Русский Қазақша

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

ІЗДЕУ
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Инфрақұрылым
Қоғам
Мем. қызметтер
Байланыс
Әкім блогы
Анықтама
Сайт картасы Аудан әкімі аппараты
Билік
Құқық
Экономика
Басты бет Мем. қызметтер Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша есеп

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша есеп

2017 жылдың бірінші жартыжылдығы қорытындысы бойынша Жалағаш аудандық жергілікті басқарушы органдармен мемлекеттік көрсетілген қызметтердің

ЕСЕБІ

1. Жалпы ережелер

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» ҚР Заңына сәйкес Жалағаш ауданы бойынша жалпы мемлекеттік қызметтерді 8 дербес бөлім және кент, ауылдық округ әкім аппараттары көрсетеді.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес бүгінгі таңда аудандық жергілікті атқарушы органдары 95 қызмет түрін көрсетеді. (мемлекеттік қызметтер көрсететін мекемелер туралы мәліметті zhalagash.gov.kz сайтынан алуға болады)

Көрсетілетін қызметті берушілер арқылы қағаз түрінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саны -2211;

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді «электрондық үкімет» веб-порталы және (немесе) Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету мүмкіндігі болса да, қызметті берушілермен қағаз түрінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саны – 3152;

Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 2515;

Электрондық түрде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны – 842.

Барлығы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің саны -8720

2. Қызмет алушылармен жұмыс

1) Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мемлекеттік қызмет стандарттарында айқындалады.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарты мен регламенттері қызмет берушілер орналасқан жерлерде (мемлекеттік органдарда) және интернет-ресурстарда орналыстырылады.

2) Мемлекеттік қызмет көрсету процесін қамтамасыз ету мақсатында жергілікті атқарушы органдардың ұйымдастыруымен семинарлар өткізіледі және бұқаралық ақпарат құралдарында мақалалар жарияланады.

3. Мемлекеттік қызметтер көрсету процессін жетілдіру мақсатында атқарылатын жұмыстар:

1) Мемлекеттік қызметтерді көрсету дағдыларын жақсарту мақсатында тоқсан сайын "ҰАТ" АҚ қызметкерлері мемлекеттік қызметтерді көрсетудегі проблемалық мәселелері бойынша ақпараттық жүйелер арқылы электрондық форматта кеңестер жүргізеді.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасының бақылауы

1) Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша қызметалушылардан шағымдар болған жоқ.

2) Мерзімі бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызмет жоқ.

3) мемлекеттік қызмет стандарттары және регламенттерінің талаптарын бұзғаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылған адамдардың саны-3, сәйкесінше тәртіптік жаза саны - 3 қызметкер.

4) Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша барлығы 18 түсіндіру іс-шаралар өтті, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша 5 іс-шара (семинар сабақ, құқықтық оқу) өтті,

БАҚ-та 13 мақала жарияланды, соның ішінде газетте – 13

Осы бағытта мемлекеттік қызмет көрсету процесін жақсарту мақсатында жұмыстар жалғасуда.




2017 жылдың І-тоқсанында мемлекеттік қызмет көрсету бойынша Жалағаш ауданы әкімі аппаратының есебі


1. Жалпы ережелер

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» ҚР Заңына сәйкес Жалағаш ауданы бойынша жалпы мемлекеттік қызметтерді 8 дербес бөлім және кент, ауылдық округ әкім аппараттары көрсетеді.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес бүгінгі таңда аудандық жергілікті атқарушы органдары 95 қызмет түрін көрсетеді. (мемлекеттік қызметтер көрсететін мекемелер туралы мәліметті zhalagash.gov.kz сайтынан алуға болады)

Көрсетілетін қызметті берушілер арқылы қағаз түрінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саны -379;

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді «электрондық үкімет» веб-порталы және (немесе) Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету мүмкіндігі болса да, қызметті берушілермен қағаз түрінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саны – 1866;

Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 1329;

Электрондық түрде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны – 411.

Барлығы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің саны -4311

2. Қызмет алушылармен жұмыс

1) Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мемлекеттік қызмет стандарттарында айқындалады.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарты қызмет берушілер орналасқан жерлерде (мемлекеттік органдарда) және интернет-ресурстарда орналыстырылады.

2) Мемлекеттік қызмет көрсету процесін қамтамасыз ету мақсатында жергілікті атқарушы органдардың ұйымдастыруымен семинарлар өткізіледі және бұқаралық ақпарат құралдарында мақалалар жарияланады.

3. Мемлекеттік қызметтер көрсету процессін жетілдіру мақсатында атқарылатын жұмыстар:

1) Мемлекеттік қызметтерді көрсету дағдыларын жақсарту мақсатында тоқсан сайын "ҰАТ" АҚ қызметкерлері мемлекеттік қызметтерді көрсетудегі проблемалық мәселелері бойынша ақпараттық жүйелер арқылы электрондық форматта кеңестер жүргізеді.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасының бақылауы

1) Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша қызметалушылардан шағымдар болған жоқ.

2) Мерзімі бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызмет жоқ.

3) мемлекеттік қызмет стандарттары және регламенттерінің талаптарын бұзғаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылған адамдардың саны-0, сәйкесінше тәртіптік жаза саны - 0 қызметкер.

4) Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша барлығы 10 түсіндіру іс-шаралар өтті, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша 2 іс-шара (семинар сабақ, құқықтық оқу) өтті,

БАҚ-та 7 мақала жарияланды, соның ішінде газетте – 7

Осы бағытта мемлекеттік қызмет көрсету процесін жақсарту мақсатында жұмыстар жалғасуда.



Жалағаш ауданы әкімдігіне қарасты жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметтер көрсетулер мәселелері жөніндегі 2016 жылғы есебі


                                              1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР:

Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер

Кент және ауылдық округтер әкімдері аппараттары

«Жалағаш аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Жалағаш кенті, Желтоқсан көшесі №1, тел.: 8 (724-31) 31-3-93

«Жалағаш аудандық білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Жалағаш кенті, М.Шәменов көшесі №74, тел.: 8 (724-31) 31-0-91

«Жалағаш аудандық ауылшаруашылығы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Жалағаш кенті, ПДУ №6, тел.: 8 (724-31) 31-8-88

«Жалағаш аудандық жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Жалағаш кенті, Желтоқсан көшесі №3, тел.: 8 (724-31) 31-9-78

«Жалағаш аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Жалағаш кенті, Желтоқсан көшесі №3, тел.: 8 (724-31) 32-6-68

«Жалағаш аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Жалағаш кенті, Мырзалиев көшесі №б/н, тел.: 8 (724-31) 31-3-35

«Жалағаш аудандық ветеринария бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Жалағаш кенті, Өмірбай шешен көшесі №26, тел.: 8 (724-31) 31-3-35

«Жалағаш аудандық денешынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Жалағаш кенті, М.Шаменов көшесі №88, тел.: 8 (724-31) 32-4-47

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес 2016 жылыаудан әкімдігіне қарасты аудандық жергілікті атқарушы органдары 92 қызмет түрін көрсетеді. (мемлекеттік қызметтер көрсететін мекемелер туралы мәліметті zhalagash.gov.kz аудан әкімдігінің ресми интернет ресурсынан алуға болады)

1)

мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің саны

92

2)

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саны

44

3)

тегін және (немесе) ақылы негізде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны

Тегін – 87 қызмет

Ақылы негізде – 5 қызмет

4)

қағаз және (немесе) электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны

48

5)

бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттер саны

2016 жылы облыс әкімдігі тарапынан бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттер саны - 90

6)

Барынша талап ететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат

Аудан бойынша барынша талап ететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтің бірі ол «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою». Аталған қызмет электронды түрде көрсетіледі.

2016 жылы қызмет алуға барлығы 1786 отініш түсіп мерзімінде орындалған.

2. КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТІ АЛУШЫЛАРМЕН ЖҰМЫС:

1)

Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер

Көрсетілетін қызметтерді алушыларға мемлекеттік қызметтер көрсету туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер аудан әкімдігінің ресми интернет ресурсында (zhalagash.gov.kz) арнайы бөлім ашылып мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мен қызмет көрсетуші мекемелер жайлы ақпараттар орналастырылған.

Қызмет көрсетуші жергілікті атқарушы органдардың ғимараттарында мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге байланысты стандарттары мен регламенттері ілінген стенділері жасалынған.

2)

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарының жобаларын жария талқылаулар туралы ақпарат

-

3)

Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар)

Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша барлығы 15 түсіндіру іс-шаралар өтті, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша 1 іс-шара (дөңгелек үстел) өтті, БАҚ-та 14 мақала жарияланды.

Осы бағытта мемлекеттік қызмет көрсету процесін жақсарту мақсатында жұмыстар жалғасуда.

3. МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР КӨРСЕТУ ПРОЦЕСТЕРІН ЖЕТІЛДІРУ ЖӨНІНДЕГІ ҚЫЗМЕТ:

1)

Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері

-

2)

Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар

2 мемлекеттік қызметкер мемлекеттік қызметшілер қайта даярлау өңірлік орталығында мемлекеттік қызметтер көрсету тақырыбы бойынша біліктілігін арттыру курсынан өтті.

3)

Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін нормативтік-құқықтық жетілдіру

-

4. МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР КӨРСЕТУ САПАСЫН БАҚЫЛАУ:

1)

Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат (қосымша)

Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша қызмет алушылардан шағымдар болған жоқ

2)

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері

2016 жылдың ІІ, ІІІ және ІV-тоқсанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің мерзім бұзушылықтарын анықтау, жою және оларға жол бермеу мақсатында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнамасының және Қазақстан Республикасының өзге заңнамасының сақталу бойынша ішкі бақылау жүргізілді.

Ішкі бақылау кент, ауылдық округтер әкімі аппараттарымен қоса аудандық сәулет және қала құрылысы, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары және аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және хал актілерін тіркеу, жер қатынастары, білім және ауылшарушылығы бөлімдерінде жүргізілді.

2016 жылдың 12 айында мемлекеттік қызмет көрсету барысында мерзімі кешіктіріліп орындалған – 1 қызмет.

Мерзімі кешіктіріліп орындалған мемлекеттік қызмет аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі арқылы көрсетілген. Мемлекеттік қызметтің атауы «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігін және сапасын арттыруды субсидиялау». Осыған байланысты аудандық ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы С.Нұрымбеттің 2016 жылғы 28 қарашадағы №76 бұйрығымен мемлекеттік көрсетілетін қызметтің мерзімін кешіктірген жауапты маманға ескерту түрінде шара қолданылды.

3)

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган жүргізген мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау нәтижелері

2016 жылы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау жүргізілген жоқ.

5. МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР КӨРСЕТУ САПАСЫНА ҚОҒАМДЫҚ МОНИТОРИНГ НӘТИЖЕЛЕРІ:

2016 жылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қоғамдық мониторинг жүргізілген жоқ.

6. МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР КӨРСЕТУДІҢ ОДАН ӘРІ ТИІМДІЛІГІНІҢ ПЕРЕСПЕКТИВАЛАРЫ ЖӘНЕ САПАСЫНА КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚАНАҒАТТАНУЫН АРТТЫРУ

Мемлекеттік қызметтер көрсетудің одан әрі тиімділігін және көрсетілген қызметтерді алушылардың сапасына қанағаттануын арттыру мақсатында бекітілген мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мен регламенттердің тәртібі шеңберінде тиісті жұмыстар жүргізілуде



Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің 2016 жылдық есебі


Жалағаш ауданы әкімдігіне қарасты мемлекеттік көрсетілетін қызмет беруші жергілікті атқарушы органдар 8 дербес бөлім (аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі, аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі, аудандық білім бөлімі, аудандық ветеринария бөлімі, аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі, аудандық жер қатынастары бөлімі, аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі, аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі) және 1 кент, 14 ауылдық округ әкімі аппараттары.

Мемлекеттік қызметтер көрсету тікелей көрсетілетін қызметті беруші арқылы, сонымен қатар «Е-Лицензиялау» деректер қоры, «Е-Собес», «Әлеуметтік көмек», «АХАЖ ТП» ақпараттық жүйелері және ХҚКО АЫЖ арқылы жүзеге асырылады.

2016 жылы Жалағаш ауданы бойынша барлығы 29063 қызмет көрсетілді.

Оның ішінде, тікелей мемлекеттік органда қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 4702 қызмет;

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді «электрондық үкімет» веб-порталы және (немесе) Мемлекеттік коорпорация арқылы көрсету мүмкіндігі болса да, қағаз түрінде баламалы мемлекеттік органда көрсетілетін қызметтер саны –14249;

Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 7462;

Электрондық түрде «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 2650.

2. Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс

Көрсетілетін қызметтерді алушыларға мемлекеттік қызметтер көрсету туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер аудан әкімдігінің ресми интернет ресурсында (zhalagash.gov.kz) арнайы бөлім ашылып мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мен қызмет көрсетуші мекемелер жайлы ақпараттар орналастырылған.

Қызмет көрсетуші жергілікті атқарушы органдардың ғимараттарында мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге байланысты стандарттары мен регламенттері ілінген стенділері жасалынған.

Мемлекеттік қызметтер көрсетулерге байланысты бұқаралық ақпараттық құралдарда мемлекеттік қызметтер көрсетулер бойынша насихаттау жөнінде тапсырмалар беріліп, 2016 жылға арналған аудан әкімі аппараты басшысымен мемлекеттік қызметтер көрсетулер барысында мерзім бұзушылықты алдын-алу және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын ішкі бақылау іс-шаралары жоспары бекітіліп тиісті жұмыстар атқарылды.

Аудандық жергілікті «Жалағаш жаршысы» газетіне мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жайлы мақалалар тұрақты түрде жарияланып отырды.

Барлығы – 14 шара.

3. Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет


Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында аудандық мемлекеттік көрсететін мекемелерде тұрақты түрде қызметкерлер арасында құқықтық оқулар мен қоса семинар-кеңестер, дөңгелек үстелдер ұйымдастырылып, 2 қызметкер біліктілігін арттыру курсынан өткізілді.

Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі көрсетілетін қызметті алушылардан 2016 жылы шағымдар түскен жоқ.
2016 жылдың ІІ және ІІІ-тоқсанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің мерзім бұзушылықтарын анықтау, жою және оларға жол бермеу мақсатында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнамасының және Қазақстан Республикасының өзге заңнамасының сақталу бойынша ішкі бақылау жүргізілді.

Ішкі бақылау кент, ауылдық округтер әкімі аппараттарымен қоса аудандық сәулет және қала құрылысы, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары және аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және хал актілерін тіркеу, жер қатынастары, білім және ауылшарушылығы бөлімдерінде жүргізілді.

2016 жылдың 12 айында мемлекеттік қызмет көрсету барысында мерзімі кешіктіріліп орындалған – 1 қызмет.

Мерзімі кешіктіріліп орындалған мемлекеттік қызмет аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі арқылы көрсетілген. Мемлекеттік қызметтің атауы «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігін және сапасын арттыруды субсидиялау». Осыған байланысты аудандық ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы С.Нұрымбеттің 2016 жылғы 28 қарашадағы №76 бұйрығымен мемлекеттік көрсетілетін қызметтің мерзімін кешіктірген жауапты маманға ескерту түрінде шара қолданылды.

3) 2016 жылы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау жүргізген жоқ.




Жалағаш ауданы әкімдігіне қарасты жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметтер көрсетулер мәселелері жөніндегі 2015 жылғы есебі



2015 жылы көрсетілетін мемлекеттік мемлекеттік қызметтер саны жалпы саны 29547. Оның ішінде мемлекеттік органда (ведомстволық бағынысты мекемеде) - 22529 қызмет, мемлекеттік органмен (ведомстволық бағынысты мекемемен) халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы – 5928 қызмет, электронды түрде көрсетілген мемлекеттік қызметтер «ЭҮП» арқылы – 1090 қызмет.

Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы хабардарлығын жоғарылату бойынша мемлекеттік органмен (ведомстволық бағыныстағы мекемемен) өткізілген семинар-кеңестердің, «дөңгелек үстелдердің», брифингтердің, конференциялардың және бұқаралық ақпараттарда жарияланған мақалалар саны – 19.

Мемлекеттік қызметтер көрсетулерге байланысты және мемлекеттік қызметтер көрсетулер барысында мерзім бұзушылықты алдын-алу мақсатында аудан әкімі аппараты басшысымен іс-шара бекітіліп, мемлекеттік қызметтер көрсететін мекеме басшыларымен және жауапты мамандары арасында аудан әкімі аппаратының мәжіліс залында 2015 жыл басынан бері жиналыстар өткізілді.

Нәтижесінде, мемлекеттік органмен (ведомстволық бағыныстағы мекемемен), халыққа қызмет көрсету орталықтары және электрондық үкімет порталы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасына келіп түскен шағымдар мен мерзім бұзушылық фактілері анықталған жоқ.





Кіру