Русский Қазақша

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

ІЗДЕУ
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Инфрақұрылым
Қоғам
Мем. қызметтер
Байланыс
Әкім блогы
Анықтама
Сайт картасы Аудан әкімі аппараты
Билік
Экономика
Басты бет Билік «Нұр Отан» партиясы

«Нұр Отан» партиясы

  «Нұр Отан» партиясы Жалағаш аудандық филиалының 2017 жылдың 11 айына атқарылған жұмыстары.

 

 2017 жылдың 1 желтоқсанына «Нұр Отан» партиясы Жалағаш аудандық аудандық филиалының есебінде  топтастырылған 25 бастауыш партия ұйымында 3104 партия мүшесі есепте тұрады. 2017 жылдың қаңтар айынан осы күнге дейін жаңадан 239 азамат партия қатарына өтуге тілек білдіріп, салтанатты түрде барлығына партия билеттері табысталды.              

Елдігіміздің арқауына айналған Елбасы Жолдауынан туындайтын мақсат-міндеттерді лайықты жүзеге асыруда  «Нұр Отан» партиясының өзіндік үлес қосып келе жатқандығы баршаға аян. Партияның белсенді жұмысы бастауыш ұйымдардың қимылына қарай өрістеп отырады.    

Партияның маңызды жұмысының бірі қоғамдық қабылдау.

«Нұр Отан» партиясының Қоғамдық қабылдау бөлмесі жұртшылықпен арадағы үздіксіз байланысты қамтамасыз ететін бірден-бір көпір болып табылады. Бүгінде Қоғамдық қабылдау бөлмесіне 198 өтініш түсті. Оның ішінде жазбаша өтініш саны - 68, ауызша өтініш саны -113, телефон арқылы түскен өтініш саны - 16.

Келіп түскен өтініштер нәтижесінде:

Жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселері бойынша  - 34 оң шешім тапты. (17.1%)

Тұрғындарға құқықтық, заңгерлік кеңес беру бойынша - 112 азаматқа кеңес берілді. (56.5%)

 Жер телімдерін табыстау, тұрғын үй коммуналдық шаруашылық  мәселесі бойынша заң аясында -  52 азаматқа түсіндірме жұмыстары жүргізілді. (26.2 %)

Азаматтарды қабылдау кестесі ай сайын тұрақты түрде  аудандық «Жалағаш жаршысы» газетіне жарияланып отыр. Әр аптаның сәрсенбісінде мүмкіндігі шектеулі азаматтардың өтініштері бойынша партия филиалында «Ашық есік» күндері өтуде. Сонымен қатар еңбек ардагерлері, мүгедектер, көп балалы отбасылар, жалғыз басты аналарға көмек көрсетіліп келеді.

Жыл қорытындысы бойынша «Ең үздік қоғамдық қабылдау бөлмесі» Республикалық байқауының аймақтық кезеңі бойынша жүлделі II орын иеленді.

«Нұр Отан» партиясы Жалағаш аудандық филиалы жанындағы Жемқорлыққа қарсы іс – қимыл жөніндегі Кеңес жұмысына тоқталар болсақ:

 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы идеология мен жұмысты барлық деңгейдегі, оның ішінде жергілікті жердегі партиялық құрылымдарды да тарта отырып күшейтуде.

Осы мақсатта партия филиалы жанынан құрылған «Сыбайлас жемқорлыққа байланысты қоғамдық кеңес»  жемқорлықтың алдын алу және болдырмау мақсатында аудандық прокуратура, ішкі істер бөлімінің қызметкерлерімен бірлесе отырып кент орталығымен ауылдық округтерде көшпелі қабылдаулар өткізіліп келеді.

Сонымен қатар ай сайын тұрақты түрде аудандық прокуратура, Жалағаш АІІБ-нің учаскелік полиция қызметкерлері, аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің тілшілерімен бірге «Мүлдем төзбеушілік» қағидасын қалыптастыру, жасөспірімдердің түнгі жүрісін ырықтау, қоғамда орын алатын тәртіпсіздікті болдырмау жөнінде сауда орындарында болып, кент тұрғындарына құқықтық кеңестер беріліп келеді. 

 Партия филиалымен аудандық прокуратурасының бірлесіп ұйымдастыруымен «Тұрғындар мұқтажы басты назарда!» тақырыбында ауыл-аймақтан шалғай жерде орналасқан елді-мекенде мал шаруашылығымен отырған аудан тұрғындарға көшпелі қоғамдық қабылдау ұйымдастырылып,  өткізілді.

Шараның мақсаты тұрғындардың хал-жағдайларымен танысып, оларға түрлі құқықтық көмек және мектеп жасындағы балаларының оқумен толық қамтылуын анықтап, әлеуметтік көмекпен қамтылуы жайлы кеңестер беру, медициналық тексеруден өткізу және мәдени қызмет көрсету болып табылады.   

Елбасының «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» мақаласы аясында Әке мәртебесін көтерудегі тың бастама тақырыбында мектеп оқушыларының әкелерімен дөңгелек үстел өткізілді.

 «Ұлы Дала Қазынасы» партиялық бағыты аясында «Ұрпақтар сабақтастығы, балаларға қамқор болу, еңбексүйгіштік пен білімге құштарлықты қалыптастыру, отбасын нығайту мен қазақы салт дәстүрімізді сақтау» тақырыбында жас отбасылармен кездесулер өткізіліп келеді.

«Ұлы дала қазынасы» партиялық бағыты аясында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын жүзеге асыру мақсатында аудан бойынша 10-17 жас аралығында оқушылар арасында тоғызқұмалақтан сайыс өтті. 

Сәуір айында Аққұм ауылдық округіндегі ауылдық клубта «Ұлы Дала анасының қазіргі келбеті» тақырыбында  ой тастау алаңы өткізілді. Шараның мақсаты партияның саяси доктринасында ұлттық мәдениет пен дәстүрді дамыту стратегиялық басымдылық ретінде белгіленгендігін басшылыққа ала отырып, бұрынғы аналарымыз, апа-әжелеріміздің ажырамас бөлігіне айналған ақ жаулық орамалдың қадірі, қасиеті, пайдасы турасында тұщымды ой-пікірлер білдіріп мән маңызын жеткізе отырып осынау кейін қалып бара жатқан құнды әдет-ғұрпымызды қазіргі буынның жүрегіне жеткізіп, санасында ояту, сіңіру екенін айтып өтті. Сондай-ақ шарада қазіргі келіндердің жағымды және жағымсыз әркеттері туралы видеороликтер, қазақ қыз-келіншектерінің киім үлгілері көрсетілді .

«Ұлы дала қазынасы» партиялық бағыты бойынша «Ұрпақтар сабақтастығы» жобасы аясында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын талқылау мақсатында аудан ардагерлері мен жастары арасында кездесу болып өтті.

«Ұлы дала Қазынасы», «Бақытты отбасы-бақытты балалық шақ» партиялық жобалары аясында «Ақтерек» жазғы тынығу лагерінің бүлдіршіндерін Қорқыт ата мемориалды кешенінде «ЭКСПО-2017» мамандандырылған этноауыл көрмесімен таныстырып, Қорқыт ата кешеніне барып зиярат етіп қайтты. 

Ағымдағы жылдың  маусым айында партияның «Ұлы дала Қазынасы», «Бақытты отбасы  - балалық шақ» жобалары аясында «Ақтерек» сауықтыру лагерінде демалып жатырған тұрмысы төмен отбасы балаларына жазғы  демалыстарын қызықты ұйымдастыру, ұлттық салт-дәстүр, әдеп-ғұрып турасында ой бөлісу, ер балалар және қыз балалар тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі, жастарға ұлттық құндылықтардың ең маңыздысы ұлттық мәдениет пен салт-дәстүр, әдеп-ғұрыптардың мән-мағынасын ұғындыру және сақталуын насихаттау мақсатында тиімді ұйымдастырылып, балаларға қуаныш сыйлады.

«Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында аудан көлемінде жалғыз басты қарттарамыздың  отбасыларына барып, ерікті белсенді партия жастары үйінің ауласына тазалық жұмыстарын жүргізіп келеді.

Осы мақсатты жүзегі асыру шеңберінде: «Қайырымды жүрек – жомарт қол" «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында аудан орталығындағы жалғыз басты және әлеуметтік аз қамтамасыз етілген ана Құрманаева Рабиға апайдың отбасына партия филиалының «КРЭК филиалы» бастауыш партия ұйымының төрағасы, Ж.Тәттібаев ұжымның жұмысшы-қызметкерлерімен жомарттық танытып қысқы маусымға автокөлікпен отын түсіріп берді. т.б тұрмысқа күнделікті керекті азық түліктермен қамтамасыз етті.

«Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында «Қарттарым, аман-саумысың» акциясы бойынша Халықаралық қарттар күні мерекесіне орай, ардагерлерге медициналық, әлеуметтік көмек түрлері көрсетіліп, ардагерлерді құттықтап, оларға мықты денсаулық пен табыс тілеп, жастар тәрбиесі мен ардагерлер қозғалысы бағытындағы белсенді жұмыстары үшін алғыс хаттар табыс етіліп, сондай-ақ ардагерлерге сый-сияапаттар жасалды.

«Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында мүмкіндігі шектеулі жандарды бырыңғай тақырыптық қабылдау күні әр айда өткізіліп келеді.

 «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында ерекше қажеттілігі бар балалар арасында «Көңілді старт» атты спорттық ойын-түрлерінен жарыс  өткізілді.

«Бақытты отбасы - бақытты балалық шақ» партиялық жобасы аясында «Отбасылық құндылық – тәрбиенің қайнар көзі» тақырыбында жас отбасылармен кездесулер өткізіліп келеді.

«Бақытты отбасы-бақытты балалық шақ» партиялық жобасы аясында «Нұр Отан» партиясы Жалағаш аудандық филиалымен бастауыш партия ұйымдарымен «Жас Отан» Жастар қанаты және Жалағаш аудандық «Жастар ресурстық» орталығы КММ-сі бірлесіп үйі өртеніп кетіп, жаңадан кішкене ғана тұрғын үйі құрылысын салып, мектеп жасындағы баласымен бірге тұрып жатырған жалғыз басты ана Кенжебаева Ғазизаның үй құрылысына сылақ жұмыстарын жүргізуге асар ұйымдастырылып, көмек көрсетілді.Аудан кәсіпкерлері Б.Уызбаев, Д.Алтыбаев, М.Әбіловтер демеушілік жасап, баспанаға пластикалық терезелер салып берді.
«Бақытты отбасы – бақытты балалық шақ» партиялық жобасы шеңберінде «Баланы мектепке даярлайық» республикалық акциясы аясында  аудандық мәслихат депутаттары 20 оқушыға мектеп формаларымен қажетті оқу құралдарын табыстады.

«Сәтті қадам» партиялық жобасы аясында «Жолың болсын жас маман» тақырыбында аталған жобаны түсіндіру мақсатында мектеп бітіруші түлектермен кездесулер өткізіліп келеді.

Партия филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясының мақсаты мемлекеттік, үкіметтік және өңірлік бағдарламалардың іске асырылуын, сондай-ақ бюджет қаражатының пайдаланылуын партиялық бақылауды жүзеге асыру болып табылады.

Партиялық бақылау комиссиясы  аудан көлемінде мемлекеттік бағдарламалар аясында жүргізілген құрылыс нысандарына бақылау жасап, тұрақты түрде рейд жұмысын жүргізіп келеді.

Осы орайда бүгін «Нұр Отан» партиясы Жалағаш аудандық филиалының партиялық бақылау комиссия мүшелері Мәдениет ауылдық округінде жаңадан салынып жатқан балабақшамен ауылдық мәдениет Үйінің құрылыс нысандарына болып, құрылыс нысандарының сапалы болуын, және құрылыс жұмыстарына жергілікті жұмыссыз азаматтарды жұмысқа тартылуын тапсырды.     

Елбасы Н.Назарбаев мүмкіндігі шектеулі жандардың қоғам өміріне белсенді араласуына жағдай жасап, олардың құқықтарының қорғалуы төңірегінде заңнаманың сақталуын барлық құзырлы органдарға міндеттеген болатын. Бақылаудың мақсаты – ғимараттың әлеуметтік инфрақұрылымына қоғамдық-партиялық мониторинг жүргізу арқылы, барлық топтағы мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін қолжетімді орта қалыптастыру.

Жалағаш ауданы Қаракеткен, Шаменов ауылдық округтерін сумен жабдықтау жүйелерін қайта жаңғырту және кеңейту жұмыстарына бақылау жасап, жұмысымен танысты.Сонымен қатар партиялық мониторингтеу және бақылау тобы Қ.Қазантаев атындағы аудандық Мәдениет Үйіне жүргізіліп жатырған күрделі жөндеу жұмыстарына бақылау ұйымдастырылып жүргізілді. 

Осы тұрғыда партияның «Кедергісіз келешек» жобасы аясында "Нұр Отан" партиясы Жалағаш аудандық филиалынан құрылған Қоғамдық бақылау жұмыс тобы мүшелері «Нұр Отан» партиясы Жалағаш аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қ.Мұстафаева, аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Э.Құттымбетова, аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімінің техник маманы Т.Нурмагамбетовтер, Жалағаш кенті орталығындағы әлеуметтік нысандарға (Аудандық Мәдениет Үйі, №246 орта мектеп, Жалағаш ауыз су кәсіпорыны, Халық банкі Жалағаш филиалы,) барып, мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін бейімделігіне тексеру жұмыстарын жүргізіп, ғимаратқа кіретін арнайы пандустардың талапқа сәйкес келмейтіндігі анықталып, мекеме басшыларына ескерту ұсыныстары берілді.

"Үздік бастауыш партия ұйымы" республикалық байқауының екінші кезеңіне сәйкес Қызылорда облысынан І санат бойынша 1-орынды Жалағаш аудандық партия филиалының "Таң ауылдық округі" бастауыш партия ұйымы,ІІІ санат бойынша 2-орынды "Дарын" бастауыш партия ұйымы жеңіп алып, Таң ауылдық округі БПҰ Республикалық байқауға қатысуға жолдама алды.

 Кадрлық резерв жұмысы

«Нұр Отан» партиясы Төрағасы Бірінші орынбасарының 2016 жылғы 26 шілдесіндегі бұйрығымен партияның «Кадрлық резерв» Ережесі бекітілген болатын. Мақсат - өкілдік және партиялық органдарға, партия филиалдарының аппараттарына кадрларды ұсыну үшін партиялық кадрлық резерв құрамын сапалы қалыптастыру.

«Нұр Отан» партиясының партиялық кадрлық резервін қалыптастыру жұмысы 2016 жылдың желтоқсан айында басталып, барлығы 36 адам құжаттар өткізіп, 13 адамның кандидатурасы бекітілген болатын.

2017 жылдың алты айдың бағалау нәтижесінің қорытындысы бойынша партия филиалының  кадрлық резервінде 11 адам қалды.  Оның ішінде әйелдер - 5.

 Аудандық партия филиалында партиялық кадрлық резерві бойынша тіркеуде тұрған партия мүшелерінің тізімі

Аты – жөні, тегі

Туған жылы, айы, күні

Негізгі жұмыс орны

Аймақтық деңгейде

1

Бекжанов Алиби Бакытбекович

1973.03.09

«Ер – Әлі» шаруа қожалығының төрағасы

2

Мустафаева Каншагуль Шонмурыновна

1964.01.05

«Нұр Отан» партиясы Жалағаш аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары

Аумақтық деңгейде

1

Құттымбетова Эльмира Мергенбайқызы

1972.02.23

«Жалағаш аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және хал актілерін тіркеу бөлімі» коммуналдық мекемесінің басшысы

2

Қалжанов Бауыржан Аманбекұлы

1988.08.31

№34 Ә.Бердаулетов атындағы орта мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орныбасары

3

Маратқызы Нұрсұлу

1980.03.05

«Жалағаш аудандық қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы

4

Садыков Талгат Куракбаевич

1980.05.23

Жалағаш аудандық білім бөлімінің №201 мектеп-лицей КММ-нің директоры

5

Дузелбаева Салтанат Берикбаевна

1969.01.21

Жалағаш кенті әкімі аппаратының «Арай» бөбекжай КМҚК-ның меңгерушісі

6

Шоменова Лайла Шарипканиевна

1976.04.11

Жалағаш аудандық білім бөлімінің «Темірбек Жүргенов атындағы №123 мектеп-лицей» КММ-нің директоры

7

Телибаев Галымжан Куанышович

1978.09.07

«Жалағаш аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы

 

«Жас Отан» Жастар қанаты аудандық бөлімшесі

Еліміздің болашағы – жастармен жұмыс нығайтылып, жастар саясатын нәтижелі жүргізу өз жемісін беруде. Қазір «Жас Отан» жастар қанатының белсенділігі артып, жастар көшбасшысы атанып отыр.

 «Нұр Отан» партиясының «Ардагерлерді ардақтайық», «Кедергісіз келешек», «Бақытты отбасы – бақытты балалық шақ» партиялық жобалары аясында аудан жастарын жақынына мейіріммен қарау, қамқорлық көрсету, аудандағы мүмкіндігі шектеулі жандарды қоғамға бейімдеу, қол көмек беру  мақсатында белсенді, ерікті жастардың бастамасымен аудандағы тыл ардагерлері, жалғыз басты қарттар мен мүмкіндігі шектеулі азаматтардың үйіне қолғабыс жасап, үй шаруашылығына көмек беріп, үлкендер батасын алуда.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар; рухани жаңғыру» мақаласы аясында Тұрмағамбет Ізтілеуұлының тұлғасын, өнегелі өмірімен шығармаларын насихаттау арқылы көркем әдебиетті жандандыру мақсатында «Тау тұлға Тұрмағамбет жыры- мәңгілік елдің төрінде!» тақырыбындағы» сыр сүлейі, шайыр Тұрмағамбет Ізтілеуұлының өлеңдерін оқудан колледж студенттерімен аудан мектептеріндегі 8-11 сынып оқушылары арасындағы аудандық «Көркем сөз оқу шеберлерінің арасында сайыс болып өтті.

«Жас Отан» жастар қанаты: Қазақстан халқының арасында танымал әрі қажет етілетін, кеңінен қолдау тапқан жобаларды: «Сәтті қадам»,«Жастар – Отанға!» және нашақорлықпен күреске, жастар кәсіпкерлігіне көмек көрсетуге, ардагерлерге қамқорлық жасауға бағытталған және басқа да республикалық іс-шаралар өткізіліп келеді. Жалағаш ауданы бойынша 14 пен 29 жас аралығында 600 жас тіркелген.

Партияның «Сәтті қадам» жобасы аясында білім беру ұйымдарында 12 рет жоғарғы сынып оқушыларына «Жақсы мамандық – жақсы жұмыс тақырыбында түсіндірме кеңестер, «Елбасының "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" атты мақаласын талқылау мақсатында партия филиалымен, аудандық ішкі саясат бөлімі, жастар ресурстық орталығы мамандарымен бірлесіп барлық ауылдық округтерде ауыл жастарымен кездесуі болып өтті.  

«Жастар Отанға» партиялық жобасы аясында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын талқылау мақсатында кент орталығындағы №202 орта мектепте жастармен кездесу өткізілді.

«Жас Отан» Жастар қанаты ұйымының жұмыстарын жетілдіру» тақырыбында аудан жастарының қатысуымен семинарлар болып өтті.

 «Сәтті қадам» жобасы аясында аудан жастарымен жүйелі жұмыстар жүргізіп, мектеп оқушыларымен арнайы дөңгелек үстелдер өткізіліп келеді. 

Сонымен қатар Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында Жалағаш ауданы аймағында орналасқан көне Жент қаласына саяхат жасады. Саяхаттауға белсенді «Жас Отан» Жастар қанатының мүшелері мен облыстық, аудандық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері барды.

Сондай-ақ  «Ұрпақтар сабақтастығы» жобасы аясында, жас буын алдыңғы буын ағалармен кездесіп, өзара келісім мен татулыққа, өткеннің өнегесін, бүгіннің үлгісін, келешектің кемел ісін баянды ету мақсатында ауданның дуалы ауызды ардагерлерімен кездесу болып, ұрпақтар сабақтастығын сақтау, рухани-адамгершілік құндылықтар, білім, өмірлік философия, қазақ халқының мәдени, тілдік ерекшеліктері төңірегінде пікір алмасылды. 

Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімімен «Жас Отан» Жастар қанатының жанынан құрылған «Таза тіл» еріктілер тобы тоқсанына бір рет ақпараттық-насихаттық жұмыстарын жүргізіп келеді. 

Рейд жұмысында Жалағаш кенті орталығында орналасқан сауда және басқа да жеке меншік нысандарды аралап, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шілдедегі №151 «Тіл туралы» Заңының 21-бабының талаптарына сай келмейтін кәсіпкерлік нысандар мен ойын-сауық, сауда және басқа да жеке меншік нысандарға түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, нәтижесінде заң аясынан алшақ кетпей, жарнамаларды дұрыс әрі қатесіз жазу жөнінде нысан қожайындарына ескертулер берілді.

 

 

Кіру