Русский Қазақша

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

ІЗДЕУ
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Инфрақұрылым
Қоғам
Мем. қызметтер
Байланыс
Әкім блогы
Анықтама
Сайт картасы Аудан әкімі аппараты
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Басты бет Бизнес Жалағаш ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы

Жалағаш ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы


2019 жылға Жалағаш ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы басшыларының

  азаматтарды  қабылдау КЕСТЕСІ


Орталық атқарушы органның атауы

Азаматтарды қабылдауды жүргізген адамның Т.Ә.Ж.

Азаматтарды қабылдауды жүргізген адамның Т.Ә.Ж. лауазымы

 Азаматтарды қабылдау күні мен уақыты

Мемлекеттік органның орналасқан

орны

Байланыс телефоны

Жалағаш ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы

Косбергенов Данияр

Жамбылович

Басқарма басшысы

Әр аптаның бейсенбісі

Жалағаш ауданы, Жалағаш кенті, Желтоқсан көшесі №  32

31-2-88

Жалағаш ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы

Несипбаев Жомарт Серикович

    Басшы

 орынбасары

Әр аптаның

Жұмасы.

Жалағаш ауданы ,

Жалағаш кенті,

Желтоқсан көшесі

  32

31-6-71

 

 

          Қабылдау  бейсенбі , жұма күндері  сағат  9-00 ден  17-00  аралығында  жүргізіледі.

  Қабылдауға  31-2-88 телефоны бойынша  немесе e-mail: jalagash@taxkzil.mgd.kz  арқылы  жазылуға болады.

 

               Сенім телефоны

 

             Мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа  қарсы іс-қимыл туралы заңнамаларының және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің «Әдеп» кодексі талаптарының бұзылуына жол бермеуі және оның алдын алу мақсатында Жалағаш ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасында /8-724-31-31-6-71/ сенім телефоны жұмыс істейтіндігін хабарлаймыз.

 




2018-12-21


«Виртуалдық қойма» модулі арқылы өткізілетін тауарлар тізбесі 2019 жылы кеңейтілу жоспарлануда

            «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сауда қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы шеңберінде ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетімен Салық кодексінің 412-бабына «Виртуалдық қойма» (бұдан әрі - ВҚ) модулі арқылы өткізілетін тауарлар тізбесін анықтау бойынша уәкілетті органның құзіретін бекіту бөлігінде түзету жобасы енгізілді.

            Қазіргі кезінде Заң жобасы Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісімен келісілуде.

            Оған қоса жоғарыда көрсетілген норманы іске асыру аясында ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің «Электрондық шот-фактуралар» ақпараттық жүйесінің ВҚ арқылы жазылатын тауарлар тізімін бекіту жайлы» бұйрығының жобасына келісім алу  жұмыстарын жүргізуде.

            Салық төлеушілердің есептік жүйелеріне дайындық шараларының қажет екендігін есекере отыра, бұйрық жобасы ВҚ-да жүргізілетін тауарлар тізімінің кезең-кезеңмен кеңейтілу қарастырылған:

- 2019 жылдың 1 қаңтары - жеңіл және жүк көліктер;

- 2019 жылдың 1сәуірі - шикі-қант, тоңазытқыштар;

- 2019 жылдың 1шілдесі - теледидарлар;

-2019 жылдың 1 қазаны - шаңсорғыштар, үтіктер, фотокамералар.

            Көрсетілген тауарлар 14.10.2015 жылдың № 59 Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің шешімімен бекітілген тауарлар тізімінде енген.

 

 


Электронды көрсетілетін қызметтер


            «Салық төлеушінің кабинеті»  арқылы декларацияның электронды түрін тапсырудың тиімділігі ол - компьютер арқылы кезкелген уақытта салық органына бармай-ақ декларацияны тапсырудың керемет мүмкіндігі, оған қоса қағаз түрінде қайталаудың болмауы, салықтық бланкілерінің уақытында жаңартылып отыруы, құжаттардың дұрыстығына кепілдік.

            «Салық төлеушінің кабинеті»  тұрақты жаңартылып, өңделіп отырады.

            «Салық төлеушінің кабинеті»  ақпараттық жүйесімен жұмыс жасау арқылы сіз  көптеген онлайн-қызметтердің түрлерін ала аласыз, атап айтатын болсақ:

            - жеке кәсіпкерлер және заңды  тұлғалар тіркеу мәліметтерін көре алу, жеке шоттар деректерін қарау,  салық есептілігін уақытша тоқтата тұруға немесе ұзартуға, қайта бастауға, салық есептілігін қайтарып алуға, салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтерді, салық режимін таңдауға болады және таратылуға байланысты құжаттық тексерудің жүргізілгендігі туралы ақпараттарды алуға болады.

             ҚР БСАЖ және БХМ-ден хабарлама алу, салықтық хабарламаларды автоматты түрде қабылдау механизімі жүзеге асырылған; салық төлеушіде тіркелген салық төленетін обьектілері туралы мәлімет алу; пластикалық картаңыз болған жағдайда бюджетке салық төлеу және басқа да міндетті төлемдерді жүргізе алу; заңды тұлғаның тіркеу мәліметтеріне өзгерістер енгізе алу және т.б қызметтер.

             «Салық төлеушінің кабинетінде» жұмыс жасау   үшін электронды кілтіңіз болу керек, сіз онымен электронды қызмет түрін пайдалану мүмкіндігіне ие боласыз. Ол үшін тұрғылықты мекен-жайыңыз бойынша мемлекеттік кірістер органына электронды салық төлеушінің тіркеу есебі туралы салық өтінішін тапсыру қажет. Өтініштің негізінде салық органы сізді электронды салық төлеуші ретінде тіркеп, электронды құжат алмасуда электрондық цифрлық қолтаңбаны мойындау және қолдануға келісім жасалады және электронды цифрлық қолтаңба үшін электронды ақпарат сақтаушы құралда (flash carte) жазылған криптографикалық кілт ұсынады.

 

 



 Онлайн бақылау-касса машиналарын міндетті түрде тіркеу қажет!


            Жалағаш ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы келесі 17 қызмет түрлері бойынша онлайн БКМ міндетті түрде тіркеу қажеттілігін қайтадан назарларыңызға салады. Осыған байланысты, 2018 жылдың 31 желтоқсанына дейін онлайн-БКМ мемлекеттік кірістер органдарында тіркеу қажет. Сонымен қатар, Мемлекеттік кірстер органдары заңдық міндеттемелерді орындамағаны үшін әкімішілік (ӘҚК 284 бабына сәйкес) шара қолдануы қарастырылған.


Қызмет түрлері

1

Автомобильдерді және жеңіл автокөлік құралдарын сату

2

Автокөлік құралдарына техникалық қызметтер және жөндеу

3

Автомобильдерге арналған қосалқы бөлшектер мен құрал-саймандарды көтерме саудада сату

4

Автомобильдерге арналған қосалқы бөлшектер мен құрал-саймандарды бөлшек саудада сату

5

Сусындарды көтерме саудада сату

6

Фармацевтикалық тауарларды көтерме саудада сату

7

Тоқыма бұйымдарын сату

8

Қапсырма бұйымдарын, лак-бояу материалдарын және шыныларды сату

9

Киімдерді сату

10

Фармацевтикалық тауарларды бөлшек саудада сату

11

Сағат және зергерлік әшекейлерді сату

12

Ломбард қызметі

13

Жылжымайтын мүлікпен жүргізілетін операциялар бойынша агенттіктердің қызметі

14

Сыйақы үшін немесе келісімшарт негізінде жылжымайтын мүлікті басқару

15

Жарнама агенттіктерінің қызметі

16

Құмар ойындар және бәс тігуді ұйымдастыру қызметі

17

Уәкілетті ұйымдармен жүзеге асырылатын қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру қызметі

 

 


2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап қандай жағдайларда импортталған тауарларды өткізіп, шот-фактура жазбауға болады

 

2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енетін  Салық кодексінің                     412-бабы 1-тармағы 5)-тармақшасының редакциясына сәйкес тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналым жасалған кездеимпортталған тауарларды өткізген жағдайдасалық төлеушілершот-фактура жазып беруге міндетті.

Сонымен бірге,Салық кодексінің 412-бабы 13-тармағынасәйкес шот-фактураны жазып беру мынадай жағдайларда:

1) есеп айырысулары:

сатып алушыға бақылау-касса машинасының чегін ұсына отырып, қолма-қол ақшамен және (немесе) көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу терминалдары арқылы;

төлем карточкаларын пайдаланып, төлемдерді жүзеге асыруға арналған жабдықты (құрылғыны) қолдана отырып жүзеге асырылатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер өткізілген;

2) есеп айырысулары электрондық ақшамен немесе электрондық төлем құралдарын пайдалана отырып жүзеге асырылатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер жеке тұлғаларға өткізілген;

3) жеке тұлғаға ұсынылған коммуналдық көрсетілетін қызметтер, байланыс қызметтері үшін есеп айырысулар екінші деңгейдегі банктер, пошта операторы арқылы жүзеге асырылған;

4) теміржол немесе әуе көлігімен жолаушыны тасымалдау қағаз жеткізгіштегі жол жүру билетімен, электрондық билетпен немесе электрондық жол жүру құжатымен ресімделген;

5) тауар дара кәсіпкер немесе жеке практикамен айналысатын адам болып табылмайтын жеке тұлғаға өтеусіз берілген;

6) Салық кодекстің 397-бабында көзделген қызметтер (қосылған құн салығынан босатылатын қаржылық операциялар бойынша) көрсетілген жағдайларда талап етілмейді.

Жоғарыда жазылғандарға байланыстыимпортталған тауарларды өткізген жағдайдаСалық кодексінің 412-бабы 13-тармағының 1) - 6)-тармақшаларымен қарастырылған жағдайлардашот-фактураларды жазып беруталап етілмейді.


 Жалағаш ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы



11.12.2018 Хабарландыру:

 

Шағымдар мен өтініштерді «WhatsApp» мессенджері арқылы жолдауға болады

 

Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті 2018 жылдың 29 қарашасынан бастап жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың салық төлеушілері болып тіркелгендігіне, бақылау-кассалық машинасын қолданбау жағдайлары мен чекті ұсынбауға қатысты шағымдар мен өтініштерді «WhatsApp» мессенджері арқылы қабылданатын хабарлайды.

 Сонымен қатар, департаменттің әлеуметтік желілерде ашылған парақшаларында да (Facebook, Twitter және т.б.)  шағымдар мен өтініштер қалдыруға болады.

Осыған орай, жұртшылықтың  шағымдар мен өтініштерді 8-708-440-94-58 номеріндегі «WhatsApp» мессенджеріне жұмыс күндері (дүйсенбіден жұмаға дейін) сағат 9.00-ден 18-30 дейін жіберуге мүмкіндіктері бар.

Біз жедел және толық жауаптар беруге ұмтыламыз.

 

 

Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті

Талдау және тәуекелдер басқармасы

Тел: 8(7242)23-80-36



11.12.2018 Хабарландыру:

 

Патент негізіндегі арнаулы салық режимін мынадай талаптарға

сай келетін дара кәсіпкерлер қолданалады.

 

-Жалдамалы қызметкер еңбегін пайдаланбайтын;

-Салық кезеңіндегі  табысы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі --жалақының 300 еселенген мөлшерінен  (8 485 200 теңге)  аспауы  тиіс.

-Патент кемінде 1 ай мерзімге немесе 12 айдан аспайтын мерзімге беріледі.

-Күнтізбелік жыл салық кезеңі болып табылады.

 

Патент құнын есептеу.

 

-Патент құнына жеке табыс салығы (төлем көзінен ұстап қалатын жеке табыс салығынан басқа) мен әлеуметтік төлемдердің төлеуге жататын сомалары қосылады.

-Қолма-қол саудадан басқа саладағы қызметті жүзеге асыратын салық салық салу тұлғаларын қоспағанда, патент құнына кіретін жеке табыс салығының сомасын есептеу салық салу объектісіне 1 пайыз мөлшеріндегі мөлшерлемені қолдану жолымен жүргізіледі. Қолма-қол саудамен жұмыс жасайтын тұлғаларға 2 пайыз мөлшеріндегі мөлшерлеме қолданылады.

- Патент құнына кіретін әлеуметтік төлемдерді есептеу "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы", "Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" және "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүргізіледі.
 

-Патент құны  жеке табыс салығына төленеді(БСК-101202)

-Міндетті зейнетақы қорына ең төменгі жалақының 10% пайызынан кем емес жарна есептелінеді. (БСК-901101)

-Әлеуметтік сақтандыру қорына ең төменгі жалақының 3.5 % пайызынан кем емес жарна есептелінеді. ( БСК-902101)

 

 Жалағаш ауданы бойынша Мемлекеттік

 кірістер басқармасының бас маманы Ә.Мақсұтқызы
 

 

Оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимі

 

Мынадай шарттарға сай келетін шағын бизнес субъектілері:

Дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар үшін:

-   Дара кәсіпкерлердің өзін қоса алғанда, қызметкерлердің шекті орташа тізімдік саны салық кезеңі ішінде 30 адамнан аспайтын болса;

-  Салық кезеңі ішінде шекті табысы ең төменгі жалақының 2 044 еселенген мөлшерінен              (57 812 496 теңгеден) аспайтын болса;

-    Салық кезеңі жарты жылдық болып табылады.

-Оңайлатылған декларация салық төлеушінің тұрған жеріндегі салық органына есепті салықтық кезеңнен кейінгі екінші айдың 15-күнінен кешіктірілмей тапсырылады.

Оңайлатылған декларацияда көрсетілген салықтарды бюджетке төлеу жеке (корпоративтік) табыс салығы мен әлеуметтiк салық түрiнде есепті салықтық кезеңнен кейiнгi екінші айдың 25-күнінен кешіктірілмей жүргiзiледi.
      Бұл ретте жеке (корпоративтік) табыс салығы – оңайлатылған декларация бойынша есептелген салық сомасының 1/2 мөлшерiнде, әлеуметтiк салық "Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес есептелген Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдар сомасын шегергендегі оңайлатылған декларация бойынша есептелген салық сомасының 1/2 мөлшерiнде төленуге жатады.
      Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдар сомасы әлеуметтiк салық сомасынан асып кеткен кезде әлеуметтiк салық сомасы нөлге тең деп есептеледі.

Оңайлатылған декларацияда төлем көзінен ұстап қалатын жеке табыс салығының және әлеуметтік төлемдердің бюджетке төленуге жататын сомалары көрсетіледі.

 

 

Жалағаш ауданы бойынша Мемлекеттік

кірістер басқармасының бас маманы Б.Ахметов

 

Деректерді беру функциясы бар Бақылау касса машиналары

 

      Елімізде «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырылуда. Осы бағдарламаның орындалуы аясында сандық технологиялар өміріміздің әр салаларына дендеп енуде, себебі заманауи технологияларды пайдалану мемлекеттің экономикасын өрлетудің алғышарты болып саналады.

    Жалағаш ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқрмасында да сандық технологияларға кезең-кезеңмен көшу мақсатында іс-шара бекітіп, оған сәйкес жұмыстар атқаруда. Қазіргі кезеңде кәсіпкерлік қызметпен айналысушы субьектілердің сауда нүктелерінде қолданылып жүрген ескі үлгідегі бақылау касса машиналарын сандық бақылау-касса машиналарына ауыстыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Осылайша, 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап кәсіпкерлік қызметтің 10 түрін (құрылыс-материалдарын сатушылар, компьютер және оның қосымша құрылғылары, аудио-бейне техникалар, қонақ үй қызметі, тойханалар, шаштараздар т.б.) жаңа үлгідегі бақылау-касса машиналарына ауыстыруы жүргізілуде.

       Ағымдағы уақытта, яғни 2018 жылдың 1 қазанынан бастап кәсіпкерлік қызметтің қосымша 17 түрін (Автомобильдерді және жеңіл автокөлік құралдарын сату; Автокөлік құралдарына техникалық қызметтер және жөндеу; Автомобильдерге арналған қосалқы бөлшектер, құрал-саймандарды көтерме саудада сату; Сусындарды көтерме саудада сату; Фармацевтикалық тауарларды көтерме саудада сату; Тоқыма бұйымдарын сату; Қапсырма бұйымдарын, лак-бояу материалдарын және шыныларды сату; Киімдерді сату; Фармацевтикалық тауарларды бөлшек саудада сату; Сағат және зергерлік әшекейлерді сату; Ломбард қызметі; Жылжымайтын мүлікпен жүргізілетін операциялар бойынша агенттіктердің қызметі; Жарнама агенттіктерінің қызметі) жаңа үлгідегі бақылау-касса машиналарына ауыстыру жүзеге асырылуда.  Көрсетілген қызмет түрлерін көрсетушілер 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап деректерді беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын қолдануға міндетті.

Сондай-ақ, қызметін ашық сауда базарларының аумағындағы стационарлық емес сауда объектілері арқылы шағын бизнес субъектiлерi үшiн арнаулы салық режимi шеңберiнде жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап деректерді беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын қолдануға міндетті.

Жалағаш ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы жоғарыда аталған кәсіпкерлік нысандардың 2018 жыл аяғына дейін жаңа үлгідегі бақылау-касса машиналарын қолдануға шақырады.

 

 

Жалағаш ауданы бойынша Мемлекеттік

кірістер басқармасының бас маманы У.Абдихаликова

  

Электронды сауда

 

          Мемлекет басшысы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында перс­пективалық сала – электронды сауданы жүзеге асыруға назар аударды.

   Көрсетілген саланы дамыту Жалағаш ауданы бойынша  мемлекеттік кірістер басқармасының жұмыс бағыттарының бірі болып табылады. Электронды сауда жасаушылардың санын арттыру арқылы жеті мәселенің шешімін табуға болады:

·          қолма-қол ақшасыз есеп айырысу көлемін ұлғайту;

·          электронды саудадағы төлем жүйесін дамыту;

    -  электронды сауда жүргізу арқылы халықтың, кәсіпкерлердің сандық және қаржылық сауаттылығын арттыру;

    -     электронды сауда нарығын көбейту;

    -     логистика инфрақұрылымын дамыту;

    -     көлеңкелі бизнес айналымын қысқарту;

    -     жаңа жұмыс орындарын ашу. 

          Тауарды электронды түрде, яғни интернет-дүкен арқылы сатушыларға 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап электронды сауда саласында алынған табыстардың корпоративтік табыс салығы және жеке табыс салығы мөлшерлемесін 0%-ға дейін 2023 жылғы мерзімге азайту бойынша жеңілдіктер көзделген.       

          Электронды сауда субъек­ті­лері осы жеңілдіктерді алу үшін мынадай шарттарды сақтауы тиіс:

         – тауарларды сату бойынша мәмілелерді тіркеу электронды түрде жүзеге асырылады;

         – тауарларға ақы төлеу қолма-қол төлемсіз жүзеге асырылады;

         – сатып алушының  өз тауар жеткізу қызметінің болуы немесе жүк тасымалдау қызметімен, курьерлікпен және пошта қызметімен ай­на­лысатын тұлғалармен шарт­тарының болуы.                                                                                                         

          Тауарлардың электронды саудасы саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалар қызметтің жекелеген түр­лерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу есебіне қоюға жатады.

          Электронды сауданың артықшылығы – тауарды жеткізуге, көлік тасымалына шығындарды қысқартады, орта және шағын бизнесті дамытудың жеңіл жолдарын ұсынады. Қолайлылығы сонда – кәсіпкер үшін де, тұтынушы үшін де қызметтің толық кешені бір алаңда көрсетіледі, яғни тауар мен сатушы, төлем әдісі, тауарды алу әдістері туралы ақпаратты алу, сапаны бақылау және кері байланысқа берілген мүмкіндік ортақ.

    Электронды сауданы дамытудың бірнеше тиімділігі бар. Интернет-дүкендер, электронды сауда алаңдары неғұрлым көбірек ашылса, соғұрлым тікелей-тапсырыстар саны артып ол өз кезегінде қолма-қол ақшасыз есеп айырысу көлемін ұлғайтады және халықтың белгілі бір бөлігін өзін-өзі жұмыспен қамту мәселесін шешеді.  

 

Жалағаш ауданы бойынша Мемлекеттік

кірістер басқармасының бас маманы Д.Садуанов

 

Мемлекеттік кірістер органдарымен салынған айыппұлдарды мәжбүрлеп орындату

Әкімшілік жазаның  әлеуметтік  міндеті ол жазаның орындалуымен тығыз байланысты, яғни кінәлі тұлға өзінің құқықтарының шектелгенін мойындайды. Егер әкімшілік жаза қолдану туралы қаулы орындалмаса немесе толығымен орындалмаса – мұндай жазаның тиімділігі туралы айту қиын. Сондықтан да қолданған жазалардың тиімділігі оларды жүзеге асырылуымен байланысты.  

         Жеке нотариустар, жеке сот орындаушылар, адвокаттар, дара кәсіпкерлер және заңды тұлғаларға қатысты мемлекеттік кірістер органдарымен қарастырылатын, сондай-ақ, салық салу саласында өзге құқық бұзушылықтар бойынша әкімшілік айыппұл салутуралы қаулы Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіпте орындалады.

         Өз еркімен әкімшілік айыппұлды төлеу үшін мерзімнің өтуі бойынша хаттаманы толтырған қызметші мемлекеттік кірістер органдары қарайтын әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша, сондай-ақ жеке нотариустар, жеке сот орындаушылар, адвокаттар, дара кәсіпкерлер және заңды тұлғаларға қатысты салық салу саласында өзге әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша  әкімшілік айыппұл салу туралы қаулы бір тәулік ішінде  салық берешегін және салық, төлем, өсімпұл және айыппұл бойынша берешекті мәжбүрлеп өндіріп алу шарасын қолдануға жауапты мемлекеттік кірістер органының тиісті бөлімшесіне (бұдан әрі – мәжбүрлеп өндіріп алу бөлімі) жібереді.

         Бұл ретте, мәжбүрлеп орындатуға жіберілген әкімшілік жаза қолдану туралы қаулыны өндіріп алу бөлімі өз еркімен төлеу бойынша мерзімі өткеннен кейін бес күндік мерзімде, салық салу саласында сот шығарған айыппұлды салу туралы қаулы бойынша  оларды алған сәттен бастап үш күндік мерзімде жүргізілуі керек.

         Әкімшілік жаза қолдану туралы қаулыны орындау, мемлекеттік кірістер органдарымен қарастырылатын, сонымен қатар заңды тұлғаға қатысты салық салу саласындағы басқа да әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша, дара кәсіпкерлер, жеке нотариустар, жеке сот орындаушылар, тиісінше адвокаттар есепке алу жаза жеке шоттарында қамтамасыз ету құралдарын пайдалану және айыппұлды мәжбүрлеп өндіріп алу шарасы, мемлекеттік кірістер органымен салық төлеушінің тіркеу орны бойынша қолданылады.

        Сонымен қатар әкімшілік жаза қолдану туралы қаулысы бойынша  жаппай өндіріп алу жүргізілуі,сот қаулысын орындаған туралы белгі қойылып,қаулыны орындаған мемлекеттік кірістер органы сотқа, қаулыны шығарған мемлекеттік кірістер органына қайтарады.

         Жеке тұлғаларға қатысты айыппұлды мәжбүрлеп өндіріп алу ӘҚБК 894-бабында белгіленген тәртіпте  жүргізіледі.

        Егер айыппұл салынған жеке тұлға жұмыс iстемейтін болса немесе басқа да себептер бойынша айыппұлды жалақысынан немесе өзге де табыстарынан өндiрiп алу мүмкiн болмаса, мемлекеттің кірісіне айыппұл сомасының түспегені туралы анықтаманы міндетті түрде қоса отырып, айыппұл салу туралы қаулыны, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртiппен мәжбүрлеп орындату үшiн сот орындаушысына жiбередi.

         Бұл ретте,  айыппұл қолдану туралы қаулыны өз еркімен орындау мерзімі өткеннен кейін 10 күн ішінде айыппұл салу туралы қаулы сот орындаушысына жіберіледі.

 

Жалағаш ауданы бойынша Мемлекеттік

кірістер басқармасының бас маманы Д.Муслимов

 






 

Кіру