Русский Қазақша

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

ІЗДЕУ
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Инфрақұрылым
Қоғам
Мем. қызметтер
Байланыс
Әкім блогы
Анықтама
Сайт картасы Аудан әкімі аппараты
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес

Өнеркәсіп


Жалағаш ауданы 2019 жылдың ІI тоқсаны бойынша  өндірілген өнеркәсіп өнім туралы


Ауданның өнеркәсіп өнімдерін өндіруші мекемелері мен кәсіпорындары және жеке секторлары 2019 жылдың ІІ тоқсанында өндірілген өнеркәсіп өнімдерінің көлемі 3 464 022 мың теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңінің салыстырмалы бағасымен алғанда 169,9 есеге артып отыр.

Оның ішінен өңдеу өнеркәсібі бойынша 3 184 559 млн теңгенің өнімі өндіріліп, 2018 жылдың тиісті кезеңімен салыстынған 70,8 пайызға артып отыр.

Жалпы өнеркәсіп өнімдерінің өткен жылдың тиісті кезеңінен артық орындалуының себебі, өңдеу өнеркәсібі, оның ішінде 2017 жылы іске қосылған «Өркен-Әлем» ЖШС-нің арнайы киім тігу цехында тігілген арнайы киімдер есебінен және 2018 жылы іске қосылған «Таң ЛТД» ЖШС-нің күріш өңдеу зауыты өнімдерінің негізінен өсіп отыр.

Сонымен қатар, өңдеу өнеркәсібі саласы бойынша ағымдағы жылы жеке кәсіпкер Ғ.Исахановтың тәулігіне 60 тонна күріш ақтау және жем өндіру цехы, «АгроЛидерТаң» ЖШС-нің ауысымына 10 бас мал сою пункті мен 600 кг ет өндіру цехы іске қосылды.

2019 жылдың аяғына дейін өңдеу өнеркәсібін дамыту бағытында «Баба» ШҚ-ның асыл тұқымды ешкілерді көбейту, етін өндіру және сүтін өңдеу фермасын, «Сыздық» ШҚ-ның тәулігіне 60 тонна күріш ақтау және жем өндіру цехын іске қосу жоспарлануда.

Аталаған жобалардың қаржы мәселелері толық шешіліп, қазіргі таңда құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Бұл кәсіпорындар ауданның өңдеу өнеркәсібінің көтерілуіне үлкен үлес қосатын болады.

Екінші мәселе: Ауданда шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту бағытында 2019 жылдың ІІ тоқсанына атқарылған жұмыстарының қорытындылары және алдағы міндеттері туралы АНЫҚТАМА


Аудан бойынша 2018 жылдың ІІ тоқсанына тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 2340 бірлікті құрап, оның ішінен 2084 субъектісі  немесе 89,1 пайызы нақты жұмыс жасап тұр.

Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда жұмыс жасап тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 1798-ден  2084-ке, яғни 15,9 пайызға немесе 286 бірлікке көбейіп отыр. Ал, тоқтап тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 552-ден 256-ға азайды. Яғни өткен жылдың 1 маусымынан бастап түрлі себептермен жұмыс жасамай тұрған 296 шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі заңға сәйкес жабылды.

2018 жылдың қорытындысы бойынша 2300 шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері тіркелсе, оның ішінде жұмыс жасап тұрғандар саны 1914 субъектіні құраған болатын. Яғни жыл басымен салыстырғанда тіркелгендердің саны 40 бірлікке, ал жұмыс жасап тұрғандардың саны 170 бірлікке ұлғайса, тоқтап тұрғандардың саны 130 бірлікке азайған.

Кент, ауылдық округтер бойынша жұмыс жасап тұрған кәсіпкерлік субъектілерінің үлесі төмендегідей.

Кент/ауылдық округтері

Халық саны

Тіркелген ШОБ субъектілерінің саны,
бірлік

Жұмыс жасап тұрған ШОБ субъектілерінің саны,
бірлік

Жұмыс жасап тұрған ШОБ субъектілерінің тіркелгендердің ішіндегі үлесі,
%

 

Жалағаш ауданы

35 683 

2 340 

2 084 

89,1

1

Ақсу а/о

1 674 

108

101

93,5

2

Аққұм а/о

2 125 

82

79

96,3

3

Аққыр а/о

1 084 

57

55

96,5

4

Аламесек а/о

1 948 

70

64

91,4

5

Буқарбай батыр а/о

2 034 

121

116

95,9

6

Еңбек а/о

2 001 

64

55

85,9

7

Мәдениет а/о

2 181 

116

98

84,5

8

Мақпалкөл а/о

1 776 

57

54

94,7

9

Мырзабай ахун

1 403 

53

52

98,1

10

Жаңаталап а/о

863 

37

37

100,0

11

Жаңадария а/о

530 

47

45

95,7

12

Шәменов а/о

1 165 

56

51

91,1

13

Қаракеткен а/о

1 550 

61

59

96,7

14

Таң а/о

1 227 

98

94

95,9

15

Жалагаш кенті

14 122 

1313

1124

85,6

Жалпы аудан бойынша жылдың басынан жұмыс жасап тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілердің үлесі 83,2 пайыздан 89,1 пайызға ұлғайған. (өсім 5,9 пайыз)

2019 жылдың 12 айында аудан бойынша 274 кәсіпкерлік субъектісі кірістер басқармасына кәсіпкер ретінде тіркеліп, 301 жаңа жұмыс орны ашылды.

Экономикалық қызмет түрлері бойынша 2019 жылдың 6 айында өнеркәсіп өнімдерінің (тауарлар, көрсетілген қызмет) көлемі 3 млрд 464 млн теңгеге орындалып, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 169,9 пайызды құрап отыр.

Оның ішінде, кәсіпкерлік субъектілері арқылы өндірілген өнім көлемі                   3 млрд 184 млн теңгеге орындалып, жалпы өндірген өнімнің 170,8 пайызын құрады.

Аудандық мемлекеттік кірістер басқармасымен бірлесіп ауданда жұмыс жасап тұрған кәсіпкерлік субъектілеріне зерделеу жұмыстары жүргізіліп, нақты табысына қарай салықтық есептілік тапсыртылды.

Нәтижесінде, 2018 жылдың қорытындысымен жылдық айналымы 2 млн теңгеден асатын кәсіпкерлік субъектілерінің саны 457 бірлікті құрап, үлесі 24,0 пайызға жетті.

Өткен жылы салық базасын ұлғайтуға байланысты ауданнан арнайы топ құрылып, ауылдық округтердегі дүкендерге алкоголь өнімдерін сатуға лицензия алу және кәсіпкерлік ғимараттарының нысаналы мақсатын өзгерту жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, атқарылатын жұмыстардың іс-шара жоспары бекітілді.

Бүгінгі күнге атқарылған жұмыстардың нәтижесінде барлық ауылдық округтерде алкоголь өнімдерін сатуға лицензия алынды және 30 ғимараттың нысаналы мақсаты кәсіпкерлікке ауыстырылды.

Жалпы Жалағаш ауданы бойынша ағымдағы жылдың 6 айында мемлекеттік, үкіметтік және өңірлік бағдарламалар аясында шағын және орта кәсіпкерлікті бастау немесе дамыту бағытында 87 кәсіпкер 1121,6 млн теңгеге қаржыландырылды.

Атап айтқанда:

«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында екінші деңгейлі банктердің облыстық филиалдары арқылы 4 жоба 195,0 млн теңгеге қаржыландырылып, пайыздық ставкасы бағдарламаның шартына сәйкес субсидияланды. Оның ішінен 2 жоба 47,4 млн теңгеге ішінара кепілдендірілді.

Сонымен қатар қазіргі таңда екінші деңгейлі банктер арқылы несие алуға ауданның 5 кәсіпкері жалпы құны 255,0 млн теңгені құрайтын жобалардың құжаттарын өткізіп, банк қорытындысын күтуде.

«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының мемлекеттік гранттар беру бағыты бойынша ауданнан құны 18,0 млн теңгені құрайтын 26 жоба ұсынылып, құны 3,3 млн теңгені құрайтын 7 жоба мақұлданып, оң қорытынды алды. Қазіргі таңда мақұлданған жоба жетекшілері үш жатқы келісім-шарт жасауға құжаттарын жинақтауда.

«Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы аясында ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры арқылы жыл басынан 26 жоба 117,9 млн теңге қаржыландырылса, 7 жоба 31,0 млн теңгеге қаржыландыруға оң қорытынды алды.

Сондай ақ, аталған бағдарлама аясында шағын несие алуға 52 жұмыссыз азаматтардың құны 208,0 млн теңгені құрайтын жобаларының құжаттары жинақталуда. Алдағы уақытта қаржы ұйымдарына ұсынылатын болады.

Ағымдағы жылы ауданнан кемінде 150 жобаны қаржыландыру жоспарымызда бар.

Сонымен қатар, аталған бағдарламаның мемлекеттік гранттар беру бағыты бойынша 28 жоба 7,0 млн теңге қайтарымсын негізінде қаржылай қолдаға ие болды.

«Қызылорда» Өңірлік инвестициялық орталығының «Микробизнес - Қызылорда» бағдарламасы аясында 9 жоба 39,9 млн теңгеге  қаржыландырылды.

Сонымен қатар, ағымдағы жылдың маусым айының 28-не болған бақылау кеңесінде «Қызылорда» Өңірлік инвестициялық орталығы арқылы 43 жоба 123,0 млн теңгеге қаржыландыруға оң қорытынды алып, қазіргі таңда қажетті құжаттары жинақталуда.

Оның ішінен, «Еңбек» бағдарламасы аясында 22 жоба 62,5 млн теңгеге, «Микробизнес Қызылорда» бағдарламасы аясында 21 жоба 60,5 млн теңгеге оң қорытынды алды.   

«Каз Агро Қаржы» акционерлік қоғамының облыстық филиалы арқылы ағымдағы жылдың наурыз айында 4 шаруа қожалық лизинг арқылы құны 494,0 млн теңгеге ауыл шаруашылығы техникаларын алды.

«Ауыл» және «Сырдария-1» несие серіктестіктері арқылы жыл басынан мал және егін шаруашылығы бағытында 16 жоба 267,8 млн теңгеге қаржыландырылды.

Ағымдағы жылдың басынан аудан бойынша жалпы құны 516,9 млн теңгені құрайтын 8 жоба, жеке кәсіпкер Г.Исахановтың қара күрішті ақтау және жем өндіру цехы, жеке кәсіпкер М.Көптілеуовтың химиялық тазалау орталығы, «Жер Ана» ШҚ-ның 50 бас МІҚ малына арналған сүт фермасы, «АгроЛидерТаң» ЖШС-нің мал сою және ет бумалау цехы, жеке кәсіпкер М.Ертуғанованың 50 адамдық қоғамдық моншасы, жеке кәсіпкер Б.Мырзағалиевтың техникалық қызмет көрсету орталығы, жеке кәсіпкер Ж.Қазыбайұлының қонақ үй және тамақтану кешені, жеке кәсіпкер Н.Ералиевтың балықты алғашқы өңдеу цехы пайдалануға беріліп, 66 жаңа жұмыс орны ашылды.

Сонымен қатар, ауданнан «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында екінші деңгейлі банктердің облыстық филиалдары арқылы қаржыландыруға жалпы құны 770,0 млн теңгені құрайтын 13 жоба ұсынылды.

Атап айтқанда, агроөнеркәсіптік кешендегі өндіру бағыты бойынша 2 жоба, агроөнеркәсіптік кешендегі қайта өңдеу бағыты бойынша 6 жоба, өңдеу өнеркәсібі және көрсетілетін қызметтер бағыты бойынша 5 жоба.

Бүгінгі күнге аталған жобалардың арасынан құны 150,0 млн теңгені құрайтын 3 жобаның құжаттары дайындалып, екінші деңгейлі банктердің облыстық филиалдарына өткізілді, қалған жобалар бойынша қажетті құжаттары жинақталуда.






Жалағаш ауданы 2019 жылдың I тоқсаны бойынша  өндірілген өнеркәсіп өнім туралы


АНЫҚТАМА

 

Ауданның өнеркәсіп өнімдерін өндіруші мекемелері мен кәсіпорындары және жеке секторлары 2019 жылдың І тоқсанында өндірілген өнеркәсіп өнімдерінің көлемі  2 308 514 мың теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңінің салыстырмалы бағасымен алғанда 2,3 есеге артып отыр.

Өнеркәсіп өнімдеріне талдау жасағанда: өңдеу өнеркәсібі-2,4 есеге%, оның ішінде тамақ өнімдерін өндіру-82,5%, ұн тарту өнеркәсібі (күріш, бидай)-79,4% орындалып отыр.

Өнеркәсіп өнімдерінің өткен жылдың тиісті кезеңінен артық орындалуының себебі, өңдеу өнеркәсібі, оның ішінде 2017 жылы іске қосылған «Өркен-Әлем» ЖШС-нің арнайы киім тігу цехында тігілген арнайы киімдер есебінен және 2018 жылы іске қосылған «Таң ЛТД» ЖШС-нің күріш өңдеу негізінен өсіп отыр.

Сонымен қатар, өңдеу өнеркәсібі саласы бойынша ағымдағы жылы жеке кәсіпкер Ғ.Исахановтың тәулігіне 60 тонна күріш ақтау және жем өндіру цехы іске қосылды.

2019 жылдың аяғына дейін өңдеу өнеркәсібін дамыту бағытында «АгроЛидерТаң» ЖШС-нің ауысымына 10 бас мал сою пункті мен 600 кг ет өндіру цехын, «Баба» ШҚ-ның асыл тұқымды ешкілерді көбейту, етін өндіру және сүтін өңдеу фермасын, «Сыздық» ШҚ-ның тәулігіне 60 тонна күріш ақтау және жем өндіру цехын іске қосу жоспарлануда.

Аталаған жобалардың қаржы мәселелері толық шешіліп, қазіргі таңда құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Бұл кәсіпорындар ауданның өңдеу өнеркәсібінің көтерілуіне үлкен үлес қосатын болады.

 




Жалағаш ауданы 2018 жылы бойынша өндірілген өнеркәсіп өнім туралы


АНЫҚТАМА

 

Ауданның өнеркәсіп өнімдерін өндіруші мекемелері мен кәсіпорындары және жеке секторлары 2018 жылы 4 963 880 мың теңгені құрайтын өнеркәсіп өнімдерін өндіріп, 2017 жылдың салыстырмалы бағасымен алғанда 110,2% құрап отыр.

Өнеркәсіп өнімдеріне талдау жасағанда: өңдеу өнеркәсібі-108,6%, оның ішінде тамақ өнімдерін өндіру-109,0%, ұн тарту өнеркәсібі (күріш, бидай)-112,6% орындалып отыр.

Өнеркәсіп өнімдерінің өткен жылдың тиісті кезеңінен артық орындалуының себебі, өңдеу өнеркәсібі, оның ішінде «Агро Холдинг «Байқоңыр» ЖШС-нің күріш өңдеу негізінен және 2017 жылы іске қосылған «Өркен-Әлем» ЖШС-нің арнайы киім тігу цехында тігілген арнайы киімдер есебінен өсіп отыр.

Сонымен қатар, өңдеу өнеркәсібі саласы бойынша ағымдағы 2018 жылы «Таң ЛТД» ЖШС-нің тәулігіне 100 тонна күріш ақтау және жем өндіру цехы іскке қосылды.

2019 жылы өңдеу өнеркәсібін дамыту бағытында жеке кәсіпкер Ғ.Исахановтың тәулігіне 60 тонна күріш ақтау және жем өндіру цехын, «АгроЛидерТаң» ЖШС-нің ауысымына 10 бас малды сою пункті мен 600 кг етті өндіру цехын, «Баба» ШҚ-ның асыл тұқымды ешкілерді көбейту, етін өндіру және сүтін өңдеу фермасын, «Сыздық» ШҚ-ның тәулігіне 60 тонна күріш ақтау және жем өндіру цехын іске қосу жоспарлануда.

Аталаған жобалардың қаржы мәселелері толық шешіліп, қазіргі таңда құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Бұл кәсіпорында ауданның өңдеу өнеркәсібінің көтерілуіне үлкен үлес қосатын болады.




Жалағаш ауданы бойынша өндірілген өнеркәсіп өнім туралы


 Ауданның өнеркәсіп өнімдерін өндіруші мекемелері мен кәсіпорындары және жеке секторлары 2017 жылдың 9 айында 2 948 894 мың теңгені құрайтын өнеркәсіп өнімдерін өндіріп, 2016 жылдың салыстырмалы бағасымен алғанда 104,8% құрап отыр.

Өнеркәсіп өнімдеріне талдау жасағанда: өңдеу өнеркәсібі-103,4%, оның ішінде тамақ өнімдерін өндіру-101,1%, ұн тарту өнеркәсібі (күріш, бидай)-106,8% және жеңіл өнеркәсіп-2,1 есе өсіп отыр.

Өнеркәсіп өнімдерінің артық орындалуының себебі, өңдеу өнеркәсібі, оның ішінде «Агро Холдинг Байқоңыр» ЖШС-нің күріш өңдеу негізінен өсіп отыр. 2013 жылы облыс әкімінің  қолдауымен «Жалағаш Элеваторы» ЖШС «Агро Холдинг «Байқоңыр» ЖШС болып қайта құрылып, 2014 жылы зауытқа «ҚазАгроҚаржы» АҚ-нан 300,0 млн. теңге несие алып, тәулігіне 150 тонна күріш ақтайтын қондырғылар орнатылды және бір ескі қоймаға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізіп, екі жаңа қойма салынды. Сонымен қатар, 60 тонналық механикалық таразы электронды таразыға ауыстырылды. Қазіргі таңда серіктестікте 149 қызметкер жұмыс атқарады.

Жеңіл өнеркәсібі бойыша «Талапкер» ЖШС-нің тігін шеберханасы өнімін өндіруде. 2016 жылы оңтүстік Кореядан құны 570,0 мың теңгені құрайтын 2 тігін машиналары сатып алынды. Қазіргі таңда ауданның мектеп оқушыларының арнайы киімдерін және түскен тапсырысқа байланысты киім, көрпе-көрпешелер, перделер және тағы басқа заттар тігуде. 11 адам жұмыспен қамтылған.

Үлескерлер арасында туындаған келіспеушілікке байланысты тоқтап тұрған «Бис-Групп» ЖШС-нің қызыл мия тамырын өңдеу зауыты облыс әкімінің тікелей араласуымен өз шешімін тапуып, 2016 жылы қайта іске қосылып, құны 37,0 млн. теңгені құрайтын 2 вагон қондырғылар жеткізіліп, орнатылды.

2017 жылдың қаңтар айында Қытай мемлекетіне құны 53,0 млн теңгені құрайтын алғашқы 20,0 тонна өнімі экспортталды және жыл аяғына дейін тағыда 20,0 тонна өнім экспорттау жоспарланған. 

Қазіргі таңда арнаулы мамандар тапшылығына байланысты зауыт жұмысын уақытша тоқтатып тұр.

Сонымен қатар, 2015 жылы іске қосылған «Казэнергосбережение» ЖШС-нің «Светодиодтық шамдар жабдықтарын құрастыру цехы» өндірген өнімге тапсырыс болмауына байланысты тиісті қуаттылыққа шыға алмай, цех жұмысы сол жылы тоқтатылған болатын.

Осыған байланысты, кәсіпорын мақсатын тігін цехына ауыстырып, «Өркен-Әлем» ЖШС-гі болып қайта құрылды. Кәсіпорын ғимаратының ішін тігін цехын ашуға қайта бейімдеп, қажетті құрал-жабдықтарды орнату,  қажетті мамандарды даярлау жұмыстары толық аяқталып, «СТ-KZ» сертификаты алынды. Бүгінгі күнге тігін цехы толық іске қосылып, 28 адамды жұмыспен қамтып отыр.

2017 жыл басынан жеке қаражаты есебінен жеке кәсіпкер М.Ажибековтың «Құрама жем өндіретін шағын зауыты» және жеке кәсіпкер Б.Төлегеновтың «Жоғары сапалы стандартты блок шығару цехы» толық іске қосылып, жұмыс жасауда.

Сонымен қатар, «Қазақстан Республикасының индустриялық - инновациялық даму жөніндегі» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2017 жылдың аяғына дейін аудан бойынша облыс әкімі жанындағы Өңірлік үйлестіру кеңесінің оң қорытындысын алған жалпы құны 31,1 млн. теңгені құрайтын 2 жобаны толық іске қосу жоспарлануда.

Олар:

1)    Жеке кәсіпкер Н.Ералиевтың балықты алғашқы өндіру цехы. Жобаның жалпы құны 11,1 млн. тенге. Қазіргі таңда негізгі ғимараттың құрылыс жұмыстары аяқталып, ішкі монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Цехқа қажетті құрал-жабдықтар салып алу үшін несие алуға құжаттары дайындалуда;

2)    «Баба» шаруа қожалығының асыл тұқымды ешкілерді көбейту, етін өндіру және сүтін өңдеу фермасы.  Жобаның жалпы құны 20,0 млн. тенге. Қазіргі таңда жем сақтау қоймасы, қарауылдар бекеті ғимараттарының құрылысы аяқталып, негізгі ферма ғимаратының құрылысы жүргізілуде. Ағымдағы жыл аяғына дейін Ресейден мал алып келіп, іске қосуды жоспарлап отыр;

 



Кіру