Русский Қазақша

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

ІЗДЕУ
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Инфрақұрылым
Қоғам
Мем. қызметтер
Байланыс
Әкім блогы
Анықтама
Сайт картасы Аудан әкімі аппараты
Билік
Құқық
Экономика
Басты бет Бизнес Ауыл шаруашылығы

Ауыл шаруашылығы

2017 жылдың І жартыжылдығында ауыл шаруашылығы саласы бойынша атқарылған жұмыстар.

Егін шаруашылығы

Үстіміздегі жылы аудан бойынша 22465 гектар күріш, 604 гектар жаздық бидай, 20 гектар арпа, 811 гектар мақсары, 900 гектар картоп, 700 гектар көкөніс, 1000 гектар бақша, 3500 гектар жаңа жоңышқа егіліп, 5900 гектар ескі жоңышқа күтімге алынды.

Қазіргі таңда егілген 22465 гектар күріштің 18000 гектары арам шөптерге қарсы гербицидтермен өңделіп, 12000 гектары үстеп қоректендірілді. 5900 гектар ескі жоңышқаның 400 гектары тұқымға қалдырылып, 5500 гектары 1 орымға толық орылып, әр гектардан 18,3 ц/га 10 065 тонна жоңышқа шөбі жиналды. Ескі жоңышқаның екінші орымы басталып, жұмыстар жүргізілуде.

Аудан бойынша 2017 жылы орналасқан егіс көлемі

Дақылдар атауы

2017 жылғы болжам, га

Нақты егілгені,га

Орындалу (%)

1

Жаздық бидай

400

604

137,5

2

Күріш

18100

22465

124,1

3

Арпа

20

100,0

4

Мақсары

1200

811

66,7

5

Жаңа жоңышқа

3500

3500

100,0

6

Ескі жоңышқа

5900

5900

100,0

7

Картоп

900

900

100,0

8

Көкөніс

700

700

100,0

9

Бақша

1000

1000

100,0

Барлығы

31700

35900

113,2

«Магро» фермер қожалығы 2017 жылы 100 гектар қауын, 5 гектар көкөніс дақылдарын егіп, бүгінгі күні вегетациялық өсу кезеңіне сәйкес, алқашқы егілген үлбір асты (под пленкой - 50 га) бақша дақылын жинаудың бірінші кезеңі басталуда. Меже бойынша қауынның алғашқы өнімін Ақтөбе, Атырау, Астана қалаларына жөнелту жоспарлануда.

2017 жылдың егісі үшін 6562 тонна аммоний сульфаты, 4185 тонна карбамид, 2613 тонна аммофос минералдық тыңайтқыштарына, 81,7 кг Гулливер, 2480 литр Солито, 15102 литр Рейнбоу, 87 литр Номини гербицидтерімен толықтай қамтамасыз етілді.

Үстіміздегі жылдың егісі үшін құйылған 5792 тонна күріш тұқымы толық I-II класты себу дәрежесіне жеткізіліп себілді.

2017 жылдың егісіне құйылған тұқым мәліметі

р/с

Дақыл атауы

Қажеті, тонна

Себу дәрежесіне жеткізілгені, тонна

Орындалу пайызы

1

Күріш

5100

5792

113,6

2

Жаздық бидай

63

112

177,8

3

Мақсары

24

26

108,3

4

Жаңа жоңышқа

33,5

33,5

100,0

Себілетін күріш тұқымының репродукциясы, сорты.

Күріш тұқымы

Сорттары б/ша

Элита,тн

I-репр,тн

II-III репр,тн

лидер

янтарь

Фаворит

1

593

3105

2094

4288

960

544

Аудан бойынша басым дақылдарды субсидиялауға 115 шаруашылық 318 258 000 теңге, тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға 32 шаруашылық 162 698 282 теңге, минералдық тыңайтқышқа 67 шаруашылықтан субсидия алуға өтінім беріліп, 242 835 530 теңге қаржы игерілді.

2017 жылға Жалағаш ауданына барлық бөлінген су лимиті 1098,96 мың текше метр, оның ішінде 200,00 мың текше метр су экологиялық қажеттілікке, қалған 889,67 мың текше метр су егістікке бөлінген.

Қазіргі уақытқа бөлінген су лимитінің 638,094 мың текше метр су көлемі таратылды, оның ішінде 106,49 мың текше метр су экологиялық қажеттілікке, 531,604 мың текше метр су егістікке. Аудандағы 156 су тұтынушы шаруа қожалықтары мамыр, маусым айларына 164,554 млн. тенгені құрайтын су мөлшерін пайдаланған, алайда аталған сомманың 86,809 млн.тенгесі төленген.

2015 жылы басым дақылдарды өндіруді субсидиялауға 19 ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері су пайдаланушылардың селолық тұтыну кооперативінің мүшесі болмағандығы анықталғандықтан төленген қаржының 50 пайызын қайтаратын шаруашылықтар тізімі.

Шаруашылық атауы

Төленген субсидия көлемі

Қайтаратын көлемі

1

Ақсу ШҚ

2 576 000

1 288 000

2

Бәйтерек ШҚ

345 000

172 500

3

Ертілеуов ШҚ

529 000

264 500

4

Талап ШҚ

2 875 000

1 437 500

5

Ибраев Б ФҚ

437 000

218 500

6

Ақарық ФҚ

345 000

172 500

7

Аламесек А ФҚ

2 024 000

1 012 000

8

Айнаш ШҚ

1 150 000

575 000

9

Тайжан ШҚ

2 300 000

1 150 000

10

Тәуекел ШҚ

989 000

494 500

11

Марқабай ШҚ

115 000

57 500

12

Бекарыс ФҚ

897 000

448 500

13

Баубек ШҚ

1 564 000

782 000

14

Кеңес ШҚ

322 000

161 000

15

Сұңғат ШҚ

2 001 000

1 000 500

16

Ақнұр ШҚ

644 000

322 000

17

Төремұрат ШҚ

1 288 000

644 000

18

Абуов ФҚ

1 426 000

713 000

19

Бақдаулет 57 ШҚ

1 610 000

805 000

Барлығы

23 437 000

11 718 500

Осыған байланысты облыстық ауыл шаруашылығы басқармасынан қаржыны қайтару үшін есепшот нөмірі алынып, тиісті шаруашылықтарға жолданып, жұмыстар ұйымдастырылуда.

Мал шаруашылығы

2017 жылдың 1 шілдесіне аудан көлемінде барлығы 33619 бас мүйізді ірі қара , 67989 бас уақ мал , 10959 жылқы , 442 бас түйе , 235 бас шошқа , 7019 бас құс өсірілуде. Өткен жылмен салыстырғанда мал басы МІҚ 106,6 %, жылқы 105,0%, түйе 107,8%, қой 100,0%, ешкі 103,0 % , құс 97,3% орындалды.

Барлығы 1417,3 тн (тірілей салмақта) ет , 4382,2 тн сүт ,103,2 мың дана жұмыртқа өндірілді. Өткен жылмен салыстырғанда ет 103,0 пайызға , сүт 100,6 пайызға ,жұмыртқа 101,1 пайызға орындалды.

Облыстан “Сыбаға”, “Құлан”, “Алтын асық” бағдарламалары аясында 2017 жылы сатып алынатын мал саны жоспары белгіленіп, жұмыстар жүргізілуде. (Сыбаға бойынша 262 бас аналық сиыр, 9 асыл тұқымды бұқа, Құлан 63 бас бие, 5 айғыр, Алтын асық 125 бас аналық қой, 5 бас асыл тұқымды қошқар) Бүгінгі күнге “Сыбаға” бағдарламасымен Бұқарбай батыр ауылдық округінен “Фарида” ШҚ-ы “Ауыл кредиттік серіктестігі ” ЖШС-нан 7,5 млн теңге несие алып 2 бас асыл тұқымды бұқа мен 48 бас аналық , “Құлан” бағдарламасымен Жалағаш кентінен “Төлеген” ЖК 7,0 млн теңге несие алып 2 бас асыл айғыр мен 20 бас бие , “Жарқынай” ШҚ-ы 10,0 млн теңге несие алып 3 бас айғыр мен 35 бас бие , «Агронесие корпорациясы» АҚ-нан «Малқаждар» ШҚ-ы 12,0 млн теңге несие алып 3 бас асыл тұқымды айғыр мен 37 бас бие сатып алып жұмыстарын жүргізуде. «Алтын асық» бағдарламасымен Таң ауылдық округінен «Доспанов КС» ЖК өз қаражатымен Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы Әбіл ШҚ-нан 7 бас асыл тұқымды «Қазақтың ірі қылшық жүнді құйрықты» қошқарын сатып алып 190 бас жергілікті аналықты ИСЖ, ИАС бағдарламаларына енгізіп жұмыс жасауда.

«Сыбаға» бағдарламасы жыл басынан 18,3 пайызға, «Құлан» 146,0 пайызға, «Алтын асық» 140 пайызға орындалды.

«Аққұм» ауылдық округінде орналасқан «Бақдаулет-57» ШҚ ет бағытындағы «қазақтың ақбас» тұқымды асыл тұқымды шаруашылық статусын алды.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес 2017 жылы Үкімет тарапынан берілетін жеңілдіктер мал шаруашылығымен айналысатын ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің облыстық ауыл шаруашылығы басқармасына электронды түрде берген өтінімдеріне сәйкес шаруашылықтардағы мал басы тексеріліп 34 шаруашылықтың сатып алған 53 бас асыл тұқымды бұқасының, 7 шаруашылықтың 347 бас аналығының субсидиясы төленген.

Аудан бойынша 2017 жылы «Сыбаға» бағдарламасы жұмыс жасап жатқан шаруашылықтар туралы мәлімет

Шаруашылық аты

а/о

Несие берген ұйым атауы

Алған несие көлемі, млн теңге

Алынған мал басы

Асыл тұқымды бұқа

аналық

1

«Фарида» ШҚ

Бұқарбай

Ауыл КТ серіктестігі ЖШС

7,5

2

48

Барлығы

7,5

2

48

Аудан бойынша «Құлан» бағдарламасымен жұмыс жасап жатқан

шаруашылықтар туралы мәлімет

Шаруашылық аты

а/о

Несие берген ұйым атауы

Алған несие көлемі, мың теңге

Алынған мал басы

Асыл тұқымды айғыр

бие

ЖК «Төлеген»

Жалагаш кенті

«Ауыл кредиттік серіктестігі»ЖШС

7,0

2

20

«Жарқынай» ШҚ

Таң

«Ауыл кредиттік серіктестігі»ЖШС

10,0

3

35

«Малқаждар» ШҚ

Ақсу

«Агронесие корпорациясы» АҚ

12,0

3

37

Барлығы

29,0

8

92

Аудан бойынша «Алтын асық» бағдарламасымен жұмыс жасап жатқан

шаруашылықтар туралы мәлімет

Шаруашылық аты

а/о

Несие берген ұйым атауы

Алған несие көлемі, мың теңге

Алынған мал басы

Асыл тұқымды қошқар

саулық

«Доспанов КС»т ЖК

Таң

Өз қаражаты

7

190

Барлығы

7

190

Кооперативтер туралы

Аудан бойынша биылғы жылы 146 шаруашылықтың бірігуімен 39 кооператив құрылып барлығы 1322 адам жұмыспен қамтылып отыр. Оның ішінде тікелей егін шаруашылығымен 21 кооператив, 4 кооператив егін және мал шаруашылығымен, 3 кооператив мал шаруашылығымен (14 отбасы бірігуімен),11 кооператив аралас ауыл шаруашылығымен айналысады.

Оның ішінде: «Бірлестік Қаракеткен» АӨК, 21 жанұяның бірігуімен 21 адамды жұмыспен қамтып отыр. Кооператив МІҚ малын асылдандыру жұмысымен айналысуды жоспарлап отыр.Қаракеткен ауылдық округі «Қилыбай» учаскесінен 200 гектар жайылымдық, шабындық жер алу үшін 2017 жылдың 26 сәуірінде өтетін аукционға қатысады. АШҚҚҚ АҚ-нан 18 млн теңге несие алуға құжаттарын дайындаған. (АҚ құжаттарды маусым айында қабылдайтындығын айтып кері қайтарған.)

«Табыс» АӨК 26 отбасының бірігуімен құрылып 26 адамды жұмыспен қамтып отыр. Кооператив АШҚҚҚ АҚ-нан 53,8 млн теңге несие алып, алынған несиеге 618 МІҚ сатып алу жұмыстарын жүргізуде. 309 бас МІҚ маусым айында, 309 басты желтоқсан айында етке өткізеді.

Осы кооперативтерге біріккен егінмен айналысатын шаруашылықтар басым дақылдарға Үкімет тарапынан берілетін жеңілдіктерді (субсидия) 100 % алды. Кооперативке бірікпеген шаруашылықтарға осы жеңілдіктерді 50 % берілді. Бұл да кооперативке біріктірудің Үкімет тарапынан қойылған талаптарының бірі.

Су шаруашылығы

2017 жылға Жалағаш ауданына барлық бөлінген су лимиті 1098,96 мың текше метр, оның ішінде 200,00 мың текше метр су экологиялық қажеттілікке, қалған 889,67 мың текше метр су егістікке бөлінген.Қазіргі уақытқа бөлінген су лимитінің 638,094 мың текше метр су көлемі таратылды, оның ішінде 106,49 мың текше метр су экологиялық қажеттілікке, 531,604 мың текше метр су егістікке. Аудандағы 156 су тұтынушы шаруа қожалықтары мамыр, маусым айларына 164,554 млн. тенгені құрайтын су мөлшерін пайдаланған, алайда аталған сомманың 86,809 млн.тенгесі төленген.

Дипломмен ауылға

Жалағаш аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі арқылы 2017 жылдың 01 маусымына Жалағаш ауданы бойынша 38 маманға (120 834 500 мың тг) тұрғын үй несиесі, 23 маманға (3 653 090 мың тг) көтерме жәрдемақы түріндегі әлеуметтік қолдау шарасы көрсетілді.

Қазіргі таңда аудан бойынша жәрдем ақы алатын 365 маман тіркеліп, оған 58,0 млн.теңге қаржы қажет.

2010-2016 жылдар аралығында берілген бюджеттік несиенің «Ауылдық елді мекендердің әлеуметтік сала мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін бюджеттік кредиттер» бағдарламасы бойынша сенім білдірген өкіл мен сенім білдірушінің арасындағы жасалған Тапсырыс шартының 3 тарауына сәйкес «Сенім білдірген өкілдің қызметтерін төлеу» бойынша 3 пайыздық операциялық шығындарды өтеу соммасы қазіргі уақытқа дейін 35,0 млн. теңге көлемін құрап отыр.




Жалағаш ауданы бойынша егін шаруашылығы саласында 2017 жылдың 3 айында атқарылған жұмыстар туралы анықтама


Жалағаш ауданы бойынша 2017 жылы орналасатын егіс көлемі

Дақылдар атауы

Егіс көлемі,га

1

Жаздық бидай

400

2

Күріш

18100

3

Мақсары

1200

4

Жаңа жоңышқа

3500

5

Ескі жоңышқа

5900

6

Картоп

900

7

Көкөніс

700

8

Бақша

1000

Барлығы

31700

Қазіргі таңда 2480 гектар жаңа жоңышқа, 400 гектар жаздық бидай, 300 гектар мақсары дақылдары егіліп, 3085 гектар ескі жоңышқаны тырмалау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

2017 жылдың егісі үшін 6562 тонна аммоний сульфаты, 4185 тонна карбамид, 3030 тонна аммофос минералдық тыңайтқыштарына, 248,5 кг Гулливер, 2945 литр Солито, 12897 литр Рейнбоу, 335 литр Номини гербицидтеріне сұраныс беріліп, 5683 тонна аммоний сульфаты, 2998 тонна карбамид, 1608 тонна аммофос алынды.

р/с

Минералдық тыңайтқыштар атауы

Қажеті, тонна,

Нақты алынғаны

Орындалу пайзы

1

Аммоний сульфаты

6562

5683

86,6

2

Карбамид

4185

1966

71,6

3

Аммофос

3030

1608

53,1

р/с

Гербицидтер атауы

Қажеті, кг/литр

Нақты алынғаны

Орындалу пайзы

1

Гулливер

248,5

2

Солито

2945

3

Рейнбоу

12897

4

Номини

335

Келесі жылдың егісі үшін 5100 тонна күріш, 63 тонна жаздық бидай, 24 тонна мақсары, 56 тонна жоңышқа тұқымдары құйылды. Қазіргі таңда тұқым тазалау жұмыстары жүргізілуде.

Аудан бойынша көктемгі дала жұмыстарына ауыл шаруашылығы техникаларының дайындығы жөніндегі мәлімет.

Трактор

Соқа

Тұқым сепкіш

Автомашина

Трактор тіркемесі

бары

дайыны

%

бары

дайыны

%

бары

дайыны

%

бары

дайыны

%

бары

дайыны

%

388

380

97,3

91

89

97,8

35

34

97,1

100

97

97

159

156

98,1



Жалағаш ауданы бойынша 2017 жылдың І тоқсанына мал шаруашылығы саласы бойынша атқарылған жұмыстар.


2017 жылдың 1 наурызына аудан көлемінде барлығы 31945 бас мүйізді ірі қара, 56692 бас уақ мал, 10913 жылқы, 419 бас түйе, 223 бас шошқа, 7659 бас құс өсірілуде. Өткен жылмен салыстырғанда мал басы МІҚ 109,2 %, жылқы 112,7%, түйе 114,5%, қой 102,6%, ешкі 101,8 %, құс 100,5% орындалды.

Барлығы 491,32 тн (тірілей салмақта) ет, 1085,5 тн сүт, 29,1 мың дана жұмыртқа өндірілді. Өткен жылмен салыстырғанда ет 102,2 пайызға, сүт 102,6 пайызға,жұмыртқа 103,2 пайызға орындалды.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 19.11.2014 жылғы № 3-1/600 «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген қағидасына сәйкес ауданның ауыл шаруашылығы бөлімі аудан әкімдігінің интернет-ресурсына және ауданның «Жалағаш жаршысы» газетіне субсидиялауға арналған өтінімдерді қабылдаудың басталғаны туралы хабарландыру орналастырды.

2017 жылғы 26 қаңтардағы облыс әкімінің «2017 жылға арналған асыл тұқымды мал шаруашылығын өнімділігі мен өнім сапасын арттыруды субсидиялау туралы» № 700 қаулысы қабылданды.

Облыстан “Сыбаға ”, “Құлан”, “Алтын асық” бағдарламалары аясында 2017 жылы сатып алынатын мал саны жоспары белгіленіп, жұмыстар жүргізілуде. (Сыбаға бойынша 262 бас аналық сиыр, 9 асыл тұқымды бұқа, Құлан 63 бас бие, 5 айғыр, Алтын асық 125 бас аналық қой, 5 бас асыл тұқымды қошқар) Бүгінгі күнге “Сыбаға” бағдарламасымен Бұқарбай батыр ауылдық округінен “Фарида” ШҚ-ы “Ауыл кредиттік серіктестігі ” ЖШС-нан 7,5 млн теңге несие алып 2 бас асыл тұқымды бұқа мен 60 бас аналық, “Құлан” бағдарламасымен Жалағаш кентінен “Тілеген” ЖК 20 бас бие мен 2 бас асыл айғыр сатып алынды.

Мал шаруашылығы саласы бойынша алда тұрған міндеттер

1.Асыл тұқымды мал санын көбейту арқылы мал шаруашылығыөнімдерінің өндірісін арттыру;

2.Ауыл шаруашылығы құрылымдары өндіретін өндірістің жалпы көлемінен мал шаруашылығы өнімдерінің: еттің, сүттің,жұмыртқаның, жүннің үлес салмағын арттыру;

3.Асыл тұқымды шаруашылықтар-репродукторларды құру;

4. Үй іргелік шаруашылықтар есебінен отбасыларды біріктіре отырып мал шаруашылығымен айналысатын ауылшаруашылығы өндірістік кооперативтерін құру

5.Егін шаруашылығымен айналысатын ірі ауыл шаруашылық құрылымдарының мал шаруашылығымен айналысуына жұмыстар ұйымдастыру;

Аудан бойынша 2017 жылы «Сыбаға» бағдарламасы жұмыс жасап жатқан шаруашылықтар туралы мәлімет

Шаруашылық атауы

а/о

Несие берген ұйым атауы

Алған несие көлемі, млн теңге

Алынған мал басы

Асыл тұқымды бұқа

аналық

1

«Фарида» ШҚ

Бұқарбай

Ауыл КТ серіктестігі ЖШС

7,5

2

60

Барлығы

7,5

2

60

Аудан бойынша «Құлан» бағдарламасымен жұмыс жасап жатқан шаруашылықтар туралы мәлімет

Шаруашылық атауы

а/о

Несие берген ұйым атауы

Алған несие көлемі, мың теңге

Алынған мал басы

Асыл тұқымды айғыр

бие

ЖК «Төлеген»

Жалагаш кенті

«Ауыл кредиттік серіктестігі»ЖШС

2

20



Жалағаш ауданының ауыл шаруашылығы саласы бойынша атқарылған жұмыстар (2016 жыл қорытындысымен)


«Агробизнес-2020» бағдарламасының екінші кезеңі 2016 – 2020 жылдар, екінші кезеңде ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндіріс көлемін елеулі түрде өсіру, барлық негізгі тамақ өнімдері бойынша Қазақстанның импортқа тәуелділігін қысқарту, экспорттық әлеуетті іске асыру болып табылады.

Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарынан туындайтын тапсырмаларды, мемлекеттік бағдарламаларды және аудан әкімінің 2016 жылға арналған іс-қимыл жоспарын жүзеге асыру мақсатында ауданда біршама жұмыстар атқарылды.

Ауданымыздың экономикалық өсуді қамтамасыз етуге және әлеуметтік проблемаларды шешуге бағытталған жұмыстар үзіліссіз жүргізіліп, нәтижесінде экономикада тұрақты өсім қалыптасып, даму көрсеткіштері артты.

2016 жылы өнеркәсіп өнімдерін өндіру 109,8 пайыз болып 3,2 млрд теңгеге жетті. Оның ішінде күріш өнімін өңдеу өнеркәсібі 111,0 пайыз.

2016 жылы аудан бойынша ауыл шаруашылығы саласының жалпы өнімі 12 586,2 млн теңге оның ішінде егіншілік саласы бойынша 8 855,9 млн, мал шаруашылығы саласы бойынша 3 637,6 млн теңге, бұл өткен 2015 жылмен салыстырғанда 101,2 % құрады.

2016 жылы ауданда барлығы 33 215,7 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егілді. Әртараптандыру мақсатында 2015 жылы орналастырылған егіс көлемімен салыстырғанда күріш көлемі 5 пайызға немесе 923 гектарға азайтылып, жаздық бидай көлемі 276 гектарға, мақсары 827 гектарға, жаңа жонышқа 300 гектарға көбейтілді.

2016 жылдары мемлекет тарапынан егін шаруашылығын субсидиялауға барлығы теңге 780 млн 586 мың 358 теңге көлемінде жеңілдіктер берілді. Оның ішінде минералдық тыңайтқыштарға 159 млн 301 мың 315теңге, гербицидтердің құнын арзандатуға 139 млн 605 мың 943теңге, өсімдік шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруға 415 млн 303 мың 742 теңге, тұқым шаруашылығын дамытуға 3 млн 928 мың ,суармалы суды жеткізіп беру қызметтер құнын арзандатуға 62 млн 447 мың 358 теңге.

2016 жыл нәтижесінде негізгі дақыл күріш 19512 гектарға егіліп, әр гектардан орташа есеппен 57,3 центнерден 111897 тонна өнім алынды. Сонымен қатар бидай, арпа, сұлы, мақсары, мал азығындық және бақша, картоп , көкөніс дақылдарынан межелі өнім алынды.

Бақша ,картоп, көкөніс дақылдарын өндірістік негізде дамыту үшін Жаңадария ауылдық округінен «АгроЭкоПродукт» ЖШС 53 гектар жерге картоп, «MAGRO» фермқожалығы 62 гектар жерге бақша, 12 гектар картоп, 1,5 гектар көкөніс дақылдарын орналастырды. Бақша дақылдарынан 1 гектардан 200 центнерден 1240 тонна жалпы өнім алынды. Ауданда алғаш рет алынған қауын өнімінің 534 тоннасы Ресей Федерациясына, 20 тоннасы Қырғызстанға экспортқа шығарылса, 20 тоннасы Павлодар, 20 тоннасы Ақтөбе облыстарына сатылды.

«Таң ЛТД» ЖШС 2016 жылы 5500 тонна күріштің Лидер, Фаворит сорттарының І-репродукциясы өндірілді. 3200 тоннасы «АгроХолдинг Байқоңыр» ЖШС-не сатылды. 2300 тонна тұқым шаруашылықтарға сатылуда.

Ауданның ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері бойынша «КазАгроҚаржы» АҚ-ы арқылы 2014-2016 жылдары барлығы 68 ауыл шаруашылығы техникалары алынса, өз қаражаттарымен осы жылдар аралығында 79 ауыл шаруашылығы техникалары сатып алынған.

Аудан бойынша суармалы жердің пайдалану көрсеткіші жақсы, Қазақстан Республикасының жер кодексі талаптарына сәйкес ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер пайдаланушылардың жер учаскелерін ұтымды пайдалану және жер учаскесін жалған беру туралы шартта көрсетілген талаптарының нысаналы мақсатына сай пайдаланылып келеді.

Жалпы аудан бойынша ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер 335214 гектар, оның ішінде: 29997 гектар егістік, 9786 гектар тыңайған жерлер, 6514 гектар шабындық, 2417548 гектар жайылымдық, басқа алқаптары 41369 гектар.

Егістік жерлерді айналымға алу барысына байланысты 2016 жылы босалқы жер санатынан жылпы көлемі 7235 гектар ауыл шаруашылығы айналымына енгізілді, оның ішінде: 222 гектар егістік , 335 гектарт тыңайған, 11 гектар шабындық, 5493 гектар жайылымдық, басқа алқаптары 1174 гектар.

Аудан аумағындағы дақылдарды орталастыру инженерлік тұрғыда әзірленген суармалы жерде дақылдарды кезектестіру (ротациялау) схемасы бойынша жүргізілуде.

Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 35,36 қадамдарында жер мәселесіне байланысты нақты бағыттар айқындалып көрсетілген. Жер біздің басты байлығымыз. Оны күтіп-баптап, тиімді пайдалану әрбір азаматтың міндеті.

Ауыл шаруашылығымен айналысатын тұлғаларға барынша қолдау көрсетіп, қажетті жер учаскелерімен қамтамасыз ету, оның тиімді пайдаланылуы басты назарымызда.

Ауыл шаруашылығы жерлерін тиімді пайдалану мақсатында 2016 жылы жалпы көлемі 7235 гектар жер учаскелері сауда-саттық арқылы жалға берілді.

Сонымен қатар пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы жерлерінің мемлекет қорына қайтарылып алынуын бағытында жұмыстар атқарылды.

2016 жылы пайдаланылмай бос жатқан жалпы көлемі 442 гектар жер жалға беру шарттарын біржақты бұзу арқылы мемлекетке қайтарылды.

Аудан көлеміндегі инженерлік тұрғыда әзірленген егістік жерлердегі суландыру,тоспа-кәріз жүйелерінің әбден тозығы жеткен. Көп жылдан бері тазарту жөндеу жұмыстары жүргізілмегендігі себепті егілген ауыл шаруашылығы дақылдарын уақытылы сумен қамтамасыз ету, ескірген суды уақытылы шығару үлкен проблемаға айналып отыр. Бұл өз кезегінде егілген егіс дақылдарынан мол өнім алуға кері әсерін тигізуде. Барлығы дерлік қайта реконструкция жасауды талап етеді.

Осының негізінде 2011 жылдан бастап «Ирригация және дренаж жүйелерін жетілдіру» (ИДЖЖ) жобалары қолға алынуда.

Бұл жобаның негізгі мақсаты инженерлік тұрғыда әзірленген егістік жерлердегі ирригация және дренаж жүйелерін, су құрылыстарын республикалық меншікке алып, республикалық бюджет есебінен уақытылы тазалап, жөндеп отыру.

Бұл жоба аясында Аққұм, Бұқарбай батыр, Таң және Мәдениет ауылдық округтерінде орналасқан инженерлік тұрғыда әзірленген 15123 гектар суармалы жерлер республикалық меншікке берілді.

Сонымен қатар Азия даму банкісі арқылы қайта жаңғырту жұмыстарын атқару үшін 4221 гектар жердің тиісті құжаттары рәсімделуде.

2014 жылдан бастап жалпы құны 3,7 млрд теңгені құрайтын «Қызылорда сол жаға магистралды каналының гидротехникалық құрылыстарын қайта жаңғырту » жобасы іске асырылуда. Бұл жобаға кезең- кезеңімен қаржылар қаралып келеді. Биылғы жылы бұл мақсатқа 296 млн теңге қаржы бөлінді. Жоба бойынша жұмыстар толық аяқталғаннан кейін сол жаға магистралды каналы бойындағы орналастырылған егістіктерді қажетті сумен қамтамасыз етуге қол жеткізеді.

Жоспар бойынша 2017 жылдың егісі үшін 74,2 км қашыртқылар мен каналдар тазарту жоспарланған, осы уақытта 20,0 км қашыртқылар мен каналдар тазартылды, пайыздық мөлшермен 27,0%. Гидротехникалық құрылыстарға келсек шаруашылық аралық каналдар бойынша 6 гидротехникалық құрылыстарына жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған, жөндеу жұмыстары толықтай 100% орындалды.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес 2016 жылы Үкімет тарапынан берілетін жеңілдіктер мал шаруашылығымен айналысатын ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің берген өтінімдеріне сәйкес 148 млн 115 мың 705 теңге төленді.

Ауыл шаруашылығы малдарың тұқым сапасын жақсарту мақсатында аудан бойынша барлық ауылдық округтердегі ветеринариялық пунктерге жануарлардың қолдан ұрыктандыруға арналған құрал-саймандар алынып кент және барлық ауылдық округттеріндегі ветеринариялық пункт мамандары арқылы 2016 жыл бойынша-1894 бас МІҚ малдары қолдан ұрыктандырылды.

Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013-2020 жылдарға арналған “Агробизнес - 2020” бағдарламасына (“Сыбаға”, “Құлан”, “Алтын асық”) байланысты 2011-2016 жылдары Сыбағамен аудан бойынша қаржы институттары арқылы 32 шаруа қожалығы 276,5 млн теңге несие алып, барлығы 3402 бас жергілікті аналық пен 114 бас асыл тұқымды бұқа сатып алынды.

«Құлан» бағдарламасымен аудан бойынша 2015-2016 жылдары 135,5 млн теңге несие алынып алынған несиеге барлығы 53 бас асыл тұқымды айғыр мен 486 бас жергілікті бие сатып алынды.

«Алтын асық» бағдарламасы бойынша өз қаражатымен «Бақдәулет-57» шаруа қожалығы 2015 жылы 15 бас ет бағытындағы асыл тұқымды қошқар мен 300 бас аналық сатып жұмыс жасауда.

Мемлекеттік бағдарламалар шаруашылықтардағы мал басын арттыруда тиіімді болып отыр. Соның нәтижесінде төрт түлік мал басы былтырғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда МІҚ -9,0 пайызға, жылқы -13,7 пайызға, түйе 7,9 пайызға, үй құстары -2,4 пайызға, қой -1,8, ешкі – 1,5 пайызға артты.

Аудан бойынша қазіргі таңда жалпы құны 62,1 млн теңгені құрайтын 3 ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу кәсіпорындарының құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Аудан бойынша биылғы жылы 125 шаруашылықтың бірігуімен 30 кооператив құрылып барлығы 1232 адам жұмыспен қамтылып отыр. Оның ішінде тікелей егін шаруашылығымен 20 кооператив, 4 кооператив егін және мал шаруашылығымен, 1 кооператив мал шаруашылығымен (14 отбасы бірігуімен), 5 кооператив аралас ауыл шаруашылығымен айналысады.

Осы кооперативтерге біріккен егінмен айналысатын шаруашылықтар басым дақылдарға Үкімет тарапынан берілетін жеңілдіктерді (субсидия) 100 % алды. Кооперативке бірікпеген шаруашылықтарға осы жеңілдіктерді 50 % берілді. Бұл да кооперативке біріктірудің Үкімет тарапынан қойылған талаптарының бірі.

Малмен айналысатын кооперативтер де сатып алынған мал құнын арзандатуға, аналық малдардың селекциялық жұмыстарына және мал азығына берілетін жеңілдіктерді алды.

Жас мамандарды әлеуметтік қолдау шаралары туралы

Жалағаш аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі арқылы 2016 жылдың 1 желтоқсанына дейін Жалағаш ауданы бойынша 118 маманға (346 784,0 мың тг) тұрғын үй несиесі, 10 маманға (1 484.7 мың тг) көтерме жәрдемақы түріндегі әлеуметтік қолдау шарасы көрсетілді.

2009-2016 жылдар бойынша 498 - маманға тұрғын үй несиесі барлығы -1 183 411,9 мың теңге, 489 - маманға көтерме жәрдемақы барлығы -55 951,4 мың теңгеге әлеуметтік қолдау шарасы көрсетілді.

Оның ішінде:

білім беру саласы бойынша – 2009-2016 жыл аралығында-302 маманға көтерме жәрдемақы( 33 926,2 мың тг), 320 маманға тұрғын үй несиесі ( 752 795,6 мың тг);

денсаулық сақтау саласы бойынша – 2009-2016 жыл аралығында -145 маманға көтерме жәрдемақы (16 811,9 мың тг), 125 маманға тұрғын үй несиесі (294 644,1 мың тг);

әлеуметтік қамсыздандыру саласы бойынша – 2009-2016 жыл аралығында-11 маманға көтерме жәрдемақы (1282,7 мың тг), 9 маманға тұрғын үй несиесі (22 598,6мың тг);

мәдениет саласы бойынша –2009-2016 жыл аралығында-14 маманға көтерме жәрдемақы ( 1856,5 мың тг), 22 маманға тұрғын үй несиесі (55989,4 мың тг);

спорт саласы бойынша – 2009-2016 жыл аралығында-14 маманға көтерме жәрдемақы (1702,2 мың тг), 19 маманға тұрғын үй несиесі(51181,5 мың тг);


Агроөнеркәсіптік кешен саласы бойынша - 2009-2016 жыл аралығында - 3 маманға көтерме жәрдемақы (371,9 мың тг); 3 маманға тұрғын үй несиесі(6202,7мың тг).

Қазіргі таңда мемлекеттен әлеуметтік жәрдемді алған мамандар келісім шартта көзделген талаптарды орындамай, өз еріктерімен жұмыстан шығып, жасаған әрекеттерімен мемлекетке жалпы соммасы 1104,3 мың теңгеге шығын келтірген және де тұрғын үй несиесін алып, уақытылы төлемей отырған мамандардың қарызы 2017 жылдың 01 наурызына - 9 891, 1 мың тенгені құрап отыр.

Осы уақытқа дейін 61 маманнан бюджеттік несие бойынша 10048,4 мың теңге қарызын қайтару жөнінде талап арыз Жалағаш аудандық сотына өндірілуге жіберіліп, 5235,8 мың теңге қаржы өндірілді.

2010-2016 жылдар аралығындағы мамандардың қарызын қайтару жөнінде әлеуметтік сала басшыларына қызметтік хаттар жолданылып отыр. Қарызы көп мамандарға телефон арқылы және ескертпе хат жолданған болатын. Бірнеше рет аудандық газетке де қарыздары туралы мәліметтер жарияланды. Алайда, бюджеттік несиені қайтару жөнінде бөлім тарапынан қаншалықты жұмыстар атқарылғанмен аудан бойынша қарыз көбейе түсуде.

Кіру