Русский Қазақша

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

ІЗДЕУ
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Инфрақұрылым
Қоғам
Мем. қызметтер
Байланыс
Әкім блогы
Анықтама
Сайт картасы Аудан әкімі аппараты
Билік
Құқық
Экономика
Басты бет Инфрақұрылым Cәулет-құрылыс бақылау

Cәулет-құрылыс бақылау

Жалағаш аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімінің 2017 жылдың ІІІ тоқсанына атқарылған жұмыстары  туралы. 


Жалағаш аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы  КЕ АҚ Қызылорда облысы бойынша филиалы және мемлекеттік орган арқылы 4-мемлекеттік қызметтер көрсетіп келеді.

Атап айтқанда:

1) сәулет-жоспарлау тапсырмасы;

2) аудан аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекен-жайын анықтау жөнінде анықтама;

3) қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) қайта жаңарту (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) туралы шешім беру;

4) Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу.

Сәулет - жоспарлау тапсырмасын беру (АПЗ)

Бөлім тарапынан 2017 жылдың 9 айында 8 сәулет - жоспарлау тапсырмалары (СЖТ) берілді.

Сәулет - жоспарлау тапсырмаларында құрылыс жүргізу, құрылыс нормалары мен ережелері белгіленіп берілді.

Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ Қызылорда облысы бойынша филиалы «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің Жалағаш аудандық бөлімшесі арқылы бөлім тарапынан аудан аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын анықтау бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініші негізінде 231 анықтама берілді.

Тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертпей, қолданыстағы ғимараттардағы үй-жайларды (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) шешім беру

«Тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертпей, қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес 2017 жылдың 9 айында жеке және заңды тұлғалардаң бөлімге 8 өтініш түсіп, тиісті шешім қабылданып қанағаттандырылды.

Меншік иесінің объектіні пайдалануға өз бетінше қабылдау актісімен қабылданған жеке тұрғын үйлері бойынша ақпарат

2017 жылдың 3 тоқсанына дейін 227 жеке тұрғын  үй пайдалануға берілді.

Аудан әкімі жанындағы Сәулет-қала құрылысы Кеңесі туралы ақпарат

2017 жылдың 3 тоқсанынына сәулет-қала құрылысы Кеңес отырысында салынуы жоспарланып отырған бірнеше жылжымайтын нысандардың эскиздік жобалары қаралып, 6 жоба мақұлданды.

Жобалар:

1.Жалағаш кенті, Жеңістің 50 жылдығы көшесі бойындағы демалыс аллеясына орналасатын «І.Қабылов» мүсінінің жобасы.

2. Жалағаш ауданы, Еңбек елді мекені, Аққошқар ауылынан салынуы жоспарланған М.Байділдаевқа қойылатын ескерткіштің жобасы.

3. Жалағаш кенті, Абай көшесі бойынан салынатын «Мешіт» құрылысының эскиздік жобасы.

4. Жалағаш ауданы, Т.Жүргенов елді мекенінен салынуы жоспарланған Темірбек Жүргенов атындағы саябақты абаттандыру құрылысының нобайлық жобасы.

5. Жалағаш ауданы, Таң ауылдық округі, Жаңақоныс елді мекенінен салынатын «қасапқана және ет өнімдерін қайта өңдеу шағын зауыты» құрылысының эскиздік жобасы.

6. Жалағаш кентінің оңтүстік батыс беткейінде орналасқан «Ақтерек» 170 га аумағына егжей-тегжейлі жоспарлау жобасында жобаланып отырған құрылыс нысандарын талқылау туралы. 

Жалағаш аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі басшынның жеке қабылдауында болған азаматтар бойынша ақпарат

 2017 жылдың 1 қаңтарынан 2017 жылдың 1 қазанға дейін 2 жеке тұлға басшының жеке қабылдауында болып түсіндірілді.



2017 жылдың І жартыжылдығында сәулет және қала құрылысы бөлімінің атқарған жұмыстары туралы


Жалағаш аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы  КЕ АҚ Қызылорда облысы бойынша филиалы Жалағаш аудандық бөліміжәне мемлекеттік орган арқылы 4-мемлекеттік қызметтер көрсетіп келеді.

Атап айтқанда:

1) сәулет-жоспарлау тапсырмасы;

2) аудан аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекен-жайын анықтау жөнінде анықтама;

3) қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) қайта жаңарту (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) туралы шешім беру;

4) Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу.

Сәулет - жоспарлау тапсырмасын беру (АПЗ)

Бөлім тарапынан 2017 жылдың 6 айында 5 сәулет - жоспарлау тапсырмалары (СЖТ) берілді.

Сәулет - жоспарлау тапсырмаларында құрылыс жүргізу, құрылыс нормалары мен ережелері белгіленіп берілді.

 Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ Қызылорда облысы бойынша филиалы «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің Жалағаш аудандық бөлімшесі арқылы бөлім тарапынан аудан аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын анықтау бойынша 149 анықтама берілді.

 Тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелері мен жабдықтарын өзгертпей, қолданыстағы үйлердегі үй-жайларды (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) рұқсат беру

«Тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге байланысты емес қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес 2017 жылдың 6 айында жеке және заңды тұлғалардаң бөлімге 7 өтініш түсіп, тиісті шешім қабылданып қанағаттандырылды. 

Аудан бойынша 2017 жылдың 1 жартыжылдығында пайдалануға қабылданған жеке тұрғын үйлердің саны мен жалпы ауданы бойынша ақпарат

2017жылдың 6айында 34жеке тұрғын  үй пайдалануға беріліп, жалпы ауданы- 3885 шаршы метрді құрады. 2016жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 14,7 пайызға орындалып отыр.

Сәулет-қала құрылысы Кеңесі

2017 жылдың 1 жартыжылдығынасәулет-қала құрылысы Кеңес отырысында салынуы жоспарланып отырған бірнеше жылжымайтын нысандардың эскиздік жобалары қаралып, 6 жоба мақұлданды.

Жобалар:

1.Жалағаш кенті, Жеңістің 50 жылдығы көшесі бойындағы демалыс аллеясына орналасатын «І.Қабылов» мүсінінің жобасы.

2. Жалағаш ауданы, Еңбек елді мекені, Аққошқар ауылынан салынуы жоспарланған М.Байділдаевқа қойылатын ескерткіштің жобасы.

3. Жалағаш кенті, Абай көшесі бойынан салынатын «Мешіт» құрылысының эскиздік жобасы.

4. Жалағаш ауданы, Т.Жүргенов елді мекенінен салынуы жоспарланған Темірбек Жүргенов атындағы саябақты абаттандыру құрылысының нобайлық жобасы.

5. Жалағаш ауданы, Таң ауылдық округі, Жаңақоныс елді мекенінен салынатын «қасапқана және ет өнімдерін қайта өңдеу шағын зауыты» құрылысының эскиздік жобасы.

6. Жалағаш кентінің оңтүстік батыс беткейінде орналасқан «Ақтерек» 170 га аумағына егжей-тегжейлі жоспарлау жобасында жобаланып отырған құрылыс нысандарын талқылау туралы.


Жалағаш аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімінің 2017 жылдың І тоқсанында атқарылған жұмыстары туралы

Жалағаш кентінің бас жоспары бойынша «Ақтерек» участогі -170 гектарға егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы (ПДП) әзірлеу мақсатында аудандық бюджеттен тиісті қаржы бөлініп, Астана қаласынан «Қолдау» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мекемесі жеңімпаз атанып үстіміздегі жылдың тамыз айының соңына дейін тиісті жұмыстарды атқару қажет.

Сонымен қатар, бөлім тарапынан халыққа қызмет көрсету орталығы және мемлекеттік орган арқылы 4-мемлекеттік қызметтер көрсетіліп келеді.

Атап айтқанда:

1) сәулет-жоспарлау тапсырмасы;

2) аудан аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекен-жайын анықтау жөнінде анықтама;

3) қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) қайта жаңарту (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) туралы шешім беру;

4) Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу.

Сәулет - жоспарлау тапсырмасын беру (АПЗ)

Бөлім тарапынан 2017 жылдың 3 айында 1 сәулет - жоспарлау тапсырмалары (СЖТ) берілді.

Сәулет - жоспарлау тапсырмаларында құрылыс жүргізу, құрылыс нормалары мен ережелері белгіленіп берілді.

Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ Қызылорда облысы бойынша филиалы «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің Жалағаш аудандық бөлімшесі арқылы бөлім тарапынан аудан аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын анықтау бойынша 71 анықтама берілді.

Тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелері мен жабдықтарын өзгертпей, қолданыстағы үйлердегі үй-жайларды (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) рұқсат беру

«Тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге байланысты емес қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес 2017 жылдың 3 айында жеке және заңды тұлғалардаң бөлімге өтініш түсіп, тиісті шешім қабылданып қанағаттандырылды.

Аудан бойынша 2017 жылдың І тоқсанына пайдалануға қабылданған жеке тұрғын үйлердің саны мен жалпы ауданы бойынша ақпарат

2017 жылдың 3 айында 14 жеке тұрғын пайдалануға беріліп, жалпы ауданы- 1571 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. 2016 жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 14,2 пайызға орындалып отыр.

Сәулет-қала құрылысы Кеңесі

2017 жылдың І тоқсанына сәулет-қала құрылысы Кеңес отырысында салынуы жоспарланып отырған 2 (екі) жылжымайтын насандардың эскиздік жобалары қаралып, 2 жоба мақұлданды.

Жобалар:

1.Жалағаш кенті, Жеңістің 50 жылдығы көшесі бойындағы демалыс аллеясына орналасатын «І.Қабылов» мүсінінің жер телімінің жобасы.

2. Жалағаш ауданы, Еңбек елді мекені, Аққошқар ауылынан салынуы жоспарланған М.Байділдаевқа қойылатын ескерткіштің жер телімінің жобасы.

Кіру