Русский Қазақша

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

ІЗДЕУ
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Инфрақұрылым
Қоғам
Мем. қызметтер
Байланыс
Әкім блогы
Анықтама
Сайт картасы Аудан әкімі аппараты
Билік
Құқық
Экономика
Басты бет Инфрақұрылым Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы

Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі бойынша 2017 жылдың I  жартыжылдығында атқарылған жұмыстар туралы

Елді мекендерде жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету

Үстіміздегі жылы аудан бюджетінен 1783,0 мың теңге қаралды. Қаралған қаржыға сәйкес аудан елді мекендері көшелеріне 112 дана жол белгілері және конкурс қорытындысы бойынша үнемделген 671,0 мың теңгеге жаяу жүргіншілерге арналған жолақ сызықтар сызу жұмыстары жүргізіледі.

Сол сияқты кент ішіндегі негізгі көшелерге жолды бөлетін сызықтар (разметка) сызу жұмыстары демеушілер есебінен жүргізу жоспарланып отыр.

Жолаушылар мен багажды тасымалдау жұмыстары

Аудан бойынша жолаушылар тасымалымен айналысатын “Маржан-2002”, “Ақжол-2000”, “Нұр-СБТ” ЖШС-тері және ЖК “Динара” жолаушыларға қызмет көрсетуде.

Қазіргі таңда, “Маржан-2002” ЖШС-і арқылы облыс орталығы Қызылорда қаласына Жалағаш кентінен және ауылдық округтерден күніне 18 маршрут, “Ақжол-2000” ЖШС-і арқылы 4 маршрут барлығы, 22 маршрут (облысішілік) тұрақты қатынайды.

Бұл бағыттар бойынша тасымалдауды ұйымдастырушы мекеме облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы.

Ауданішілік маршруттар бойынша “Маржан-2002” ЖШС-і арқылы аудан елді мекендеріне 13 бағытта қатынайды.

Тасымалдайтын көліктердің құрамына келетін болсақ 4 ПАЗ автокөлігі, 1 Сетра автобусы, 23 Газель-спринтер автокөліктері арқылы жолаушыларға тасымалдау қызметі көрсетілуде.

Кентішілік маршруттар бойынша “Нұр-СБТ” ЖШС-і арқылы 2 бағытта 9 Газель автокөліктері қызмет көрсетуде.

 «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы»

аясында атқарылған жұмыстар туралы

Ауданда кондоминиум нысандары болып тіркелген 28 көп пәтерлі тұрғын үйлердің 19-ы күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуді қажет еткен болатын.

2014 жылы Қазақстан Республикасының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасы аясында республикалық бюджеттен бөлінген 10 млн 453,0 мың теңгеге Жалағаш кентінде 2 көп пәтерлі тұрғын үйге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жұмсалған қаржыны қайтару жоспары бойынша бүгінгі күнге 1909,5 мың теңге қайтарылуі тиіс. Алайда, пәтер иелері өз еріктерімен қаржыны қайтармағандықтан, аудандық сотқа қарызды өндіріп беру жөнінде талап арыздар беріліп, 12 пәтер иелерінен 1676,1 мың теңгені өндіру жөніндегі аудандық соттың шешімдері күшіне еніп, атқару парақтары сот орындаушыларына жолданды. Бүгінгі күнге тұрғындардан 903,9 мың теңге (47,3 %) қайтарылды.

Мемлекеттік бағдарлама бойынша жұмыстарды ауданда одан әрі жалғастыру мақсатында Жалағаш кентіндегі 10 көп пәтерлі тұрғын үйлердің (Жамбыл №1, Қазыбек би №32, Үркімбаев №1, Үркімбаев №2, Шаменов №76, Шаменов №78, Бисенов №18, Қазыбек би №46, Қазыбек би №50, Қазыбек би №52) мемлекеттік сараптамадан өткен жалпы сомасы 85 млн 096 мың теңгені құрайтын жобалау-сметалық құжаттамалары әзірленіп, нысандарды жөндеу жұмыстарын қаржыландыру мақсатында облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына 2017 жылға арналған бюджеттік өтінім тапсырылды, алайда республикалық бюджеттен жөндеу жұмыстарына қаржы бөлінген жоқ.

Биылғы жылы жергілікті бюджеттің қаржысы есебінен 2 көп пәтерлі тұрғын үйлерге 14 млн 34,0 мың теңгеге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. (Қазыбек би көшесі №48 үй - 4024,0 мың теңгеге), Қазыбек би көшесі №52 үй -10010,0 мың теңгеге. Қазыбек би көшесі №48 тұрғын үйдің жөндеу жұмыстары аяқталуға жақындаса, Қазыбек би көшесі №52 тұрғын үйдің шатыры жөнделуде.

Көктемгі санитарлық тазарту, көркейту және көгалдандыру

жұмыстарының орындалу барысы туралы

Аудан әкімінің 2017 жылғы 7 наурыздағы №104 өкімімен ауданның елді мекендерінде үстіміздегі жылдың 11 наурыз-10 мамыр айлары аралығында ұйымдастырылатын санитарлық тазарту, көркейту және көгалдандыру жұмыстарының іс-шаралар жоспары бекітілді. Сонымен қатар, аудан әкімінің 2017 жылғы 29 мамырдағы №180 өкімімен бұл жұмыстар 10 шілдеге дейін ұзартылды.

2017 жылға кент, ауылдық әкімдіктердің есеп-шоттарына салық түсімдері есебінен түскен қаржыдан санитарлық тазарту жұмыстарына 12 млн 745,5 мың теңге, абаттандыру-көгалдандыру жұмыстарына 19 млн 159,5 мың теңге (барлығы 31 905,0 мың теңге) бөлу көзделіп отыр.

Тазалық, көркейту шараларын тиісті деңгейде жүзеге асырып, тұрғындардың белсенділігін арттыру үшін аудандық басылымда 5 рет, аудан әкімдігінің ресми сайтында 1 рет мақалалар жарияланды.

Ағымдағы жылдың 11 наурыздан бастап аудан бойынша әр сенбі сайын барлық бағыныстағы 157 мекемеден 3000-ға жуық адам сенбілікке шығып, 42 әр түрлі техника тартылуда.

Қазіргі таңда Жалағаш кентінің сырты 12 учаскеге бөлініп, мекемелерге бекітіліп, бей-берекет жиналған күл-қоқыстарды жою жұмыстары жүргізілуде. Жұмыстардың нәтижесінде кент сыртындағы 968 м³ қоқыстар жойылды. Осындай жұмыстар ауылдық елді мекендерде де атқарылуда.

Бүгінгі күнге 3516 м³ күл-қоқыстар шығарылды, оның ішінде 10 мамырдан кейін шығарылғаны 1791 м³. Одан бөлек, жергілікті бюджеттен бөлінген 3,0 млн теңгеге Еңбек ауылындағы көп жылдар бойы қордаланған 4800 м³ күл-қоқыстар үйіндісі шығарылды.

11693 м² гүлзарлар, 20380 түп ағаштар отырғызылды. Ағаштардың шығымдылығы 70 пайызды құрайды.

Ағымдағы жылдың 1 сәуірінде барлық елді мекендерде «Көктемгі ағаш отырғызу», 22 сәуірінде «Бүкілқазақстандық ағаш отырғызу күні» акциялары ұйымдастырылып, ағаш көшеттері отырғызылды. Сонымен қатар, «Ардагерлерді ардақтайық» акциясы ұйымдастырылып, 44 тұрмысы төмен отбасына көмек көрсетілді.

Елді мекендерде «Жасыл көше», «Үздік аула» номинациялары бойынша конкурстар өткізіліп, жеңімпаздар марапатталды.

Барлық учаскелік полиция қызметкерлеріне кент, ауылдық округтер әкімдіктерімен бірлесіп, санитарлық тазалық талаптарын бұзған тұлғаларға қатысты тиісті шаралар қабылдау тапсырылды. Бүгінгі күнге анықталған кемшіліктер бойыншаӘкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 434-бабының 1-тармағына сәйкес Жалағаш кентінде 42, ауылдық елді мекендер бойынша 37 (барлығы 79) жеке тұлғаларға хаттамалар толтырылып, сот орындарына жіберілді. Сонымен қатар, Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 505-бабының 1-тармағына сәйкес 298 жеке тұлғаларға, 204-бабының 1-тармағына сәйкес 66 жеке тұлғаларға ескерту берілді.

Аудан елді мекендерін ауыз сумен қамтамасыз ету туралы

Үстіміздегі жылдың 1 маусымынан бастап «Жалағаш ауыз су» КМК барлық мүлкі ОДСП «Арал» кәсіпорнының теңгеріміне өтті. Қазіргі таңда ауыз су жүйесіне қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілген елді мекендерге су 24 сағат режимде беріліп отыр.

Дегенімен, насостардың қуаты жетіспеуінен соңғы тұтынушыларға су апаруда қиындық туғызуда.

Жөндеу жұмыстарына байланысты аудан бюджетінен бөлінген 5,4 млн. теңгеге Аққыр ауылындағы су көтергіш мұнараны ауыстыру және 200 метр ауыз су желілерін тарту, Ақарық ауылында тереңнен су тартатын насос орнату, Жалағаш кентінде ауыз су желілері кіргізілмеген үйлерге су тарту жұмыстары атқарылатын болады.

2017 жылы бекітілген жылдық жоспарға сәйкес Жалағаш АЭТ-да атқарылатын жұмыстар

Бүгінгі күнге Жалағаш аудандық электр торабының жылдық жоспарына сәйкес 11 дана ТП, КТП(Н)-10/0,4 кВ қосалқы станцияларына (ҚС) 1 млн 245,9 мың теңгеге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда, Жаңадария елді мекеніндегі №333,332 10/0,4 кВ ҚС-на, жалпы құны 310485 теңге. Бұқарбай батыр елді мекеніндегі №97,94,85 10/0,4 кВ ҚС-на, жалпы құны 310485 теңге. Қаракеткен елді мекеніндегі №130,133,127 10/0,4 кВ ҚС-на, жалпы құны 310485 теңге. Мырзабай ахун елді мекеніндегі №206,207,208 10/0,4 кВ ҚС-на, жалпы құны 310485 теңге.

Жылдық жоспарға сәйкес жүргізілетін күрделі жөндеу жұмыстары.

35 кВ әуе желісі бойынша. Жалағаш-Жаңаталап,Таң Л-40 35 кВ әуе желілеріне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Барлығы 63,5 км. Жалпы құны 2822616 (екі миллион сегіз жүз жиырма екі мың алты жүз он алты ) теңге . Жалағаш-Тереңөзек Л-38 35 кВ әуе желілеріне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Барлығы 18 км. Жалпы құны 1435323 (бір миллион төрт жүз отыз бес мың үш жүз жиырма үш) теңге.

10 кВ әуе желісі бойынша. Аққұм 35/10 кВ ҚС шығатын ф.Аққұм, ф.Ильич 10 кВ әуе желілеріне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Барлығы -16,57 км. Жалпы құны 3761466 ( үш миллион жеті жүз алпыс бір мың төрт жүз алпыс алты) теңге. Ақарық 35/10 кВ ҚС шығатын ф.ЦУ 10 кВ әуе желілеріне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Барлығы -24,46 км. Жалпы құны 1287206 (бір миллион екі жүз сексен жеті мың екі жүз алты) теңге.

0,4 кВ әуе желілері бойынша. Жаңадария елді мекеніндегі №333,332 10/0,4 кВ ҚС шығатын 0,4 кВ әуе желілеріне. Жалпы құны 991994 теңге, Қаракеткен елді мекеніндегі №130,133,125 10/0,4 ҚС шығатын 0,4 кВ әуе желілеріне. Жалпы құны 991994 теңге, Аққыр елді мекеніндегі №246,247 10/0,4 кВ ҚС шығатын 0,4 кВ әуе желілеріне. Жалпы құны 991994 теңге, Ақарық елді мекеніндегі №271,278 10/0,4 кВ ҚС шығатын 0,4 кВ әуе желілеріне. Жалпы құны 991994 теңге, Мырзабай ахун елді мекеніндегі №206,207,208 10/0,4 кВ әуе желілеріне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Жалпы құны 991994 теңге. Барлығы -26,95 км.

35/10 кВ ҚС бойынша. Жаңадария елді мекеніндегі 35/10 кВ ҚС күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Барлығы -1 дана. Жалпы құны 101,0 мың теңге.

Жылдық жоспарға сәйкес жүргізілетін ағымдағы жөндеу жұмыстары.

35 кВ әуе желісі бойынша. Жалағаш-Аққұм, Калинин, Еңбек Л-39 35 кВ әуе желілеріне жалпы құны 144441(бір жүз қырық төрт мың төрт жүз қырық бір) теңгеге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Барлығы 65,1 км. Жаңаталап-Аққыр Л-25 35 кВ әуе желілеріне жалпы құны 144441 (бір жүз қырық төрт мың төрт жүз қырық бір) теңгеге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Барлығы 27,6 км..

10 кВ әуе желілері бойынша. Еңбек 35/10 кВ ҚС шығатын ф.Ақарық, жалпы құны 160585 теңге. Мәдениет 35/10 кВ ҚС шығатын ф.Зерноток, жалпы құны 160585 теңге. Жаңадария 35/10 кВ ҚС шығатын ф.Жаңадария, жалпы құны 160585 теңге. Калинин 35/10 кВ ҚС шығатын ф. Калинин 10 кВ әуе желілеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Жалпы құны 409086 теңге Барлығы-15,47 км.

0,4 кВ әуе желілері бойынша. Мәдениет елді мекеніндегі №193,196,198,203,205 10/0,4 кВ ҚС шығатын 0,4 кВ әуе желілеріне, жалпы құны 593228 теңге. Таң елді мекеніндегі №187,154,162,157 10/0,4 кВ ҚС шығатын 0,4 кВ әуе желілеріне, жалпы құны 261452 теңге, Еңбек елді мекеніндегі №261 10/0,4 кВ ҚС шығатын 0,4 кВ әуе желілеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі, жалпы құны 52290 теңге. Барлығы -19,02 км.

35/10 кВ ҚС бойынша. Бұқарбай батыр елді мекеніндегі 35/10 кВ ҚС-на, жалпы құны 82250 теңге, Таң елді мекеніндегі 35/10 кВ ҚС-на ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі, жалпы құны 82250 теңге. Барлығы -2 дана.

ТП, КТП(Н)-10/0,4 кВ бойынша. Мәдениет елді мекеніндегі №193,203,218,347,196 10/0,4 кВ ҚС-на, жалпы құны 312731 теңге. Таң елді мекеніндегі №154,160,181 10/0,4 кВ ҚС-на, жалпы құны 187638 теңге. Аудан орталығындағы №31, 17, 29, 2, 24 10/0,4 кВ ҚС-на, жалпы құны 312731 теңге. Ақсу елді мекеніндегі №57, 64 10/0,4 кВ ҚС-на ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі, жалпы құны 125086 теңге. Барлығы-15 дана ҚС-на.

Күрделі жөндеу жұмыстары бойынша барлығы 15609526 (он бес миллион алты жүз тоғыз мың бес жүз жиырма алты) теңге қарастырылады.

Ағымдағы жөндеу жұмыстары бойынша барлығы 3189390 (үш миллион бір жүз сексен тоғыз мың үш жүз тоқсан) теңге қарастырылады.

Барлығы 18798916 (он сегіз миллион жеті жүз тоқсан сегіз мың тоғыз жүз он алты) теңге қарастырылады.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша

Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды кезекке қою мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша бүгінгі күнге барлығы 256 адам тұрғын үй алу кезегінде тұр.

Оның ішінде, жетім, ана-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар 71 адам, халықтың әлеуметтік жағынан осал тобына жататын 131 адам, мемлекеттік қызметкерлер мен бюджеттік сала қызметкерлерінен 53 адам және жалғыз тұрғын үйі апаттық жағдайда деп танылған 1 адам тіркелген.

Сонымен қатар, мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйлерді жекешелендіру мемлекеттік қызмет көрсетілуде. Биылғы жылы жекешелендіруге байланысты өтініштер түскен жоқ.

 

Кіру