Русский Қазақша

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

ІЗДЕУ
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Инфрақұрылым
Қоғам
Мем. қызметтер
Байланыс
Әкім блогы
Анықтама
Сайт картасы Аудан әкімі аппараты
Аудан
Билік
Экономика

М.Шәменов атындағы а.о.

Жалағаш ауданы әкімдігінің “М.Шәменов атындағы ауылдық округі әкімінің аппараты” коммуналдық мемлекеттік мекемесі

 

Жалағаш ауданы М.Шәменов атындағы ауылдық округінің әкімі


Есжанов Ғалымжан Сансызбайұлы 1970 жылы 3 желтоқсанда Қызылорда облысы, Жалағаш ауданында туылған.

Білімі жоғары, 2002 жылы Қазақстандық экономика және құқық институтын қаржы және кредит мамандығы бойынша бітірген.

1989-1991 ж.ж. Әскер қатарында,  жауынгер;

1991-1993 ж.ж. Жұмысшы. Коммунизм совхозы; 

1993-1994 ж.ж. Жұмысшы. М.Шәменов атындағы ұжымдық шаруашылығы;

1994-1995 ж.ж. Жүргізуші. М.Шәменов атындағы ұжымдық шаруашылығы;

1995-1998 ж.ж. Орталық қырман жұмысшы. М.Шәменов атындағы ұжымдық шаруашылығы;

1998-2001 ж.ж. Салық инспекторы. М.Шәменов ауылдық округі әкімі аппараты;

2002-2003 ж.ж. Іс жүргізуші. Аудандық экономика және кіші кәсіпкерлікті қолдау бөлімі;

2003-2004 ж.ж. Маман. Аудандық экономика және кіші кәсіпкерлікті қолдау бөлімі;

04.2004-11.2004 ж.ж. Жетекші маман. Аудандық экономика және кіші кәсіпкерлікті қолдау бөлімі;

11.2004-12.2004 ж.ж. Бас маман. Аудандық экономика және кіші кәсіпкерлікті қолдау бөлімі;

2005-2006 ж.ж. Бас маман. М.Шәменов ауылдық округі әкімі аппараты;

2006-2007 ж.ж. Бас қазынашы. Мемлекеттік бюджеттің атқарылу, нақтылай ақшамен қамтамасыз ету және алдын-ала бақылау секторы. Аудандық қазынашылық бөлімі;

2007-2008 ж.ж. Шоттарды төлемге енгізу тобының бас маман- бас қазынашысы. Аудандық қазынашылық бөлімі;

2008-2009 ж.ж. Бөлім басшысы. «Мемлекеттік бюджетті атқару, шарттарды тіркеу, төлемдерді бекіту, бақылау және есептілік» бөлімі. Аудандық қазынашылық басқармасы;

2009-2013 ж.ж. Бас маман-бас қазынашы. Аудандық қазынашылық басқармасы;

2013-2018 ж.ж. Басқарма басшысының орынбасары. Аудандық қазынашылық  басқармасы;

2018 жылдың тамыз айынан бастап М.Шәменов ауылдық округі  әкімінің міндетін атқарушы.


 

М.Шәменов атындағы ауылдық округі әкімі аппаратының құрылымы

 

Мемлекеттік қызметшінің аты-жөні

Лауазымы

Байланыс телефоны

1

Есжанов Ғалымжан Сансызбайұлы


Ауылдық округ әкімі

37-3-96

2

 Есетов Кенжебек Сарбасұлы

Бас маман

37-3-96

+7 (705) 166-93-59

3

 Әбсаттаров Жомарт Серікбайұлы

Бас маман

37-3-96, +7 (777) 076-00-83


 Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

 

Жалағаш ауданы әкімдігінің “М.Шәменов атындағы ауылдық округі әкімінің аппараты” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің миссиясы ауылдық округі әкімінің қызметін қамтамасыз ету.


Міндеттері:

“Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес ауылдық округі әкімінің қызметін қамтамасыз ету.


Функциясы:

1) ауылдық округі әкімінің қызметін ақпараттық-талдау тұрғысынан, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету;

2) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

3) ауылдық округі әкімінің актілерін дайындау;

4) жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауды ұйымдастыру;

5) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;

6) ауылдық округі әкімінің бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара байланысын қамтамасыз ету;

7) ауылдық округі әкімінің жалпыға міндетті маңызы бар, азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты актілерін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте әділет органына тіркеуге жолдауды, оларды ресми жариялауды қамтамасыз ету.


Құқықтары мен міндеттері:

1) заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан қажетті ақпарат пен материалдар сұратуға және алуға;

2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік органның құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында сотқа жүгінуге, талап арыздар беруге;

3) қолданыстағы заңнамалық актілерде көзделген өзге де құқықтарды және міндеттерді жүзеге асыруға құқықы бар.


М.Шәменов атындағы ауылдық округі әкімі аппаратының “М.Шәменов ауылдық мәдениет Үйі” коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорының функциялары:

1) мәдениет және өнерді дамыту;

2) халық шаруашылығы фестивальдарын, айтыстар, семинарлар және басқа да шаралар өткізу.


М.Шәменов атындағы ауылдық округі әкімі аппаратының “№18 “Бөбек” бөбекжай” коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорның функциялары:

1) балалардың өмірін және денсаулығын қорғау;

2) тәрбиеленушілердің дене, зияткерлік және жеке тұлғалық дамуын қамтамасыз ететін оңтайлы жағдайлар жасау;

3) сапалы мектепалды даярлдауды қамтамасыз ету;

4) азаматтылықты, қазақстандық патриотизмді, адам құқығы мен бостандықтарын құрметтеуді, қоршаған табиғатқа, Отанға, отбасына деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу;

5) баланың толыққанды дамуын қамтамасыз ету үшін отбасымен өзара қимыл жасау;

6) ата-аналарға балаларды тәрбиелеу, оқыту, дамыту және денсаулығын қорғау бойынша консультативтік және әдістемеліккөмек көрсету.


Азаматтарды қабылдау:

 

Жалағаш ауданы әкімдігінің “М.Шәменов атындағы ауылдық округі әкімінің аппараты” КММ -де

жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау кестесі

 

Аты-жөні

Лауазымы

Қабылдау күндері мен уақыты

Мекен-жайы

Байланыс телефоны

1

Есжанов Ғалымжан Сансызбайұлы


Ауыл әкімі

Әр аптаның сейсенбі күні сағат:09-00 - 19-00 -ге дейін

М.Шәменов ауылы, Мәмбет әулие көшесі, №2 Б

37-3-96

 

Жеке қабылдауға алдын-ала жазылуға болады. Байланыс телефоны: 8-72431-37396.


М.Шаменов ауылдық округі әкімі аппаратының мекен-жайы:

 

120214. Қызылорда облысы, М.Шаменов ауылы, Мәмбет әулие көшесі, №2 Б

Байланыс телефоны: 8 (72431)37396

E-mail: shamenov_akimat@mail.ru


“М.Шәменов атындағы ауылдық округі әкімінің аппараты” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесі: толығымен көру (көшіріп алу): *.zip (56,7 кб)



М.Шәменов атындағы ауылдық округінің 2018-2020 жылдарға арналған кешенді даму жоспары: *.doc

(227,0 кб)


 

Кіру