Русский Қазақша

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

ІЗДЕУ
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Инфрақұрылым
Қоғам
Мем. қызметтер
Байланыс
Әкім блогы
Анықтама
Сайт картасы Аудан әкімі аппараты
Билік
Құқық
Экономика
Басты бет Бизнес Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік қолдау бағдарламалары

Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік қолдау бағдарламалары


Экономиканың шикізат емес секторларындағы өңірлік кәсіпкерліктің тұрақтылығын және теңдестікте өсуін сақтауды жүзеге асыру мақсатында 2010 жылдан бастап Мемлекеттік «Бизнес жол картасы - 2020» бағдарламасы жүзеге асырылуда.

Бағдарламада үш негізгі бағыт қарастырылған:
1. Жаңа бизнес-бастамаларға қолдау көрсету, басқаша айтқанда қазіргі заманға сай жаңа өндірістерді құруға көмек көрсету. Осы бағыт шеңберінде пайыздық мөлшерлемені субсидиялау механизмдері және жаңа жобаларды жүзеге асыруға несиелеріне кепілдік беру, бизнеске сервистік қолдау көрсету шаралары мен өндірістік (индустриалды) инфрақұрылымдарды салуды жүргізуге пайдаланылатын болады.
2. Кәсіпкерлік секторын қалпына келтіру, яғни кризистік уақытта қаржылық қиындыққа тап болған қызметтегі бизнеске қолдау көрсету.
3. Экспортқа бағытталған өндірістерді қолдау, бұл эскпорттық-кәсіпорындардың қолданымдағы несиесін субсидиялаумен арқылы орындалады.

«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберіндегі мемлекеттік қолдаудың құралдары болып:

  • пайыздық мөлшерлемені субсидиялау;
  • несиелерге бөлшек кепілдендіру;
  • түпнұсқалығы мен жаңашылдығы жағынан ерекшеленетін жаңадан бастаған кәсіпкерлерге гранттар беру;
  • өндірістік инфрақұрылымды дамыту;
  • бизнесті жүргізуге сервистік қолдау көрсету саналады

Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы топтастырылуына сәйкес экономиканың артықшылық секторларында жобаларын әрбір жүзеге асырушы кәсіпкер бағдарламаға қатыса алады.

Түсініктеме және кеңес алу үшін мына мекен-жай бойынша хабарласуға болады:

  • Қазалы аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі, мекен-жайы Әйтеке би кенті, Қ.Пірімов көшесі, 5, тел.: 8/72438/23-8-17;

Сонымен қатар мемлекеттік бағдарламаларды қолдау құралдары туралы барлық ақпараттық-түсіндірмелік қолдау http://business.gov.kz/ бизнес-порталында қызмет істейді.

Кіру