Русский Қазақша

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

ІЗДЕУ
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Инфрақұрылым
Қоғам
Мем. қызметтер
Байланыс
Әкім блогы
Анықтама
Сайт картасы Аудан әкімі аппараты
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Басты бет Бизнес Жұмыс істеп тұрған объектілер

Жұмыс істеп тұрған объектілер



Жеке кәсіпкер Ғ.Исахановтың күріш және жем өндіру цехы


2019 жылдың сәуір айының 11 күні «Серпін» аграрлы индустриалды аймағында орналасқан жеке кәсіпкер Ғ. Исахановтың қуаттылығы күніне 60 тонна қара күрішті ақтау цехын іске қосылып, 17 жаңа жұмыс орны ашылды.

Сондай-ақ күріш жармасымен қамтамасыз ету және бағаларды тұрақтандыру жөніндегі шараларына сәйкес Аудандық ауылшаруашылығы бөлімі мен «Байтабын» ЖШС, «Мақпалкөл» ЖШС және жеке кәсіпкер Ғ.Исаханов үш жақты меморандумға отырды.




Жеке кәсіпкер М.Ертуғанованың 50 адамдық қоғамдық монша кешені

 

Жалағаш кентінде мемлекет тарапынан кәсіпкерлік саласын дамыту бағытында көрсетілген қолдаулар негізінде 2019 жылдың наурыз айының 20 күні қоғамдық монша ашылды.

Жеке кәсіпкер М.Ертуғанова жалпы құны 30,0 млн. тенге құрайтын 50 орындық жаңа монша ғимаратын салып, халық игілігіне пайдалануға беруі тұрғындар үшін қуанышты жаңалық болды. Қоғамдық моншада заман талабына сай жылыту пеші орнатылған. Сондай-ақ, келушілер үшін шешінетін, жуынатын және кептірілетін бөлмелер қарастырылған. Моншаның іші кең, таза әрі ыңғайлы. Барлығы санитарлық стандарттарға сәйкес келеді. Жеке кәсіпкер М.Ертуғанова бүгінгі күні 10 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр.


    




Жеке кәсіпкер Ж.Қазбайұлының қонақ үй және тамақтану кешені


Жалағаш кентінде 25 адамға арналған қонақ үй кешені ашылды. Бұл ғимаратты салу үшін отбасылық кәсіпке мемлекет тарапынан қолдау көрсетілген.

«Jibek» қонақ үй кешені, екі қабатты ғимарат, көз тартар сәулетімен де ерекше. Жеке кәсіпкер Ж.Қазыбайұлы қонақ үй кешенің, мемлекеттік бағдарлама аясында несие алып және өз қаражатымен барлығы 30,0 млн теңге қаражаттың көмегімен салынған. Қонақ үй кещенінің ішінде, люкс және эконом класстағы бөлмелер де бар. Бөлмелердің барлығы да жоғары талғаммен жобаланған. Орталық қызметін пайдаланушылар төменгі қабаттағы мейрамханадан ауқаттана алады. Асханасы бір мезгілде 50 адамды қабылдай алады. Қонақ үй кешенінде 5 адам жұмыспен қамтылды. Ашылған қонақ үйі, мұнда аялдаған азаматтарды қабылдауға қазір дайын. Қызмет бағасы да қолжетімді.

Ал, алдағы уақытта кәсіпкерліктің ауқымы кеңеймек.Оның ішінде ауланың көлемі ұлғайтылып, жолаушылардың көліктеріне арналған соңғы үлгідегі автотұрақ салынады. 


                       


Кіру