Русский Қазақша

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

ІЗДЕУ
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Инфрақұрылым
Қоғам
Мем. қызметтер
Байланыс
Әкім блогы
Анықтама
Сайт картасы Аудан әкімі аппараты
Билік
Құқық
Экономика
Басты бет Мем. қызметтер Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын қоғамдық бағалау нәтижелері

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын қоғамдық бағалау нәтижелері

2016 жылы жүргізілген қоғамдық мониторинг нәтижелері


2016 жылы қоғамдық мониторинг Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы бойынша «Білім» ғылыми-зерттеу институты» ЖШС-мен жүргізілді.
Мониторинг барысында жергілікті атқарушы органдармен (бұдан әрі - ЖАО) көрсетілетін барлығы 17 қызмет түрі қамтылған. Алайда мониторингтің қорытынды талдауында  зерттеу ЖАО-мен көрсетілетін  9 қызмет түрі бойынша жүргізілді делініп, бағалау нәтижесі тиісінше 9 қызмет түрі бойынша белгіленген.

 

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет атауы

Қызметті көрсетуші мемлекеттік органдар

1

Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу

Аудан/қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімдері  

2

Мүгедектерді санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету

Аудан/қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімдері 

3

Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау

Аудан/қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімдері 

4

Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу

Аудан/қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімдері 

5

Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру

Облыстық жер қатынастары басқармасы, аудан/қалалық жер қатынастары бөлімдері

6

Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын субсидиялау

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы, аудан/қалалық ауыл шаруашылығы бөлімдері

7

Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы

Аудан/қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімдері

8

Әкелікті анықтауды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу

Қалалық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі, аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімдері

9

Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру

Аудан/қалалық  сәулет және қала құрылысы бөлімдері


Мониторингтік зерттеуге Қызылорда облысының 4,9% тұрғыны қатысқан. 

Қоғамдық мониторинг жүргізуде қолданылған негізгі әдістер:
-кабинеттік зерттеулер;
-жалпылама сауалнама;
-құпия сатып алушы;
-тереңдетілген сұхбат.
Көрсетілетін қызметті берушілермен көрсетілген қызметтер сапасын, қолжетімділігін және көрсету рәсімдерін бағалау 5 баллдық шкаламен есептелген.  Анкета (сауалнама) 46 сауалдан құрастырылған.  
Сауалнама негізінен көп жағдайларда (55,2%) мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік органдар мен «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясынан «шығып жатқан» жерлерде жүргізілген болса, 43% - ЖАО-мен ұсынылған көрсетілетін қызметті алушылардың тізіміне сәйкес немесе телефон арқылы жүргізілген. Қызмет алушылардың 1,8%-ына сауалнаманы олардың жұмыс орындары – коммерциялық және үкіметтік емес ұйымдарда жүргізген.
Мониторинг барысында  бағалаудың келесі  критерийлері, атап айтқанда қызмет алушылардың:  
-мемлекеттік  қызметтің көрсетілу сапасымен;
-мемлекеттік қызметтің көрсетілу нәтижесімен;
-қызмет көрсетуші мемлекеттік органдар қызметкерлерінің байланыс орнату қабілетімен;
-қызметкерлердің ізеттілігі мен кәсіби этикасымен;
-мемлекеттік қызметтер бойынша ақпараттың ашықтығы пен қолжетімділігімен;
-алған ақпараттың ашықтығы мен шынайылығымен; 
-көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік органдар ғимаратының орналасқан жері мен қолжетімділігімен; 
-құжаттарды жинақтау және ұсыну процесінің қарапайымдылығы мен анықтығымен;
-мемлекеттік қызметтің көрсетілу мерзімімен;
-мемлекеттік қызметке төленетін ақы көлемімен;
-мемлекеттік қызметке ақы төлеу әдісімен қанағаттану деңгейі зерттелген. 
Қоғамдық мониторинг нәтижесімен Қызылорда облысы 8,9 баллмен (89 %) жергілікті атқарушы органдардың ішінде 4-ші орынға ие болды (ӨДБ бойынша 2016 жылға жоспар - 82%). 
Өткен жылдары өткізілген қоғамдық мониторингтерден 2016 жылы жүргізілген мониторинг ЖАО-мен көрсетілетін қызметтер санының қамтылу бөлігімен, сондай-ақ, жүргізілген талдаулардың тереңдігімен ерекшеленеді. 

Мониторингтің қорытынды талдауында көрсетілетін қызметті алушылардың тұрғылықты жерлерін көрсетіле отырып, пікір/ұсыныстары келтірілген. Мемлекеттік қызметтердің көрсетілу процесстерін жетілдіру мақсатында әр қызмет түрі бойынша нақты қорытындылар келтіріліп, түрлі ұсыныстар берілген.

 



МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР КӨРСЕТУ САПАСЫНЫҢ

ҚОҒАМДЫҚ МОНИТОРИНГІНІҢ НӘТИЖЕЛЕРІ

Талдамалық есеп


Қазіргі кезде мемлекеттік қызметтер көрсету саласы сандық және сапалық сипаттамаларды өзгертуге бағытталған қарқынды реформалау кезеңін бастан кешіруде. Мәселен, алғаш рет «мемлекеттік көрсетілетін қызмет» ұғымы заңнамалық деңгейде айқындалды, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімі, оларды көрсету стандарттары мен регламенттері бекітіліп, кеңейтілуде, ХҚКО мен электрондық портал арқылы мемлекеттік қызметтер көрсету басталды, Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын формальды көрсеткіштер бойынша бағалау әдістемесі әзірленді. 

Мониторингтің негізгі міндеттері:

· Қазақстан Республикасында мемлекеттік органдар көрсетілетін қызметтерді алушылар үшін салалық бағыттар бойынша көрсететін мемлекеттік қызметтердің сапасы, қол жетімділігі мен оларды көрсету тәртібі  туралы ақпарат алу;

· мемлекеттік органдар мен өңірлерді қоғамдық мониторинг жүргізу қорытындысы бойынша алынған баллдар негізінде мемлекеттік қызметтер көрсету сапасы бойынша салыстыру;

· мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде, оның ішінде қазіргі әкімшілік тосқауылдарды анықтай отырып, проблемалық мәселелерді анықтау;

мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін, оның ішінде оларды оңайлату, оңтайландыру, тұжырымдау және жіктеу бойынша  жақсарту  үшін ұсынымдар беру.



МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР КӨРСЕТУ САПАСЫНЫҢ

ҚОҒАМДЫҚ МОНИТОРИНГІНІҢ НӘТИЖЕЛЕРІ

Жүктеу...3.44 Мб

 

 

Кіру