Русский Қазақша

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

ІЗДЕУ
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Инфрақұрылым
Қоғам
Мем. қызметтер
Байланыс
Әкім блогы
Анықтама
Сайт картасы Аудан әкімі аппараты
Билік
Құқық
Экономика
Басты бет Экономика Ауданның әлеуметтік-экономикалық көрсеткіші ЖАЛАҒАШ АУДАНЫНЫҢ 2017 ЖЫЛДЫҢ 9 АЙЫНА ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗГІ КӨРСЕТКІШТЕРІНІҢ 2016 ЖЫЛДЫҢ 9 АЙЫМЕН САЛЫСТЫРМАЛЫ ТҮРДЕ ОРЫНДАЛУЫ

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫНЫҢ 2017 ЖЫЛДЫҢ 9 АЙЫНА ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗГІ КӨРСЕТКІШТЕРІНІҢ 2016 ЖЫЛДЫҢ 9 АЙЫМЕН САЛЫСТЫРМАЛЫ ТҮРДЕ ОРЫНДАЛУЫ

Жалағаш ауданының 2017 жылдың 1 қазанына әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері

 

КӨРСЕТКІШТЕР

2016 ж 

 9 ай

2017 ж  

9 ай

 2017 жыл

2016 жылға  %

1

Өнеркәсіп өнімдері, мың теңге            

2 469 660



 

о.і.: өңдеу өнеркәсібі

2 304 897



 

       электрмен жабдықтау

56 625



 

       сумен жабдықтау

108 138



2

Негізгі капиталға салынған инвестиция, мың теңге

1 000 288



 

о.і.: республикалық  бюджет

-



 

       жергілікті бюджет

118 161



 

       жеке қаражаты

764 008



 

       шетел қаражаты

-



 

       қарыз қаражаты (лизинг)

118 119



3

Өндірілген ауылшаруашылық өнімдері, млн теңге

8 266,6



 

Ет (тн)

2404,1



 

Сүт (тн)

7302,4



 

Жұмыртқа (мың дана)

159,2



4

Мал басы

 

 

 

 

Мүйізді ірі қара

29 337



 

Жылқы

9 528



 

Түйе

420



 

Қой-ешкі

48 978



 

Шошқа

212



 

Үй құстары

7 979



5

Әлеуметтік сала

 

 

 

 

Экономикалық белсенді халық саны, адам

17520

17 585

100,4

 

Жұмысқа орналасқандар саны

599

618

103,2

 

 Жұмыссыздар саны

931

911

97,8

 

Жалпы жұмыссыздық деңгейі %

5,3

5,2

-0,1

6

Жергілікті бюджет  кірісінің болжамы, мың теңге

909 624,0

848 206,7

 

 

Нақты түсірілгені, мың теңге

986 532,8

865 120,0

 

 

Орындалу пайызы

108,5

102,0

 

 

Жергілікті бюджет шығысының болжамы, мың теңге

4 781 804,1

5 880 866,2

 

 

Нақты орындалғаны, мың теңге

4 740 690,1

5 868 439,5

 

 

Орындалу пайызы

99,1

99,8

 

7

Шағын кәсіпкерлік

 

 

 

 

Субъектілер саны, бірлік

2 184

2545

116,5

 

Олардағы адамдар саны

7 873

8331

105,8

 

Өндірілген өнім, көрсетілген қызмет, млн.теңге

687,6

734,2

106,8

 

Бюджетке түскен салық көлемі, млн.теңге

91,8

98,2

107,0

8

Тұрғын үй көлемі

 

 

 

 

Жалпы пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі, шаршы метр

7329,0

7647,0

104,3

 

о.і. жеке сектор бойынша

7329,0

7647,0

104,3

9

Бөлшек сауда

 

 

 

 

Бөлшек сауда көлемі, мың теңге

1 250 500



10

Құрылыс

 

 

 

 

Құрылыс жұмыстарының көлемі, мың теңге

1 500 000



11

Ішкі істер саласы

 

 

 

 

Тіркелген қылмыс саны




 

Аса ауыр қылмыс саны




 

Көшеде жасалған қылмыс саны




 

Жол көлік оқиғасы саны




12

Денсаулық саласы

 

 

 

 

Дүниеге келген бала саны

541



 

Шетінеген бала саны

4



 

Туберкулезбен ауырған адам саны

23



13

Білім саласы

 

 

 

 

3-6 жас аралығындағы балалардың мектепке дейінгі білім беру ұйымдарда қамтылуы, бала саны

1774

2022

114,4

 

3-6 жас аралығындағы балалардың мектепке дейінгі білім беру ұйымдарда қамтылуы, %

100,0

100,0


14

Спорт саласы

 

 

 

 

Бұқаралық спортпен тұрақты айналысатындардың жалпы халық санына шаққандағы үлесі, %

25,1

26,1

+0,9


Жалағаш  ауданының 2017 жылдың 1 қазанына

әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы

АНЫҚТАМА

 

Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы көрсеткіштері статистика органдарымен қорытындыланды.

Көрсеткіштер бойынша:

Өнеркәсіп өнімін өндіру.

Ауданның өнеркәсіп өнімдерін өндіруші мекемелері мен кәсіпорындары және жеке секторлары 2017 жылдың 1 қазанына 2 615,0 млн.теңгенің өнеркәсіп өнімдері өндірілді, 2016 жылдың осы кезеңінің салыстырмалы бағасымен алғанда 4,6 пайызға артты.

Өнеркәсіп өнімдеріне талдау жасағанда төмендегі мөлшерде өнеркәсіп өнімдері өндірілді: өңдеу өнеркәсібі 3,9 пайызға, электрмен жабдықтау 14,3 пайызға, сумен жабдықтау 22,4 пайызға артты.

Негізгі қорға тартылған инвестицияның бағалау көлемі 2017 жылдың 9 айында 1 752,0 млн.теңгені құрап, былтырғы жылдың осы кезеңінің салыстырмалы бағасымен алғанда 2,8 есеге өсті. Негізгі қорға тартылған инвестиция көлемі жеке тұрғындардың құрылыс жұмыстарына тартылған қаражат, бюджет және қарыз қаражаты есебінен орындалып отыр.

Ауылшаруашылық саласы

Аудан бойынша 3 056,8 млн.теңгенің ауылшаруашылығы өнімдері өндірілді, былтырғы жылдың осы кезеңінің салыстырмалы бағасымен алғанда  100,8  пайыз. (былтыр осы кезеңге 2 903,8 млн.теңге).

Егін шаруашылығы

         Үстіміздегі жылы аудан бойынша 22465 гектар күріш, 604 гектар жаздық бидай, 20 гектар арпа, 811 гектар мақсары, 663,4 гектар картоп, 700 гектар көкөніс, 1034 гектар бақша, 3500 гектар жаңа жоңышқа егіліп, 5651 гектар ескі жоңышқа күтімге алынды.

Қазіргі таңда егілген 22465 гектар күріштің 18000 гектары арам шөптерге қарсы гербицидтермен өңделіп, 12000 гектары үстеп қоректендірілді. 5651 гектар ескі жоңышқаның 400 гектары тұқымға қалдырылып, 5251 гектары  2 рет орылып, әр гектардан 37,3 ц/га 19 579 тонна жоңышқа шөбі жиналды. 3500 гектар жаңа жоңышқаның екінші орымы басталып, әр гектардан 8,0 ц/га 2800 тонна өнім, 22379 тонна жоңышқа шөбі жиналды.

 

Аудан бойынша 2017 жылы орналасқан егіс көлемі

Дақылдар атауы

2017 жылғы болжам, га

Нақты егілгені,га

Орындалу (%)

1

Жаздық бидай

400

604

137,5

2

Күріш

18100

22465

124,1

3

Арпа


20

100,0

4

Мақсары

1200

811

67,6

5

Жаңа жоңышқа

3500

3500

100,0

6

Ескі жоңышқа

5900

5651

95,8

7

Картоп

900

663,4

73,7

8

Көкөніс

700

700

100,0

9

Бақша

1000

1034

103,4

 

Барлығы

31700

35448,4

111,8

 

 «Магро» фермер қожалығы 2017 жылы 100 гектар  қауын, 5 гектар көкөніс дақылдарын егіп, бүгінгі күні егілген үлбір асты (под пленкой - 50 га)  бақша дақылы толық жиналды. Бақша өнімі Ресей Федерациясына-435 тонна,  Ақтөбе қаласына-40 тонна, Астана қаласындағы жәрмеңкеге -17 тонна, Қызылорда қаласына -300 тонна барлығы 792 тонна қауын жөнелтілді. Сонымен қатар егілген 4 гектар  болгар бұрышы да жиналуда. Қазіргі уақытта Ресейге 15 тонна болгар бұрышы тиеліп, жіберілді.

2017 жылдың егісі үшін 6833 тонна аммоний сульфаты, 3696 тонна карбамид, 2524 тонна аммофос минералдық тыңайтқыштары, 81,7 кг Гулливер, 2480 литр Солито,  15102 литр Рейнбоу, 87 литр Номини гербицидтерімен толықтай қамтамасыз етілді.

Ағымдағы жылы егін шаруашылығы бойынша аудан шаруышылықтарына 884,6 млн. теңге субсидия берілді. (Оның ішінде басым дақылдарға 361,8 млн.теңге, тұқым шаруашылығын дамытуға 177,5 млн.теңге, минералды тыңайтқыштарға 243,0 млн.теңге, гербицидтерге 102,3 млн.теңге).

Аудан шаруашылықтары бойынша күзгі егін жинау науқанына барлығы 221 комбайн, 309 доңғалақты трактор, 159 трактор тіркемелері, 97 жатка, 73 астық таситын автомашиналар қатысуда.

          Егілген 22465 гектар күріштің 21536 гектары орылып, 19206 гектары бастырылып, әр гектардан 54,0 центнерден өнім алынуда.

 

Мал шаруашылығы

2017 жылдың 1 қазанына МІҚ – 31 155 басты (105,7 пайыз), жылқы –11 242 басты (113,7 пайыз), түйе – 473 басты (112,6 пайыз), қой-ешкі – 49 110 басты (97,1 пайыз), шошқа – 248 басты (107,8 пайыз), үй құстары – 6 949 дананы (85,8 пайыз) құрады.

Мал шаруашылығы өнімі есепті мерзімде ет өндіру 2,4 пайызға, сүт өндіру 0,8  пайызға, жұмыртқа 0,3 пайызға артты.

Облыстан “Сыбаға”,  “Құлан”,  “Алтын асық” бағдарламалары  аясында 2017 жылға сатып алынатын  мал саны жоспары белгіленіп, жұмыстар жүргізілуде. (Сыбаға бойынша  262 бас аналық сиыр, 9 асыл тұқымды бұқа, Құлан 63 бас бие, 5 айғыр, Алтын асық 125 бас аналық қой, 5 бас асыл тұқымды қошқар).

Жыл басынан бері «Сыбаға» бағдарламасы 83,6 пайыз, «Құлан» 146,0 пайызға, «Алтын асық» 140,0  пайызға орындалды.

Кооперативтер туралы

Аудан бойынша биылғы жылы 146 шаруашылықтың бірігуімен 40 кооператив құрылып барлығы 1342 адам жұмыспен қамтылып отыр. Оның ішінде тікелей егін шаруашылығымен 20 кооператив, 3 кооператив егін және мал шаруашылығымен, 4 кооператив мал шаруашылығымен, 13 кооператив аралас ауыл шаруашылығымен айналысады.

 Ветеринария.   

Ауданда эпизоотиялық тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында тізімге енген 14 түрлі аса қауіпті жұқпалы ауруларға қарсы іс-шараларды атқаруға 54,6 млн теңге қаржы бөлінді, есепті мерзімге игерілгені 46,3 млн теңге.(85,0 пайыз).

Жануарлардың 6 түрлі энзоотиялық (МІҚ өттеу, пироплазмоз, уақ малдың бауыр құрт, жылқының сақау, гастрофилез, түйенің трипанасомоз) ауруларына дәрі-дәрмектер жеткізіліп, алдын ала егу жұмыстары жоспарға сәйкес атқарылуда.

Сарып індетіне қарсы 33376 бас МІҚ, 57479 бас уақ мал тексеріліп, нәтижесінде 1 бас уақ мал Мырзабай ахун ауылынан анықталып, ветеринариялық-санитариялық ережелерге сәйкес жойылды. Ал, 3 бас уақ мал Далдабай ауылынан анықталуына байланысты, жасалынған меморандумға сәйкес Түркістан қаласына  тасымалданып, ветеринариялық – санитариялық ережелерді сақтай отыра сойылды.

 «Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулап, жоюды ұйымдастыруға» 2017 жылы 2000,0  мың теңге қаралып, 9-айда 1699,0 мың теңге игеріліп, 1039 бас ит пен 23 мысық жойылды. Бұл жұмыстар одан әрі жалғасуда. Атқарылған жұмыстарға қарамастан бугінгі күнге 58 адамдар иттерден жарақаттанып емдеу орындарына жүгінген. 

Есепті мерзімге 1507 бас мүйізді ірі қара малы ұрықтандырылды.

Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы індетіне қарсы шаралардың орындалуына бақылау жұмыстарын күшейту мақсатында жергілікті шаруа қожалықтары мен демеушілердің күшімен кенеге қарсы мал тоғытатын ванналар аудан бойынша барлық ауылдық округтерінде салынып, ағымдағы жылдың 25 мамырынан бастап мал тоғыту жұмыстарын жүргізу басталып, кент және ауылдық округтер бойынша есепті кезеңге барлығы 41976 бас уақ малдар тоғытылды.  

Шағын кәсіпкерлік

2017 жылдың 1 қазанына ауданда 2 545 шағын кәсіпкерлік субьектілері тіркелген. Бұл шағын кәсіпкерлік субъектілерінде 8 331 адам жұмыс істейді. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда тіркелген кәсіпкерлер саны 361-ге, ал жұмыс істейтін адамдар саны 458 адамға өскен.

Өндірілген өнім 734,2 млн теңгені құрап, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 106,8 пайыз. Бюджетке түскен түсім 98,2 млн. теңге, өткен жылмен салыстырғанда 107,0 пайыз болды.

Әлеуметтік сала.

2017 жылдың 1 қазанына экономикалық белсенді халық саны 17585 адамды құрады, жұмыссыздар саны – 911 адам.

2017 жылы 680 жаңа жұмыс орындары ашу жоспарланған, есепті мерзімге 673 жаңа жұмыс орындары ашылды немесе 98,9 пайыз (оның 631-і тұрақты).

Жалпы жұмыссыздық деңгейі үстіміздегі жылдың 1 қазанына 5,2 пайызды құрады. Былтырғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 0,1 пайызға төмендеді.

           2017 жылға «Өрлеу» шартты ақшалай көмекке жергілікті бюджеттен 2,0 млн.теңге, республикалық бюджеттен 4,8 млн.теңге қаржы қаралған. 2017 жылғы 1 қазанына «Өрлеу» жобасына 31 отбасы (200 мүшесі) тартылды, олардың 27-і тұрақты жұмысқа, 4-уі қоғамдық жұмысқа орналастырылды. Жергілікті бюджеттен 1,6 млн.теңге тағайындалып 1,3 млн.теңге төленді. Республикалық бюджеттен 4,7 млн.теңге тағайындалып, 2,7 млн.теңге төленді.

“Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының” орындалуы

 

Жыл басынан жұмыс іздеуші ретінде хабарласқандар саны – 1682 адам. Олардың ішінде жұмысқа орналасқаны - 618 адам немесе 36,7 пайызды құрады.

Бірінші бағыт: Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету бойынша

Аудандық комиссияның шешімімен әрбір елді мекенде тегін техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауға үміткерлер тізімін қалыптастыру бойынша мобильді топтар құрылды. Мобильдік топтардың қызметін ұйымдастырушы аудандық білім бөлімі 2017 жылдың 25 тамызына дейінгі мерзімде аудандық комиссияның қарауына және бекітуіне өтініш білдірген тұлғалардың қалыптастырылған тізімдерін ұсынды.

Жоспар бойынша 50 адамды оқыту көзделген болса, (оның 25-і «көкөніс өсіруші» мамандығы болса, 25-«тракторист-машинист») қазіргі таңда аудандық комиссияның шешімімен 77 адамның тізімі бекітілген.

Комиссия шешімімен бекітілген тұлғаларға аудандық білім бөлімі арқылы оқу орындарына жолдама рәсімделіп, берілген.

Бағдарлама шеңберінде қысқа мерзімді кәсіптік оқуға республикалық бюджеттен 80 адамға 26,4 млн. теңге қаржы қаралып, оның 13,5 млн.теңгесі (51,1%) игерілді. Есепті мерзімге 119 адам қысқа мерзімді курстарға жолданды. Олардың 52 –і (43,7%) 16-29 жас аралығындағы жастар.

Қысқа мерзімді кәсіптік оқыту курстарын 60 адам аяқтап, оның 27-і (45%) тұрақты жұмыспен қамтылды.

 

мамандықтар атауы

Адам саны

Білім беру ұйымы

Оқудың басталу мерзімі

ұзақтығы

1

Компьютерлік оқытуға

20

Абылайхан  колледжі

01.09.2017ж

4 ай

2

Тігінші

20

Сырдария  аудандық  аграрлы техникалық  колледжі

15.05.2017ж

3 ай

3

Электромонтер

10

Жалағаш индустриалды аграрлық  колледжі

23.06.2017ж

3 ай

4

Тракторист-машинист

15

26.06.2017ж

3 ай

5

Аспазшы

15

20.06.2017ж

3 ай

6

Балаға кәсіби қараушы

10

ЖШС Гүлмира оқу орталығы

06.09.2017ж

2 ай

7

Тәрбиешінің көмекшісі

10

ЖШС Кәсіби маман

12.09.2017ж

2 ай

8

Тігінші

7

14.09.2017ж

3 ай

9

Шаштараз

7

«Специалист» оқу орталығы

14.09.2017ж

3 ай

10

Маникюр, педикюр

4

13.09.2017

2 ай

11

Массажист

1

13.09.2017

1 ай


Барлығы

119




 

Бағдарламаның екінші бағыты «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту»

Аудан бойынша кәсіпкерлік картасына сәйкес бағдарламаның екінші бағыты аясында 179 жоба әзірленіп, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ және «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ қаржы ұйымдарына ұсынылды.

Есепті мерзімге «Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ (FAGR) арқылы 56 адамға 151,7 млн.теңге, ал «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ (AGKK) арқылы 10 адамға 62,9 млн.теңге, барлығы 66 адамға 214,6 млн.теңге несие қаражаты таратылды.

Үшінші бағыт: халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту бойынша

Әлеуметтік жұмыс орнына республикалық бюджеттен 50 адамға 13,8 млн.теңге қаржы қаралып, оның 9,6 млн.теңгесі игерілді. Есепті мерзімге 35 мекемеге 68 адам (136,0%) жолданды. 

Жастар тәжірибесіне республикалық бюджеттен 80 адамға 27,2 млн.теңге қаржы бөлініп, 52 мекемеге 96 адам (120,0%) жолданды.

Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруға жергілікті бюджеттен 34,0 млн.теңге қаржы қаралып, оның 25,8 млн.теңгесі игерілді. Есепті мерзімге 479 адам қоғамдық жұмыстарға жолданды. Оның ішінде 98-і (20,5%) 16-29 жас аралығындағы жастар.

Жұмысқа орналастырылу бойынша мемлекеттік қолдау шараларынсыз жұмысқа орналасқандар саны 454 адам. Оның 170-і (37,4%)16-29 жас аралығындағы жастар.

Есепті мерзімге «Бос жұмыс орындары» жәрмеңкесі 10 рет өткізілді. Нәтижесінде 38 жұмыс берушілерден 83 жұмыс орындары ұсынылып, 83 адам жұмыспен қамтылды. Оның ішінде 27-і (32,5%)16-29 жас аралығындағы жастар.

  Білім саласы.

2017 жылдың 9 айында аудан мектептерінің «Жалпыға бірдей міндетті оқу қорынан» мектеп асханаларында аз қамтамасыз етілген отбасы балаларды тамақтандыру мен сауықтыру лагеріне жіберуді ұйымдастыру мақсатында 57 374,7 мың  теңге жұмсалды.

Мектептерге қысқы от жағу маусымы кезінде қажетті отынға 156 898,0 мың теңге жұмсалды.

Жетім балалар мен ата-аналарының қамқорынсыз қалған балаларды күтіп ұстауға асыраушыларына 9 688,6 мың теңге қаржы төленді.

Ақарық елді мекеніндегі №124 орта мектептің жылу жүйесіне 9,8 млн.теңге күрделі жөндеу жұмыстарына жұмсалды.

Аудан бойынша 36 мектепке дейінгі білім беру ұйымдары жұмыс жасайды. Олардың 10-ы мемлекеттік (791 бала), 13-і жеке балабақшалар (864 бала) және 13-і мектептер жанындағы шағын орталықтар (355 бала). Барлық мектепке дейінгі ұйымдарда қамтылған 1-6 жастағы бала саны 1956. 2016 жылы алға қойған 3 пен 6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту көрсеткіші  100 пайызға  толық орындалды.

Денсаулық сақтау.

Денсаулық саласы бойынша ауданда 2017 жылдың 1 қазанына дүниеге келген бала саны 444, былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 40 балаға кем туылған. Шетінеген бала саны 2, былтырғы жылмен салыстырғанда 2 балаға азайған. Сонымен қатар, жалпы қайтыс болған адам саны 118, былтырғы жылмен салыстырғанда 32 адамға азайған. Туберкулезбен ауырған 17 адам тіркеліп, былтырғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 6 адамға азайған.

Қаржы-салық саясаты.

         Аудан бюджетінің 2017 жылдың 1 қазанына нақтыланған жалпы түсімдер  болжамы 5 877 069,1 мың теңге болса, орындалғаны 5 955 639,8 мың теңге  немесе 101,3 пайыз.

Оның ішінде жергілікті бюджет кірістерінің жалпы жоспары 848 206,7 мың теңге, орындалғаны 865 120,0 мың теңге, немесе 102,0 пайыз.

Аудан бюджетінің шығындар бөлігі төлемдер бойынша 5 880 866,2 мың теңге жоспарланып, кассалық атқарылуы 5 868 439,5 мың теңгені немесе 99,8 пайызды құрады.

Аудан бойынша жылуға бөлінген қаржы көлемі 287,8 млн теңге.

        

         Мәдениет саласы.

Аудандық мәдениет саласы бойынша 2017 жылдың 1 қазанына 1406 мәдени-көпшілік шаралар өткізіліп, оған 109660 көрермен тартылды. Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде кітап қоры 370 457 оқырман саны 13845.

         Сәулет және қала құрылысы

Үстіміздегі жылдың 1 қазанына жылжымайтын мүлік объектісіне 233 мекен-жай анықтамасы берілді. 

Тапсырылған тұрғын үй есебі бойынша 2017 жылдың 9 айында 65 тұрғын үй, жалпы алаңы 7647,0 м2 берілді, былтырғы жылмен салыстырғанда 4,3 пайызға артты.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласы

         “Автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету” бағдарламасы бойынша аудандық маңызды автомобиль жолдарын күтіп ұстауға және ағымдағы жөндеу жұмыстарына аудандық бюджеттен 2,0 млн.теңгенің жұмыстары атқарылды.

         “Аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын және елді мекендердің көшелерін күрделі және орташа жөндеу” бағдарламасы бойынша Жалағаш кентіндегі Төле би көшесінің автомобиль жолдарын (1,689 шақырым) күрделі жөндеу жұмыстарына «Қызылорда жолдары» ЖШС-мен 127120,0 мың теңгеге келісім шартқа отырып, жөндеу жұмыстары толық жүргізілді.

         Жалағаш кентіндегі А.Ізтелеуова көшесінің автомобиль жолдарын орташа жөндеу жұмыстарына «Сыр жолдары» ЖШС-мен 62178,2 мың теңгеге келісім шартқа отырып, жөндеу жұмыстары жүргізілді.

         Жалағаш кентіндегі Қазыбек би көшесіндегі №48, №52 көппәтерлі тұрғын үйлерді күрделі жөндеу жұмыстарына 14034,0 мың теңге жергілікті бюджеттен бөлініп, «Өңір қызметі» ЖШС-гі арқылы есепті мерзімге 12493,5 мың теңге қаржысы толық игеріліп, жөндеу жұмыстары аяқталды.

         Абаттандыру  

         2017 жылға арналған аудан бюджетінде елді мекендерді абаттандыруға 131,2 млн.теңге қаралды, былтырғы жылмен салыстырғанда 67,0 пайызға өскен. 2016 жылға елді мекендерді абаттандыруға 78,5 млн.теңге бөлінген.

         Құрылыс

“Елді мекендердегі сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамыту” бағдарламасы бойынша Жалағаш ауданы Қаракеткен, Шаменов, Мырзабай ахун елді мекендерінің сумен жабдықтау жүйелерін қайта жаңғырту және кеңейту жұмыстарына республикалық бюджеттен 469,1 млн.теңге және облыстық бюджеттен қоса қаржыландыруға 52,1 млн.теңге қаржы бөлінді. Бұл жұмыстар бойынша мемлекеттік сатып алулар жүргізіліп ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті түзеу мекемелерінің “Еңбек”  ШЖҚ РМК “Еңбек-Қызылорда” филиалымен келісім шарттар жасалды. Қаралған қаржы 100 пайызға игеріліп, 1 нысан –Қаракеткен елді мекенінің сумен жабдықтау жүйелерін қайта жаңғырту жұмыстары толық аяқталып, пайдалануға берілді. Шәменов, Мырзабай ахун елді мекендерінің сумен жабдықтау жүйелерін қайта жаңғырту және кеңейту жұмыстарының құрылысы 2018 жылға өтпелі.

         Аудандық құрылыс бөлімінің әкімшілік ғимаратының шатырының жөндеу жұмыстарына  ЖСҚ әзірлеуге жергілікті бюджеттен 1,0 млн теңге; М.Шаменов атындағы елді мекеніндегі 300 орындық №34 орта мектептің құрылысы жұмыстарына ЖСҚ әзірлеуге 7,8 млн.теңге; орталықтандырылған кітапхана ғимаратына шағын бу қазандығын салу жұмыстарына ЖСҚ әзірлеуге жергілікті бюджеттен 1,7 млн.теңге және Жаңадария, Аққыр, Мақпалкөл елді мекендердің ауыз су жүйесін қайта жаңғырту жұмыстарына мемлекеттік сараптамадан өткізілген ЖСҚ әзірлеуге жергілікті бюджеттен 26,0 млн.теңге  бөлініп, қаржылар толығымен игерілді.

Мырзабай ахун ауылдық округі әкімдігінің әкімшілік ғимаратының құрылысы жұмыстарына жергілікті бюджеттен 22,1 млн.теңге бөлінді. Бөлінген 22,1 млн.теңгенің 3,6 млн.теңгесі игерілді. Қалған қаржы аудандық мәслихаттың сессиясымен қысқартылды.

Жалағаш кентіндегі ескі емхана ғимаратынан бала бақша ашуға қайта жаңғырту жұмыстарына жоба-сметалық құжаттарын мемлекеттік сараптамадан өткізуге жергілікті бюджеттен 1,6 млн.теңге қаралды. Қазіргі таңда қаралған қаржының 30 пайызы игерілді.

 

         Жер қатынастары

2017 жылдың 1 қазанына 407 арыз-өтініштер тіркелді. Оның 361-і жеке тұлғалар, 46-ы  заңды тұлға. Тіркелген арыз-өтініштердің 407 қолданыстағы Жер кодексі талаптарына сәйкес өз мерзімінде шешімін тапты.

Үстіміздегі жылдың 9 айында жалпы көлемі 4638 га құрайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы 85 жер учаскесі, кәсіпкерлік мақсатындағы 6,3 га жер учаскелері аукцион арқылы сатылып, жергілікті бюджетке барлығы 23,7 млн.теңге қаржы түсірілді.

Спорт саласы

  2017 жылдың 1 қазанына аудандық спорт бөлімі арқылы бекітілген кестеге сәйкес 67 спорттық шара өткізіліп, оған 9987 спортшылар мен мектеп оқушылары қатыстырылды.

 

Ішкі істер саласы.

Ауданда ағымдағы жылдың 1 қазанына тіркелген қылмыс саны 206-ы құрап, былтырғы жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 100,9 пайыз, немесе 2 қылмысқа көбейіп отыр.

 

                  Жалағаш аудандық экономика және бюджетті жоспарлай бөлімінің басшысы                                  Ж.Баймаханова

Кіру