Русский Қазақша

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

ІЗДЕУ
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Инфрақұрылым
Қоғам
Мем. қызметтер
Байланыс
Әкім блогы
Анықтама
Сайт картасы Аудан әкімі аппараты
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Басты бет Экономика Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі

Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі


Аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің 2019 жылы I тоқсанында атқарылған жұмыстары туралы мәлімет

 

Экономиканы жоспарлау секторы

Р/с

Жұмыс жоспары

Атқарылуы

1

Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштерін ай сайын жинақтау

Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері ай сайын бағдарлама әкімшілерінен жинақталып, мониторинг жүргізілді. Ай сайынғы орындалуы жөніндегі ақпарат аудан әкіміне уақытында ұсынылып, аудан әкімінің сайтына орналастырылды.

Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштердің орындалуы аудан әкімдігінің аппараттық мәжілісінде қаралды.  Көрсеткіштерге қол жеткізу жөнінде қаулылар қабылданды, хаттамалық тапсырмалар беріліп, жұмыстар жүргізілді.

2

Ауданнын 2016-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасының

2018 жылы орындалуын жинақтап, аудан әкіміне, басқармаға мәлімет беру

Ауданнын 2016-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасының 2018 жылы орындалуына мониторинг жүргізілді. Аудан әкіміне, облыстық басқармаға мәліметтер жолданды. Ауданның даму бағдарлама-сының 2018 жылға орындалу есебі 2019 жылдың 15 ақпанына дейін аудан әкімінің ресми сайтына орналастырылды.

3

Кент, ауылдық округ әкімдерінің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерін жинақтау

Кент, ауылдық округ әкімдерінің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері жинақталып, бірінші тоқсанына талдау жасалды.

4

Жалағаш ауданы әкімінің 2019 жылға арналған іс-қимыл жоспарының орындалуына талдау жасау

 Жалағаш ауданы әкімінің 2019 жылға арналған іс-қимыл жоспары әзірленді. Аудан әкімдігінің 2019 жылғы 14 ақпанында №21 қаулысымен бекітілді. Іс-қимыл жоспарын жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы бағдарлама әкімшілерінен 1-ші тоқсанның орындалуы жинақталып, талдау жүргізілді. Орындалуы жөніндегі ақпарат қазақ және орыс тілдерінде аудан әкімінің ресми сайтына орналастырылды.

5

Мемлекеттік бағдарламалардың орындалуына талдау жасау, мониторинг жүргізу

Мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы бағдарлама әкімшілерінен жинақталып талдау жасалды. Бағдарламалардың 1-ші тоқсанында орындалуы жөніндегі ақпарат қазақ және орыс тілдерінде аудан әкімінің ресми сайтына орналастырылды.

6

Облыстық басқармалар-дан, мекемелерден және аудан мекемелерінен келген хаттарды уақытылы орындау

Облыс әкімі аппаратынан, облыстық салалық басқармалардан және аудандық мекемелерден келген хаттарға уақытылы және сапалы мәліметтер берілді.

7

Жалағаш ауданы бойынша 2018 жылдың қорытындысымен әлеуметтік-экономикалық даму мониторингі

Ауданның әлеуметтік экономикалық көрсеткіштеріне талдау жасалып, мониторинг жүргізілді. Ауданның әлеуметтік экономикалық мониторинг көрсеткіштері облыстық салалық басқармалармен келісіліп, облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына тапсырылды.

8

Жыл бойы бақылауда тұратын қаулылар мен шешімдерге мәлімет ұсыну

Бақылауда тұрған қаулылар мен шешімдерде көрсетілген мерзімдеріне сәйкес облыс, аудан әкімі аппаратына және облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына уақытылы және сапалы мәліметтер жолданды.

9

Қызылорда облысы әкімі мен ҚР Премьер-Министірі арасында жасалған меморандумның орындалуына мониторинг жүргізу

Қызылорда облысы әкімі мен Қазақстан Республикасының Премьер-Министірі арасында жасалған меморандумның нысаналы индикаторларының ай сайынғы орындалуы облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына жолданды.

10

Облыс және аудан әкімдерінің хаттамалық тапсырмаларына уақытылы мәлімет беру

Облыс және аудан әкімдерінің хаттамалық тапсырмаларына уақытылы және сапалы мәлімет жолданды.

Бюджеттік жоспарлау секторы

1

2018-2020 жылдарға  бекітілген аудан бюджетіне  өзгерістер мен толықтырулар  енгізу

2019 жылдың 1 тоқсанына  аудан бюджеті  1 мәрте  нақтыланып, 2 мәрте түзету енгізілді. Жалағаш кентінің және ауылдық округтердің бюджеттері1 мәрте нақтыланды. Аудан бюджетіне енгізілетін өзгертулер мен толықтырулар Қоғамдық кеңестің қарауына ұсынылды. Бюджеттік бағдарлама әкімшілерінен түскен бюджеттік өтінімдер уақытылы қаралып, проблемалық мәселелерді шешуге, тұрғындардан түскен ұсыныстар, бюджеттің басым бағыты ескеріліп барлық материалдар аудандық бюджеттік комиссия отырысының қарауына ұсынылды. Аудан бюджетіне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар бойынша аудандық мәслихаттың шешімдері және аудан әкімдігінің қаулылары уақытылы әзірленіп бекітілді.

2

Бағдарлама әкімшілерінің стратегиялық жоспарды әзірлемейтін бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарламасын әзірлеу.

2019 жылдың 1 тоқсанына аудан бюджетіне енгізілген  өзгерістер мен толықтыруларға барлық бағдарлама әкімшілері ҚР Ұлттық экономика министрлігінің  2014 жылғы 30 желтоқсандағы    №195 бұйрығын басшылыққа алып бекітілген, қосымша бөлінген қаржыларға бюджеттік бағдарламаларын әзірлеп, бюджетті жоспарлау жөніндегі бөлімнен келісім алынып, бұйрықпен (өкім) бекітеді. Бөлім тарапынан әзірленген бюджеттік бағдарламаларды келісім беру үшін толығымен қаралды.

3

Мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың бекіткен штат кестелерін және тарификациялық тізімдерін қарап, қабылдау.

Мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындар тарапынан 2019 жылға бекітілген штат кестелері және тарификациялық тізімдері қабылдап алынды.

4

Жергілікті бюджетке қарасты мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың 2019 жылдың қаржыландыру жоспарын есептемеле-рімен қабылдау

Жергілікті бюджетке қарасты мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың 2019 жылдың қаржыландыру жоспарларын қарап есептемелерімен қабылданды.

5

Мемлекеттік органдардың және облыстық экономика  және бюджеттік жоспарлау  басқармасынан берілген  тапсырмаларды мерзімінде  орындау.

Ағымдағы жылдың 1 тоқсанына аудан бюджетінің нақтыланған, түзетілгені жөнінде мәлімет, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекеме-лер мен кәсіпорындардың  еңбекақы туралы есептілігі, берілген экономикалық  бақылау жұмыстары орындалып, 4 деңгейлі дербес бюджет енгізілген кент, ауылдық округтер бойынша есептіліктері уақытылы   тапсырылды.

6

Жоғары тұрған органдардан, жергілікті өкілетті және атқарушы органдардан, бөлімдерден келіп түскен хаттарға  уақытылы жауап қайтару

2019 жылдың 1 тоқсанына жоғары тұрған органдардан жергілікті өкілетті және атқарушы органдардан, бөлімдерден келіп түскен хаттарға  уақытылы жауап қайтарылды.

7

Бөлімге келіп түскен қаулылар, шешімдер, нұсқаулықтарды  басшылыққа алып, тиісті шараларды атқару

Бөлімге келіп түскен қаулылар, шешімдер, нұсқаулықтар  басшылыққа алынып, тиісті жұмыстар атқарылды.

8

2019-2021 жылдарға арналған бекітілген және нақтыланған, түзетілген аудан бюджетінің жобасы туралы аудандық бюджеттік комиссия отырысына материалдарды  дайындау және хаттамасын  әзірлеу

2019-2021 жылдарға арналған бекітілген, нақтыланған, түзетілген аудан бюджетінің жобасы туралы аудандық бюджеттік комиссия отырысына материалдар  дайындалып,  уақытылы ұсынылды. Жыл көлемінде 3 мәрте аудандық бюджеттік комиссия отырысы өткізілді. Аудан бюджетінің  нақтылануына 1 мәрте, Жалағаш кентінің және ауылдық округтердің бюджеттерінің нақтылануына 1 мәрте, республикалық, облыстық бюджеттен бөлінген ағымдағы және даму трансферттерін бағыттауға  түзету 2 мәрте аудандық бюджеттік комиссия отырысы ұйымдастырылды. Аудандық бюджеттік комиссия отырысының хаттамасы уақытылы әзірленді.

9

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік, жобалық басқару, жобалық кеңсе жұмыстарын ұйымдас-тыру

2018 жылы Таң елді мекенінен «Таң ЛТД» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі дене шынықтыру-сауықтыру кешенін жалға беру жобасы  аяқталып,  облыстық бюджет есебінен 11 штат бірлікпен  ұстау шығындарына 14,7 млн. теңге қаржы бөлінді. Өңірлік  мемлекеттік   жекешелік әріптестік орталығы  10 жылға  өтемақыға 56,0 млн. теңге есептеді

         2019 жылы  «Таң ЛТД» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің  екінші дене шынықтыру-сауықтыру  кешенін  жалға  беру  жобасы  биылғы  жылы іске асырылады.

Таң, Ақсу елді мекендеріне дәрігерлік амбулатория құрылыстарын салуға  жекеше әріптес «АХАТ ГС» ЖШС  айқындалды.

         2018 жылдың 18 шілдесіндегі №215 Қызылорда облыстық мәслихаты  шешімімен Ақсу елді мекеніне дәрігерлік амбулатория құрылыстарын салуға   мемлекеттік міндеттемелері қабылданды.

        «Қызылорда облыстық денсаулық  сақтау басқармасы» ММ мен «АХАТ ГС» ЖШС арасында 2018 жылдың 8 тамызында №8 келісім-шарт жасалды.

         2018 жылдың 18 шілдесіндегі №216 Қызылорда облыстық мәслихаты  шешімімен Таң елді мекеніне дәрігерлік амбулатория құрылыстарын салуға    мемлекеттік міндеттемелері  қабылданды.

          2019 жылға  мемлекеттік міндеттемелері  қабылдауға  қосымша келісім-шарт  жасалды. Құрылыс жұмыстарын  жүргізуге  жер телімдері рәсімделді. Құрылыс  жұмыстары   биылғы  жылы  жүргізіледі. 

Жобалық  басқару  туралы

 

        Қызылорда облысының жобалық кеңсе отырысының 2017 жылғы 10 қарашасындағы № 5 хаттамасымен жергілікті атқарушы органдарында жобалық құжаттарды рәсімдеу бойынша әдістемелік нұсқаулық бекітілген. 

 Қызылорда облысының жергілікті атқарушы органдарында жобаларды басқару үшін негізгі құжат болып табылады.

         Осы нұсқаулық  басшылыққа алынып  Жалағаш кентіндегі  жеке  кәсіпкер Г. Исахановтың  күріш  ақтау  цехы  құрылысын  салуды  облыстық  жобалық  басқару  арқылы  жүргізілетін  жобалар  тізбесіне енгізілді. 

         2018  жылдың  14 қыркүйегінде   облыстық   жобалық   кеңсеге  отырысында    бөлім  басшысы  Ж. Еспенбет   жобаны  қорғады.

         Ағымдағы жылдың 30 қаңтарында  өткізілген  облыстық   жобалық   кеңсе  отырысында  күріш ақтау құрылғысының  (диірмен)  уақытылы  жеткізілмеуінен  жобаны  басқару  кестесіне  өзгеріс  енгізілді.

2019 жылы  облыстық  жобалық  басқару  арқылы  жүргізуге  аудандық  мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінен

         - «Ұлы дала сазы»  этно- фальклорлық  топ құру жобасы (жоба  құны 1220,0 мың теңге),

       Аудандық  ішкі саясат бөлімінен

        - Жастар коворкинг орталығын ашу (жоба  құны 5000,0  мың теңге), жобалары  қарастырылды. 

       Ағымдағы жылдың 22  ақпанында  өткен  аудандық мәслихаттың 37 сессиясының  №37-1 шешімімен   жобалық  басқаруға ұсынылған жобаларды толық жүргізуге  «Ұлы дала сазы»  этно- фальклорлық  топ құру жобасына 1220,0 мың теңге,  жастар коворкинг орталығын ашуға  5000,0 мың теңге  қаржы бөлінді.

       Ағымдағы   жылдың  14 наурызындағы  аудан   әкімі    орынбасарының               №1/3-11/1060  санды   хатымен  облыстық  цифрлы  технологиялар  басқармасына 2019 жылға жобалар   портфеліне енгізуге  бастамашылық өтінімдері  жолданды.

14

Халық саны 2000 адамнан асатын дербес бюджет енгізілетін кент, ауылдық округтердің  жұмыстарына көмек көрсету, сүйемелдеу, ұйымдастыру

2018 жылдың 1 қаңтарынан 4 деңгейлі бюджет енгізілген кент, Бұқарбай батыр, Аққұм, Еңбек, Мәдениет ауылдық округтердің  түсімдер мен шығыстар бойынша бюджеттерінің жобасы  және мәслихат сесиясының шешімі, соған сәйкес кент, ауылдық округтердің шешімдерінің жобасы  бөлім тарапынан көмек көрсету, сүйемелдеу арқылы жасалады.

2020 жылдан бастап  қалған 10 ауылдық округке  4 деңгейлі бюджет енгізіледі.

Аудандық мәслихат сессиясының шешімі мен кент, ауылдық округтердің қабылдайтын шешімдерінің жобасы жасалып, кент, ауылдық округтерге ұсынылды.

Бекітілетін түсімдер мен шығындар бөлігінде қаржыландыру жоспарларын айларға бөліп қалыптастыруға көмек көрсетілді.

Кент, ауылдық округтерді қаржыландыру секторы

1

Аудан әкімінің 2019 жылға бекітілген салық базасын ұлғайту іс-шара жоспарының кент, ауылдық округтер бойынша орындалуын ай сайын жинақтау.

Жалағаш ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы мен аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімімен бірлесе 2019 жылға арналған салық салу базасын кеңейтуге бағытталған іс-шаралар жоспары әзірленіп, аудан әкімінің бекітуіне ұсынылды.

2

Ауылдық округтер бойынша  арнайы ашылған қолма-қол  бақылау шоттарына түсетін салықтар мен түсімдердің  орындалуын ай сайын жинақтау.

2019 жылдың 1 тоқсан жағдайымен ауылдық округтер бойынша арнайы ашылған қолма-қол шоттарына түсетін 6 салық түрінен жергілікті өзін-өзі басқару органдарына берілетін трансферттер есебінен 2426,3 мың теңге аударылып берілді. 5 түсімдері бойынша 83,5 мың теңге түсім түсірілді. Барлығы қолма-қол бақылау шотқа 2509,8 мың теңге қаражат түсіп, игерілгені 1074,5 мың теңге, 1474,3 мың теңге қалдық қалды (2019 жылдың 1 қаңтарына 39,0 мың теңге қаржы қалған).

Қолма-қол бақылау шоттарының есебі ай сайын облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына ұсынылды.

Аудан әкімінің интернет ресурсына ауылдық округтердің арнайы ашылған қолма-қол бақылау шоттарының есебі ай сайын орнылыстырылды.

3

Аудан әкімінің 2015 жылғы 27 ақпандағы №96 өкіміне сәйкес салық базасын кеңейтудің жұмысшы топ отырысын өткізуді ұйымдастыру.

Салық базасын кеңейту мақсатында ағымдағы жылдың 2-ші тоқсанында жұмысшы топ отырысын өткізу жоспарланды.

4

Облыс және аудан әкімдерінің хаттамалық тапсырмаларына уақытылы мәлімет беру

2019 жылдың 1 тоқсанында облыс және аудан әкімдерінің хаттамалық тапсырмаларына уақытылы және сапалы мәлімет ұсынылды.

5

Ауданның салық салу объектісінің елді мекенде орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициентін есептеп қаулы дайындау жұмыстарын жүргізу.

Аудан әкімінің «Жалағаш ауданында салық салу объектісінің елді мекенде орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициентін бекіту туралы» 2018 жылдың 6 қыркүйегінде №196 қаулысы бекітілді.

Кент, ауылдық округтер 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап осы салық салу объектісінің елді мекенде орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициентін бекіту туралы қаулыны басшылыққа  алып  жұмыстар атқарады.

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіру