Русский Қазақша

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

ІЗДЕУ
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Инфрақұрылым
Қоғам
Мем. қызметтер
Байланыс
Әкім блогы
Анықтама
Сайт картасы Аудан әкімі аппараты
Билік
Құқық
Экономика

Жер қатынастары

2017 жылдың III тоқсанында атқарылған жұмыстардың есебі 

         Жер учаскелеріне құқық табыстау мәселесі жөнінде

         2017 жылдың 9 айында жер учаскелерін рәсімдеу туралы (негізінен жер қойнауын пайдалану мақсаттары үшін) барлығы – 407 өтініш келіп түсіп, Қазақстан Республикасының жер заңнамаларына сәйкес тиісті шаралар атқарылды.

         Жерлерді ауыл шаруашылығы айналымына қосу шаралары бойынша

2017 жылға  8000 гектар жерді ауыл шаруашылығы айналымына қосу жоспарланып, қазіргі таңда 3424 гектар болатын 28 жер учаскесі ауыл шаруашылығы айналымына енгізілді.

         Мақсаты бойынша пайдаланылмай отырған ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлері бойынша 20446 гектар мемлекет меншігіне қайтарылды.

         Жерлерді кәсіпкерлік айналымына қосу шаралары бойынша жалпы көлемі 12,1378 гектар жер учаскелері берілді.

         Жалағаш ауданы бойынша жеке тұрғын үй құрылысы үшін берілген өтініштердің кезектілігі бойынша

         Бүгінгі күнге, ауданда жеке тұрғын үй құрылысы үшін тіркелген 2310 өтініш арнайы кезекке қойылған.

         Жер қатынастары саласы бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді көрсету, үйлестіру

         Бөліммен барлығы 6 түрлі мемлекеттік қызмет көрсетіледі. 

2017 жылдың III-тоқсанына жалпы 287 қызмет көрсетілді, оның ішінде:

         жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту бойынша – 255;

         іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беру бойынша – 2, 

         мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық құнын бекіту бойынша – 19,

         жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру-1,

         ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға рұқсат беру-7

         сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу бойынша – 3.





2017 жылдың І жартыжылдығында жер қатынастары бөлімі атқарған жұмыстар туралы.

Жалағаш аудандық жер қатынастары бөлімі Қазақстан Республикасының Жер кодексінде бекітілген құзыретіне сәйкес төмендегідей жұмыстар атқарылды.

Қажетті мақсаттарға жер учаскелерін бөлу немесе жер учаскелерін қайта ресімдеу жөнінде 220 арыз-өтініштер тіркелді. Оның ішінде 188-і жеке тұлғалардан, 32-сі заңды тұлғалардан.

Бүгінгі күнге осы жеке және заңды тұлғалардан түскен 220 арыз-өтініштер қолданыстағы Жер кодексі талаптарына сәйкес орындалды.

Қазіргі қолданыстағы Қазақстан Республикасының Жер кодексі талаптарына сәйкес, мемлекеттік меншіктегі және жер пайдалануға берілмеген жер учаскелерін немесе жер учаскелерін жалдау құқығын беру сауда-саттықтарда (конкурстарда, аукциондарда) жүзеге асырылатын болып белгіленуіне байланысты, босалқы жерлер құрамындағы ауылшаруашылық алқаптарын шаруа немесе фермер қожалығын, тауарлы ауылшаруашылық өндірісін жүргізу үшін жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға сауда-саттық, яғни аукцион негізде табыстау жүргізілуде.

Үстіміздегі жылдың ақпан айында жалпы көлемі 1233 гектарды құрайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы 5 жер учаскелеріне сауда-саттық, яғни аукцион жарияланып, жеке және заңды тұлғаларға 1114 гектарды құрайтын 3 жер учаскелері табысталып, ауыл шаруашылығы айналымына енгізілді, жалпы жер учаскелері бойынша жалдау құқығын сатудан 877 905 теңге жергілікті бюджетке түсірілді.

Наурыз айында жалпы көлемі 0,885 гектарды құрайтын кәсіпкерлік мақсатындағы 3 жер учаскелеріне сауда-саттық, яғни аукцион жарияланып, жеке және заңды тұлғаларға табысталып, жалпы жер учаскелері бойынша сатылған 1 626 407 теңге жергілікті бюджетке түсірілді.

Кәсіпкерлік мақсаты үшін жалпы көлемі 5,1 гектар жер учаскелері бойынша жалдау құқығын сатудан 1 252 755 теңге жергілікті бюджетке түсірілді.

Сәуір айында жалпы көлемі 2076 гектарды құрайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы 21 жер учаскелеріне сауда-саттық, яғни аукцион жарияланып, жеке және заңды тұлғаларға 1116 гектарды құрайтын 13 жер учаскелері табысталып, ауыл шаруашылығы айналымына енгізілді, жалпы жер учаскелері бойынша жалдау құқығын сатудан 4 302 705 теңге жергілікті бюджетке түсірілді.

Жалпы көлемі 0,3 гектарды құрайтын кәсіпкерлік мақсатындағы 1 жер учаскесіне сауда-саттық, яғни аукцион жарияланып, жеке және заңды тұлғаларға табысталып, жалпы жер учаскелері бойынша сатылған 380 362 теңге жергілікті бюджетке түсірілді.

Жер кодексінде бекітілген нормадан артық жер учаскесін жеке меншікке сатудан және нысаналы мақсатын өзгертуден түсетін түсімдер бойынша 20 жер учаскесін сатып алу-сату шарты жасалып, жалпы көлемі 3,915 гектар жер учаскелері бойынша жергілікті бюджетке 5 299 255 теңге түсірілді.

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесі бойынша 60 гектарды құрайтын 1 жер учаскесі жеке меншікке беріліп, сатылған 1 545 542 теңге мемлекеттік ұлттық қорға түсірілді.

Мақсаты бойынша пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер санатынан жалпы көлемі 20 446 гектар жер учаскелері мемлекет меншігіне қайтарылды.

Жалағаш кенті жерлерінің бағалау құнын анықтау мақсатында аймақтарға бөлу жобасы дайындалып, Жалағаш аудандық мәслихатының 2017 жылғы 17 наурыздағы №10-7 шешімімен бекітілді.

Елді-мекендердің шекараларын (шегін) өзгерту мен белгілеу жұмыстарын жүргізуге Мақпалкөл, Еңбек және Бұқарбай батыр елді мекендердің шекарасын жобасы дайындалып, Жалағаш аудандық мәслихатының 2017 жылғы 17 наурыздағы №10-8 шешімімен бекітілді.

Мемлекеттік қызметтер бойынша 6 ай бойынша атқарылған жұмыстар туралы.

Аудандық жер қатынастары бөлімінің мемлекеттік қызмет көрсету түрлері бойынша, «Жер қатынастары саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 27 наурыз № 271, «Жер қатынастары, геодезия және картография саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 27 наурыздағы № 272 және «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 30 наурыздағы № 151 бұйрықтарымен бекітілген:

Мемлекеттік қызмет түрлері бойынша жалпы 176 қызмет көрсетілді.

Атап айтқанда:

1) «Жер учаскелерiн қалыптастыру жөнiндегi жерге орналастыру жобаларын бекiту» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты бойынша 159 қызмет көрсетілді.

2) «Мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бойынша 9 қызмет көрсетілді.

3) «Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бойынша 1 қызмет көрсетілді.

4) «Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бойынша 5 қызмет көрсетілді.

5) «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бойынша 2 қызмет көрсетілді.

Аудандық жер қатынастары бөлімінің 2017 жылдың 3 айында атқарған жұмыстар туралы.


Жалағаш аудандық жер қатынастары бөлімі Қазақстан Республикасының Жер кодексінде бекітілген құзыретіне сәйкес төмендегідей жұмыстар атқарылды.

Қажетті мақсаттарға жер учаскелерін бөлу немесе жер учаскелерін қайта ресімдеу жөнінде 90 арыз-өтініштер тіркелді. Оның ішінде 76-сы жеке тұлғалардан, 14-і заңды тұлғалардан.

Бүгінгі күнге осы жеке және заңды тұлғалардан түскен 90 арыз-өтініштер қолданыстағы Жер кодексі талаптарына сәйкес орындалды.

Қазіргі қолданыстағы Қазақстан Республикасының Жер кодексі талаптарына сәйкес, мемлекеттік меншіктегі және жер пайдалануға берілмеген жер учаскелерін немесе жер учаскелерін жалдау құқығын беру сауда-саттықтарда (конкурстарда, аукциондарда) жүзеге асырылатын болып белгіленуіне байланысты, босалқы жерлер құрамындағы ауылшаруашылық алқаптарын шаруа немесе фермер қожалығын, тауарлы ауылшаруашылық өндірісін жүргізу үшін жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға сауда-саттық, яғни аукцион негізде табыстау жүргізілуде.

Үстіміздегі жылдың ақпан айында жалпы көлемі сауда-саттық, яғни аукцион арқылы жеке және заңды тұлғаларға 1114 гектарды құрайтын 3 жер учаскелері табысталып, ауыл шаруашылығы айналымына енгізілді, жалпы жер учаскелері бойынша сатылған 877 905 теңге жергілікті бюджетке түсірілді.

Наурыз айында жалпы көлемі 0,885 гектарды құрайтын кәсіпкерлік мақсатындағы 3 жер учаскелеріне сауда-саттық, яғни аукцион жарияланып, жеке және заңды тұлғаларға табысталып, жалпы жер учаскелері бойынша сатылған 1 626 407 теңге жергілікті бюджетке түсірілді.

Кәсіпкерлік мақсаты үшін жалпы көлемі 5,1 гектар жер учаскелері бойынша жалдау құқығын сатудан 1 252 755 теңге жергілікті бюджетке түсірілді.

Жер кодексінде бекітілген нормадан артық жер учаскесін жеке меншікке сатудан және нысаналы мақсатын өзгертуден түсетін түсімдер бойынша 9 жер учаскесіне шарт жасалып, жалпы көлемі 2,0744 гектар жер учаскелерінен жергілікті бюджетке 1 579 903 теңге түсірілді.

“Жалағаш ауданы бойынша жерлерді аймақтарға бөлу жобасын (схемасын), жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін бекіту туралы” Қызылорда облысы Жалағаш аудандық мәслихатының 2016 жылғы 29 маусымдағы № 4-6 шешімімен бекітілді.

“Жерлерді аймақтарға бөлу жобасын (схемасын), бағалау аймақтарының шекараларын және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларының түзету коэффициенттерін бекіту туралы” Қызылорда облысы Жалағаш аудандық мәслихатының 2016 жылғы 29 маусымдағы № 4-7 шешімімен бекітілді.

Жалағаш кенті жерлерінің бағалау құнын анықтау мақсатында аймақтарға бөлу жобасы дайындалып, Жалағаш аудандық мәслихатының шешімімен бекітілді.

Елді-мекендердің шекараларын (шегін) өзгерту мен белгілеу жұмыстарын жүргізуге Мақпалкөл, Еңбек және Бұқарбай батыр елді мекендердің шекарасын жобасы дайындалып, Жалағаш аудандық мәслихатының шешімімен бекітілді.

Мемлекеттік қызметтер бойынша 3 ай бойынша атқарылған жұмыстар туралы.

Аудандық жер қатынастары бөлімінің мемлекеттік қызмет көрсету түрлері бойынша, «Жер қатынастары, геодезия және картография саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 27 наурыздағы № 272 бұйрығымен бекітілген:

Мемлекеттік қызмет түрлері бойынша жалпы 77 қызмет көрсетілді.

Атап айтқанда:

1) «Жер учаскелерiн қалыптастыру жөнiндегi жерге орналастыру жобаларын бекiту» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты бойынша 72 қызмет көрсетілді.

«Мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бойынша 5 қызмет көрсетілді.

Жол картасына байланысты атқарылған жұмыстар туралы.

«Қызылорда облысындағы пайдаланылмайтын және заң талаптарын бұза отырып пайдаланудағы жерлердің алып койылуын қамтамасыз ету бойынша» Жол картасына байланысты, Жалағаш ауданы әкімінің 2017 жылғы 25 қаңтардағы №24 өкімімен жұмыс тобы құрылып, 2017 жылға арналған іс-шара жоспары бекітілді. Іс-шара жоспарына сәйкес, Жалағаш кентінде аралау жұмыстарын жүргізу үшін 4-аймаққа бөліп жұмыс сызбасы әзірленді. 1-2 тоқсанда Жалағаш кентінде, 3-тоқсанда ауданның ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерін, 4-тоқсанда Жалағаш кентінде аралау жұмыстары жалғастырылады.

Осындай аралау нәтижесінде Жалағаш кенті бойынша мемлекет жер учаскесін өз бетінше иелену 2 фактісі анықталды. Жалағаш кенті, №1 көше көшесі бойында азамат М.Туленовтың мемлекеттік жер учаскесін өз бетінше заңсыз иеленіп тұрғын үй құрылысын салғаны, сонымен қатар азаматша К.Абдикаримованың Жалағаш кенті, Ұлы Жеңістің 50 жылдығы мен Н.Әпірезов көшелері қиылысындағы жер учаскесіне фундамент құйылып мемлекеттік жер учаскесін өз бетінше заңсыз иеленіп отырғандығы анықталды. Қазақстан Республикасының Жер Кодексі талаптарына және қолданыстағы заңнамаларға сәйкес жоғарыда аталған тұлғаларға тиісті шаралар қабылдауда.

«Мақсаты бойынша пайдаланбай (игерусіз), нысаналы мақсатын бұза отырып пайдаланып жатқан және мемлекеттік жерлерді өз бетінше иеленген жер учаскелерді анықтау, олар бойынша тиісті шараларды қабылдау үшін мүдделі мемлекеттік органдарының бірлескен іс-қимылдарының» Бағдаржолына сәйкес, Жалағаш кенті, «Серпін» өндірістік аймағынан «ШНС» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жылыжай құрылысы үшін, «Ұзақ» шаруа қожалығының басқарушысы Ж.Алмаганбетовке шағын құрама жем зауыты үшін «Азат-Азамат» өндірістік кооперативіне керамикалық қыш өндіру зауытының бірінші кезеңіндегі қажет саздан жасалатын құрылыс өнімдерін кесек өндіру үшін табысталған жер учаскелерінің пайдаланылмай (игерусіз) жатқаны анықталып, Қызылорда облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасына меншік иелеріне нұсқама беру үшін ұсынылды.

Басқарма тарапынан «ШНС» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне, «Ұзақ» шаруа қожалығының басқарушысы Ж.Алмаганбетовке жер учаскесін мақсаты бойынша пайдалану жөнінде нұсқамалар берілді. Ал, «Азат-Азамат» өндірістік кооперативінің жер учаскесінің мерзімі аяқталуына байланысты жер учаскесін мемлекет меншігіне қайтару жұмыстары жүргізілуде.

2016 жылдың қаңтар айында Қызылорда облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы «Арал-Газ» ЖШС, «Мерей-1» ЖШС, жеке кәсіпкер Узбеков Нуржан Конысбаевичтың Жалағаш кентінде кәсіпкерлік мақсатта берілген жер телімдеріне игерілу жағдайына басқарма тарапынан тексеру жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде жер учаскесін мақсаты бойынша пайдаланбау деректері анықталып, меншік иелеріне 1 (бір) жыл ішінде жер учаскесін мақсаты бойынша пайдалану жөнінде нұсқамалар берілген.

Бүгінгі таңға «Мерей-1» ЖШС, жеке кәсіпкер Узбеков Нуржан Конысбаевич жер учаскесін мақсаты бойынша пайдалану жөнінде нұсқамаларының мерзімі өтсе де жер учаскелерінің пайдаланбай отырғандығы анықталды. Қызылорда облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасымен бірлесе отырып меншік иелерінен сот органдарына жер учаскесін мәжбүрлеп алып қою үшін тиісті жұмыстар жүргізілуде.




Аудандық жер қатынастары бөлімі 2016 жылы атқарған жұмыстары туралы.


Жалағаш аудандық жер қатынастары бөлімі Қазақстан Республикасының Жер кодексінде бекітілген құзыретіне сәйкес төмендегідей жұмыстар атқарылды.

Қажетті мақсаттарға жер учаскелерін бөлу немесе жер учаскелерін қайта ресімдеу жөнінде 402 арыз-өтініштер тіркелді. Оның ішінде 351-і жеке тұлғалардан, 51-і заңды тұлғалардан.

Бүгінгі күнге осы жеке, заңды тұлғалардан түскен 402 арыз-өтініштер қолданыстағы Жер кодексі талаптарына сәйкес мерзімінде орындалды.

Қазіргі қолданыстағы Қазақстан Республикасының Жер кодексі талаптарына сәйкес, мемлекеттік меншіктегі және жер пайдалануға берілмеген жер учаскелерін немесе жер учаскелерін жалдау құқығын беру сауда-саттықтарда (конкурстарда, аукциондарда) жүзеге асырылатын болып белгіленуіне байланысты, босалқы жерлер құрамындағы ауылшаруашылық алқаптарын шаруа немесе фермер қожалығын, тауарлы ауылшаруашылық өндірісін жүргізу үшін жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға сауда-саттық, яғни аукцион негізде табыстау жүргізілуде.

Үстіміздегі жылы жалпы көлемі 7235 гектарды құрайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы 27 жер учаскелері жеке және заңды тұлғаларға беріліп, ауыл шаруашылығы айналымына енгізілді, жалпы жер учаскелері бойынша сатылған 16 508 482 теңге мемлекеттік бюджетке түсірілді.

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер санатынан жалпы көлемі 441,5152 гектар жер учаскелері мемлекет меншігіне қайтарылды.

Өнеркәсiп, көлiк, байланыс, ғарыш қызметi, қорғаныс, ұлттық қауiпсiздiк мұқтажына арналған жер және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жер санатынан жалпы көлемі 17,06 гектар жер учаскелері мемлекет меншігіне қайтарылды.

Шаруа қожалық субъектісінен ауыл шаруашылығы мақсатындағы жалпы сомасы 460,0 мың теңге болатын 223 гектар жер учаскелерін жеке меншігіне табысталды.

Кәсіпкерлік мақсаты үшін жалпы көлемі 33,6402 гектар жер учаскелеріне жеке және заңды тұлғаларға аукцион арқылы 12 жер учаскелері беріліп, аукцион нәтижесі бойынша 3 472 678 теңге жергілікті бюджетке түсірілді.

Жер кодексінде бекітілген нормадан артық жер учаскесін жеке меншікке сатудан және нысаналы мақсатын өзгертуден түсетін түсімдер бойынша 60 жер учаскесіне шарт жасалып, жалпы көлемі 4,1839 гектар жер учаскелерінен жергілікті бюджетке 5 434 449 теңге түсірілді.

Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге Салық кодексінің 378-бабында белгіленген жер салығының мөлшерлемесі бойынша Жалағаш аудандық мәслихатының 2016 жылғы 30 қыркүйектегі №7-2 шешімімен бес есеге жоғарылатылды.

Жалағаш ауданы бойынша жерлерді аймақтарға бөлу жобасын (схемасын), жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері “Жалағаш ауданы бойынша жерлерді аймақтарға бөлу жобасын (схемасын), жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін бекіту туралы” Қызылорда облысы Жалағаш аудандық мәслихатының 2016 жылғы 29 маусымдағы № 4-6 шешімімен бекітілді.

“Жерлерді аймақтарға бөлу жобасын (схемасын), бағалау аймақтарының шекараларын және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларының түзету коэффициенттерін бекіту туралы” Қызылорда облысы Жалағаш аудандық мәслихатының 2016 жылғы 29 маусымдағы № 4-7 шешімімен бекітілді.

Жалағаш кенті жерлерінің бағалау құнын анықтау мақсатында аймақтарға бөлу жобасы дайындалып, тиісті жұмыстар жүргізілді.

Елді-мекендердің шекараларын (шегін) өзгерту мен белгілеу жұмыстарын жүргізуге Мақпалкөл, Еңбек және Бұқарбай батыр елді мекендердің шекарасын бекітуге жобасы дайындалып, тиісті жұмыстар жүргізілді.

Мемлекеттік қызметтер бойынша үстіміздегі жылы бойынша атқарылған жұмыстар туралы.

Аудандық жер қатынастары бөлімінің мемлекеттік қызмет көрсету түрлері бойынша, «Жер қатынастары, геодезия және картография саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 27 наурыздағы № 272 бұйрығымен бекітілген:

Мемлекеттік қызмет түрлері бойынша жалпы 353 қызмет көрсетілді.

Атап айтқанда:

1) «Жер учаскелерiн қалыптастыру жөнiндегi жерге орналастыру жобаларын бекiту» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты бойынша 325 қызмет көрсетілді.

2) «Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға рұқсат беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты бойынша 1 қызмет көрсетіліп шешім қабылданды, жергілікті атқарушы орган арқылы көрсетілді.

3) «Мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бойынша 27 қызмет көрсетілді.


Кіру