Русский Қазақша

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

ІЗДЕУ
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Инфрақұрылым
Қоғам
Мем. қызметтер
Байланыс
Әкім блогы
Анықтама
Сайт картасы Аудан әкімі аппараты
Билік
Құқық
Экономика
Басты бет Бизнес БИЗНЕСТІ ДАМЫТУ Бизнестің жол картасы - 2020

Бизнестің жол картасы - 2020

Жалағаш ауданының экономика салаларын дамытудың 2015-2017 жылдарға

 арналған ЖОЛ КАРТАСЫның 2017 жылдың 1 қазанына орындалуы туралы

 мәлімет

 

 

Іс-шаралар атауы

 

Орындалу мерзімі

Болжамды шығыстар

лн. теңге)

Қаржылан-дыру көздері

Орындалуы туралы ақпарат

1

2

3

4

5

6

Аграрлық секторды дамыту

1

Егін шаруашылығын дамыту бағытында «Агро-ЭкоПродукт» ЖШС-гі 300 гектар-ға тамшылатып суару әдісімен картоп егу жұмыстарын жандандыру

2015 жыл желтоқсан

2016 жыл

2015ж.-350,0

2016ж.-150,0

Жеке қаражат есебінен

Орындалды

2016 жылы Жаңадария ауылдық округінің «Атжайған» учаскесінен  «АгроЭко Продукт» ЖШС 160 гектар жерге картоп дақылын егіп, толық жиналды. Бір гектардан 110 центнерден 1760 тонна жалпы өнім алынды.

2

Ауданда ет бағытындағы ірі малшаруашылық кешенін құру мәселесін пысықтау

-

-

АШМ «КазАгро Өнім» ЖШС

Орындалмаған

«Мега-Агро» ЖШС-гі ет бағытындағы мүйізді ірі қара малын бордақылау алаңын құру жобасы бойынша жұмыстар қаржы мәселесінің шешілмеуіне байланысты орындалмады.

 

-       малшаруашылығы кешенін құру

2016 жыл

421,0

3

Егін шаруашылығын дамыту бағытында картоп, көкөніс, бақшалық (өндірістік негізде) мал азықтық, жеміс жидектік егіс көлемдерін ұлғайту

-

-

-

Орындалды

2016 жылы егін шаруашылығын дамыту бағытында 660 гектар картоп, 615,7 гектар көкөніс, 1137 гектар бақша, 1203 гектар мақсары, 4613 гектар жаңа жоңышқа дақылдары егілді.

2017 жылы егін шаруашылығын дамыту бағытында 900 гектар картоп, 700 гектар көкөніс, 1000 гектар бақша, 811 гектар мақсары, 3500 гектар жаңа жоңышқа дақылдары егілді.

 

4

«MAGRO» фермерлік шаруашылығы 60 гектар жерге үлдірдің астында егу әдісімен бақша дақылдарын егу жұмыстарын жандандыру

2016 жыл

10,0

Жеке қаражат есебінен

Орындалды

- 2016 жылы Жаңадария ауылдық округінің «Атжайған» учаскесінен «MAGRO» ФҚ-ғы 62 гектар бақша, 12 гектар кортоп, 1,5 гектар көкөніс дақылдарын екті. Қауын-қарбыз дақылдары үлдірдің астында егіліп, толықтай жиналып, бақшадан 200,0 цн/га, картоптан 150,0 цн/га, көкөністен 190,0 цн/га өнім алынды.

- 2017 жылы «MAGRO» ФҚ-ғы 2017 жылы 100 гектар  қауын, 5 гектар көкөніс дақылдарын егіп, бүгінгі күні егілген үлбір асты (под пленкой - 50 га)  бақша дақылы толық жиналды. Бақша өнімі Ресей Федерациясына-435 тонна, Ақтөбе қаласына-40 тонна, Астана қаласындағы жәрмеңкеге -17 тонна, Қызылорда қаласына -300 тонна барлығы 792 тонна қауын жөнелтілді. Сонымен қатар егілген 4 гектар болгар бұрышы жиналып, Ресейге 15 тонна өнім  жіберілді.

5

Ауданда асыл тұқымды ет бағытын-дағы қазақтың ақбас ірі қара 100 бас малын сатып алу жұмыстарын үйлестіру 

2016-2017 жылдар

-

-

 Орындалу сатысында

2017 жылы ауданда 1 шаруашылық 7,5 млн.теңге алынған несиеге 2 бас асыл тұқымды бұқа, 48 аналық малын сатып алды. Алдағы жоспарда  «Манақ баба» шаруа қожалығы 30 бас Батыс Қазақстан облысынан асыл тұқымды қазақтың ақбас сиырларын сатып әкелуге жұмыс жасауда.

6

Аққұм тіректі елді мекенінде «Бақдәулет-57» фермерлік шаруашы-лығының мал бордақылау және малды асылдандыру кешенінің құрылыс  жұмысын аяқтау

2015 жыл желтоқсан

60,0

Жеке қаражат есебінен

   Орындалды

Кешен құрылысы аяқталды. 35 адам тұрақты жұмыспен қамтылды. Жобаның қуаттылығы 100 бас жылқы, 100 бас мүйізді қара, 300 бас қой бордақыланады, 60 бас  мүйізді ірі қара асылдандырылады. 2016 жылдың қазан айында ұрықтандыру пункті мен мал сою алаңы ашылды.

7

Аудандағы ауыл шаруашылығы мақсатындағы пайдаланылмай жатқан жер телімдерін мемлекетке қайтару жұмыстарын жүргізу

2015-2016 жылдар

-

-

   Орындалды

Ауылшаруашылығы жерлерін тиімді пайдалану мақсатымен оларды нарықтық айналымға енгізу бағытында мемлекеттік меншіктегі жерлерден мал, егін шаруашылығын дамыту үшін 2016 жылы жалпы көлемі 7235 гектар, 2017 жылдың 9 айында 4638 гектар жер учаскелері сауда-саттық, аукцион, конкурстар арқылы жалға берілді.  Жер учаскелерін сатудан 2016 жылы 16,5 млн. теңге, 2017 жылдың 9 айында 23,7 млн.теңге қаржы түсті.

2016 жылы пайдаланылмай бос жатқан жалпы көлемі 442 гектар, 2017 жылдың 9 айында 20446 гектар жер учаскелері мемлекет меншігіне қайтарылды.

8

Жалағаш кентінде инфрақұрылымы бар учаскеге ауылшаруашылық өнімдерін өңдейтін жобаларды жүзеге асыру үшін инвесторлар тарту жұмысын жандандыру және ұсыныс енгізу

2015 жыл қараша

-

-

Орындалды

Ауданда өндіріс орындарын құруға жағдай туғызу үшін кент орталығынан барлығы 22 гектар жерді құрайтын «Серпін» индустриалдық аймағы ашылды. Қазіргі таңда бұл аймақта 5 өндіріс орындары 2,4 га жерге орналастырылды. Сондай-ақ, жалпы құны 30,0 млн теңгені құрайтын екі жобаға 2,2 га жер телімі беріліп, құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Аталған екі жоба 2017 жылдың 1-ші жартыжылдығында іске қосылады.

Аталған аймықта 0,5 га жеріне «АЙ-СКАН» ЖШС-нің күріш ақтау цехы жобасын орналастыру жоспарлануда.

Шағын және орта бизнесті дамыту

9

«Қызыл мия тамырын өңдеу зауытына» шикізат сатып алуға қаржыландыру мәселесін шешу

2015-2016 жылдар

-

-

Орындалды

Қазіргі таңда зауытта жергілікті тұрғындар есебінен 50 адам жұмыс жасайды.

2016 жылдың желтоқсан айында жалпы құны 37,0 млн теңгені құрайтын 2 вагон қондырғылар жеткізіліп, Қытай мемлекетінен арнайы 4 маман келіп, құрал жабдықтар орнатылды.

Ағымдағы жылдың қаңтар айында Қытай мемлекетіне алғашқы 20,0 тонна өнім экспортталды. Қазіргі таңда арнаулы мамандар тапшылығына байланысты зауыт жұмысы тоқтап тұр.

10

«Серпін» индустриялды аймаққа өндіріс кәсіпорындарын орналасты-руды қамтамасыз ету, оның ішінде

-

-

-

Орындалды

«Казэнергосбережение» ЖШС-нің «Светодиодтық шамдар жабдықтарын құрастыру цехы» 2015 жылдың тамыз айында іске қосылып, 15 адамды жұмыспен қамтыған болатын. Алайда өндірген өнімге тапсырыс болмауына байланысты тиісті қуаттылыққа шыға алмай цех жұмысы сол жылы тоқтатылды. Қазіргі таңда, кәсіпорын мақсатын тігін цехына ауыстырып, «Өркен-Әлем» ЖШС-гі болып қайта құрылды. Кәсіпорын ғимаратының ішін тігін цехын ашуға қайта бейімдеп, қажетті құрал-жабдықтарды орнату,  қажетті мамандарды даярлау жұмыстары толық аяқталып, «СТ-KZ» сертификаты алынды. Бүгінгі күнге тігін цехы толық іске қосылып, 28 адамды жұмыспен қамтып отыр.

 

-          «Казэнергосбережение» ЖШС-гін тапсырыспен қамтамасыз етіп, өнімдерін өткізуге ықпал жасау жұмыстарын ұйымдастыру.

2016 жыл

-

-

11

Өнім өндіретін кәсіпорындарын ашу

 

 

 

 

 

-          «Сыр арна» ЖШС-нің құс фермасын іске қосу

 

 

 

2017 жыл

31,0

Жеке қаражат есебінен

 

Орындалды

Жобаның құны 31,0 млн. теңге. Жобаны жүзеге асыруға Ақсу елді мекені «Бидайкөл» учаскесінен 50 гектар жер телімін рәсімдеп алған. Қазіргі таңда 1-ші кезеңінің құрылыс жұмыстары аяқталып, 1000 бас қаз сатып алынды. 2016 жылы «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы аясында 3,0 млн теңге несие алып, инкубациялық жабдықтар сатып алынды. 9 жаңа жұмыс орны ашылды.

 

-          Жеке кәсіпкер А.Боранқұловтың  ағаш өңдеу цехын іске қосу

 

 

2016 жыл

15,0

Жеке қаражат есебінен

Орындалу сатысында

Жалпы құны 15,0 млн. теңге. Қазіргі таңда негізгі ғимаратының құрылысы толық аяқталып, ішкі монтаждау және қоршалау жұмыстары толық аяқталды.

«Микробизнес Кызылорда» бағдарла-масы аясында несие алуға құжаттары өткізіліп, 8,0 млн теңге алуға оң қорытынды алынды. Жоба ағымдағы жылдың аяғына дейін толық іске қосылып, 6 адам жаңа жұмыс орнымен қамтылады.

 

-          Жеке кәсіпкер Н.Ералиевтің балық өңдеу цехын іске қосу

2016  жыл

11,0

Жеке қаражат есебінен

Орындалу сатысында

Жобаның құны 11,0 млн теңге. Жобаны жүзеге асыруға Жалағаш кенті орталығынан 0,05 га жер телімі рәсімделіп берілді. Қуаттылығы жылына 25 тонна балық өндіру. Негізгі ғимаратының құрылыс жұмыстары толық аяқталып, қазіргі таңда ішкі монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Жобаны ағымдағы жылдың аяғына дейін іске қосу жоспарлануда. 6 жаңа жұмыс орны ашылады.

 

- «Баба» ШҚ-ның «Асыл тұқымды ешкілерді көбейту, етін өндіру және сүтін өңдеу» жобасының құрылыс жұмыстарын бастау

2017 жыл

20,0

Жеке қаражат есебінен

Орындалу сатысында

Жобаны жүзеге асыру үшін Өңірлік үйлестіру кеңесі отырысың оң қорытындысына сәйкес  «Серпін» индустриялды аймағынан 2,0 гектар жер телімі рәсімделіп берілді. Жобаның жалпы құны 20,0 млн. теңге. Жем, жоп сақтау қоймалары және қарауылдар бекеті ғимараттарының құрылыс жұмыстары аяқталды. Қазіргі таңда негізгі ферма ғимаратының құрылысы жүргізілуде. Жобаны 2017 жылдың қазан айының аяғына дейін іске қосу жоспарлануда. 12 жаңа жұмыс орны ашылады.

 

- Жеке кәсіпкер Ж.Мырзақұлованың «Пескоблок өнімдерін өндіру цехы» жобасының құрылыс жұмыстарын бастау

2017 жыл

20,0

«Ресей жинақ банкі» АҚ

Орындалу сатысында

Жобаны жүзеге асыру үшін Қаракеткен ауылдық округінен 0,1 гектар жер телімі рәсімделіп берілді. Жобаның жалпы құны 20,0 млн теңге. Қазіргі таңда «Қызылорда» Өңірлік инвестициялық орталығы» ЖШС-і арқылы несие алуға оң қорытынды алынып, тиісті құжаттары дайындалуда. 

12

«Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізі бойында жеке кәсіпкер Б.Ұзақовтың («С» санаты) кешенінің құрылыс жұмыстарын бастауын қамтамасыз ету

2016 жыл

250,0

Жеке қаражат есебінен

Орындалу сатысында

Жобаны орналастыруға «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізінің 1715-ші шақырымынан аукцион арқылы 3,0 га жер телімі белгіленіп берілді. Қазіргі таңда негізгі ғимараттарының құрылысы,  ішкі монтаждау жұмыстары толық аяқталып, инженерлік инфрақұрылым жүйелерін тарту жұмыстары жұргізілуде. Қонақ үй, тойхана, сауда үйне қажетті жабдықтармен толық қамтамасыз етілген. «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында 2016 жылы 60,0 млн теңгеге қаржыландылса, 2017 жылы 55,0 млн теңгеге қаржыландырылды. Жобаны ағымдағы жылдың қазан айында толық іске қосу жоспарлануда.

13

«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы аясында шағын несиелеу жұмыстарын жалғастыру

2016 жыл

289,7

РБ

Орындалды

 «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы аясында «Кәсіпкерлік бастаманы ынталандыру» бағыты бойынша ағымдағы жылы барлығы 93 жобаны қаржыландыруға 339,8 млн. теңге қаржы қаралды.                                

Жыл ішінде 130 өтініш берген тұлғаларға 304,7 млн теңге несие таратылды. 

Қызмет көрсету саласы

14

Жеке кәсіпкер Д.Ержановтың 350 орындық тойхана құрылысын аяқтау

2016 жыл

50,0

Жеке қаражат есебінен

Орындалды

2016 жылдың тамыз айында Д.Ержановтың 350 орындық салтанат сарайы іске қосылды. 10 адам жұмыспен қамтылды.

15

Жеке кәсіпкер Е.Каиповтың 80 орындық  «Ақ жол» кафесін іске қосу

2016 жыл

12,0

Жеке қаражат есебінен

Орындалды

2016 жылдың шілде айында 80 орындық «Ақ-жол» кафесі іске қосылып, 4 адам жұмыспен қамтылды.

16

Жеке кәсіпкер М.Амировтың 40 орындық «Ақ-балжан» жеке бала-бақшасын ашу

2015 жыл

12,0

Жеке қаражат есебінен

Орындалды

2015 жылдың қазан айында жеке кәсіпкер М.Амировтың 40 орындық "Ақ-балжан" жеке балабақшасы ашылды.

17

Жеке кәсіпкер Е.Мүшелбаевтың 60 орындық «Зейнеп» жеке бала-бақшасын ашу

2015 жыл

7,0

Жеке қаражат есебінен

Орындалды

2015 жылдың қазан айында жеке кәсіпкер Е.Мүшелбаевтің  60 орындық "Зейнеп" жеке балабақшасы ашылды.

18

«Аль-Асад» ЖШС-нің саудма орталығын ашу

2015 жыл

35,0

Жеке қаражат есебінен

Орыналды

Кент орталығынан "Аль-Асад" ЖШС-гінің сауда орталығы ашылды.

19

Аққұм тіректі елді мекеніндегі «Бақдәулет-57» ФШ-ның сауда үйі, монша және тойхана құрылысын салу

2016 жылы - монша, сауда үйі;

2017 жылы - тойхана

2016жыл

2017 жыл

30,0

35,0

Жеке қаражат есебінен

Орындалды

Жоба құны 65,0 млн.теңге. 2016 жылдың қараша айында монша және 250 орындық тойхана кешені толық іске қосылды.

20

Жеке кәсіпкер С.Тасбергеновтың «Техникалық қызмет көрсету орталығын» іске қосу

2016 жыл

12,0

Жеке қаражат есебінен

Орындалды

2016 жылдың желтоқсан айында 2 көлік жуу боксі іске қосылды. 2017 жылдың наурыз айына дейін, азық-түлік және қосалқы авто-бөлшектер сату дүкендері, тамақтану орнын іске қосылады. 3 адам жұмыспен қамтылған. Жоба толыққанды іске қосылған жағдайда 7 адам жаңа жұмыс орнымен қамтылады.

21

Жеке кәсіпкер М.Әбіловтың «Көлік жуу орталығын» іске қосу

2016 жыл

5,0

«Қызылорда Өңірлік инвести-циялық орталығы» ЖШС-гі

Орындалды

Көлік жуу орталығы ақпан айында толық іске қосылды. 4 адам жаңа жұмыс орнымен қамтылды.

Әлеуметтік секторды дамыту

22

Балаларды мектепке дейінгі ұйыммен қамтуда жеке әріптестік арқылы 100 орынға бала-бақша ашу жұмысын жандандыру

2016-2017 жылдар

6,0

РБ

Орындалды

2016 жылдың қараша айында кент орталығынан 50 орындық жеке балабақша ашылды.

23

«Серпін» индустриялды өндіріс айма-ғына кіре-беріс  Алмағанбетов көшесін орташа жөндеу жүргізу

2016 жыл

66,1

ОБ

Орындалды

2016 жылы облыстық бюджеттен қаралған 66,1 млн. теңгеге Жалағаш кентіндегі Н.Алмағанбетов көшесіне орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілді.

24

Аққұм тіректі елді мекеніндегі  №7 Шұғыла балабақша ғимаратын күрделі жөндеуді «Жұмыспен қамту-2020 жол картасы» бағдарламасы аясында қаржыландыру мәселесін пысықтау

2016 жыл

41,4

6,1

РБ

ОБ-қоса қаржылан-дыру

Орындалды

«Жұмыспен қамту-2020» жол картасы бағдарламасы аясында 2016 жылы республикалық бюджеттен бөлінген қаржыға балабақша ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. 16 жаңа жұмыс орны ашылды.

25

Еңбек ауылындағы №232 орта  мектеп ғимаратын күрделі жөндеуді «Жұмыспен қамту-2020 жол картасы» бағдарламасы аясында қаржыландыру мәселесін пысықтау

2016 жыл

89,6

9,9

РБ

ОБ-қоса қаржылан-дыру

Орындалды

 Республикалық бюджет есебінен бөлінген қаржыға мектеп ғимараты толық күрделі жөндеуден өткізілді. 34 жаңа жұмыс орны ашылды.

Ауыз су жүйесі

26

«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында Қаракеткен елді мекенінің  ауыз су жүйесіне қайта жаңғырту жұмыстарына қаржыландыру мәселе-сін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігімен пысықтау

2017 жыл

195,9

21,7

РБ

ОБ-қоса қаржылан-дыру

Орындалды

2017 жылы Қаракеткен, Шәменов, Мырзабай Ахун елді мекендердің ауыз су жүйесіне қайта жаңғырту жұмыстарының бірінші кезеңіне республикалық  бюджет есебінен 469,1  млн теңге бөлінді. Облыстық бюджеттен қоса қаржы-ландыруға 52,1 млн.теңге бөлінді. Елді мекендердің ауыз су жүйесіне қайта жаңғырту жұмыстарының мемлекеттік сатып алу конкурс жеңімпазы анықталып, келісім шартқа отырды. Жоспар бойынша 2017 жылға қаралған қаржы 100,0 пайызға орындалды.

 Қаркеткен елді мекенінің ауыз су жүйесінің қайта жаңғырту жұмыстары толық аяқталды. Шәменов, Мырзабай ахун елді мекендерінің сумен жабдықтау жүйелерін қайта жаңғырту және кеңейту жұмыстарының құрылысы 2018 жылға өтпелі.

27

«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында Шәменов  елді мекенінің  ауыз су жүйесіне қайта жаңғырту жұмыс-тарына қаржыландыру мәселесін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігімен пысықтау

2017 жыл

260,2

28,9

 

РБ

ОБ-қоса қаржылан-дыру

28

«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында Мырзабай ахун елді мекенінің  ауыз су жүйесіне қайта жаңғырту жұмыстарына қаржыландыру мәселе-сін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігімен пысықтау

2017 жыл

333,4

37,0

 

РБ

ОБ-қоса қаржылан-дыру

 

Инфрақұрылым

29

Жалағаш аудандық «Самара-Шымкент-Мақпалкөл-Жаңаталап-Аққыр» (53шқ) жолының 40-52,5 шқ орташа жөндеу

2016 жыл

146,0

ОБ

Орындалды

Аудандық маңыздағы “Самара-Шымкент-Мәдениет-Мақпалкөл-Жаңаталап-Аққыр” автомобиль жолының 12,5 шақырымына облыстық бюджеттен бөлінген қаржыға орташа жөндеу жұмыстары толық жүргізілді.

 

30

Жалағаш кентіндегі «Ақсу автожолы» жолының бойында орналасқан «Береке» аймағындағы инженерлік-коммуникациялық  инфрақұрылы-мының құрылысына қаржыландыру мәселесін пысықтау

2017 жыл

412,0

РБ

Орындалды.

2016 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің арнайы резервінен бөлінген 379,0 млн теңгеге Жалағаш кентіндегі «Ақсу автожолы» жолының бойында орналасқан «Береке» аймағындағы инженерлік-коммуникациялық инфра-құрылымының құрылысының жұмыстары толығымен атқарылды.

31

Жалағаш кентіндегі Төле би көшесін күрделі жөндеу жұмыстарына қаржыландыру мәселесін пысықтау

2017 жыл

157,5

ОБ

Орындалды

2017 жылға арналған аудан бюджетіне облыстық бюджеттен 229,8 млн.теңгеге кенттегі А.Ізтелеуова көшесін орташа және Төле би көшесін күрделі жөндеуге қаржы бөлінді. Қазіргі таңда «Қызылорда жолдары» ЖШС-гі Төле би көшесіне 127,1 млн.теңгеге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

 А.Ізтелеуова көшесінің мемлекеттік сатып алу конкурс жеңімпазы анықталып, 62,2 млн.теңгеге келісім шартқа отырып, есепті мерзімге қаржы 100,0 пайызға игеріліп, жөндеу жұмыстары толық аяқталды.

32

Жалағаш кентіндегі А.Ізтілеуова көшесін орташа жөндеу жұмыстарына қаржыландыру мәселесін пысықтау

2017 жыл

72,3

ОБ

 

Жол картасында бекітілген 32 тармақтың есепті мерзімде орындалғаны 28 тармақ,

орындалу сатысында 3 тармақ және 1 тармақ орындалмаған.

    

 


Кіру