Русский Қазақша

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

ІЗДЕУ
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Инфрақұрылым
Қоғам
Мем. қызметтер
Байланыс
Әкім блогы
Анықтама
Сайт картасы Аудан әкімі аппараты
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Мем. қызметтер

Аққұм а.о.

Жалағаш ауданы әкімдігінің “Аққұм ауылдық округі әкімінің аппараты” коммуналдық мемлекеттік мекемесі

 

Аққұм ауылдық округінің әкімі:


Асанбеков Алтынбек Өмірбекұлы 1990 жылы 2 маусым күні Қызылорда облысы Жалағаш ауданында дүниеге келген.

Білімі-жоғары. 2007 жылы Қызылорда қаласындағы Қорқыт Ата университетінің политехникалық факультетіне оқуға түсіп, 2012 жылы аталған оқу орынын инженер-гидротехник мамандығы бойынша тәмамдады. Осы уақытта Қызылорда қаласындағы «Болашақ» университетінде «Құқық және экономика» мамандығы бойынша сырттай оқыды.

2012 жылы қазан айында өз мамандығы бойынша «Қазсушар» Республикалық мемлекеттік кәсіпорынның «Жалағашсушар» өндірістік учаскесіне техник болып орналасты

2012 - 2014 жылдың желтоқсан айы аралығында инженер-гидрометр,

2014 - 2016 жылдың сәуір айы аралығында «Су пайдалану» бөлімінің басшысы қызметін атқарды.

2016 жылдың сәуір айында Жалағаш аудандық ауыл шаруашылығы бөліміне жұмысқа ауысып, 2018 жылдың тамыз айына дейін бас маман болып жұмыс істеді.

2018 - 2019 жылдың  мамыр айы аралығында егін және мал шаруашылығы секторының меңгерушісі қызметін атқарды.

2019 жылдың  мамыр айынан бастап Аққұм ауылдық округі әкімі.



Аққұм ауылдық округі әкімі аппаратының құрылымы

 

Мемлекеттік қызметшінің аты-жөні

Лауазымы

Байланыс телефоны:

1

Асанбеков Алтынбек Өмірбекұлы

Аққұм ауылдық округі әкімі

38-3-92

2

Ибраев Абзал

бас маманы

38-3-92

+7 (701) 112-65-80

3

Көшеров Абай Қырғызбайұлы

бас маманы

38-3-92

 

Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

 

Жалағаш ауданы әкімдігінің “Аққұм ауылдық округі әкімінің аппараты” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің миссиясы ауылдық округі әкімінің қызметін қамтамасыз ету.


Міндеттері:

“Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес ауылдық округі әкімінің қызметін қамтамасыз ету.


Функциясы:

1) ауылдық округі әкімінің қызметін ақпараттық-талдау тұрғысынан, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету;

2) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

3) ауылдық округі әкімінің актілерін дайындау;

4) жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауды ұйымдастыру;

5) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;

6) ауылдық округі әкімінің бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара байланысын қамтамасыз ету;

7) ауылдық округі әкімінің жалпыға міндетті маңызы бар, азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты актілерін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте әділет органына тіркеуге жолдауды, оларды ресми жариялауды қамтамасыз ету;


Құқықтары мен міндеттері:

1) заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан қажетті ақпарат пен материалдар сұратуға және алуға;

2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік органның құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында сотқа жүгінуге, талап арыздар беруге;

3) қолданыстағы заңнамалық актілерде көзделген өзге де құқықтарды және міндеттерді жүзеге асыруға құқықы бар.

Аққұм ауылдық округі әкімі аппаратының “Аққұм ауылдық клубы” коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорының функциялары:

1) мәдениет және өнерді дамыту;

2) халық шаруашылығын фестивальдарын, айтыстар, семинарлар және басқа да шаралар өткізу;

Аққұм ауылдық округі әкімі аппаратының “№7 “Шұғыла” бөбекжай” коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынының функциялары:

1) балалардың өмірін және денсаулығын қорғау;

2) тәрбиеленушілердің дене, зияткерлік және жеке тұлғалық дамуын қамтамасыз ететін оңтайлы жағдайлар жасау;

3) сапалы мектепалды даярлдауды қамтамасыз ету;

4) азаматтылықты, қазақстандық патриотизмді, адам құқығы мен бостандықтарын құрметтеуді, қоршаған табиғатқа, Отанға, отбасына деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу;

5) баланың толыққанды дамуын қамтамасыз ету үшін отбасымен өзара қимыл жасау;

6) ата-аналарға балаларды тәрбиелеу, оқыту, дамыту және денсаулығын қорғау бойынша консультативтік және әдістемелік көмек көрсету.


Аққұм ауылдық округі әкімінің азаматтарды және заңды тұлғалардың өкілдерін,

оның ішінде осы мекеменің қызметкерлерін жеке қабылдауды жүргізу кестесі.

 

Елді мекен атауы

Азаматтарды жеке қабылдауды жүргізетін лауазымды адамның Т.А.Ж

Азаматтарды қабылдауды жүргізетін адамның лауазымы

Азаматтарды қабылдау күні мен уақыты

Мемлекеттік мекеменің орналасқан жері

Байланыс телефоны

1

2

3

4

5

6

7

1

Аққұм ауылы

Асанбеков Алтынбек Өмірбекұлы

Аққұм ауылдық округі әкімі

Әр аптаның сәрсенбі күні

сағ:9-30 дан

12-00 ге дейін

Жалағаш ауданы, Аққұм ауылы, Бейбітшілік көшесі, №4

+7 (72431) 38-3-92


Аққұм ауылдық округі әкімі аппаратының мекен-жайы:

 

120203. Қызылорда облысы, Аққұм ауылы, Бейбітшілік көшесі, №4

Байланыс телефоны: 8 (72431)38392

E-mail:   akkum@korda.gov.kz

akkum.akimat@mail.ru


“Аққұм ауылдық округі әкімінің аппараты” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесі: толығымен көру (көшіріп алу): *.zip (163 кб)


Аққұм ауылдық округінің 2018-2020 жылдарға арналған кешенді даму жоспары: *.doc  (235 кб)


Аққұм ауылдық округінің  2019-2021 і жылдарға арналған дамыту бағдарламасы: *.doc (225кб)




Кіру