Русский Қазақша

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

ІЗДЕУ
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Инфрақұрылым
Қоғам
Мем. қызметтер
Байланыс
Әкім блогы
Анықтама
Сайт картасы Аудан әкімі аппараты
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Мем. қызметтер
Басты бет Инфрақұрылым Көлік және жолдар

Көлік және жолдар


Жалағаш аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, көлік және жолдар бөлімі бойынша 2019 жылдың ІІІ тоқсанында  атқарылған жұмыстар туралы

Көлік  жолдары саласы бойынша



1. Автомобиль жолдары саласы бойынша


Аудандық маңыздағы 112,7 шақырым автомобиль жолының қазіргі таңда 24,3 шақырымы қанағаттанарлықсыз жағдайда болып отыр.  

Осыған орай аудандық маңызы бар Еңбек ауылы бағытындағы автомобиль жолының 0-8,0 шақырым аралығын орташа жөндеу жұмыстарына жобалау-сметалық құжаттар әзірленген. Жоба құны – 172,7 млн теңге. 2018 жылы республикалық бюджеттен 90,8 млн теңге бөлініп 4 шақырым жолға жөндеу жұмыстары жүргізілді. 2019 жылы осы жұмыстарды аяқтау мақсатында облыстық бюджеттен 81 878,0 мың теңге қаржы бөлініп, мердігер мекеме «Қызылорда Жолдары» ЖШС-мен жөндеу жұмыстары толық аяқталып, пайдалануға берілді.

Сонымен қатар, аудандық бюджеттен бөлінген 1,9 млн теңгеге «Самара-Шымкент-Мәдениет–Жүргенов–Жаңаталап–Аққыр» автомобиль жолының 0-9,4 шақырым аралығын орташа жөндеу жұмыстарына және «Самара-Шымкент-Еңбек-Есет батыр-Жаңадария» автомобиль жолының 8,0-20,3 шақырым аралығын орташа жөндеу жұмыстарына жобалау-сметалық құжаттар әзірленіп, ведомстводан тыс кешенді сараптамадан өткізілді. Аталған жобаларды 2019 жылы республикалық бюджеттен қаржыландыру мақсатында өтінім берілді.

Аудандық маңыздағы Қаракеткен, Таң ауылдарының кіреберіс автомобиль жолдарын орташа жөндеуге жобалау-сметалық құжаттар әзірленіп,  ведомстволық сараптамадан өтуде.

            Апаттық жағдайдағы аудандық маңызы бар “Самара-Шымкент-Мәдениет-Мақпалкөл-Жаңаталап-Аққыр” автомобиль жолының бойындағы “Оңтүстік коллектор” көпірін қайта жаңғырту жұмыстарына жалпы құны  281,6 млн теңге құрайтын жобалау-сметалық құжаттар әзірленген. Қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізуге 2019 жылға республикалық бюджеттен 138,7 млн теңге, облыстық бюджеттен 14,3 млн теңге, барлығы 153,0 млн теңге қаржы бөлініп, мердігер мекеме «Жылу XXI» ЖШС-мен қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі күнге  уақытша айналма көпір құрылысын салу жұмыстары толық аяқталды, көпірге свайлар қағу жұмыстары жүргізілуде. Үстіміздегі жылдың 1-қазанына атқарылған жұмыстарға сәйкес  138,7 млн теңге төленді.   Сондай-ақ, Еңбек және Есет батыр ауылдары аралығындағы оңтүстік коллектор (ЮК-16) көпірінің жағдайына мамандармен зерттеу жұмыстары жүргізіліп, қазіргі таңда сарапшылар тарапынан техникалық жағдайына сараптама жүргізілуде.

Мәдениет ауылы бағытындағы Қорқытбай каналындағы көпірдің отырып қалған, тесілген орындары жолды күтіп-ұстау жұмыстары есебінен қалпына келтірілді.


            Аудан бойынша барлығы ұзындығы 206,5 шақырым 202 көшелердің 66,8 шақырымы қанағаттанарлықсыз жағдайда.

Көшелерді жөндеуге байланысты бірінші кезекте аудан орталығындағы көшелерді жөндеу қолға алынады. Осыған орай Жалағаш кентіндегі 14 көшеге (Қабылов, Қалыбаев, Нысанбай жырау, Мырзалиев, Жүргенов, Әйтеке би, Бұқарбай батыр, Отарбаев, Алтынсарин, Алтынсарин тұйығы, Әйтеке би, Бұқарбай батыр, Абай, Сәрке батыр көшелері) орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге жалпы құны 1,3 млрд теңге құрайтын жобалау-сметалық құжаттар әзірленіп, Жалағаш кенті әкімінің аппаратына тапсырылды.

 Бұқарбай батыр көшесіне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Нысанбай жырау, Абай көшелерін орташа жөндеу жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілді.

Жалпы құны 52,8 млн теңге құрайтын Еңбек ауылының 3 көшесіне, жалпы құны 220,7 млн теңге құрайтын Аққұм ауылының 10 көшесіне, жалпы құны 67,5 млн теңге құрайтын Мәдениет ауылының 2 көшесіне, жалпы құны 182,9 млн теңге құрайтын Таң ауылының 5 көшесіне орташа жөндеу жұмыстарына ЖСҚ әзірленіп, жобаларды 2020 жылы қаржыландыру үшін облыстық басқармаларға бюджеттік өтінімдер тапсырылды.

Сонымен қатар, Жалағаш кентінің 8 көшесін орташа жөндеуге ЖСҚ әзірлеуге 10366,7 мың теңгеге,  Есет батыр ауылының 10 көшесін орташа жөндеуге ЖСҚ әзірлеуге 5416,3 мың теңгеге, М.Шәменов ауылының 4 көшесін орташа жөндеуге ЖСҚ әзірлеуге 1959,3 мың теңгеге,  барлығы 17742,3 мың теңгеге бюджеттік өтінімдер аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөліміне тапсырылды.



Жалағаш аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, көлік және жолдар бөлімі бойынша 2019 жылдың 2 тоқсанында  атқарылған жұмыстар туралы


Көлік  жолдары саласы бойынша



Аудандық маңыздағы 112,7 шақырым автомобиль жолының қазіргі таңда 24,3 шақырымы қанағаттанарлықсыз жағдайда болып отыр.  

Осыған орай аудандық маңызы бар Еңбек ауылы бағытындағы автомобиль жолының 0-8,0 шақырым аралығын орташа жөндеу жұмыстарына жобалау-сметалық құжаттар әзірленген. Жоба құны – 172,7 млн теңге. 2018 жылы республикалық бюджеттен 90,8 млн теңге бөлініп 4 шақырым жолға жөндеу жұмыстары жүргізілді. 2019 жылы осы жұмыстарды аяқтау мақсатында облыстық бюджеттен 81 878,0 мың теңге қаржы бөлініп, мердігер мекеме «Қызылорда Жолдары» ЖШС-мен жөндеу жұмыстары толық аяқталып, пайдалануға берілді.

Сонымен қатар, аудандық бюджеттен бөлінген 1,9 млн теңгеге «Самара-Шымкент-Мәдениет–Жүргенов–Жаңаталап–Аққыр» автомобиль жолының 0-9,4 шақырым аралығын орташа жөнеу жұмыстарына және «Самара-Шымкент-Еңбек-Есет батыр-Жаңадария» автомобиль жолының 8,0-20,3 шақырым аралығын орташа жөндеу жұмыстарына жобалау-сметалық құжаттар әзірленіп, ведомстводан тыс кешенді сараптамадан өткізілді. Аталған жобаларды 2019 жылы республикалық бюджеттен қаржыландыру мақсатында өтінім берілді.

  Аудандық маңыздағы Қаракеткен, Ақсу, Таң, Бұқарбай батыр ауылдарының кіреберіс автомобиль жолдарын орташа жөндеуге ЖСҚ әзірлеу үшін 11831,7 мың теңгеге бюджеттік өтінім аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөліміне тапсырылды. Соның ішінде Таң, Қаракеткен ауылдарының кіребіріс автожолын орташа жөндеуге ЖСҚ әзірлеуге 3000,0 теңге қаралып,   мемлекеттік сатып алу қортындысы бойынша жеңімпаз белгіленді.

            Апаттық жағдайдағы аудандық маңызы бар “Самара-Шымкент-Мәдениет-Мақпалкөл-Жаңаталап-Аққыр” автомобиль жолының бойындағы “Оңтүстік коллектор” көпірін қайта жаңғырту жұмыстарына жалпы құны  281,6 млн теңге құрайтын жобалау-сметалық құжаттар әзірленген. Қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізуге 2019 жылға республикалық бюджеттен 138,7 млн теңге, облыстық бюджеттен 14,3 млн теңге, барлығы 153,0 млн теңге қаржы бөлініп, мердігер мекеме «Жылу XXI» ЖШС-мен қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі күнге  уақытша айналма көпір құрылысын салу жұмыстары толық аяқталып, атқарылған жұмыстарға сәйкес маусым айына 60,0 млн теңге төленді. 

Сондай-ақ, Еңбек және Есет батыр ауылдары аралығындағы оңтүстік коллектор (ЮК-16) көпірінің жағдайына мамандармен зерттеу жұмыстары жүргізіліп, қазіргі таңда сарапшылар тарапынан техникалық жағдайына сараптама жүргізілуде.

Мәдениет ауылы бағытындағы Қорқытбай каналындағы көпірдің отырып қалған, тесілген орындары жолды күтіп-ұстау жұмыстары есебінен қалпына келтірілді.

            Аудан бойынша барлығы ұзындығы 206,5 шақырым 202 көшелердің 66,8 шақырымы қанағаттанарлықсыз жағдайда.

Көшелерді жөндеуге байланысты бірінші кезекте аудан орталығындағы көшелерді жөндеу қолға алынады. Осыған орай Жалағаш кентіндегі 14 көшеге (Қабылов, Қалыбаев, Нысанбай жырау, Мырзалиев, Жүргенов, Әйтеке би, Бұқарбай батыр, Отарбаев, Алтынсарин, Алтынсарин тұйығы, Әйтеке би, Бұқарбай батыр, Абай, Сәрке батыр көшелері) орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге жалпы құны 1,3 млрд теңге құрайтын жобалау-сметалық құжаттар әзірленіп, Жалағаш кенті әкімінің аппаратына тапсырылды. Бұқарбай батыр, Нысанбай жырау, Абай көшелерін орташа жөндеу жұмыстары тапсырыс беруші ретінде Жалағаш кенті әкімінің аппараты арқылы жүргізілуде.

   Сонымен қатар, Жалағаш кентінің 8 көшесін орташа жөндеуге ЖСҚ әзірлеуге 10366,7 мың теңгеге, Таң ауылының 13 көшесін орташа жөндеуге ЖСҚ әзірлеуге 7117,0 мың теңгеге, Аққұм ауылының 11 көшесін орташа жөндеуге ЖСҚ әзірлеуге 4812,8 мың теңгеге, Есет батыр ауылының 10 көшесін орташа жөндеуге ЖСҚ әзірлеуге 5416,3 мың теңгеге, М.Шәменов ауылының 4 көшесін орташа жөндеуге ЖСҚ әзірлеуге 1959,3 мың теңгеге, Мәдениет ауылының 1 көшені ортша жөндеуге ЖСҚ әзірлеуге 2200,0 мың теңгеге барлығы 31872,1 мың теңгеге бюджеттік өтінімдер аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөліміне тапсырылды.

Оның ішінде, көшелерге орташа жөндеу жұмыстарына ЖСҚ әзірлеуге Аққұм ауылына 3600,0 мың теңге, Мәдениет ауылына 2200,0 мың теңге бөлінді.

Жарықтандыру бойынша

Аудан бюджетінен бөлінген 2,9 млн теңгеге Жалағаш кентіндегі Абай, Әйтеке би, Бұқарбай батыр, Желтоқсан көшелерін жарықтандыру жұмыстарына жобалау-сметалық құжаттар әзірленіп, ведомстводан тыс кешенді сараптамадан өтті.

Жоба құны 133,3 млн  теңгені құрайды. Қажетті қаржыны облыстық бюджеттен бөлу үшін 2019 жылға бюджеттік өтінім тапсырылды.

Сонымен қатар, аудандық маңыздағы Ақсу ауылына кіре беріс автомобиль жолын жарықтандыру жұмыстарына жоба құны 18 218,3 мың.теңге құрайтын,  жобалау-сметалық құжаттар әзірленді. Осы жобаны мемлекеттік-жекешелік әрістестік аясында атқару мүмкіндігі қарастырылуда.


Тұрмыстық қатты қалдықтарды басқару бойынша

         Өткен жылы Жалағаш ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың пайда болуы мен жинақталу нормаларын, тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, әкету және көму тарифін есептеу жұмыстарына аудан бюджетінен 4,032 млн теңге бөлінді. Мемлекеттік сатып алу қорытындысымен жеңімпаз болып танылған мердігер мекеме «Ерай сервис» ЖШС-мен есептеу жұмыстары жүргізілді.

         2019 жылғы 22 ақпандағы Жалағаш аудандық мәслихатының кезектен тыс 37-сессиясының №37-9 шешімімен Жалағаш ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары, тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тарифтері бекітілді.





Жалағаш аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі бойынша 2019 жылдың 1 тоқсанында  атқарылған жұмыстар туралы


Автомобиль жолдары саласы бойынша

 

Аудандық маңыздағы 112,7 шақырым автомобиль жолының қазіргі таңда 22,4 шақырымы қанағаттанарлықсыз жағдайда болып отыр.  

Осыған орай аудандық маңызы бар Еңбек ауылы бағытындағы автомобиль жолының 0-8,0 шақырым аралығын орташа жөндеу жұмыстарына жобалау-сметалық құжаттар әзірленген. Жоба құны – 172,7 млн теңге. 2018 жылы республикалық бюджеттен 90,8 млн теңге бөлініп 4 шақырым жолға жөндеу жұмыстары жүргізілді. 2019 жылы осы жұмыстарды аяқтау мақсатында облыстық бюджеттен 81 878,0 мың теңге қаржы бөлінді. Жақын күндерде мердігер мекеме «Қызылорда Жолдары» ЖШС-мен жөндеу жұмыстары басталатын  болады.

Сонымен қатар, аудандық бюджеттен бөлінген 1,9 млн теңгеге «Самара-Шымкент-Мәдениет–Жүргенов–Жаңаталап–Аққыр» автомобиль жолының 0-9,4 шақырым аралығын орташа жөндеу жұмыстарына және «Самара-Шымкент-Еңбек-Есет батыр-Жаңадария» автомобиль жолының 8,0-20,3 шақырым аралығын орташа жөндеу жұмыстарына жобалау-сметалық құжаттар әзірленіп, ведомстводан тыс кешенді сараптамадан өткізілді. Аталған жобаларды 2019 жылы республикалық бюджеттен қаржыландыру мақсатында өтінім берілді.

Апаттық жағдайдағы аудандық маңызы бар “Самара-Шымкент-Мәдениет-Мақпалкөл-Жаңаталап-Аққыр” автомобиль жолының бойындағы “Оңтүстік коллектор” көпірін қайта жаңғырту жұмыстарына жалпы құны  281,6 млн теңге құрайтын жобалау-сметалық құжаттар әзірленген. Қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізуге 2019 жылға республикалық бюджеттен 138,7 млн теңге, облыстық бюджеттен 14,3 млн теңге, барлығы 153,0 млн теңге қаржы бөлініп, облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасы арқылы мемлекеттік сатып алу рәсімдері жүргізілуде.         

Аудан бойынша барлығы ұзындығы 206,5 шақырым 202 көшелердің 66,8 шақырымы қанағаттанарлықсыз жағдайда.

Көшелерді жөндеуге байланысты бірінші кезекте аудан орталығындағы көшелерді жөндеу қолға алынады. Осыған орай Жалағаш кентіндегі 14 көшеге (Қабылов, Қалыбаев, Нысанбай жырау, Мырзалиев, Жүргенов, Әйтеке би, Бұқарбай батыр, Отарбаев, Алтынсарин, Алтынсарин тұйығы, Әйтеке би, Бұқарбай батыр, Абай, Сәрке батыр көшелері) орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге жалпы құны 1,3 млрд теңге құрайтын жобалау-сметалық құжаттар әзірленді. 2018 жылға облыстық бюджеттен 3 көшені орташа жөндеу жұмыстарына 200 млн теңге бөлініп (Бұқарбай батыр көшесіне 100 млн теңге, Нысанбай жырау көшесіне 50 млн теңге, Абай көшесіне 50 млн теңге), бөлінген қаржыға сәйкес көшелердің орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Мемлекеттік сатып алудың қорытындысымен жеңімпаз болып анықталған мердігер мекемелер:

Нысанбай жырау көшесі - «Реал Строй Инвест» ЖШС

Абай көшесі – «Қыран» ЖШС

Бұқарбай батыр көшесі – «Сыр жолдары» ЖШС.

2019 жылы осы көшелердің жөндеу жұмыстарына облыстық бюджеттен 532,9 млн теңге (Бұқарбай батыр көшесіне 170,6 млн теңге, Нысанбай жырау көшесіне 53,2 млн теңге, Абай көшесіне 309,1млн теңге) қаржы бөлінді. Мердігер мекемелермен жөндеу жұмыстары жақын күндері басталады.

 

 




Жалағаш аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі бойынша 2018 жылы  атқарылған жұмыстар туралы


Автомобиль жолдары саласы бойынша


Аудандық маңыздағы 112,7 шақырым автомобиль жолының қазіргі таңда 22,4 шақырымы немесе 20 пайызы қанағаттанарлықсыз жағдайда болып отыр. 

Осыған орай, 2018 жылы аудандық маңызы бар Еңбек ауылы бағытындағы автомобиль жолының 0-8,0 шақырым аралығын орташа жөндеу жұмыстарына республикалық бюджеттен 90,1 млн теңге бөлініп, 4 шақырым жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Биылғы жылы жобаны толық аяқтау үшін 91,0 млн теңгеге сұраныс беріліп, облыстық бюджеттен қаржыландыру жоспарлануда.

Сонымен қатар, апаттық жағдайдағы аудандық маңызы бар “Самара-Шымкент-Мәдениет-Мақпалкөл-Жаңаталап-Аққыр” автомобиль жолының бойындағы “Оңтүстік коллектор” көпірін қайта жаңғырту жұмыстарына 2019 жылға республикалық бюджеттен 138,7 млн. теңге бөлінді, жобаны толық аяқтау үшін қажетті 150,6 млн теңге облыстық бюджеттен қаржыландыру күтілуде. 2019 жылы көпірді қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіліп, толық пайдалануға берілетін болады.

Сондай-ақ Мәдениет елді мекені бағытындағы автомобиль жолының 0-9,4 шақырымына, Жаңадария елді мекені бағытындағы автомобиль жолының 8,0-37,3 (29,3 шақырым) шақырымына күрделі жөндеу жұмыстарына жобалау-сметалық құжаттар әзірленіп, ведомстводан тыс кешенді сараптамадан өткізу жұмыстары жүруде.

Аудан бойынша барлығы ұзындығы 206,5 шақырым 202 көшелердің 66,8 шақырымы немесе 32,3 пайызы қанағаттанарлықсыз жағдайда.

Көшелерді жөндеуге байланысты бірінші кезекте аудан орталығындағы көшелерді жөндеу қолға алынады. Осыған орай Жалағаш кентіндегі 14 көшеге (Қабылов, Қалыбаев, Нысанбай жырау, Мырзалиев, Жүргенов, Әйтеке би, Бұқарбай батыр, Отарбаев, Алтынсарин, Алтынсарин тұйығы, Әйтеке би, Бұқарбай батыр, Абай, Сәрке батыр көшелері) орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге жалпы құны 1,3 млрд теңге құрайтын жобалау-сметалық құжаттар әзірленді. 2018 жылға облыстық бюджеттен 3 көшені орташа жөндеу жұмыстарына 200,0 млн теңге бөлініп, жоспарлы жұмыстары атқарылды. (Бұқарбай батыр көшесіне 100,0 млн теңге, Нысанбай жырау көшесіне 50,0 млн теңге, Абай көшесіне 50,0  млн теңге).

Биылғы жылы осы көшелердегі жөндеу жұмыстарын толық  аяқтауға облыстық бюджеттен 533,0 млн теңге қаржы бөлінді.  

Алдағы жоспарда Жалағаш кентіндегі Абай, Әйтеке би, Бұқарбай батыр, Желтоқсан көшелерін жарықтандыру жұмыстары. Бұл жұмыстар мемлекеттік-жекеменшік әріптестік арқылы жүзеге асырылатын болады. Ақсу елді мекеніне кіре беріс Ө.Тұңғышбаев көшесін жарықтандыруға жоба-сметалық құжаттар әзірлеуге жергілікті бюджеттен 1,3 млн теңге қаралды.



Жалағаш аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі бойынша 2018 жылдың 2 тоқсанында  атқарылған жұмыстар туралы

Автомобиль жолдары саласы бойынша


Аудандық маңыздағы 112,7 шақырым автомобиль жолының қазіргі таңда 22,4 шақырымы қанағаттанарлықсыз жағдайда болып отыр.  

Осыған орай аудандық маңызы бар Еңбек ауылы бағытындағы автомобиль жолының 0-8,0 шақырым аралығын орташа жөндеу жұмыстарына жобалау-сметалық құжаттар әзірленіп, 2018 жылға 191,4 млн теңгеге сұраныс берілген болатын. Бұл жұмыстарға республикалық бюджеттен 95,0 млн теңге бөлініп, қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу рәсімдері жүргізілуде.

«Самара-Шымкент-Мәдениет–Жүргенов–Жаңаталап–Аққыр» автомобиль жолының 0-9,4 шақырым аралығын күрделі жөндеу жұмыстарына жобалау-сметалық құжаттар әзірлеуге аудандық бюджеттен  1,934 млн теңге бөлініп, қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу рәсімдері жүргізілуде.

«Самара-Шымкент-Еңбек-Есет батыр-Жаңадария» автомобиль жолының 8,0-37,3 шақырым аралығын күрделі жөндеу жұмыстарына жобалау-сметалық құжаттар әзірлеуге аудандық бюджеттен 5,969 млн теңге бөлініп, қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу рәсімдері жүргізілуде. 

Апаттық жағдайдағы аудандық маңызы бар “Самара-Шымкент-Мәдениет-Мақпалкөл-Жаңаталап-Аққыр” автомобиль жолының бойындағы “Оңтүстік коллектор” көпірін қайта жаңғырту жұмыстарына жалпы құны  281,0 млн теңге құрайтын жобалау-сметалық құжаттар әзірленіп, 2019 жылы республикалық, облыстық бюджет есебінен қаржыландыру күтілуде.

Аудан бойынша барлығы ұзындығы 206,5 шақырым 202 көшелердің 66,8 шақырымы қанағаттанарлықсыз жағдайда.

Көшелерді жөндеуге байланысты бірінші кезекте аудан орталығындағы көшелерді жөндеу қолға алынады. Осыған орай Жалағаш кентіндегі 10 көшеге (Қабылов, Қалыбаев, Нысанбай жырау, Мырзалиев, Жүргенов, Әйтеке би, Бұқарбай батыр, Отарбаев, Алтынсарин, Алтынсарин тұйығы көшелері) орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге жалпы құны 463,0 млн теңге құрайтын жобалау-сметалық құжаттар әзірленіп, облыстық бюджеттен қаржыландыруға өтінім берілді.

Жалағаш кентіндегі 4 көшеге (Әйтеке би, Бұқарбай батыр, Абай, Сәрке батыр көшелері) орташа жөндеу жұмыстарына аудан бюджетінен бөлінген 3,11 млн теңгеге жобалау-сметалық құжаттар әзірленіп, Жалағаш кентінің әкімдігіне өткізілді.



Жалағаш аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі бойынша 2018 жылдың 1 тоқсанында  атқарылған жұмыстар туралы

Автомобиль жолдары саласы бойынша


Аудандық маңыздағы 112,7 шақырым автомобиль жолының қазіргі таңда 22,4 шақырымы қанағаттанарлықсыз жағдайда болып отыр.  

Осыған орай аудандық маңызы бар Еңбек ауылы бағытындағы автомобиль жолының 0-8,0 шақырымдар аралығын орташа жөндеу жұмыстарына жобалау-сметалық құжаттар әзірленіп, 2018 жылға облыстық бюджетке 191,4 млн теңгеге сұраныс берілді. Бұл жұмыстарға қаржы бөлу бюджетті нақтылау барысында жоспарланып отыр.

Сонымен қатар, Мәдениет – Жүргенов – Жаңаталап - Аққыр бағытындағы автомобиль жолдарының 0-9,4 шақырым аралығындағы жолды күрделі жөндеу жұмыстарына жобалау-сметалық құжаттар әзірлеуге қаржы бөлу мүмкіндігі қарастырылуда.

Апаттық жағдайдағы аудандық маңызы бар “Самара-Шымкент-Мәдениет-Мақпалкөл-Жаңаталап-Аққыр” автомобиль жолының бойындағы “Оңтүстік коллектор” көпірін қайта жаңғырту жұмыстарына жалпы құны  281,0 млн теңге құрайтын жобалау-сметалық құжаттар әзірленіп, 2019 жылы республикалық, облыстық бюджет есебінен қаржыландыру күтілуде.

Аудан бойынша барлығы ұзындығы 206,5 шақырым 202 көшелердің 66,8 шақырымы қанағаттанарлықсыз жағдайда.

Көшелерді жөндеуге байланысты бірінші кезекте аудан орталығындағы көшелерді жөндеу қолға алынады. Осыған орай Жалағаш кентіндегі 10 көшеге (Қабылов, Қалыбаев, Нысанбай жырау, Мырзалиев, Жүргенов, Әйтеке би, Бұқарбай батыр, Отарбаев, Алтынсарин, Алтынсарин тұйығы көшелері) орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге жалпы құны 463,0 млн теңге құрайтын жобалау-сметалық құжаттар әзірленіп, облыстық бюджеттен қаржыландыруға өтінім берілді. Одан басқа Жалағаш кентіндегі 4 көшеге (Әйтеке би, Бұқарбай батыр, Абай, Сәрке батыр көшелері) орташа жөндеу жұмыстарына аудан бюджетінен бөлінген 10,2 млн теңгеге жобалау-сметалық құжаттар әзірлеуге мемлекеттік сатып алу рәсімдері жүргізілуде.

 

2018 жылы Жалағаш ауданы бойнша жол жөндеу және жол салу жөніндегі ақпарат

 

Бұқарбай батыр көшесі кенттегі орталық көше болғандықтан аудандағы көлік қозғалысы көп және халықтың көп шоғырланған көшелерінің бірі болып табылады. Аталған көшеде түрлі нысындар орналасқан, атап айтқанда: 2 тойхана, 2 демалу орталығы, КМФ банкінің филиалы, «Шиелі Жарығы» ЖШС-сі, 350 орындық Жалағаш индустриалды-аграрлық колледжі, Жалағаш ауданының орталық алаңы да осы көшенің бойында орналасқан.

Қазіргі таңда, көше бойында пайда болған ойлы-қырлылықтар көбейіп келеді.

         Осыған орай, Жалағаш ауданында аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі арқылы Жалағаш кентіндегі ұзындығы 2,4 шақырымды құрайтын Бұқарбай батыр көшесін орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге жалпы құны 278,8 млн теңге құрайтын жобалау-сметалық құжаттар әзірленіп облыстық бюджеттен қаржыландыру үшін бюджеттік өтінім тапсырылған.

Қазіргі таңда жөндеу жұмыстарын бастауға облыстық бюджеттен 50 млн. теңге қаржы бөлінсе, қалған 228,8 млн. теңгесі бюджетті нақтылау барысында бөлінетін болады. Алдағы уақытта Жалағаш кентіндегі Бұқарбай батыр көшесін орташа жөндеу жұмыстарына мемлекеттік сатып алу рәсімдері Жалағаш аудандық кент әкімі аппараты арқылы жүргізілетін болады.        




Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі бойынша 2017 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар туралы

Автомобиль жолдары саласы бойынша


Аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын ағымдағы жөндеу және күтіп ұстау жұмыстарына (субвенция) ү.ж. 23,6 млн. теңге қаралып, қаралған қаржыға сәйкес Бұқарбай батыр ауылына кіре беріс жолды жөндеу, Аққыр бағытындағы жол жиегіндегі шөптерден тазартып, тегістеу, Аққыр ауылына кіре берістегі көпірді жөндеу, жол белгілерін орнату жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар, 2,4 млн. теңгеге күз-қыс мезгілдерінде жолды күтіп ұстау, яғни қар күреу, жолға тұз аралас құм себу жұмыстары қараша-желтоқсан айларында ат қарылатын болады.

         Ү.ж. облыстық бюджеттен бөлінген 155,1 млн. теңгеге Жалағаш кентіндегі Төле би көшесін күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілді. Мемлекеттік сатып алу конкурсының қорытындысы бойынша 28,0 млн. теңге үнемделді.

         Сонымен қатар, облыстық бюджеттен бөлінген 71,2 млн. теңгеге (9,0 млн. теңге үнемделді) Жалағаш кентіндегі А.Ізтілеуова көшесін орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілді.

         Жалағаш кентіндегі І.Қабылов (1,1 шқ), С.Қалыбаев (1,1 шқ), И.Панфилов (1,2 шқ), Ы.Алтынсарин (1,2) көшелерін ағымдағы жөндеу (тас төсеу) жұмыстарына 33,3 млн. теңге қаралып, жұмыстар толық жүргізіліп, аяқталды.

Сондай-ақ, облыстық бюджеттен қаралған 8,2 млн. теңгеге аудандық маңызы бар “Самара-Шымкент-Мәдениет-Мақпалкөл-Жаңаталап-Аққыр” автомобиль жолының бойындағы “Оңтүстік коллектор” көпірін қайта жаңғырту жұмыстарына жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп, қазіргі таңда мемлекеттік сараптамадан өткізу жұмыстары жүргізілуде.

“Самара-Шымкент-Еңбек-Ақарық-Жаңадария” автомобиль жолының жалпы құны 270,0 млн. теңге құрайтын 8,0 шақырымын орташа жөндеу жұмыстарына, Еңбек ауылының жалпы құны 54,0 млн. теңге құрайтын ұзындығы 2,1 шақырым 3 көшесіне орташа жөндеу жұмыстарына және Жалағаш кентіндегі жалпы құны 463,0 млн. теңгені құрайтын жалпы ұзындығы 12,26 шақырым 9 көшесін (С.Қалыбаев, І.Қабылов, С.Отарбаев, Нысанбай жырау, Н.Мырзалиев, Әйтеке би, Ы.Алтынсарин, Ы.Алтынсарин тұйығы, Т.Жүргенов, Бұқарбай батыр көшелері) орташа жөндеу жұмыстарына жобалау-сметалық құжаттамалар әзірленіп, жобаларды алдағы жылдары қаржыландыру үшін облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына бюджеттік өтінімдер тапсырылып, 2018-2020 жылдардағы көшелер мен жолдарды жөндеу «Жол картасына» енгізу үшін тізімдер әзірленіп ұсынылды.

Кіру