Русский Қазақша

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

ІЗДЕУ
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Инфрақұрылым
Қоғам
Мем. қызметтер
Байланыс
Әкім блогы
Анықтама
Сайт картасы Аудан әкімі аппараты
Билік
Құқық
Экономика
Басты бет Экономика Индустриялды-инновациялық даму

Индустриялды-инновациялық даму

ҚР индустриялық-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға

арналған мемлекеттік бағдарламасы

 

«Қазақстан Республикасының индустриялық - инновациялық даму жөніндегі» мемлекеттік бағдарламасы аясында аудан бойынша өңірлік Индустрияландыру картасына енгізілген «БИС-Групп» ЖШС-нің «Қызыл мия тамырын өңдеу» зауыты жүзеге асырылуда.

2013 жылы жобаны іске асыруға Жалағаш ауданы, Ақсу ауылдық округінің «Ахмет база» учаскесінен 9,0 гектар және қызыл мия егуге Жаңадария ауылдық округінен 6,0 мың гектар жер телімі рәсімделіп берілді.

Қазіргі таңда зауытта ылғал тартып қалған мия тамырын кептіру жұмыстары жүргізілуде. 50 адам жұмыспен қамтылған. 

Зауыттың қуаттылығы жылына 300,0 тонна, құны 900,0 млн. теңгені құрайтын глицирризин қышқылы және 1200,0 тонна құны 1,0 млрд. теңгені құрайтын глицирризин қышқылының ұнтақталған түрін өндіру.

Барлық өндірген өнім толығымен шет елдеріне экспортталатын болады.

2016 жылдың желтоқсан айында жалпы құны 37,0 млн. теңгені құрайтын 2 вагон қондырғылар жеткізіліп, толық орнату жұмыстары аяқталды.

Орнатылған қондығының қуаттылығы тәулігіне:

1,0 тонна – Глицирризин ұнтағы;

1,5 тонна – Қант ұнтағы;

3,0 тонна – Лакрица ұнтағы.

Ағымдағы жылдың қаңтар айында Қытай мемлекетіне алғашқы 20,0 тонна өнімі экспортталды және жыл аяғына дейін тағыда 20,0 тонна өнім экспорттау жоспарланған болатын. Қазіргі таңда арнаулы мамандар тапшылығына байланысты зауыт жұмысы уақытша тоқтап тұр.

Индустрияландыру картасынан тыс облыс әкімі жанындағы Өңірлік үйлестіру кеңесі отырысының оң қорытындысын алған жалпы құны 56,1 млн. теңгені құрайтын 4 инвестициялық жобаның құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Бұл жобалар ағымдағы жылдың аяғына дейін іске қосылады.

Олар:

1. Жеке кәсіпкер А.Боранқұловтың ағаш өндіру цехы. Жобаның жалпы құны 15,0 млн. теңге. Қазіргі таңда негізгі ғимаратының құрылысы толық аяқталып, қажетті құрал-жабдықтар сатып алу үшін несие алуға құжаттары дайындалуда. 6 жаңа жұмыс орны ашылады.

2. Жеке кәсіпкер Н.Ералиевтың балықты алқашқы өндіру цехы. Жобаның жалпы құны 11,1 млн. теңге. Қазіргі таңда негізгі ғимаратының құрылысы аяқталып, ішкі монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Жобаны іске асыруға кент орталығынан 0,05 га жер телімі рәсімделіп берілді. 4 жаңа жұмыс орны ашылады.

3. «Баба» шаруа қожалығының асыл тұқымды ешкілерді көбейту, етін өндіру және сүтін өңдеу жобасы. Жобаның жалпы құны 20,0 млн. теңге. 12 жаңа жұмыс орны ашылады. Жобасын жүзеге асыру үшін «Серпін» индустриялды аймақтан 2,0 гектар жер телімі рәсімделіп берілді. Қазіргі таңда, жем сақтау қоймасы және қарауылдар бекеті ғимараттарының құрылыс жұмыстары аяқталды.

4. Жеке кәсіпкер М.Қанибаевтың 3000 басқа арналған шағын құс фермасы. Жобаның жалпы құ 10,0 млн теңге. 2016 жылы «Миркобизнес Қызылорда» бағдарламасы аясында 6,8 млн теңге несие алды. Жобасын жүзеге асыру үшін «Серпін» индустриялды аймақтан 0,2 гектар жер телімі рәсімделіп берілді. Қазіргі таңда құс фермасының ғимаратының құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Жоба толық іске қосылған жағдайда 5 жаңа жұмыс орны ашылады. Жобаны 2017 жылдың екінші жарты жылдығында іске қосу жоспарлануда.

 

«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы

 

«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы Қазақстан Республикасы Президентінің «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын және Қазақстанның 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарын іске асыру үшін әзірленді. Бағдарлама Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру тетіктерінің бірі болып табылады.

Аталған бағдарламасы аясында аудан бойынша 2017 жылға дейін 315,5 млн. теңгені құрайтын 9 жоба Өңірлік үйлестіру кеңесінің оң қорытындысына сәйкес пайыздық ставкасы субсидияланып, оның ішінен 4 жоба 69,0 млн. теңгеге ішін ара кепілдендірілді.    

- «Маржан-2002» ЖШС-нің жолаушылар тасымалы. Жобаның құны 14,5 млн теңге.

- жеке кәсіпкер А.Махатованың 90 орындық балабақша құрылысы. Жобаның құны 30,0 млн теңге. 15,0 млн теңгеге жоба ішін ара кепілдендірілді.

- «Маржан-2002» ЖШС жолаушылар тасымалы. Жобаның құны 6,0 млн теңге.

- жеке кәсіпкер А.Қауымбаевтың техникалық қызмет көрсету орталығы. Жобаның құны 6,0 млн теңге.

- жеке кәсіпкер Д.Дүйсебаеваның айналым қаражатын толықтыру. Жобаның құны 20,0 млн теңге. 8,5 млн теңгеге жоба ішін ара кепілдендірілді.

- «АutoGasStation» ЖШС-нің газ кұю бекеті. Жобаның құны 19,5 млн. теңге. 15,5 млн теңгеге жоба ішін ара кепілдендірілді.

- «Агрохимсервис» ЖШС-нің айналым қаражатын толықтыру. Жобаның құны 139,5 млн. теңге.

- жеке кәсіпкер Б.Ұзақовтың «С» санаты жол бойы кешені құрылысы. Жобаның құны 60,0 млн. теңге. 30,0 млн теңгеге жоба ішін ара кепілдендірілді.

- жеке кәсіпкер М.Абдыбаевтың күріш ақтау зауыты.  Жобаның құны 20,0 млн теңге.

Сонымен қатар, 2014 жылдың ақпан айында осы бағдарламаның «Өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту» бағыты аясында «Серпін» индустриялды аймағын инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министірлігі Кәсіпкерлікті дамыту комитетінде жоба қорғалып, оң шешім қабылданды. 2014 жылдың наурыз айында республикалық бюджеттен 301 млн 706 мың теңге қаржы бөлініп, құрылыс жұмыстары толық аяқталды.

Атап айтқанда:

автожол - 4,018 км

ауыз су желісі - 2407 м

телефон желісі - 1035 м

электр желісі – 3 дана КТПН 10/0,4 кВт қуаттылығы 250 кВА,  қашықтығы 2601 м болатын ВЛ-10 кВ желісін ауыстыру.

Жоғарыда аталған мемлекеттік бағдарламасының грантты ұсыну бағыты бойынша ауданнан бүгінгі күнге дейін екі кәсіпкер 2,6 млн теңге көлемінде мемлекеттік грантқа ие болды.

         1) Жеке кәсіпкер Ғ.Ержановтың  «Жиһаз жасау цехы» жобасы. Жобаның жалпы құны 3,0 млн. теңге. Грант қаржысының көлемі 1,4 млн. теңге.

         2) Жеке кәсіпкер Ж.Мырзакулованың «Тұшпара өнімін орау қызметін ұйымдастыру цехы» жобасы. Жобаның жалпы құны 3,0 млн. теңге. Грант қаржысының көлемі 1,2 млн. теңге.

 

Ағымдағы жылдың қаңтар айынан бастап аудан бойынша «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында ағымдағы жылы жалпы құны 313,8 млн теңгені құрайтын 9 жоба екінші деңгейлі банктер арқылы қаржыландырылып, Өңірлік үйлестіру кеңесінің оң қорытындысына сәйкес пайыздық ставкасы субсидияланды. Оның ішінен 4 жоба 98,6 млн теңгеге ішінара кепілдендірілді.

) «Таң ЛТД» ЖШС-нің күріш егу және ақтау жобасы. Жоба 60,0 млн теңгеге қаржыландырылды. 30,0 млн теңгеге ішін ара кепілдендірілді;

2) Жеке кәсіпкер Б.Ұзақовтың жол бойы кешені жобасы. Жоба 55,0 млн теңгеге қаржыландырылды. 27,5 млн теңгеге ішін ара кепілдендірілді;

3) Жеке кәсіпкер Д. Дүйсебаеваның айналым қаражатын толықтыру жобасы. Жоба 18,0 млн теңгеге қаржыландырылды. 6,1 млн теңгеге ішін ара кепілдендірілді;

4) Жеке кәсіпкер Қ.Дүйсебаевтың мейрамхана сатып алу жобасы. Жоба 70,0 млн теңгеге қаржыландырылды. 35,0 млн теңгеге ішін ара кепілдендірілді;

5) «Атамекен» ШҚ-ның қажетті қажетті жабдықтар сатып алу жобасы «ТехноЛизинг» ЖШС-і арқылы 12,9 млн теңгеге қаржыландырылды;

6) «Атамекен» ШҚ-ның қажетті қажетті жабдықтар сатып алу жобасы «ТехноЛизинг» ЖШС-і арқылы 33,1 млн теңгеге қаржыландырылды;

7) «Дархан» ЖШС-нің айналым қаражатын толықтыру жобасы «Қазақстан Халық банк» АҚ-ның облыстық филиалы арқылы 15,0 млн теңгеге қаржыландырылды;

8) Жеке кәсіпкер М.Әжібековтың құрама жем өндіру цехы «Банк Центр Кредит» АҚ-ның облыстық филиалы арқылы 34,8 млн теңгеге қаржыландырылды;

9) Жеке кәсіпкер М.Дүзелбаева қажетті тауарлар, шикізат сатып алу жобасы «Қазақстан Халық банк» АҚ-ның облыстық филиалы арқылы 15,0 млн теңгеге қаржыландырылды.

Сонымен қатар, аталған бағдарламаның мемлекеттік гранттар беру бағыты бойынша өткізілген конкурсқа ауданнан құны 86,2 млн теңгені құрайтын 47 жоба ұсынылып, қазіргі таңда Өңірлік үйлестіру кеңесінің отырысының қорытындысын күтуде.

 

«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың

2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламасы

 

Аудан бойынша аталған бағдарламаның бірінші бағыты «Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету» шеңберінде аудан әкімдігінің 2017 жылғы 26 қаңтардағы №18 «Жұмыспен қамту бағдарламаларын іске асыру мәселелері жөніндегі Жалағаш ауданы әкімдігінің жанындағы ведомствоаралық комиссия құру туралы» қаулысымен аудандық комиссия құрылды. Аудандық комиссияның шешімімен әрбір елді мекенде тегін техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауға үміткерлер тізімін қалыптастыру бойынша мобильді топтар құрылды.

Аудандық комиссияның шешімімен әрбір елді мекенде тегін техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауға үміткерлер тізімін қалыптастыру бойынша мобильді топтар құрылды. Мобильдік топтардың қызметін ұйымдастырушы аудандық білім бөлімі 2017 жылдың 25 тамызына дейінгі мерзімде аудандық комиссияның қарауына және бекітуіне өтініш білдірген тұлғалардың қалыптастырылған тізімдерін ұсынды.

Жоспар бойынша 50 адамды оқыту көзделген болса, (оның 25-і «көкөніс өсіруші» мамандығы болса, 25-«тракторист-машинист») қазіргі таңда аудандық комиссияның шешімімен 77 адамның тізімі бекітілген.

Комиссия шешімімен бекітілген тұлғаларға аудандық білім бөлімі арқылы оқу орындарына жолдама рәсімделіп, берілген.

Бағдарлама шеңберінде қысқа мерзімді кәсіптік оқуға республикалық бюджеттен 80 адамға 26,4 млн. теңге қаржы қаралып, оның 13,5 млн.теңгесі (51,1%) игерілді. Есепті мерзімге 119 адам қысқа мерзімді курстарға жолданды. Олардың 52 –і (43,7%) 16-29 жас аралығындағы жастар.

Қысқа мерзімді кәсіптік оқыту курстарын 60 адам аяқтап, оның 27-і (45%) тұрақты жұмыспен қамтылды.

 

мамандықтар атауы

Адам саны

Білім беру ұйымы

Оқудың басталу мерзімі

ұзақтығы

1

Компьютерлік оқытуға

20

Абылайхан  колледжі

01.09.2017ж

4 ай

2

Тігінші

20

Сырдария  аудандық  аграрлы техникалық  колледжі

15.05.2017ж

3 ай

3

Электромонтер

10

Жалағаш индустриалды аграрлық  колледжі

23.06.2017ж

3 ай

4

Тракторист-машинист

15

26.06.2017ж

3 ай

5

Аспазшы

15

20.06.2017ж

3 ай

6

Балаға кәсіби қараушы

10

ЖШС Гүлмира оқу орталығы

06.09.2017ж

2 ай

7

Тәрбиешінің көмекшісі

10

ЖШС Кәсіби маман

12.09.2017ж

2 ай

8

Тігінші

7

14.09.2017ж

3 ай

9

Шаштараз

7

«Специалист» оқу орталығы

14.09.2017ж

3 ай

10

Маникюр, педикюр

4

13.09.2017

2 ай

11

Массажист

1

13.09.2017

1 ай


Барлығы

119




 

Бағдарламаның екінші бағыты «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту»

         Аудан бойынша кәсіпкерлік картасына сәйкес бағдарламаның екінші бағыты аясында 179 жоба әзірленіп, «Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ және «Казагрокорпорация АКК» АҚ қаржы ұйымдарына ұсынылды.

         Есепті мерзімге «Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ (АШҚҚҚ АҚ) арқылы 56 адамға 151,7 млн.теңге, ал «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ (АНК АҚ) арқылы 10 адамға 62,9 млн.теңге, барлығы 66 адамға 214,6 млн.теңге несие қаражаты таратылды.

         Үшінші бағыт: халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту бойынша

Әлеуметтік жұмыс орнына республикалық бюджеттен 50 адамға 13,8 млн.теңге қаржы қаралып, оның 9,6 млн.теңгесі игерілді. Есепті мерзімге 35 мекемеге 68 адам (136,0%) жолданды. 

Жастар тәжірибесіне республикалық бюджеттен 80 адамға 27,2 млн.теңге қаржы бөлініп, 52 мекемеге 96 адам (120,0%) жолданды.

Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруға жергілікті бюджеттен 34,0 млн.теңге қаржы қаралып, оның 25,8 млн.теңгесі игерілді. Есепті мерзімге 479 адам қоғамдық жұмыстарға жолданды. Оның ішінде 98-і (20,5%) 16-29 жас аралығындағы жастар.

         Жұмысқа орналастырылу бойынша мемлекеттік қолдау шараларынсыз жұмысқа орналасқандар саны 454 адам. Оның 170-і (37,4%)16-29 жас аралығындағы жастар.

                             Есепті мерзімге «Бос жұмыс орындары» жәрмеңкесі 10 рет өткізілді. Нәтижесінде 38 жұмыс берушілерден 83 жұмыс орындары ұсынылып, 83 адам жұмыспен қамтылды. Оның ішінде 27-і (32,5%)16-29 жас аралығындағы жастар.

 

ҚР білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

 

         Аудан бойынша 36 мектепке дейінгі білім беру ұйымдары жұмыс жасайды. Олардың 10-ы мемлекеттік (791 бала), 13-і жеке балабақшалар (876 бала) және 13-і мектептер жанындағы шағын орталықтар (355 бала).  Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында барлық қамтылған 1-6 жастағы бала саны  1956.

2017 жылы алға қойған 3 пен 6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту көрсеткіші  100 пайызға  толық орындалды.

2017-2018 оқу жылындағы жалпы білім беретін күндізгі мектептердің саны – 20, оқушылар саны – 6419 (395 класс). Оның ішінде орта мектеп – 19. Сабақ беретін мұғалімдер саны 1146. Педагог қызметкерлердің 1041-і жоғары білімді, 105-і арнаулы орта білімді. Біліктілік санаты бойынша 135-і жоғары (11,7%), 433-і бірінші санаты болса (37,7%), 345-і екінші санатты педагогтар (30,1%).

4 инновациялық мектеп жұмыс жасайды. (№31, 32, 123, 201). Бұл мектептерде Назарбаев зияткерлік мектептерінің іс-тәжірибелері кеңінен таратылуда. Үш тілде білім беруге дайындық жұмыстары осы мектептерде жүзеге асырылуда.

Мектептердің жаңа оқу жылына дайындығын қамтамасыз ету үшін 2017 жылы жалпы жәй жөндеу жұмыстарына барлығы 17,0 млн.теңге қаржы бөлініп, тиісті жұмыстар атқарылды.

Аудандық бюджет есебінен 3,8 млн.теңгеге 17 мектепке бейне бақылау камералары орнатылды.

№31, 32, 123, 201 және аудандық оқушылар Үйіне облыстық бюджет есебінен 16,8 млн.теңгеге «Робототехника» кабинеттері сатып алынды.

Мектептердегі компьютерлер паркін жаңалау бағытында облыстық бюджет есебінен 10,2 млн.теңгеге 66 дана компьютер сатып алынды.

2016-2017 оқу жылында 11 класты 293 оқушы аяқтаса, оның 215-і (73,3%). ҰБТ қорытындысымен ауданның көрсеткіші 81,6 балды құрады. ҰБТ қорытындысымен 41 бітіруші (19,0%) 100-ден жоғары балл жинаса, 10 бірітуші шекті балдан төмен ұпай жинады.

Бітірушілердің 192-і жоғары оқу орындарына, 89-ы арнаулы оқу орындарына оқуға түсті.

 

Жалағаш ауданы бойынша діни экстремизм мен терроризмге қарсы

 іс-қимыл жөніндегі 2013-2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

 

Жалағаш ауданы бойынша діни ахуал тұрақты. Діни ахуал тұрақтылығын сақтау мақсатында ауданда аудан әкімі жанындағы діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңес, Дін саласындағы мемлекеттік саясатты түсіндіру, тұрақтылықты нығайту және діни экстремизмнің алдын алу мақсатында құрылған Жалағаш аудандық ақпараттық түсіндірме тобы, Жалағаш ауданының әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссия, ҚМДБ қарасты аудан көлемінде барлығы 12 мешіт жұмыс жасайды. Олардың барлығы да әділет органдарында тіркелген.

Аудан әкімі жанындағы діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңес, терроризмге қарсы комиссия құрамдарына өзгерістер енгізіліп, 2017 жылға арналған жұмыс жоспарлары бекітілді. Аталмыш жоспарға сәйкес комиссия отырыстары өткізіліп, нақты тапсырмалар беріліп, жоспарға сәйкес жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді.  

         Қазіргі уақытта Жаңадария, Мырзабай ахун ауылдық округтерінде мешіт болмаса, Шаменов ауылдық округінде мешіттің құрылысы аяқталмай тұр. Демеушілер арқылы барлық мешіттердің жағдайларын қалыпты ұстап отыру мүмкіндіктері қарастырылған.

         2017 жылдың мамыр айында кент әкімінің қолдауымен аудандық "Иманқұл" мешітіне 4 бейнебақылау камерасы орнатылып, мешіт ішіндегі жағдай күнделікті бақылауға алынды. Қалған ауылдық округтерде бейнебақылау камерасын орналастыру жұмыстары жүргізілуде.

         Қазақстан Мұсылмандар Діни Басқармасының Қызылорда облысы бойынша өкілдігі және Қызылорда облысының әкімдігінің бірлесуімен Алматы қаласында 2017 жылдың 18-22 қыркүйек, 25-29 қыркүйек, 3-8 қазан аралықтарында «Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті» университетіне имамдардың біліктіліктерін артыруға бағытталған 5 күндік оқыту семинарына ауданымыздан 9 имам оқыту курсынан өтті.

         Қазіргі таңда ауданымыздан екі шәкірт арнаулы орындарда білім алуда.

         2017 жылға арналған әлеуметтік тапсырыс негізінде 1 500,0 мың теңге қаржы қаралып, "Ұшқыр жебе" қоғамдық қорымен келісім шарт жасалынып 11-ші, 31-ші тамыз күндері РАНТ мүшесі Қызылорда қалалық "Нұр" мешітінің ұстазы Батырбек Убаевтың қатысуымен ауданымызда адрестік кездесу жұмыстары жүргізіліп, мешіт  жамағаттарына уағыз насихат айтылды.

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында философия ғылымдарының кандидаты, дінтану кафедрасының доценті, Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңес мүшесі, Астана қаласы Дін істері басқармасы Астана қаласы бойынша сарапшы, Дін істері комитеті Ғылыми зерттеу және талдау орталығының сарапшысы Кеңшілік Тышхан «Зайырлы мемлекеттегі діни экстремизмнің алдын алу жолдары: өңірлік тәжірибе және проблемалар», «Руханият және дәстүр» тақырыптарында семинарлар өткізді.

Семинарға аудан әкімі жанындағы діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңес, дін саласындағы мемлекеттік саясатты түсіндіру, тұрақтылықты нығайту және діни экстремизмнің алдын алу мақсатында құрылған Жалағаш аудандық ақпараттық түсіндірме тобы, Жалағаш ауданының әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссия мүшелері, дінтану пәнінің мұғалімдері, ҚМДБ қарасты барлық мешіт имамдары, аудандық ішкі істер бөлімінің учаскелік полиция қызметкерлері, Жалағаш аудандық «Қоғамдық кеңес» мүшелері, «Қоғамдық келісім» кеңесінің төрағалары, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатыстырылды. Жоба аясында атқарылатын шаралар Қазақстан Республикасындағы діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013-2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама аясында жүргізілуде.

         Аудан орталығындағы бірқатар мектептерде Жалағаш аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен "Дін саласындағы мемлекеттік саясатты түсіндіру, тұрақтылықты нығайту және діни экстремизмнің алдын алу" мақсатында құрылған Жалағаш аудандық ақпараттық түсіндірме тобы №123, №31, №201 мектеп-лицейлерінде жоғары сынып оқушыларымен "Дәстүрлі емес жат ағымдар: олардың теріс идеологиясы" тақырыбында жастар арасында дәстүрлі емес діни ағымдарға қарсы ақпараттық түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

         "Мүсірәлі баба" мешітінің наиб имамы Боранбай Оралбайұлының қатысуымен Мәдениет ауылдық округіндегі №14 спорт мектебінің ұжымымен "Жат ағымдарға жол жоқ" тақырыбында кездесу өткізілді және дәстүрлі емес діни ағымды ұстанушы екі адаммен адрестік профилактикалық кездесу өткізілді.

         "Иманқұл" мешітінде Құрбан айт мерекесі аталып өтіп құрбандық шалынып, Құрбан айт мерекесіне орай мешіт жамағаттарына ұлттық спорт түрлерінен жарыстар атап айтқанда, арқан тарту, қол күресі, гір көтеру секілді сайыстар ұйымдастырылды.

Жыл басынан бастап аудандық ақпараттық түсіндірме тобының мүшелерімен, 6 дөңгелек үстел, 5 акция, 35 кездесу арнайы ауданымызға шақырылған теолг мамандардың қатысуымен 2 семинар, барлығы 3740 адам қамтылған. 

Дін мәселелерін зерттеу орталығының теологтарының қатысуымен аудандық АТТ мүшелері дәстүрлі емес діни ағымды ұстанушыларға 19 мәрте адрестік профилактикалық жұмыстар жүргізілді. Аудандағы дәстүрлі емес дінді ұстанушыларға тұрақты түрде әлеуметтік зерттеулер  жүргізу, яғни отбасы құрамы, мемлекеттік органдарда қызмет жасайтын жақын туыстары, жұмыс тәжірибесі, дінге келу себебі, діни ұстазы мен байланыстары, тұрғылықты мекен-жайларында интернет желісінің қосылғандығы, діни беделділігі, моральды психологиялық ұстанымы, мінез-құлық ерекшелігі, отбасының кіріс көздерін анықтау мақсатында тұрақты түрде жұмыстар атқарылып келеді.

«Ақпаратты Қазақстан» бағдарламасы

 

Жалағаш ауданы бойынша бұқаралық ақпарат құралдарының саны біреу, ол аудандық “Жалағаш жаршысы” газеті. Басылым мемлекеттік тілде аптасына 2 рет шығарылады, 2 бетіне мемлекеттік  тапсырыс орналастырылуда. 2 беттің көлемі 3700 см2.  Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізуге әлеуметтік қызмет бойынша жергілікті бюджеттен қаржы қаралмаған. 2016 жылдан бастап бұл мақсатқа облыстық бюджеттен қаржы бөлінуде.

Сонымен қатар телерадиохабарлар арқылы мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу әлеуметтік қызмет бойынша жергілікті бюджеттен 5 миллион 715 мың теңге қаржы бөлініп, Қазақстан Қызылорда теле арнасымен келісім-шарт жасалынып 9 айдың қортындысы бойынша 5 329,0 мың теңге игерілді.

 

Қазақстан Республикасының денсаулық саласын дамытудың

2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 15 қаңтардағы Жарлығымен  денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы бекітілді. Негізгі нысаналы индикатор күтілетін өмір сүру жасының деңгейін 2020 жылға дейін 73,0 жасқа жеткізу болып анықталды.

 Денсаулық бағдарламасының негізгі индикаторларының 2017 жылдың 1 тоқсанына орындалуы:

 

1. Халықтың жалпы өлім-жітімі 1000 тұрғынға шаққанда  – 1,6 промиль;

2. Аналар өлім-жітімі – жоқ;

3. Сәбилер өлім-жітімі  1000 тірі туылғанға шаққанда  - 5,9 промиль;

4. Туберкулезбен сырқаттану 100 мың  тұрғынға шаққанда -19,9 промиль;

5. Туберкулезден  өлім – жітім 100 мың  тұрғынға шаққанда -0 промиль;

6. Қан айналымы жүйесінің ауруларынан (ҚЖА) болатын өлім-жітім  100 мың  тұрғынға шаққанда -28,5 промиль;

7. Жаңа қатерлі ісіктерден болатын өлім-жітім  100 мың  тұрғынға шаққанда – 11,4  промиль;

8. Жаңа қатерлі ісіктер бар науқастардың 5 жыл өмір сүруі -45,5 %;

9. Жаңа қатерлі ісіктерді ерте анықтау (1-2 сатысы) – 20 промиль -45,5 %;

10. Жарақаттардан, оқыс оқиғалардан және уланулардан  болатын өлім-жітім 100 мың тұрғынға шаққанда – 5,7 промиль;

11. 15-17 жас балалар арасында өз-өзіне қол жұмсау деңгейі  100 мың  тұрғынға шаққанда жағдай анықталмаған;

12. Есірткіні залалды тұтынумен және оған тәуелділікпен наркологиялық есепте тұрған адамдар саны  100 мың  тұрғынға шаққанда – 32,2 промиль;

13.15-17 жастағы балалар арасында жыныстық жолмен берілетін инфекциялармен (бұдан әрі – ЖЖБИ) сырқаттанушылық (мерез маркері)  кездескен жоқ;

14. Инфекциялық және паразиттік аурулармен сырқаттану көрсеткішін кемінде 315,9-дан аспайтын деңгейде ұстап тұру  100 мың  тұрғынға шаққанда – 447,5 промиль;

15. Семіздіктің таралуы 100 мың  тұрғынға шаққанда – 26,2 промиль;

16. Жалпы тәжірибелік дәрігерге тіркелген тұрғындар саны 1 аймаққа 1707 адам.  

 

Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі “Агробизнес-2017” бағдарламасы

(“Сыбаға”, “Құлан”, “Алтын асық”)

 

«Сыбаға» бағдарламасымен 2011 жылдан 2016 жылдың осы уақытына дейін  қаржы институттары арқылы 47 шаруа қожалықтары мен жеке кәсіпкерлер 276,460 мың теңге несие алынып, барлығы 3402 бас жергілікті аналық пен 114 бас асыл тұқымды бұқа сатып алынды.  

2016 жылы «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 300 бас мүйізді ірі қара малының аналығы мен 10 бас асыл тұқымды бұқа сатып алу жоспары облыстан белгіленді. Бүгінгі күнге жоспар  2 есе  орындалды.

Атап айтқанда өз қаражаттары есебінен 7 шаруа қожалықтары 12 бас асыл тұқымды бұқа мен 360 бас жергілікті аналық малдарын сатып алып, бірдейлендіру және ИАС ақпараттық жүйелеріне толық тіркетіп шаруашылықтарын ұлғайтуда.

Сонымен қатар қаржы институттары арқылы 10 шаруа қожалықтары 68,0 млн. теңге несиелер алып, 25 бас асыл тұқымды бұқалармен 353 бас жергілікті аналық малдарын сатып алды.

«Құлан» бағдарламасы бойынша ауданда 2015-2016 жылдары 486 бас бие мен 56 бас асыл тұқымды айғыр сатып алынды. Жоспар 2015 жылы 4 есеге орындалса, 2016 жылдың есепті мерзіміне 65,6 пайызға орындалды.

(жоспар 128 бие, 9 бас айғыр. Алынғаны 84 бие, 6 бас айғыр)

«Алтын асық» бағдарламасы басталғаннан бері аудан бойынша Аққұм ауылдық округіндегі «Бағдаулет-57» шаруа қожалығы 300 бас ет бағытындағы «Қазақтың ірі қылшық жүнді құйрықты» аналығы мен 15 бас қошқары сатып алынса, бүгінгі күнге бұл малды 532 басқа көбейтіп отыр.  2016 жылы 450 аналық, 15 бас қошқар малын сатып алу жоспарланғанымен, шаруашылықтар тарапынан қызығушылық болмағандықтан жоспар орындалмады.

Өткен жылы асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту, мал шаруашылығы өнімділігі мен сапасын арттыруға шаруашылықтарға 148,1 млн теңге субсидия төленді.

Оның ішінде: сатып алынған малдың құнын арзандатуға 52 бас бұқаға барлығы 8,0 млн теңге, МІҚ малы аналығының селекциялық жұмыстарына 2849 басқа 51,5 млн теңге, қой малының селекциясына 2 шаруашылық 2,9 млн теңге, сатып алынған 314 бас уақ малға  (2015 жылдың желтоқсан айында Бағдаулет-57 ШҚ) 2,512 млн теңге, мал азығына 1930 бас қой, 2117 бас мүйізді ірі қара мен 209 бас жылқыға 75,6 млн теңге, қолдан ұрықтандырылған  МІҚ малының 1894 бас аналылығына  7,6 млн теңге.

         Ауданда бүгінгі күнге Таң ауылдық округінен 14 отбасының бірігуімен 1 тікелей мал шаруашылығымен айналысатын кооператив құрылды (Алғабас АӨК). Алдағы уақытта осы округтен 2 мал шаруашылығымен айналысатын «Жаңа қоныс», «Қарасу» кооперативтерін құру жоспарда бар.

         2016-2017 мал қыстату жылына аудан бойынша 70 мың тонна табиғи шөп, 18 мың тонна сабан дайындалу жоспары белгіленсе бүгінгі күнге барлығы 74,2 мың тонна табиғи шөп оның 22500 тоннасы жонышқа шөбі , 18,6 тонна сабан дайындалып жоспар 104,5 пайызға орындалды.

 

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы

Жалағаш аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі арқылы 2016 жылы Жалағаш ауданы бойынша 118 маманға (346 784,0 мың тг) тұрғын үй несиесі, 10 маманға (1 484,7 мың тг) көтерме жәрдемақы түріндегі әлеуметтік қолдау шарасы көрсетілді.                                                                                                                                              

2009-2016 жылдар бойынша 498 - маманға тұрғын үй несиесі барлығы -1 183 411,9 мың теңге, 489 - маманға көтерме жәрдемақы  барлығы -55 951,4 мың теңгеге әлеуметтік   қолдау  шарасы  көрсетілді.

Оның ішінде:

         білім беру саласы бойынша – 2009-2017 жылдың 1 тоқсаны аралығында-311 маманға көтерме жәрдемақы (35 355,7 мың теңге),  320 маманға тұрғын үй несиесі ( 752 795,6 мың теңге);

денсаулық сақтау саласы бойынша – 2009-2017 жылдың 1 тоқсаны аралығында -153 маманға көтерме жәрдемақы (18 082,9 мың теңге), 125 маманға тұрғын үй несиесі (294 644,1 мың теңге);

әлеуметтік қамсыздандыру саласы бойынша – 2009-2016 жыл аралығында-11 маманға көтерме жәрдемақы (1282,7 мың теңге), 9 маманға тұрғын үй несиесі (22 598,6 мың  теңге);

мәдениет саласы бойынша –2009-2017 жылдың 1 тоқсаны аралығында - 17 маманға көтерме жәрдемақы ( 2333,0 мың теңге),  22 маманға тұрғын үй несиесі (55989,4 мың теңге);

спорт саласы бойынша – 2009-2017 жылдың 1 тоқсаны аралығында -17 маманға көтерме жәрдемақы (2178,7 мың теңге), 19 маманға тұрғын үй несиесі (51181,5 мың теңге);

Агроөнеркәсіптік кешен саласы бойынша - 2009-2016 жыл аралығында - 3 маманға көтерме жәрдемақы (371,9 мың  теңге);  3 маманға тұрғын үй несиесі (6202,7 мың теңге).

Қазіргі таңда мемлекеттен әлеуметтік жәрдемді алған мамандар келісім шартта көзделген талаптарды орындамай, өз еріктерімен жұмыстан шығып, жасаған әрекеттерімен мемлекетке жалпы соммасы 1104,3 мың теңгеге шығын келтірген және де тұрғын үй несиесін алып, уақытылы төлемей отырған мамандардың қарызы 2016 жылы - 9 239, 1 мың тенгені  құрап отыр.

          Осы уақытқа дейін 61 маманнан бюджеттік несие бойынша 10048,4 мың теңге қарызын қайтару жөнінде талап арыз Жалағаш аудандық сотына өндірілуге жіберіліп, 5235,8 мың теңге қаржы өндірілді.

         2010-2016  жылдар аралығындағы мамандардың қарызын қайтару жөнінде әлеуметтік сала басшыларына қызметтік хаттар жолданылып отыр. Қарызы көп мамандарға телефон арқылы  және ескертпе хат жолданған болатын. Бірнеше рет аудандық газетке де қарыздары туралы мәліметтер жарияланды.

Кіру