Русский Қазақша

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

ІЗДЕУ
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Инфрақұрылым
Қоғам
Мем. қызметтер
Байланыс
Әкім блогы
Анықтама
Сайт картасы Аудан әкімі аппараты
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Басты бет Экономика Мемлекеттік сатып алулар

Мемлекеттік сатып алулар


Жалағаш ауданының мемлекеттік сатып алу бөлімінің  2018 жылғы 9 айда атқарған жұмыстары туралы мәлімет


Бөлім қызметкерлерінің кент, ауылдық округтерге және аудан бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдарға мемлекеттік сатып алу бойынша тиісті тәжірибелік көмек көрсету мақсатында кураторлық кестесі бөлім басшысының бұйрығымен бекітілген.

Бөлім тарапынан ағымдағы жылдың 11 шілде күні ауылдық клуб есепшілеріне, 12 қыркүйекте аудан бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардағы есепшілерге мемлекеттік сатып алу заңдылықтарына сәйкес түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

“2018 жылы өткізілетін бірыңғай мемлекеттік сатып алулардың кейбір мәселелері туралы” Жалағаш ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 2 ақпандағы №18 қаулысымен аудандық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері үшін мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысы болып “Жалағаш ауданының мемлекеттік сатып алу бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі айқындалып, бірыңғай ұйымдастырушы орындайтын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бекітілген.

Ағымдағы жылы Жалағаш ауданының мемлекеттік сатып алу бөлімі арқылы 66 мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланып (1 403 987 680,7 теңге), оның ішінде 57-сі аяқталып (1 385 083 412,5 теңге), 1-еуі қаралуда (4 464 285,7 теңге), 8-і болдырылмаған (отменен) (14 439 982,5 теңге), үнемделген қаржы 24 971 321,2 теңге.

Оның ішінде бөліммен бірыңғай ұйымдастырушы ретінде 4 мемлекеттік сатып алу конкурсы (1 003 861 911,0) өткізілді.

Кураторлық сатып алулар аясында аудан бойынша бюджеттік бағдарлама әкімшілерімен 51 мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланып (210 673 792,7 теңге), оның ішінде 47-сі аяқталып (184 588 205,7 теңге), 3-еуі қаралуда (25 902 607 теңге), 1-еуі болдырылмаған (отменен) (182 980 теңге), үнемделген қаржы 15 552 144,5 теңге.  

Сонымен қатар бюджеттік бағдарлама әкімшілерімен баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен жариялаған 3 мемлекеттік сатып алуы болдырылмаған (отменен).

Конкурсқа қатысқан және жеңімпаз әлеуетті өнім берушілердің 1% ақшалай жарнасының уақытылы қайтарылуына, жеңімпаз мекемелердің 3% шартты уақытылы енгізуіне тұрақты бақылау орнатылды.

Аудан бойынша 7 мемлекеттік сатып алу демпинг есебінсіз жарияланып кеткен.

Оның ішінде:

- 4 конкурстардың қорытынды хаттамаларында демпингтік сома автоматты түрде есептелінбегендіктен, демпингтік сома қолмен есептеліп, жеңімпаз өнім берушілер қажетті соманы тапсырыс берушінің шотына аударды;

- 3 конкурс демпинг есебінсіз жарияланғанымен, әлеуетті өнім берушілер демпингтік бағадан төмен түскен жоқ.

Төмендетілген демпингтік баға ұсынған 23 әлеуетті өнім берушілердің енгізетін кепілдігіне (банктік кепілдік, қаржыны шотқа аудару) тұрақты бақылау орнатылды.

Сотқа жүгіну, тәртіптік, әкімшілік және қылмыстық жауаптылыққа тартылу, мердігер мекемелердің сотты болуына қатысты және мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы органдары тарапынан жүргізілген ықпал ету шаралары орын алған жоқ.


Кіру