Русский Қазақша

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

ІЗДЕУ
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Инфрақұрылым
Қоғам
Мем. қызметтер
Байланыс
Әкім блогы
Анықтама
Сайт картасы Аудан әкімі аппараты
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес

Индустриялық аймақ



«Серпін» аргарлы-индустриялды аймағы туралы

 

Жалағаш кентінің батыс бетінен 22 гектар жер телімі белгіленіп, «Серпін» аграрлы-индустриялды аймағы құрылды.

Аграрлы-индустриялды аймақ инженерлік инфрақұрылымдармен толық жабдықталған (авто жол, телефон, ауыз су және  электр желілері.)

Қазіргі таңда 22,0 гектар жер телімінің 5,0 гектары инженерлік инфрақұрылым жүйесіне тиесілі болса, 12,7 гектары кәсіпкерлерге табысталған.

Бүгінгі күнге аграрлы-индустриялды аймақтың 4,3 гектар жер телімі кәсіпкерлерге ұсынылуда.

«Серпін» аграрлы-индустриялды аймағының 2,0 гектар жерінде  жалпы құны 91,0 млн теңгені құрайтын 4 өндіріс орындары іске қосылып, 40 адам жұмыспен қамтылған.

1) Жеке кәсіпкер Д.Жарасбаевтың мал сою цехы. Жобаның жалпы құны 14,5 млн теңге. Жобаны жүзеге асыру үшін 2011 жылы 0,2 га жер телімі табысталды. Жоба 2011 жылы іске қосылған. 3 адам жұмыспен қамтылған.

2) «К.Қанатбаева» ШҚ-ның мал сою және жіліктеп бумалау цехы. Жобаның жалпы құны 25,3 млн теңге. Жобаны жүзеге асыру үшін 2013 жылы 0,5 га жер телімі табысталды. Жоба 2014 жылы іске қосылған. 4 адам жұмыспен қамтылған. Сонымен қатар 2016 жылы берілген жер телімінің 0,1 га жеріне К.Қанатбаева құны 1,5 млн теңгені құрайтын 100 бас малға арналған мал базары.

3) «Өркен Әлем» ЖШС-нің арнайы киім тігу цехы. Жобаның жалпы құны 38,2 млн теңге. Жобаны жүзеге асыру үшін 2015 жылы 1,0 га жер телімі табысталды. Жоба 2017 жылы іске қосылған. 26 адам жұмыспен қамтылған. Алдағы уақытта цех аумағынан жалпы құны 40,0 млн теңгені құрайтын арнайы каска дайындау цехының құрылысын бастау жоспарлануда. Қосымша 20 жаңа жұмыс орны ашылатын болады.

4) «СержанГазСтрой» ЖШС-нің темір бұйымдарды және тұрмысқа қажетті заттарды дайындау цехы. Жоба құны 11,5 млн теңге. Жобаны жүзеге асыру үшін 2018 жылы 0,3 га жер телімі табысталды. Қазіргі таңда негізгі ғимаратының құрылысы аяқталып, қондырғыларды орнату жұмыстары жүргізіліп, жоба толық іске қосылды.  7 жаңа жұмыс орны ашылды.

Сонымен қатар, «Серпін» аграрлы-индустриялды аймағының 10,7 гектар жеріне жалпы құны 557,0 млн теңгені құрайтын 12 жобаны іске асыру жоспарлануда. Аталған жобаларды жүзеге асыру үшін қажетті жер телімдері толық табысталды. Қосымша 93 жаңа жұмыс орны ашылатын болады.

Қазіргі таңда бұл жобалардың ішінен құны 256,0 млн теңгені құрайтын 6 жобаның құрылыс жұмыстары басталды. Қалған 6 жобаның құрылысы 2019 жылдың бірінші жарты жылдығында басталатын болады.

1) «Баба» ШҚ-ның асыл тұқымды ешкілерді көбейту, етін өндіру және сүтін өңдеу цехы. Жобаның жалпы құны 20,0 млн теңге. 2016 жылы 2,0 га жер телімі берілді. Жоба ағымдағы жылдың аяғына дейін толық іске қосылып, 12 жаңа жұмыс орны ашылатын болады.

2) жеке кәсіпкер Ғ.Исахановтың жалпы құны 100,0 млн теңгені құрайтын тәулігіне 60 тонна күріш ақтау және жем өндіру цехы. Жобаны жүзеге асыру үшін 2018 жылы 1,0 га жер телімі табысталды. Жоба ағымдағы жылдың аяғына дейін толық іске қосылып, 15 жаңа жұмыс орны ашылатын болады.

3) «Сыздық» ШҚ-ның тәулігіне 60 тонна күріш ақтау және жем өндіру цехы. Жобаның жалпы құны 100,0 млн теңге. Жобаны жүзеге асыру үшін 2018 жылы 2,0 га жер телімі табысталды. Жоба 2019 жылдың 1 жарты жылдығында іске асырылатын болады. Жоба толыққанды іске асырылған жағдайда 15 жаңа жұмыс орны ашылады.

4) жеке кәсіпкер М.Көптілеуовтің төсеніш бұйымдарын химиялық тазалау орталығы. Жоба құны 6,0 млн теңге. Жобаны жүзеге асыру үшін 2018 жылы 0,3 га жер телімі табысталды. Жоба 2019 жылдың 1 жарты жылдығында іске асырылатын болады. Жоба толыққанды іске асырылған жағдайда 3 жаңа жұмыс орны ашылады.

5) жеке кәсіпкер М.Қанибаевтың 3000 басқа арналған жұмыртқа бағытындағы шағын құс фермасы. Жобаның жалпы құны 10,0 млн теңге. Жобаны жүзеге асыру үшін 2016 жылы 0,2 га жер телімі табысталды. Қазіргі уақытта қаржы болмауына байланысты құрылысы уақытша тоқтап тұр. Жоба толыққанды іске асырылған жағдайда 5 жаңа жұмыс орны ашылады.

6) «Жер Ана» ШҚ-ның жалпы құны 20,0 млн теңгені құрайтын 50 бас МІҚ малына арналған сүт фермасы. Жобаны жүзеге асыру үшін 2018 жылы 0,2 га жер телімі табысталды. Жоба 2019 жылдың 1 жарты жылдығында іске асырылатын болады. Қазіргі таңда малшыларға арналған үй және қоражай құрылысы жүргізілуде. Жоба толыққанды іске асырылған жағдайда 5 жаңа жұмыс орны ашылады.

7) жеке кәсіпкер Ж.Кәрібоздың 3 жылыжай кешені. Жоба құны 6,0 млн теңге. Жобаны жүзеге асыру үшін 0,3 га жер телімі табысталды. Жоба 2019 жылдың 1 жарты жылдығында іске асырылатын болады. Жоба толыққанды іске асырылған жағдайда 6 жаңа жұмыс орны ашылады.

8) «Жарқын-ай» ШҚ-ның астық сақтау және жылыжай кешені. Жобаның болжамдық құны 15,0 млн теңге. Жобаны жүзеге асыру үшін 1,0 га жер телімі табысталды. Жоба құрылысы 2019 жылдың екінші жарты жылдығында басталатын болады. 5 жаңа жұмыс орны ашылады.

9) «Тахир Ата» АӨК-ның жеміс шырынын дайындау және жемісті кептіру цехы. Жобаның болжамдық құны 200,0 млн теңге. Жоба жүзеге асыру үшін  аукцион арқылы 1,0 га жер телімі табысталды. Жоба құрылысы 2019 жылдың бірінші жарты жылдығында басталатын болады. 10 жаңа жұмыс орны ашылады.

10) жеке кәсіпкер К.Кариповтың мал азығын дайындау цехы. Жобаның болжамдық құны 20,0 млн теңге. Жоба жүзеге асыру үшін  аукцион арқылы 1,0 га жер телімі табысталды. Жоба құлысы 2019 жылдың бірінші жарты жылдығында басталатын болады. 6 жаңа жұмыс орны ашылады.

11) жеке кәсіпкер К.Кариповтың 20 бас малға арналған бордақылау алаңы. Жобаның болжамдық құны 10,0 млн теңге. Жоба жүзеге асыру үшін  аукцион арқылы 0,6 га жер телімі табысталды. Жоба құрылысы 2019 жылдың бірінші жарты жылдығында басталатын болады. 4 жаңа жұмыс орны ашылады.

12) жеке кәсіпкер Д.Ержановтың тәулігіне 30 тонна қара күрішті ақтау және жем өндіру цехы. Жобаның болжамдық құны 50,0 млн теңге. Жоба жүзеге асыру үшін  аукцион арқылы 1,0 га жер телімі табысталды. Жобаның болжамдық қуаттылығы жылына 500 тонна күріш ақтау. Жоба құрылысы 2019 жылдың бірінші жарты жылдығында басталатын болады. 7 жаңа жұмыс орны ашылады.

 

 


Кіру