Русский Қазақша

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

ІЗДЕУ
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Инфрақұрылым
Қоғам
Мем. қызметтер
Байланыс
Әкім блогы
Анықтама
Сайт картасы Аудан әкімі аппараты
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Басты бет Бизнес Мемлекеттік-жеке меншік әріптестігі

Мемлекеттік-жеке меншік әріптестігі

Жалағаш ауданында 2019 жылдың 1 шілдесіне  мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында атқарылған жұмыстар



       2018 жылы Таң елді мекенінен«Таң ЛТД» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі дене шынықтыру-сауықтыру кешенін жалға беру жобасы аяқталды. 2019 жылдың бекітілген облыстық бюджет есебінен 11 штат бірлікпен ұстау шығындарына 14,7 млн теңге қаржы бөлінді. Жоба толыққанды  іске қосылды.

        Таң, Ақсу елді мекендеріне дәрігерлік амбулатория құрылыстарын салуға  жекеше әріптес «АХАТ ГС» ЖШС айқындалды.

         2018 жылдың 18 шілдесіндегі № Қызылорда облыстық мәслихаты  шешімімен Ақсу елді мекеніне дәрігерлік амбулатория құрылыстарын салуға   мемлекеттік міндеттемелері қабылданды.

        «Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасы» ММ мен «АХАТ ГС» ЖШС арасында 2018 жылдың 8 тамызында №8 келісім-шарт жасалды.

2018 жылдың 18 шілдесіндегі №216 Қызылорда облыстық мәслихаты  шешімімен Таң елді мекеніне дәрігерлік амбулатория құрылыстарын салуға мемлекеттік міндеттемелері  қабылданды.

2019 жылдың 28 қаңтарында мемлекеттік міндеттемелері қабылдауға  қосымша №1 келісім-шарт жасалды. Құрылыс жұмыстарын жүргізуге жер телімдері рәсімделуде. Құрылыс  жұмыстары   биылғы  жылы жүргізіледі.



Ауданда  мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында 2019 жылдың I тоқсанында атқарылған жұмыстары

 

2017 жылы   ауданда   “Таң ЛТД” жауапкершілігі шектеулі  серіктестігінің бастамасымен Таң елді мекенінен  90 орындық  балабақша құрылысы    мемлекеттік – жекешелік әріптестік  аясында   жүзеге  асырылды.  2018 жылдың 1 қаңтарынан   28  жаңа  жұмыс   орны   ашылып   бала-бақша   жұмыс  жасайды.

Балабақшаға 2019  жылы  мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын іске асыруға   26,8 млн.теңге көлемінде қаржы бөлінді. Өңірлік  мемлекеттік   жекешелік әріптестік орталығы  10 жылға  өтемақыға 40,0 млн. теңге есептеді.

2018 жылы Таң елді мекенінен «Таң ЛТД» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі дене шынықтыру-сауықтыру кешенін жалға беру жобасы  аяқталып,  облыстық бюджет есебінен 11 штат бірлікпен  ұстау шығындарына 14,7 млн. теңге қаржы бөлінді. Өңірлік  мемлекеттік   жекешелік әріптестік орталығы  10 жылға  өтемақыға 56,0 млн. теңге есептеді

2019 жылы  «Таң ЛТД» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің  екінші дене шынықтыру-сауықтыру  кешенін  жалға  беру  жобасы  биылғы  жылы іске асырылады.

Таң, Ақсу елді мекендеріне дәрігерлік амбулатория құрылыстарын салуға  жекеше әріптес «АХАТ ГС» ЖШС айқындалды.

2018 жылдың 18 шілдесіндегі №215 Қызылорда облыстық мәслихаты  шешімімен Ақсу елді мекеніне дәрігерлік амбулатория құрылыстарын салуға   мемлекеттік міндеттемелері қабылданды.

«Қызылорда облыстық денсаулық  сақтау басқармасы» ММ мен «АХАТ ГС» ЖШС арасында 2018 жылдың 8 тамызында №8 келісім-шарт жасалды.

2018 жылдың 18 шілдесіндегі №216 Қызылорда облыстық мәслихаты  шешімімен Таң елді мекеніне дәрігерлік амбулатория құрылыстарын салуға    мемлекеттік міндеттемелері  қабылданды.

2019 жылға  мемлекеттік міндеттемелері  қабылдауға  қосымша келісім-шарт  жасалды. Құрылыс жұмыстарын  жүргізуге жер телімдері рәсімделді. Құрылыс  жұмыстары   биылғы  жылы жүргізіледі. 

 



Мемлекеттік – жекешелік әріптестік туралы



                                                                          

Мемлекеттік – жекешелік  әріптестік  туралы   Қазақстан   Республикасының  2015 жылдың  31 қазанында   №379  Заңы  қабылданды.

Қабылданған Заңның   мақсаты  мемлекеттік әріптес пен жекеше әріптестің тиімді өзара іс-қимылы үшін жағдайлар жасау.

Мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің  қағидаты жекеше әріптесті айқындау, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын жасасу, орындау және тоқтату, сондай-ақ тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің белгілі бір көлемін "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының нормалары қолданылмастан   жүзеге асырылады.

Ауданда  мемлекеттік – жекешелік әріптестік аясында біршама жұмыстар атқарылды.

2017 жылы   ауданда   “Таң ЛТД” жауапкершілігі шектеулі  серіктестігінің бастамасымен Таң  елді мекенінен  90 орындық  балабақша құрылысы    мемлекеттік – жекешелік әріптестік  аясында   жүзеге  асырылды.  2018 жылдың 1 қаңтарынан   28  жаңа  жұмыс   орны   ашылып   бала-бақша   жұмыс  жасайды.

Балабақшаға 2019  жылы  мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын іске асыруға   26,8 млн.теңге көлемінде қаржы бөлінді. Өңірлік  мемлекеттік   жекешелік әріптестік орталығы  10 жылға  өтемақыға 40,0 млн. теңге есептеді. Есептелген  өтемақыны облыстық  білім  басқармасы  жыл сайын тікелей жекеше әріптестің есеп шотына  аударады.

2018 жылы Таң елді мекенінен «Таң ЛТД» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі дене шынықтыру-сауықтыру кешенін жалға беру жобасы  аяқталып,  облыстық бюджет есебінен 11 штат бірлікпен  ұстау шығындарына 14,7 млн. теңге қаржы бөлінді. Өңірлік  мемлекеттік   жекешелік әріптестік орталығы  10 жылға  өтемақыға 56,0 млн. теңге есептеді. Өтемақыны   облыстық  денешынықтыру  және спорт басқармасы жыл сайын тікелей  жекеше әріптестің  есеп  шотына  аударады.

Екінші  жоба бойынша ғимараттың техникалық құжаты және қосымша қосылған бөлмелердің жер телімдерінің құжаттарының  рәсімделуіне байланысты   жоба  2019 жылы  іске  асырылады.

Таң, Ақсу елді мекендеріне дәрігерлік амбулатория құрылыстарын салуға  жекеше әріптес «АХАТ ГС» ЖШС  айқындалды.

2018 жылдың 18 шілдесіндегі №215 Қызылорда облыстық мәслихаты  шешімімен Ақсу елді мекеніне дәрігерлік амбулатория құрылыстарын салуға  (2018-2021 жылдарға 126 629,0 мың теңге, оның ішінде 2018 жылға-1560,0 мың теңге, 2019 жылға-42 210,0 мың теңге, 2020 жылға-42 210,0 мың теңге, 2021 жылға 40 649,0 мың теңге көлемінде)  мемлекеттік міндеттемелері қабылданды.

 «Қызылорда облыстық денсаулық  сақтау басқармасы» ММ мен «АХАТ ГС» ЖШС арасында 2018 жылдың 8 тамызында №8 келісім-шарт жасалды.

2018 жылдың 18 шілдесіндегі №216 Қызылорда облыстық мәслихаты  шешімімен Таң елді мекеніне дәрігерлік амбулатория құрылыстарын салуға  (2018-2021 жылдарға 129 328,0 мың теңге, оның ішінде 2018 жылға-1594,0 мың теңге, 2019 жылға- 43 109,0 мың теңге, 2020 жылға- 43 109,0 мың теңге, 2021 жылға 41 516,0 мың теңге көлемінде)  мемлекеттік міндеттемелері  қабылданды.

2019 жылға  мемлекеттік міндеттемелері  қабылдауға  қосымша келісім-шарттар  жасалуда.

 «Қызылорда облыстық денсаулық  сақтау басқармасы» ММ мен «АХАТ ГС» ЖШС арасында 2018 жылдың 8 тамызында №10 келісім-шарт жасалды. Келісім-шарт ҚР Қаржы министрлігі Қазынашылық  Комитетінде 2018 жылдың 13 тамызында тіркелді.  Құрылыс жұмыстарын  жүргізуге  жер телімдері рәсімделді.

Құрылыс  жұмыстары   биылғы  жылы жүргізіледі. 

                       







Ғалымбек Жақсылықов: «Елімізде мемлекеттік-жеке меншік әріптестік тетіктері бизнес үшін ыңғайлы бола бастады»

 

«2017 жылы елімізде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бюджет заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңының қабылдануымен мемлекеттік-жеке меншік әріптестік тетіктері бизнес үшін ыңғайлы бола бастады», - дейді Кәсіпкерлер палатасының директоры Ғалымбек Жақсылықов. Себебі құжат кәсіпкерлердің ұсыныс-пікірлерін ескере отырып әзірленген. Енді кәсіпкерлер мемлекеттік-жеке меншік әріптестік аясында балабақша немесе емхана салса қандай кіріске қол жеткізуге болатынын алдын ала біліп отыратын болды.

Бүгінде мемлекеттік-жеке меншік әріптестік (МЖӘ) бюджет қаржысынан өзге де қаржы көздерін тарта отырып, маңызды әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуге болатын тиімді шаралардың біріне айналды. Өткен жылдың соңында бюджет заңнамаларына МЖЭ жобаларын қарау, бекіту және жүзеге асыруды жеңілдететін өзгерістер енгізілді. Бұл қадам алдағы уақытта осы саланың дамуына жаңа серпін береді деп күтілуде.

Нақтырақ айтқанда, қазір «Бағдарламалық МЖӘ» енгізілуде. Бұл дегеніміз жеке әріптес пен МЖӘ жобаларын таңдау барысында қосымша сараптамалар жасалмайды. Яғни арнайы әр сала үшін мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларда барлық рәсімдер жазылып тұрады деген сөз.

Мұнан өзге, МЖӘ жобаларын жоспарлау барысы да оңтайландырылуда. Бұрын бұл 5 кезеңнен тұрса, қазір 3-кезеңге дейін төмендетілген, яғни инвестициялық ұсынысқа сараптама жасалады, байқау өткізіледі, МЖӘ келісім шарты жасалады. Ал бұған дейінгі жобаның тұжырымдамасы мен МЖӘ келісім шарты жобасының сараптамасын жасау деген талап алынып тасталды.    

- Жалпы МЖӘ жобаларын әзірлеу кезеңі 7 айдан 3 айға дейін қысқартылды, - дейді Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Ғалымбек Жақсылықов. – Осыған орай, МЖӘ процедурасы қолжетімді бола түсті. Бұл жайт инвесторларға ұзақ мерзімді қаржы салуға мүмкіндік береді. Заңнамаға енгізілген өзгерістің нәтижесінде әлеуетті мемлекеттік әріптестердің ауқымы мемлекеттік кәсіпорындармен толықты. Сонымен бірге, мемлекеттік бюджет шығынын болдырмау мақсатында мемлекеттің жоба аясындағы қаржылық міндеттемесі бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің қаржыны жоспарлау барысында негізгі лимиттен аспауы ескерілетін болады. Мәселен, Бюджеттік Кодексте аудан әкімдігі (немесе облыстық маңыздағы қала) МЖӘ жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемесін мәслихатпен қабылданған құжат негізінде орындауды қамтамасыз ететін норма қарастырылған. МЖӘ келісім шарттарын бақылауда ұстау тетігі ретінде қазынашылық органдарымен келісім шартты тіркеу қарастырылған. Мысалы, мемлекеттік сатып алу саласындағы келісім шарттар қазынашылықта тіркеледі ғой. МЖӘ келісім шарттары да осындай мәртебеге ие болып отыр.     

Айта кету керек, қазіргі таңда біздің облысымызда мемлекеттік-жеке меншік әріптестік аясында жалпы құны 25,5 млрд.теңгені құрайтын 66 жоба қолға алынды. Оның ішінде 10 жоба бойынша тиісті келісім шарттар жасалып, жобаларды жүзеге асыру басталуда. Жобалардың бсым бөлігі білім, денсаулық, спорт салаларын қамтиды.

Қызылорда облысы

кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі




Кіру