Русский Қазақша

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

ІЗДЕУ
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Инфрақұрылым
Қоғам
Мем. қызметтер
Байланыс
Әкім блогы
Анықтама
Сайт картасы Аудан әкімі аппараты
Аудан
Билік
Экономика
Басты бет Бизнес Бизнесті дамыту Шағын және орта кәсіпкерлік

Шағын және орта кәсіпкерлік

Шағын және орта кәсіпкерлік

2017 жылдың қорытындысы бойынша ауданның кәсіпкерлік саласында 1131 млн. теңгенің өнімдері өндіріліп, бюджетке 103 млн. теңге салық түсті. Бұл жалпы салық түсімінің 8,7 % құрады (аудан бойынша жалпы салық түсімі 1183,0 млн.теңге). Ауданда 2373 шағын кәсіпкерлік субъектілері тіркелген, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 208 субъектіге артты. (о.і. заңды тұлға 188, жеке кәсіпкерлер 1638 және шаруа қожалықтары 547).


Бүгінгі күнге нақты жұмыс жасап тұрған кәсіпкерлік субъектілерінің саны 2016 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 21,2 %-ға артып, 1780 бірлікті құрап отыр. (тоқтап тұрғаны 593 о.і. заңды тұлға 56, жеке кәсіпкерлер 523 және шаруа қожалықтары 14)

Бұл кәсіпкерлік субъектілерінде 8482 адам жұмыс істейді. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда жұмыс істейтін адамдар саны 500-ге өскен.

2015 жылы ауданда кіші кәсіпкерліктің баяу дамуын ескере отырып, облыс әкімінің қолдауымен «Жалағаш ауданының экономика салаларын дамытудың 2015-2017 жылдарға арналған Жол картасы» бекітілді.

Жалпы жол карта бойынша 3 млрд 710 млн теңгенің 32 жобасын іске асыру жоспарланып, 603 жұмыс орын ашу көзделген.

Бекітілген Жол картасына сәйкес іске асырылуға тиісті 32 жобаның бүгінгі таңда 30 жобасы аяқталып, 3 млрд 223 млн. теңгенің жұмыстары атқарылды, 569 жұмыс орындары ашылды. Орындалу үстіндегі 1 жоба бойынша өнім өндіретін кәсіпорындар ашу жұмыстары басталып, 2018 жылы аяқталады. Қаржы мәселесі шешілмеуіне байланысты 1 жоба орындалмай отыр. («МегаАгро» ЖШС-нің 3000 басқа арналған мал бордақылау алаңы).

  Жол картасы аясында іске асырылып жатқан ірі жобалардың бірі жеке кәсіпкер Б.Ұзақовтың «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық автокөлік дәлізінің бойындағы «С» санатты кешен құрылысы толық аяқталып, пайдалануға берілді. Жоба бойынша 25 адам тұрақты жұмыспен қамтамасыз етілетін болады.

Шағын және орта кәсіпкерлікті бастау немесе дамыту мақсатында мемлекеттік бағдарламалар аясында 2017 жылы жалпы құны 1 млрд 408 млн. теңгені құрайтын 174 жоба қаржыландырылды.

Атап айтқанда:

«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында ағымдағы жылы жалпы құны 782,9 млн теңгені құрайтын 17 жоба екінші деңгейлі банктер арқылы қаржыландырылып, Өңірлік үйлестіру кеңесінің оң қорытындысына сәйкес пайыздық ставкасы субсидияланды. Оның ішінен 5 жоба 103,6 млн теңгеге ішінара кепілдендірілді.

Сонымен қатар, аталған бағдарламаның мемлекеттік гранттар беру бағыты бойынша өткізілген конкурсқа ауданнан құны 86,2 млн теңгені құрайтын 47 жоба ұсынылып, оның ішінен 10 жоба 6,1 млн теңгеге қаржыландырылды.

Қызылорда өңірлік инвестициялық орталығының «Микробизнес Қызылорда» бағдарламасы аясында ауданнан 3 жоба 14,8 млн теңгеге қаржыландырылды.

1) Жеке кәсіпкер Р.Шарафадинованың 70 орындық жеке балабақша ашу жобасы 5,8 млн теңгеге қаржыландырылды.

2) Жеке кәсіпкер С.Есжановтың мал бордақылау жобасы 4,0 млн теңгеге қаржыландырылды.

3) Жеке  кәсіпкер Б.Мыхановтың қоғамдық монша жобасы 5,0 млн теңгеге қаржыландырылды.

«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының»  микронесие беру бағыты бойынша 69 жоба 249,3 млн теңгеге қаржыландырылды.

Оның ішінде, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» арқылы 57 жоба 152,4 млн теңгеге, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы 11 жоба 78,9 млн теңгеге қаржыландырылса, қалған 1 жоба «Қызылорада» Өңірлік инвестициялық орталығы» ЖШС-і арқылы 18,0 млн теңгеге қаржыландырылды.

«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ның облыстық филиалының «50 ауыл» бағдарламасы аясында Мырзабай ахун ауылдық округінде мал шаруашылығын дамыту бағытында құрылған «Табыс» АӨК-нің 41 мүшесі 122,9 млн теңгеге және Бұқарбай батыр ауылдық округінде құрылған «Нұрқадам-1» АӨК-нің 3 мүшесі 6,5 млн. теңгеге қаржыландырылды.

Сондай ақ, «Ауыл» несие серіктестігі» ЖШС-гі арқылы 30 жоба 215,9 млн теңгеге қаржыландырылды. Оның ішінде 12 шаруа қожалықтарына мал шаруашылығына 48,2 млн. теңге, 7 шаруа қожалығына егін шаруашылығына 77,5 млн. теңге  және техника сатып алуға 11 жобаға 90,2 млн. теңге несие берілген.

Сондай-ақ, жергілікті бюджеттен бөлінген қаржыға кәсіпкерлер және кәсіпкерлік бастамашылығы бар тұрғындар үшін «Кәсіпкерлік негіздері» тақырыбындағы қысқа мерзімді оқыту курсы өткізілді. Оқу қурсына ауданнан 71 адам қатысып, барлығына сертификат табысталды.

Қысқа мерзімді оқу курсын оқыған 276 азаматтардың бүгінгі күнге 64-і мемлекеттік бағдарламалар аясында қаржыландырылып, кәсібін бастады.

Мемлекеттік бағдарламалардан тыс жеке қаражат есебінен ағымдағы жылы жалпы құны 630,5 млн теңгені құрайтын 23 жоба іске асырылып, 129 жаңа жұмыс орны ашылды.

Сонымен қатар, құны 650,2 млн теңгені құрайтын 15 жобаның бүгінгі күнге құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Бұл жобалар 2018 жылдың бірінші жарты жылдығында толық іске қосылып, 117 жаңа жұмыс орны ашылады деп жоспарлануда.

Аталған жұмыстардың орындалуына аудан әкімінің орынбасары, тиісті мекеме басшылары бірінші кезекте жауапты болады.




Кәсіпкерлік саласында 2017 жылдың I жартыжылдығына атқарылған жұмыстар туралы

 

Аудан бойынша 2017 жылдың 1-ші шілдесіне 2218 шағын кәсіпкерлік субъектілері тіркеліп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2,6 пайызға немесе 56 субъектіге артты. Бұл шағын кәсіпкерлік субъектілерінде 8201 адам жұмыс істейді, өткен жылмен салыстырғанда 5,8 пайызға өсті.

2017 жылдың 6 айында кәсіпкерлік субъектілерінен аудан бюджетіне 76,9 млн. теңге қаржы түсіп, өткен жылдың есепті мерзімімен салыстырғанда 6,1 пайызға артқан.

Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері бойынша өндірілген өнеркәсіп өнімдері (көрсетілген қызмет) көлемі 1 млрд 895 млн 395 мың теңгеге орындалып, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 101,1 пайызды құрап отыр.

«Қазақстан Республикасының индустриялық - инновациялық даму жөніндегі» мемлекеттік бағдарламасы аясында аудан бойынша өңірлік Индустрияландыру Картасына жалпы құны 62 367,5 млн теңгені құрайтын 2 жоба енгізіліп, жүзеге асырылуда.  Олар:

1) «БИС-Групп» ЖШС-нің қызыл мия тамырын өңдеу зауыты. Жобаның жалпы құны 2 402,0 млн теңге. Қазіргі таңда зауытта 50 адам тұрақты жұмыс істейді. Ағымдағы жылдың қаңтар айында Қытай Халық Республикасына алғашқы 20,0 тонна өнімі экспортталды. Бүгінгі күнге 17,0 тонна өнімі дайын. Шикізат қоры 300,0 тонна.

2) «PETROSILKWAY» ЖШС-гі табиғи газды кешенді пайдалану жобасы. Жобаның жалпы құны 59 965,5 млн теңге. Жобаны жүзеге асыруға өңірлік үйлестіру кеңесінің қорытындысымен Жалағаш ауданының аумағына қарасты мұнай кең орнынан 2,0 га жер телімін беру жөнінде шешім қабылданды. Жоба іске асырылғанда 160 адам жұмыспен қамтылады. 2017 жылы құрылыс жұмыстары басталып, 2018 жылы іске қосылады.

Сонымен қатар, аталған Картаға «Агро Ценрт ЭКХ» ЖШС-нің азот тыңайтқыштарын қайта өңдеу және құнарландыру жобасын енгізу жоспарлануда. Жобаның болжамдық құны 521,0 млн теңге. Қазіргі таңда жоба-сметалық құжаттары әзірленуде. Ағымдағы жылдың аяғына дейін құжаттары Өңірлік үйлестіру кеңесінің қарауына ұсынылатын болады.

«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясында ағымдағы жылы жалпы құны 298,8 млн теңгені құрайтын 8 жоба екінші деңгейлі банктер арқылы қаржыландырылып, Өңірлік үйлестіру кеңесінің оң қорытындысына сәйкес пайыздық ставкасы субсидияланды.

1) «Таң ЛТД» ЖШС-нің күріш егу және ақтау жобасы. Жоба 60,0 млн теңгеге қаржыландырылды;

2) жеке кәсіпкер Қ.Дүйсебаевтың мейрамхана сатып алу жобасы. Жоба 70,0 млн теңгеге қаржыландырылды.

3) «Дархан» ЖШС-нің айналым қаражатын толықтыру жобасы. Жоба 15,0 млн теңгеге қаржыландырылды.

4) жеке кәсіпкер Ажибековтың құрама жем өңдеу зауыты жобасы. Жоба 34,8 млн теңгеге қаржыландырылды.

5) жеке кәсіпкер Б.Ұзақовтың жол бойы кешені жобасы.  Жоба 55,0 млн теңгеге қаржыландырылды.

6) «Атамекен» ШҚ-ның қажетті қажетті жабдықтар сатып алу жобасы. Жоба 12,9 млн теңгеге қаржыландырылды.

7) «Атамекен» ШҚ-ның қажетті қажетті жабдықтар сатып алу жобасы. Жоба 33,1 млн теңгеге қаржыландырылды.

8) Жеке кәсіпкер Д. Дүйсебаеваның айналым қаражатын толықтыру жобасы. Жоба 18,0 млн теңгеге қаржыландырылды.

«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ның облыстық филиалының «50 ауыл» бағдарламасы аясында Мырзабай ахун ауылдық округінде мал асырау бағытында құрылған «Табыс» АӨК 53,8 млн теңгеге қаржыландырылып, 309 МІҚ малы алынып, бордақылануда.

Сонымен қатар, 2016 жылы ауданда жаппай кәсіпкерлікті дамыту мақсатында «Жалағаш ауданының 2016 - 2020 жылдарға арналған Кәсіпкерлікті дамыту картасы» әзірленіп, бекітілді. Осының нәтижесінде кент, ауылдық округтердің ұсыныстары бойынша 2017-2018 жылдары жалпы құны 2 225,9 млн теңгені құрайтын 102 жобаны іске асырып, 623 жаңа жұмыс орнын ашу көзделіп отыр.

Қазіргі таңда, аталған 102 жобаның 14 жобасы іске асырылып, 90 жұмыс орны ашылды.

Сондай-ақ, 19 жобаның құрылыс жұмыстары жүргізілуде. 160 жаңа жұмыс орны ашылады деп жоспарлануда.

Қалған 69 жобаның бүгінгі күнге 43 жобасының бизнес-жоспары дайындалып, несие алу үшін облыстық қаржы ұйымдарына құжаттары жолдалды. Оның ішінен бүгінгі күнге 15 жобасы қаржыландыруға оң қорытынды тауып отыр.

(Аққыр а/о 1 жоба ЖК А.Маштаевтың ет бағытында МІҚ бордақылау, Аққұм а/о 2 жоба ЖК Қ.Сәрсеновтың және ЖК Ж.Әптаевтің мал бордақылау жобасы , Ақсу а/о 1 жоба ЖК О.Ноғаеваның мал бордақылау, Аламесек а/о 1 жоба ЖК Ж.Нурымбетовтың мал бордақылау, Бұқарбай батыр а/о 2 жоба ЖК Л.Толыбекованың және ЖК М.Жумаділдаеваның мал бордақылау, Жаңаталап а/о 2 жоба ЖК М.Раманкулованың қол өнер бұйымдары және ЖК С.Рүстембаевтың 500 бас тауық асырау фермасы, Мәдение а/о 1 жоба ЖК А.Әмірееваның жеке балабақшасы, Мақпалкөл а/о 2 жоба ЖК Н.Мырзахановтың мал бордақылау және ЖК К.Сейтжановтың 10 орындық қоғамдық моншасы, Таң а/о 2 жоба ЖК Т.Шуишбаевтың және ЖК М.Баймахановатың мал бордақылау жобасы, Жалағаш кентінен 1 жоба ЖК А.Боранқұловтың күріш ақтау цехы).

«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде «Бизнес Кеңесші» компоненті бойынша бүгінгі күнге дейін өткізілген оқу курсынан 196 адам оқып, сертификаттарын алған.

Сондай-ақ, ағымдағы жылдың маусым айында өткен «Кәсіпкерлер және кәсіпкерлік бастамашылығы бар тұрғындар үшін қысқа мерзімді «Кәсіпкерлік негіздері» тақырыбындағы оқыту курсына ауданнан 70 адам қатысып, барлығына сертификат табысталды.

Кіру