаруашылығы нысандарының дайындығын ұйымдастыру үшін іс-шара жасалды. Қазіргі таңда каналдарды тазалау жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

“Жалағаш аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі” КММ

15

Эпизотияға және энзоотияға қарсы іс-шаралар жүргізуді ұйымдастыру

2017 жылы эпизотияға қарсы іс-шараларды жүргізуге 46641,0 мың теңге қаржы қаралды. Есепті кезеңге 13992,3 мың теңгесі игеріліп, аурудың алдын алу мақсатында алдын ала егу жұмыстары жүргізілді.

Энзоотияға қарсы іс-шараларды жүргізуге 5177,0 мың теңге қаржы қаралды. Іс-шара жоспарына сәйкес жұмыстар сәуір айында жүргізіледі.

“Жалағаш аудандық ветеринария бөлімі” КММ

16

Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды ұйымдастыруды қамтамасыз ету

Қаңғыбас ит, мысықтарды аулап жоюға 2017 жылға 2,0 млн.теңге қаржы қаралды. Есепті кезеңге 400,0 мың теңгесі игеріліп, 313 бас ит пен мысық жойылды.

“Жалағаш аудандық ветеринария бөлімі” КММ

17

Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екіншісіне ауыстыру жөнінде ұсыныстар дайындау

Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екіншісіне ауыстыру жөнінде үстіміздегі жылдың 1-ші тоқсанында жеке және заңды тұлғалардан өтініш түспеген.

“Жалағаш аудандық жер қатынастары бөлімі” КММ

19

Ауыл шаруашылығы жерлерін тиімді пайдалану мақсатында жер учаскелерін сауда-саттық арқылы жалға беру

Үстіміздегі жылдың 1-ші тоқсанында жалпы көлемі сауда-саттық, яғни аукцион арқылы жеке және заңды тұлғаларға 1114 гектарды құрайтын 3 жер учаскелері табысталып, ауыл шаруашылығы айналымына енгізілді, жалпы жер учаскелері бойынша сатылған 877,9 мың теңге қаржы жергілікті бюджетке түсірілді.

“Жалағаш аудандық жер қатынастары бөлімі” КММ

Көлік инфрақұрылымы

21

Кенттегі Төле би көшесін күрделі жөндеуден өткізу (3,3 шқ)

Үстіміздегі жылы облыстық бюджеттен қаралған 157,0 млн. теңге Төле би көшесін күрделі жөндеу жұмыстары наурыз айында басталды. Келісім шарт бойынша 1 тамызға дейін аяқтау жоспарланған. Мердігер: «Қызылорда жолдары» ЖШС-і.

“Жалағаш аудандық ТКШ,ЖК және АЖ бөлімі” КММ

22

Кенттегі А.Ізтілеуова көшесін орташа жөндеуден өткізу (2,06 шқ)

Үстіміздегі жылы облыстық бюджеттен қаралған 72,0 млн. теңге А.Ізтілеуова көшесін орташа жөндеу жұмыстары ү.ж. сәуір айында басталады. Келісім шарт бойынша 1 тамызға дейін аяқтау жоспарланған. Мердігер: «Сыр жолдары» ЖШС-і.

“Жалағаш аудандық ТКШ,ЖК және АЖ бөлімі” КММ

23

Аудандық маңызы бар “Самара-Шымкент-Мәдениет-Мақпалкөл-Жаңаталап-Аққыр” автомобиль жолының бойындағы “Оңтүстік коллектор” көпірін қайта жаңғырту жұмыстарына мемлекеттік сарапта-мамен жоба-сметалық құжатын әзірлеу

Қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде.

“Жалағаш аудандық ТКШ,ЖК және АЖ бөлімі” КММ

27

Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы бойынша кент ішіндегі көшелерді ағымдағы жөндеуден өткізу

Қаржыландыру жоспары бойынша қаралған қаржы үстіміздегі жылдың мамыр айына жоспарланған.

Жалағаш ауданы әкімдігінің “Жалағаш кенті әкімінің аппараты” КММ

Тіршілік көзін қамтамасыз ететін инфрақұрылым

Сумен қамтамасыз ету

28

Республикалық бюджеттен берілген трансферттер есебінен Қаракеткен елді мекенінің сумен қамтамасыз ету жүйесін қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізу

Мемлекеттік сатып алу жұмыстары аяқталып, жеңімпаз анықталды. Мердігер: ҚР Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті түзеу мекемелерінің “Еңбек” ШЖҚ РМК “Еңбек-Қызылорда” филиалы. Қазіргі таңда келісім шартқа отырып, ауыз су жүйесіне қайта жаңғырту жұмыстары басталды.

“Жалағаш аудандық құрылыс бөлімі” КММ-сі

29

Республикалық бюджеттен берілген трансферттер есебінен М.Шәменов, Мырзабай ахун елді мекендеріндегі сумен қамтамасыз ету жүйесін қайта жаңғырту жұмыстарын бастау

Мемлекеттік сатып алу жұмыстары аяқталып, жеңімпаз анықталды. Мердігер: ҚР Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті түзеу мекемелерінің “Еңбек” ШЖҚ РМК “Еңбек-Қызылорда” филиалы. Қазіргі таңда келісім шартқа отырып, ауыз су жүйесіне қайта жаңғырту жұмыстары басталды.

“Жалағаш аудандық құрылыс бөлімі” КММ-сі

30

Жаңадария, Аққыр, Темірбек Жүргенов елді мекендерінің ауыз су жүйесін қайта жаңғыртуға жоба-сметалық құжатын әзірлеу

Мемлекеттік сатып алу жұмыстары аяқталып, жеңімпаз анықталды. Мердігер: ҚР Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті түзеу мекемелерінің “Еңбек” ШЖҚ РМК “Еңбек-Қызылорда” филиалы. Ауыз су жүйесін қайта жаңғыртуға жоба-сметалық құжат әзірленуде.

“Жалағаш аудандық құрылыс бөлімі” КММ-сі

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту және абаттандыру

31

Жалағаш кентінде көп пәтерлі тұрғын үйлерге күрделі жөндеу (модернизация) жұмыстарын жүргізу

Жалағаш кентіндегі Қазыбек би №48 және Қазыбек би №52 көп пәтерлі тұрғын үйлерді күрделі жөндеуден өткізу үшін дайындық жұмыстары жүргізілуде. Аудан бюджетінен 14,0 млн. теңге қаржы қаралды.

“Жалағаш аудандық ТКШ,ЖК және АЖ бөлімі” КММ

Шағын және орта бизнесті дамыту

32

Аудандағы кәсіпкерлік дамуының басым бағыттарын анықтап, әр сала бойынша талдау жасау

Ауданда жаппай кәсіпкерлікті дамыту мақсатында 2016-2020 жылдарға арналған «Кәсіпкерлікті дамыту картасы» әзірленіп, облыстық ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік және туризм басқармаларымен келісе отырып бекітілді. Осының нәтижесінде кәсіпкерліктің бағыты айқындалды. Кәсіпкерлікті дамыту картасында негізінен ауылдық округтерде жоқ (наубайхана, шаштараз, аяқ киім және тұрмыстық техникаларды жөндеу, жеке балабақша, бақша дақылдарын егу, мал бағу және тұрмыстық қызмет көрсету) кәсіп түрлерін ашу және кооперативтерді құру қарастырылған.

“Жалағаш аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі” КММ

33

Аудандық деңгейде шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жұмысын насихаттау. Оларға Үкімет тарыпынан беріліп жатқан жеңілдіктерді түсіндіру мақсатында форум өткізу

Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жұмысын насихаттау және оларға Үкімет тарыпынан беріліп жатқан жеңілдіктерді түсіндіру үшін «Кәсіпкерлер форумын» өткізуге қаржы мәселесі толық шешілген. Ағымдағы жылдың маусым айында өткізілу жоспарлануда.

“Жалағаш аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі” КММ

34

Аудан әкімдігі жанындағы кәсіпкерлер кеңесінің жұмысын үйлестіру

Ағымдағы жылы аудан әкімі жанындағы кәсіпкерлер кеңесіне өзгерістер енгізілді. Алдағы уақытта кәсіпкерлер отырысы өткізілетін болады.

“Жалағаш аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі” КММ

35

Ауданда қозғалыссыз тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің мәліметін зерделеп, қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті шаралар атқару

Ауданда қозғалыссыз тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің мәліметін зерделеп, олардың жұмысын жандардыру бағытында тиісті шаралар атқарылуа.

“Жалағаш аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі” КММ

Әлеуметтік жаңғыртуды дамыту

43

Дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысатын тұрғындардың үлесін арттыру

Аудан бойынша 2016 жылдың қорытындысы бойынша спортпен шұғылданушылар саны 9606 болып, аудан тұрғындарының 26,1 пайызын құрады. 2017 жылы спортпен ұғылданушылар санын 27 пайызға жеткізу жоспарланып отыр.

“Жалағаш аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі” КММ

44

Аудан тұрғындарын бұқаралық спортпен қамту көлемін арттыру бойынша шаралар ұйымдастыру

Бұқаралық спортпен қамту көлемін арттыру мақсатында үстіміздегі жылдың 1-ші тоқсанында 23 спорттық шара өткізіліп, 2033 спортшылар қатыстырылды.

“Жалағаш аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі” КММ

45

Облыстық құрылыс басқармасы арқылы Жалағаш ауданы Мәдениет тіректі елді мекенінде салынатын cпорт кешені құрылыс жұмысының сапалы жүргізілуіне бірлесіп жұмыс жасау

Қазіргі таңда облыстық құрылыс басқармасы арқылы мемлекеттік сатып алу процедуралары жүргізілуде.

“Жалағаш аудандық құрылыс бөлімі” КММ

46

Мемлекеттік қызметшілерді Казтест жүйесі бойынша “Мемлекеттік тілді жеделдете деңгейлік оқыту” курсынан өткізу

Қазақ, орыс, ағылшын тілдерін оқыту курстары ағымдағы жылдың маусым айына жоспарланған.

“Жалағаш аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі” КММ

47

Мемлекеттік қызметшілер мен мемлекеттік қызмет көрсететін ұйым қызметкерлерін қазақ тілін белгілі деңгейде меңгеруі тиіс мамандықтар мен лауазымдардың тізбесіне сәйкес сертификациялық тестілеуден өткізу

Мемлекеттік қызметшілер мен мемлекеттік қызмет көрсететін ұйым қызметкерлерін қазақ тілін белгілі деңгейде меңгеруі тиіс мамандықтар мен лауазымдардың тізбесіне сәйкес сертификациялық тестілеуден өткізу жұмыстары үстіміздегі жылдың 3-4-ші тоқсанға жоспарланған.

“Жалағаш аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі” КММ

48

“Тілдердің үш тұғырлылығы” мәдени жобасын іске асыру мақсатында ағылшын тілі, орыс тілі курстарынан өткізу

Қазақ, орыс, ағылшын тілдерін оқыту курстары ағымдағы жылдың маусым айына жоспарланған.

“Жалағаш аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі” КММ

49

Мәдени-демалыс ұйымдары, мектептер және мектептен тыс мекемелер, денсаулық сақтау саласы басқа да ұйымдардың жанынан көркемөнерпаздар ұжымдарын құру

Аудандық, ауылдық мәдениет үйлері мен клубтар жанынан жаңадан 3 үйірме құрылып, жұмыс жүргізуде.

“Жалағаш аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі” КММ

50

Шығармашылық ұжымдардың жұмысын ынталандыру, шығарма-шылық қызметті жоғары деңгейде қамтамасыз ету, әр топтағы дарынды адамдардың одан әрі кәсіби қалыптасуы үшін талантты өнерпаз орындаушыларды қолдау

Шығармашылық ұжымдардың жұмысын ынталандыру мақсатында «Өнерлі орда» аудандық мекемеаралық өнер байқауы өткізілді. Аудан бойынша 17 өнерпаз, 6 би ұжымына облыстық «Бозторғай» балалар шығармашылық байқауына қатысуға жолдама берілді.

“Жалағаш аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі” КММ

51

Мәдениет және өнерді дамыту орталығынан дәстүрлі жыр өнерін насихаттау, дамыту мақсатында “Ақын-жырау”, “Жыршы” және “Баян” үйірме-кластарын ашу

Үйірме-кластарын ашу бағытында аудандық бюджеттік комиссияға бюджеттік өтінім ұсынылды. Жыл көлемінде ашылады деп күтілуде.

“Жалағаш аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі” КММ

52

Кітапхана қорындағы кітаптарды цифрлы жүйеге көшіру санын арттыру

2017 жылдың І тоқсанында 29 дана кітап сандық форматқа көшірілген. Жоспар бойынша орындалу пайызы 116%-ды құрап отыр.

“Жалағаш аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі” КММ

53

Сандық пішінге (цифровой формат) көшірілген экспонаттар санын арттыру

Музей қорындағы 90 экспонат сандық пішінге көшірілді.

“Жалағаш аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі” КММ

54

Жент қаласы, Қосабалы асар, Үңгірлі асар, Домалақ асарлардың қорғау, құрылыс салуды реттеу және қорғалатын ландшафты аймақтарын белгілеу жұмыстарын жүргізу

Халықаралық ЮНЕСКО тізіміне енгізілген Қосабалы, Үңгірлі, Домалақ асарлардың қорғау, құрылыс салуды реттеу және қорғалатын ландшафты аймақтарын белгілеу үшін облыстық бюджеттен қаржы қаралып, тиісті жұмыстар жүргізілуде.

“Жалағаш аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі” КММ

58

Облыстық құрылыс басқармасы арқылы салынатын Мәдениет тіректі елді мекенінде 150 орындық ауылдық клуб құрылыс жұмысының сапалы жүргізілуіне бірлесіп жұмыс жасау

Қазіргі таңда облыстық құрылыс басқармасы арқылы мемлекеттік сатып алу процедуралары жүргізілуде.

“Жалағаш аудандық құрылыс бөлімі” КММ

59

Облыстық құрылыс басқармасы арқылы салынатын Жалағаш аудандық ішкі істер бөлімі ғимаратының құрылыс жұмысының сапалы жүргізілуіне бірлесіп жұмыс жасау

Қазіргі таңда облыстық құрылыс басқармасы арқылы мемлекеттік сатып алу процедуралары жүргізілуде.

“Жалағаш аудандық құрылыс бөлімі” КММ

60

Аудандағы кәсіпорындарда қызметкерлердің жаппай жұмыстан босатылуына жол бермеу мақсатында, 2017 жылға қызметкерлердің еңбек шарттары мен құқықтарын сақтау жөніндегі жұмыс берушілермен жасалған меморандумдардың орындалуына бақылауды қамтамасыз ету

Әлеуметтік шиеленістің алдын-алу, еңбек қатынастарында дауларды болдырмау мақсатында (қызметкерлердің еңбек құқықтары мен кепілдіктерін қамтамасыз ету мәселелері жөнінде) 2016 жылы 133 шаруашылықтар мен ұйымдар арасында меморандум жасалған.

Аудан көлемінде орналасқан мекемелер мен кәсіпорындардан жалақыға қарызын анықтау үшін аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі арқылы ай сайын есебі алынып, мониторинг жүргізіліп отыр.

“Жалағаш аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарла-малар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі” КММ

61

Мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп еңбек заңдылықтарының бұзылу фактілеріне, әсіресе ауданның кәсіпорындары мен ұйымдарында жалақының уақытылы төленбеу жағдайына тездетіп әрекет ету

2017 жылдың 1-ші тоқсанында меморандумға отырған шаруашылықтар мен ұйымдарда жұмысшыларды қысқарту орын алған жоқ.

Жалағаш ауданы бойынша жұмыс берушілердің есепті мерзімге жұмысшы, қызметкерлерге еңбек ақыдан қарызы жоқ.

“Жалағаш аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарла-малар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі” КММ

62

2017 жылы аудандағы отбасы құрамында еңбекке жарамды адамы бар, жұмыспен қамтуға көмек көрсету шараларына міндетті түрде қатысу шартымен, аз қамтылған отбасыларына ақшалай көмек беру жүйесін енгізу

2017 жылға «Өрлеу» шартты ақшалай көмекке жергілікті бюджеттен 2,0 млн.теңге, республикалық бюджеттен 4,8 млн.теңге қаржы қаралған. Есепті кезеңге «Өрлеу» жобасына 13 отбасы (84 мүшесі) тартылды, олардың 12-і тұрақты жұмысқа, 2-уі қоғамдық жұмысқа орналастырылды. Республикалық бюджеттен 1895,0 мың теңге тағайындалып, 1327,2 мың теңге төленді.

“Жалағаш аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарла-малар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі” КММ

63

Халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарына әлеуметтік дүкен ашу арқылы әлеуметтік көмек көрсету

2016 жылы әлеуметтік сөре қатары ашылып, аудандағы аз қамтылған отбасыларына 30 пайыз жеңілдікпен 5 түрлі әлеуметтік маңызды тамақ өнімдері сатылды. Аудан бойынша 933 мүшесі бар 165 отбасы қамтылды.

2017 жылы қорда қаржы болмауына байланысты әлеуметтік дүкеннің жұмысы уақытша тоқтатылды.

“Жалағаш аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарла-малар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі” КММ

65

“2016-2017 жылдарға арналған аудандағы мүгедектер өмірінің сапасын жақсарту және құқығын қамтамасыз ету бойынша Жол картасының” жүзеге асырылуын қамтамасыз ету, әсіресе жеке сауықтыру бағдарламаларын 100 пайызға орындау

Мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2016 - 2017 жылдарға арналған Жол картасына сәйкес аудан бойынша жұмыстар атқарылуда. Атап айтқанда, «Инватакси» аудан бойынша19 мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қызмет көрсетуде. Мүгедектердің қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін ауданда 120 объектіге пандустар стандартқа сәйкес орнатылды.

Аудан бойынша 101 мүмкіндігі шектеулі азаматтарға, оның ішінде 18 жасқа дейінгі 69 балаға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетілуде.

Мемлекеттік қолдау шараларын пайдалана отырып мүгедектерді өнімді жұмыспен қамтуға тарту мақсатында 2017 жылдың 1 сәуіріне 5 мүгедек жұмыс іздеуші ретінде жұмыспен қамту орталығына тіркеліп, 2-і тұрақты жұмысқа, 3-і ақылы қоғамдық жұмысқа орналастырылды.

“Жалағаш аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарла-малар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі” КММ

66

Жұмыссыздық деңгейін 5,1 пайызға дейін төмендетуге шаралар қабылдау

2017 жылдың 1 сәуіріне экономикалық белсенді халық саны 17585, жұмыспен қамтылғаны 16674, жалдамалы қызметкерлер 8480, өз бетінше жұмыспен қамтылғандар саны 8194, жұмыссыздар 911 адам. Жұмыссыздық деңгейі 5,2 пайыз.

“Жалағаш аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарла-малар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі” КММ

67

2017 жылы экономика салаларында 680 жаңа жұмыс орнын ашу

2017 жылы 680 жаңа жұмысорындары ашу жоспарланған, есепті мерзімге 145 жаңа жұмыс орындары ашылды немесе 21,3 пайыз (оның 103-і тұрақты). Оның ішінде: ауылшаруашылық саласы-39, құрылыс-3, көтерме және бөлшек сауда, авто ж/е мотоцикл жөндеу-19, білім беру-10, экономикалық қызметтің басқа салаларына-32 және уақытша және маусымдық орындарына-42.

“Жалағаш аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарла-малар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі” КММ

68

Қазақстан Республикасының “Халықты жұмыспен қамту туралы” Заңымен белгіленген жалпы жұмыс орындарының 2-4 пайыз шеңберінде мүгедектер үшін жұмыс орындарына квотаның орындалуы

2017 жылдың 1 сәуіріне 5 мүгедек жұмыссыз ретінде тіркеліп, 2-уі жұмысқа орналастырылды, 3-уі қоғамдық жұмысқа жіберілді.

“Жалағаш аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарла-малар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі” КММ

Аймақтық даму

69

Кент, ауылдық елді мекендердегі абаттандыру мен көгалдандыру жұмыстарын ұйымдастыру

Кент, ауылдық елді мекендердегі абаттандыру мен көгалдандыру жұмыстарының қаржысы үстіміздегі жылдың 2-ші тоқсанына жоспарланған.

Кент, ауылдық округ әкімдері

70

Аудан аумағында салынатын құрылыс нысандарына жер телімдерін (меншік түріне қарамастан) аудандық мәслихаттың шешімімен бекітілген бас жоспар мен даму сызбаларына сәйкес берілуін қадағалау

Жалағаш кентінде бас жоспар бойынша жалпы аумағы - 451,0 га, 5 жаңа қоныстану аймақтары анықталған болатын.

(Олар: Дауімбай уч.-60,0 га; Ақтерек уч-170,0 га; Қисық арық уч-110,0 га және Ақсу автожолы бойы-68,0 га; Береке ауданы-43 га)

Оның ішінде «Дәуімбай» учаскесінде 60 гажаңа қоныстану аймағына түбегейлі жоспарлау жобасы әзірленіп, инженерлік инфрақұрылымдар орналастырылып, тұрғын үй салу үшін кезекте тұрған азаматтарға 315жер телімі табысталды.

2016 жылы аудандық бюджеттен тиісті қаржы бөлініп, кенттің «Береке» ауданы 43 га учаскесіне егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы «Казгипроград-1» ЖШС мекемесі арқылы әзірленді.

Сонымен қатар, «Береке» ауданына инженерлік-инфрақұрылым жүргізіліп, 185жер учаскелері дайын болды.

Қазіргі уақытта оның 60-на жер беріліп тұрғын үйлер салынған. Ал 125 азаматтарға жер учаскесі жаңадан берілетін болады.

“Жалағаш аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі” КММ

71

Ауданның елді мекендерінің сәулеттік келбетін жақсарту мәселесін назарға ала отырып, кенттің бас жоспары мен елді мекендердің даму сызбаларына сәйкес құрылыс жұмыстарын жүргізуді қадағалау

Ауданның елді мекендерінің сәулеттік келбетін жақсарту мәселесін назарға ала отырып, кенттің бас жоспары мен елді мекендердің даму сызбаларына сәйкес үстіміздегі жылдың 1-ші тоқсанында 14 тұрғын үйдің құрылысы аяқталды, былтырғы жылмен салыстырғанда 9,6 пайызға артты.

“Жалағаш аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі” КММ

72

Аудан орталығы - кенттің бас жоспары мен ауылдық елді мекендердің даму сызбаларына сәйкес, елді мекендердің шекарасын белгілеу мен енгізілетін өзгертулерді ұйымдастыру

Елді-мекендердің шекараларын (шегін) өзгерту мен белгілеу жұмыстары кенттің бас жоспары мен елді мекендердің даму сызбаларына сәйкес өз деңгейінде жүргізілді. Жалағаш аудандық мәслихатының шешімімен 2016 жылы Жалағаш кенті және 6 елді мекеннің шекаралары бекітілді. Қалған 8 елді мекендердің шекараларын (шегін) өзгерту мен белгілеу жұмыстары үстіміздегі жылдың аяғына дейін жүргізілетін болады.

“Жалағаш аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі” КММ

73

“Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін айқындау туралы” Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы №183 қаулысының аясындағы жұмыстарды жалғастыру

«Дипломмен ауылға» жобасы аясында ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұру үшін келген мамандарға әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі шараларды іске асыру (көтерме жәрдем ақы) және тұрғын үй сатып алуға немесе салуға 2017 жылы аудан бюджетінен көтерме жәрдемақыға 30 444,0 мың теңге қаржы бөлініп, есепті кезеңге 23 маманға 3 653,0 мың теңге көтерме жәрдемақы берілді.

“Жалағаш аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі” КММ

Жергілікті мемлекеттік басқаруды дамыту және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету

74

Тұрғындардың компьютерлік сауаттылық деңгейін 77,0 пайызға дейін жоғарылату

Аудан тұрғындарының компьютерлік сауаттылық деңгейін жоғарылату мақсатында өткізілетін курстар үстіміздегі жылдың 2-ші жартыжылдығына жоспарланған.

“Жалағаш аудандық білім бөлімі” КММ

75

Мүгедектердің қоғамдық ұйымдарымен құрылған, тауарлар өндіретін немесе сататын, қызмет көрсету жұмыстарын атқаратын мүгедектердің қоғамдық ұйымдары мен бірлестіктерін қолдау үшін мемлекеттік сатып алу заңдылықтарын сақтаудың мониторингісін қамтамасыз ету

«ҰШҚЫН» Қызылорда мүгедектерінің оқу-өндірістік кәсіпорны» ЖШС-нің 2017 жылдың 7 қаңтардағы хатына сәйкес барлық бюджеттік бағдарлама әкімшілеріне мемлекеттік сатып алуға байланысты семинарлар мен дөңгелек үстел өткізілді.

“Жалағаш аудандық қаржы бөлімі” КММ

76

Мемлекеттік қызметкерлердің, оның ішінде ауылдық округ әкімдерінің аппараты қызметкерлерінің біліктілігін көтеруді жалғастыру

Аудан бойынша үстіміздегі жылдың 1 тоқсанында 8 мемлекеттік қызметкер біліктілігін көтеру және қайта даярлау курстарынан өтті.

Жалағаш ауданы әкімдігінің “Жалағаш ауданы әкімінің аппараты” КММ

77

Жасөспірімдер қылмыстығының алдын алу және ескерту бойынша кешенді шараларды іске асыру

2017 жылдың 3 айында аудан көлемінде орналасқан орта оқу орындарында басқа да құқық қорғау органдарымен бірлесе отырып алкоголизмнің, есірткі құмарлықтың, уытқұмарлықтың зияны, ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершіліктері, жасөспірімдердің заң алдындағы жауапкершілігі т.б. «Жасөспірім Заң Қауіпсіздік», «Түнгі Жалағаш», «Жасөспірімдерді жыныстық зорлық-зомбылықтан қорғау және жыныстық қол сұғушылықтың алдын алу», «Балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыптарында 12 рет әңгіме-лекциялар, дөңгелек үстелдер, сұхбаттар, кездесулер өткізіліп, мектеп оқушылары арасында сауалнамалар жүргізілді.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қызылорда облысының ішкі істер департаменті “Жалағаш ауданының ішкі істер бөлімі” ММ (келісім бойынша)

78

Қоғамдық тәртіп бұзушылықтың кез-келген түрлеріне “мүлдем төзбеушілікті” насихаттау

Қылмыспен құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында есепті мерзімде 6 рет жергілікті газетке мақала жарияланды. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің «Құқық бұзушылыққа мүлдем төзбеушілік», «Қоғамдық орынды ластаушы», «Тұрмыс», «Құқық тәртібі», «Тәртіпсіздік пен құқық бұзушылықтарға мүлдем төзбеушілік» қағидаттарын жүзеге асыру, отбасы тұрмыс саласында, жасөспірімдер қылмысының алдын алу бағытында профилактикалық жұмыстарға түсіндірмелер жүргізілді.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қызылорда облысының ішкі істер департаменті “Жалағаш ауданының ішкі істер бөлімі” ММ (келісім бойынша), “Жалағаш аудандық ішкі

саясат бөлімі” КММ

Қоғамдық-саяси тұрақтылық

79

Қазақстан Республикасы Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, “Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамаларын қолдану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары және тексеру парағын бекiту туралы”, “Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы” Қазақстан Республикасы Заңын, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Туының бейнесін, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының бейнесін және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Гимінің мәтінін пайдалану (орнату, орналастыру) қағидаларын және Елбасы Жолдауын басшылыққа ала отырып жұмыс жасау

Барлық атқарылатын шаралар туралы бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануда. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында жүзеге асырылатын әлеуметтік жобалар Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы Жолдауларынан туындайтын мемлекеттік саясатты жүргізуге бағытталған.

“Жалағаш аудандық ішкі саясат бөлімі” КММ

80

Жастардың арасындағы жұмыссыздықты азайту мақсатында жастарды “Нұрлы Жол” жаңа экономикалық саясатын жүзеге асыруға барынша жұмылдыру

Аудан бойынша жастар саны 8865, оның ішінде кентте 3923, ауыл округтерінде 4942 жастарды құрайды.

Жалағаш ауданы бойынша жалпы жұмыссыздық деңгейі 5,3 пайыз, оның ішінде жастар арасында жұмыссыздық деңгейі 15-24 жас аралығында - 6,2 пайыз, 15-28 жас аралығында - 3,6 пайызды құрайды.

2017 жылдан бастап «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» жүзеге асырылуда.

Бағдарлама аясында 15-24 жас аралығындағы жастар колледждерде тегін кәсіби техникалық білім ала алатын болады. ҰБТ тапсыра алмаған түлектер, оқу орнына түсе алмаған азаматтар, тұрмысы төмен отбасынан шыққан балаларды оқыту көзделген. Оқу мерзімі - 2,5 жыл.

Бағдарламаға қатысушылар бір реттік ыстық тамақпен, стипендиямен, жол жүру ақысымен қамтамасыз етіледі.

Сонымен қатар, бағдарлама шеңберінде 25-44 жас аралығындағы қайта даярлауға мұқтаж азаматтар қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға жіберілетін болады.

Қысқа мерзімді кәсіптік оқуға республикалық бюджеттен 80 адамға 26,4 млн. теңге қаржы қаралған. Қазіргі таңда үміткерлердің тізімдері қалыптастырылуда. Бағдарламаға қатысушыларға оқуына ақы төлеу бойынша мемлекеттік қолдаумен, стипендиямен, жол жүру ақысымен және басқа қаладан келген қатысушылар үшін тұрғын үйді жалдау бойынша шығыстарды өтеумен қамтамасыз етіледі.

Аталған бағдарламаның үшінші бағыты бойынша республикалық бюджеттен 80 адамға 27 216,0 мың теңге қаржы бөлінген. Есепті мерзімге 29 мекемеге 40 оқу орнының түлектері жастар тәжірибесіне жолданды.

“Жалағаш аудандық ішкі саясат бөлімі” КММ

81

Үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл және әріптестікті нығайту, әлеуметтік жобаларын қаржыландыру

Жалағаш ауданы бойынша бүгінгі таңда әділет органдарында тіркелген 23 үкіметтік емес ұйым бар. Олардың 11-і қоғамдық қорболса, қалған 12-уі қоғамдық бірлестіктер. Оның ішінде 2-уі жастар ұйымдары.

2017 жылы аудандық ішкі саясат бөлімі арқылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде жергілікті бюджеттен 8 000,0 мың теңге қаржы бөлініп, қазіргі таңда 7 әлеуметтік қызмет жүзеге асырылды.

“Жалағаш аудандық ішкі саясат бөлімі” КММ

82

“Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік” атты мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың 2017 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауын насихаттау мен түсіндіру жұмыстарын жүргізу

Қазақстан Республикасының ПрезидентіН.Ә. Назарбаевтың 2017 жылғы қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауын Жалағаш ауданы тұрғындары арасында түсіндіру мен жүзеге асыру мақсатында 2017 жылғы 15 ақпанда аудан әкімінің №66 өкімімен аудандық ақпараттық-насихаттық топтар құрылып,Жалағаш кенті мен ауылдық округтерде насихаттау жұмыстары жүргізіліп келеді.

Жалағаш ауданы бойынша осы уақытқа дейін республикалық, облыстық және аудандық ақпараттық топ өкілдерінің қатысуымен 65 шара ұйымдастырылып, оған3200 адам қамтылды. Сонымен қатар «Жалағаш жаршысы» газетінде 18 мақала жарияланды.

“Жалағаш аудандық ішкі саясат бөлімі” КММ

83

Ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету, ұлтаралық және конфессияаралық келісімді нығайту

Ауданда ұлтаралық, конфессияаралық қатынастарды нығайту бағытында «Жалағаш достық мекені» қоғамдық бірлестігіменкелісім шарт жасалған.

«Жалағаш достық мекені» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен 2017 жылдың 1 наурызы күні №123 мектеп-лицейде елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған - Алғыс айту күніне орай «Алғыс айту-парыз!» атты кездесу өтті. Кездесуге аудандық Қоғамдық келісім кеңес төрағалары, ҮЕҰ өкілдері, түрлі этнос өкілдері және БАҚ өкілдері қатысты.

Ұлыстың ұлы күні 22 наурызда Жалағаш ауданының орталық алаңында этносаралық келісім мен этносаралық қатынастарды нығайту мақсатында түрлі этнос өкілдеріне арнап «Жалағаш достық мекені» қоғамдық бірлестігі «Достық үйі» атты киіз үйін құрды.

“Жалағаш аудандық ішкі саясат бөлімі” КММ

84

Ауданда тиімді жастар саясатын жүзеге асыру, жастар қозғалысын дамыту үшін қажетті жағдайлар жасау

2017 жылы аудандық бюджеттен 11,5 млн.теңге қаржы қаралып, аудандық ішкі саясат бөлімі жанынан 7 штаттық бірліктен тұратын «Жалағаш аудандық жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі құрылды. Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру мақсатында құрылған жастар ресурстық орталығына қажетті құрал-жабдықтар және ғимаратпен қамтамасыз етілді.

2017 жылы мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру мақсатында аудандық ішкі саясат бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында аудандық бюджеттен 2,3 млн.теңгеге 1 әлеуметтік жоба жүзеге асырылуда.

“Жалағаш аудандық ішкі саясат бөлімі” КММ

85

Жалағаш ауданы бойынша діни бірлестіктермен жұмыс жасау

Жалағаш ауданы бойынша діни ахуал тұрақты. Діни ахуал тұрақтылығын сақтау мақсатында аудан әкімі жанындағы діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңес, Дін саласындағы мемлекеттік саясатты түсіндіру, тұрақтылықты нығайту және діни экстремизмнің алдын алу үшін құрылған Жалағаш аудандық ақпараттық түсіндірме тобы, Жалағаш ауданының әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссия, ҚМДБ қарасты аудан көлемінде барлығы 12 мешіт жұмыс жасайды. Олардың барлығы да әділет органдарында тіркелген.

Жыл басынан бастап аудандық ақпараттық түсіндірме тобының мүшелерімен 2 дөңгелек үстел, 1 акция, 24 кездесу өткізіліп, баспасөз беттеріне 5 мақала жарияланды.

Сонымен қатар, Дін мәселелерін зерттеу орталығының теологтарының қатысуымен аудандық АТТ мүшелері дәстүрлі емес діни ағымды ұстанушыларға төрт мәрте адрестік профилактикалық жұмыстары жүргізілді.

“Жалағаш аудандық ішкі саясат бөлімі” КММ

86

Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру мен іске асыруды қамтамасыз ету

Жалағаш ауданы бойынша бұқаралық ақпарат құралдарының саны біреу, ол аудандық “Жалағаш жаршысы” газеті. Басылым мемлекеттік тілде аптасына 2 рет шығарылады, 2 бетіне мемлекеттік тапсырыс орналасты-рылуда. 2 беттің көлемі 3700 см2. Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізуге әлеуметтік қызмет бойынша жергілікті бюджеттен қаржы қаралмаған. 2016 жылдан бастап бұл мақсатқа облыстық бюджеттен қаржы бөлінуде.

Сонымен қатар телерадиохабарлар арқылы мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу әлеуметтік қызмет бойынша жергілікті бюджеттен 5,7 млн.теңге қаржы бөлініп, Қазақстан Қызылорда телеарнасымен келісім шарт жасалып, жұмыстар жүргізілуде.

“Жалағаш аудандық ішкі саясат бөлімі” КММ

87

Әлеуметтік тапсырыс арқылы мемлекеттік саясатты жүргізу

Барлық атқарылатын шаралар туралы мәлімет бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануда. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында жүзеге асырылатын әлеуметтік жобалар Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы Жолдауларынан туындайтын мемлекеттік саясатты жүргізуге бағытталған.

Кіру