Русский Қазақша

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

ІЗДЕУ
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Инфрақұрылым
Қоғам
Мем. қызметтер
Байланыс
Әкім блогы
Анықтама
Сайт картасы Аудан әкімі аппараты
Билік
Құқық
Экономика
Басты бет Қоғам Әлеуметтік қорғау

Әлеуметтік қорғау

Мүгедек - балаларды тәрбиелеуші ата-аналарға

психологиялық көмек және кеңес беру үшін онлайн

 қолдау қызметін ұйымдастыру туралы

            2015 жылдың 1 маусымынан Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық» РМҚК және Қазақстан-Ресей медициналық университетінің (бұдан әрі-ҚРМУ) қолдауымен мүгедек-балаларды тәрбиелеуші ата-аналарға онлайн қолдау бойынша жобасы жүзеге  асырылды.

Онлайн-қолдау қызметінің негізгі міндеттері:

            1) мүгедек балаларды тәрбиелейтін ата-аналарға (заңды өкілдерге) психологиялық мәселелерді шешуде кеңестік көмек көрсету;

            2) мүгедек балаларды тәрбиелейтін отбасыларды және мүгедек балаларды мемлекеттік қолдау шаралары туралы ата-аналардың ақпараттылығының деңгейін жоғарлату болып табылады.

            Қызметтің жұмысы «SKYPE» бағдарламалық қамтамасыз ету арқылы интернет-ресурстың мүмкіндіктерін пайдалана ұйымдастырылған.

            Психологиялық кеңес алу үшін 1411 қысқа номеріне қоңырау шалу керек, баланың ЖСН атап, оператордың нұсқаулары бойынша әрекет етіп, кеңес алудың ыңғайлы уақытын брондау. Қызмет «Skype» арқылы тегін көрсетіледі, сондықтан интернетке кіру және берілген бағдарламаның бар болуы қажет. Университет кеңесшілерімен байланысу үшін келесі мекенжайды теру қажет krmu1411.

            Ғаламторға кіру мүмкіндігі жоқ мүгедек балаларды тәрбиелейтін ата-аналар  үшін «Жалағаш аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» КММ мүгедектермен және ардагерлермен жұмыс секторында құлаққаппен жабдықталған, ғаламтор желісіне қосылған компьютер орнатылған.

            Онлайн-психологиялық қолдау көрсету Қазақстан-Ресей медициналық университетінің мамандардың кеңесімен іске асырылады.

            Толық ақпаратты 1411 телефоны бойынша алуға болады. Сіз, қалалық және ұялы телефон арқылы қоңырау шала аласыз. Қоңырау шалу-тегін.

Онлайн-психологиялық кеңес алу үшін;

            - Интернетке қосылған компьютер;

            - Веб-камера;

            - Компьютерге қосылған микрофоны бар құлаққаптар немесе динамиктер;

            - Бейнелі Skype арқылы алмасу бағдарламасы болу тиіс.

           - Қосылу Skype(скайп атауы) адресі;

Жалағаш аудандық жұмыспен қамту,  әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі бойынша 2017 жылдың

ІІІ тоқсанына атқарылған жұмыстары  туралы. 

2017 жылы аудан бюджетінен 386948,6 мың теңге, оның ішінде жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі бойынша 259010,6 мың теңге, жұмыспен қамту орталығы бойынша  127938,0 мың теңге қаржы қаралды, 2017 жылдың 1 қазанына 282342,3  мың теңгеге игерілді  немесе 99,38%.

ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК

Атаулы әлеуметтік көмек: 2017 жылға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге жергілікті бюджеттен 2200,0 мың теңге қаражат қаралған. Есепті кезеңге 3 отбасының 16 мүшесіне 405,8 мың теңге атаулы әлеуметтік көмек төленді. Өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда көмек алушылардың саны 11 отбасыға азайған.

Тұрғын үй көмегі:  Жергілікті бюджеттен тұрғын үй көмегін көрсетуге 3200,0 мың теңге қаржы қаралды. Есепті кезеңге 67 отбасының 303 мүшесіне тұрғын үй көмегі тағайындалып 1753,7 мың теңге төленді. Өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда көмек алушылардың саны 1 отбасына азайған.

18 жасқа дейінгі балаларға арналған жәрдемақысы: 2017 жылға бюджеттен 18 жасқа дейінгі балаларға жәрдемақы төлеуге 42525,0 мың теңге қаралған.  Есепті кезеңге 589 отбасының 2043 балаға 31945,1 мың. теңгеге балалар жәрдемақысы төленді.

«Өрлеу» пилоттық жобасы

2017 жылға «Өрлеу» шартты ақшалай көмекке жергілікті бюджеттен 2000,0 мың теңге, республикалық бюджеттен 4846,0 мың теңге қаржы қаралған. 1 қазанға «Өрлеу» жобасына 31 отбасы (200 мүшесі) тартылды, олардың 29-ы тұрақты жұмысқа, 4-уі қоғамдық жұмысқа орналастырылды. Жергілікті бюджеттен 1 қазанға 1616,6 мың теңге тағайындалды, 1200,0 мың теңге төленді. Республикалық бюджеттен 3997,2 мың теңге тағайындалып, 2686,2 мың теңге төленді.

Жергілікті өкілетті органдардың шешімімен берілетін әлеуметтік көмектер: 2017 жылдың 1 қазанға жекелеген санаттағы әлеуметтік қолдауды қажет ететін 1287 адамға 47485,4  мың теңге әлеуметтік төлемдер төленді, оның ішінде:

- үйде тәрбиеленіп оқытылатын 55 мүгедек балаға 1815,0 мың.теңге;

-мамандандырылған туберкулезге қарсы медициналық ұйымнан шығарылған, туберкулезбен емделудің сүйемелдеу сатысындағы 60 адамға қосымша тамақтануға 5081,9 мың теңге әлеуметтік көмек төленді.

- Қазақстан Республикасының білім беру мекемелерінде, өңірге қажет мамандықтар бойынша аз қамтылған (нысаналы) отбасылардан шыққан 30 студентке білім беру қызметіне 14877,5 мың теңге әлеуметтік көмек төленді.

- Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алу бойынша әлеуметтік көмек 2017 жылдың 1 қазанына 881 маманға 7995,9 мың теңге тағайындалып,  төленді.

- ҚР-ның «Отан», «Даңқ», ордендерімен марапатталған, «Халық қаһарманы» және ҚР-ның тағы басқа құрметті атағына ие болған 3 азаматқа  155,2 мың теңге;

- Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне, ҰОС-ында қаза тапқан жауынгерлердің екінші рет некеге отырмаған жесірлеріне және ҰОС жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға, ҰОС жылдары 6 айдан кем емес жұмыс істеген адамдарға, барлығы 201 адамға 13863,6 мың теңге;

- Ауған соғысына және Чернобыль АЭС-де болған апат салдарын жоюға қатысушылар мен мүгедектеріне 29 адамға 1974,1 мың теңге;

- саяси қуғын-сүргін құрбандарына, мүгедек болып қалған немесе зейнеткер болып табылатын саяси қуғын-сүргіннен зардап шеккен 3 адамға 20,4 мың теңге;

- Кеңес армиясының мүгедектері, Семей ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен 25 адамға 1701,8 мың теңге;

МҮГЕДЕКТЕР МЕН МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ АДАМДАРДЫҢ ӨМІР САПАСЫН ЖАҚСАРТУ

2017 жылғы 1 қазанға мүгедектер саны 1038, оның ішінде І-топ 90, ІІ-топ 321, ІІІ-топ 432, 18 жасқа дейінгі мүгедек бала 195.

2017 жылғы 1 қазанға мүгедектерді оңалтудан өткізу мақсатында 565 жеке оңалту бағдарламасы даярланып, 296 ЖОБ орындалды немесе 52,4%. Сондай-ақ, өткен жылдардың ауыспалы ЖОБ қоса есептегенде 652 ЖОБ орындалды.

2017 жылғы 1 қазанға 50 мүгедек санаторлы-курорттық емдеу жолдамасымен, 52 мүгедек таяқпен, 5 мүгедек балдақпен, 6 мүгедек жетек арбамен, 34 мүгедек кресло арбамен, 7 мүгедек сурдотехникалық құралдармен, 34 мүгедек тифлотехникалық құралдармен, 199 мүгедек міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етілді. Сондай-ақ, есту кемістігі бар 4 мүгедекке 2 ымдау тілі маманы, жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы 77 мүгедекке 72 жеке көмекші қызмет көрсетуде.

Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012 – 2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының үшінші кезеңіне (2016 – 2018 жылдар) сәйкес 2020 жылға дейін бейімдеу жоспарланған 69 объектіден, 2017 жылдың 1 қазанға 66 объектіге бейімдеу жұмыстары жүргізілді. 2017 жылы Қаракеткен ауылы емханасы, Аламесек ауылы емханасы, 2018 жылы Мәдениет ауылы ауруханасы бейімделуден өткізілуге тиіс.

Облыстық мүгедектерді оңалту орталығына баруға өтініш білдіргендерден  2017 жылдың 1 қазанға 46 адам жолдамамен жіберілді. (25-і мүгедек, 18-і зейнеткер). Сонымен қатар №1 және №2 Қызылорда қаласындағы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығына барлығы 4 адам орналастырылды. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету балалар орталығына 2 бала жолданды.

Аудан бойынша 2017 жылдың 1 қазанға 97 мүмкіндігі шектеулі адамдарға, оның ішінде 18 жасқа дейінгі 65  балаға үйден әлеуметтік қызмет көрсетілді.

1 наурыз – Алғыс айту күнін ауданда мерекелеудің  іс-шаралар жоспарына  сәйкес  әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған мүгедек,  жалғызбасты, сондай-ақ мүгедек бала тәрбиелеп отырған отбасыларына  қайырымдылық  шарасы ұйымдастырылып, 14 отбасына 140,0 мың теңге  көлемінде азық-түліктей көмек көрсетілді.

 7  наурызда  мүгедек, жалғызбасты, көп балалы  7 анаға аудандық мешітте 35,0 мың теңге көлемінде  азық- түліктей көмек көрсетілді.

16 наурызда «Наурыз шапағаты» қайырымдылық күні ұйымдастырылып,  71 отбасына  мекеме  мен  кәсіпорындар  тарапынан  570,0 мың теңге  көлемінде азық-түліктей  көмек көрсетілді.

22 наурыз күні   жалғыз басты қарттар,  мүгедектер және аз камтылған, көп балалы отбасыларға дастархан жайылды.

Маусым айында Нұр Отан партиясының «Бақытты Отбасы-Бақытты балалық шақ» партиялық жобасы аясында «Нұр Отан - балаларға» акциясына байланысты мүмкіндігі шектеулі 25 балаға бастауыш партия ұйымдары атынан сыйлықтар берілді.

Рамазан айында тұрмысы ауыр, көп балалы, мүгедек, жалғызілікті отбасыларына қолдау көрсету мақсатында қайырымдылық акциясы ұйымдастырылып, аудан бойынша 70 отбасына азық-түліктей көмек көрсетілді.

2017 жылдың 1 қыркүйегінде барша мұсылманның Құрбан айт мерекесі аясында, аудандағы көмекке мұқтаж халықтың  әлжуаз топтарына, аз қамтамсыз етілген көп балалы  отбасыларына,  жалғызбасты қарттарға  мешітте қайырымдылық шара өткізіліп 2 бас сиыр, 20 бас қой сойылып, 124 отбасына 900,0 мың теңгеге  көмек көрсетілді.

2017 жылдың 21 қыркүйегінде «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының ұйымдастыруымен «Кедергісіз келешек» партиялық жоба аясында мүмкіндігі шектеулі балалар арасында спорттық сайыс өтті. Сайыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен қатысушылар «Алғыс хаттармен» марапатталды.

Жалағаш аудандық жұмыспен қамту,  әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі бойынша 2017 жылдың

ІІ тоқсанына атқарылған жұмыстары  туралы. 

2017 жылы аудан бюджетінен 383575,0 мың теңге, оның ішінде жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі бойынша 255637,0 мың теңге, жұмыспен қамту орталығы бойынша  127938,0 мың теңге қаржы қаралды, 2017 жылдың 1 шілдесіне 175624,8  мың теңгеге игерілді (болжам 175937,0 мың теңге) немесе 99,80%.

ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК

Әлеуметтік көмек. Аудан бойынша 2017 жылдың 1 шілдеге аз қамтамасыз етілген 621 отбасының 2235 мүшесіне 24164,2 мың. теңгеге әлеуметтік көмектер және балаларға арналған жәрдемақы төленді.

Атаулы әлеуметтік көмек: 2017 жылға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге жергілікті бюджеттен 2200,0 мың теңге қаражат қаралған. Есепті кезеңге 2 отбасының 13 мүшесіне 257,8 мың теңге атаулы әлеуметтік көмек төленді. Өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда көмек алушылардың саны 9 отбасыға азайған.

Тұрғын үй көмегі:  Жергілікті бюджеттен тұрғын үй көмегін көрсетуге 3200,0 мың теңге қаржы қаралды. Есепті кезеңге 67 отбасының 303 мүшесіне тұрғын үй көмегі тағайындалып 1753,7 мың теңге төленді. Өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда көмек алушылардың саны 1 отбасына азайған.

18 жасқа дейінгі балаларға арналған жәрдемақысы: 2017 жылға бюджеттен 18 жасқа дейінгі балаларға жәрдемақы төлеуге 42525,0 мың теңге қаралған.  Есепті кезеңге 552 отбасының 1919 балаға 22152,7 мың. теңгеге балалар жәрдемақысы төленді.

«Өрлеу» пилоттық жобасы

2017 жылға «Өрлеу» шартты ақшалай көмекке жергілікті бюджеттен 2000,0 мың теңге, республикалық бюджеттен 4846,0 мың теңге қаржы қаралған. 1 шілдеге «Өрлеу» жобасына 16 отбасы (107 мүшесі) тартылды, олардың 15-і тұрақты жұмысқа, 3-уі қоғамдық жұмысқа орналастырылды. Жергілікті бюджеттен 1 шілдеге 730,0 мың теңге тағайындалды, 600,0 мың теңге төленді. Республикалық бюджеттен 2459,5 мың теңге тағайындалып, 1686,2 мың теңге төленді.

Жергілікті өкілетті органдардың шешімімен берілетін әлеуметтік көмектер: 2017 жылдың 1 шілдеге жекелеген санаттағы әлеуметтік қолдауды қажет ететін 351 адамға 22259,4  мың теңге әлеуметтік төлемдер төленді, оның ішінде:

- үйде тәрбиеленіп оқытылатын 48 мүгедек балаға 1487,2 мың.теңге;

-мамандандырылған туберкулезге қарсы медициналық ұйымнан шығарылған, туберкулезбен емделудің сүйемелдеу сатысындағы 42 адамға қосымша тамақтануға 3057,1 мың теңге әлеуметтік көмек төленді.

- ҚР-ның «Отан», «Даңқ», ордендерімен марапатталған, «Халық қаһарманы» және ҚР-ның тағы басқа құрметті атағына ие болған 3 азаматқа  155,2 мың теңге;

- Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне, ҰОС-ында қаза тапқан жауынгерлердің екінші рет некеге отырмаған жесірлеріне және ҰОС жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға, ҰОС жылдары 6 айдан кем емес жұмыс істеген адамдарға, барлығы 201 адамға 13863,6 мың теңге;

- Ауған соғысына және Чернобыль АЭС-де болған апат салдарын жоюға қатысушылар мен мүгедектеріне 29 адамға 1974,1 мың теңге;

- саяси қуғын-сүргін құрбандарына, мүгедек болып қалған немесе зейнеткер болып табылатын саяси қуғын-сүргіннен зардап шеккен 3 адамға 20,4 мың теңге;

- Кеңес армиясының мүгедектері, Семей ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен 25 адамға 1701,8 мың теңге;

МҮГЕДЕКТЕР МЕН МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ АДАМДАРДЫҢ ӨМІР САПАСЫН ЖАҚСАРТУ

2017 жылғы 1 шілдеге мүгедектер саны 1083, оның ішінде І-топ 90, ІІ-топ 329, ІІІ-топ 443, 16 жасқа дейінгі мүгедек бала 221.

2017 жылғы 1 шілдеге мүгедектерді оңалтудан өткізу мақсатында 313 жеке оңалту бағдарламасы даярланып, 165 ЖОБ орындалды немесе 52,7%. Сондай-ақ, өткен жылдардың ауыспалы ЖОБ қоса есептегенде 524 ЖОБ орындалды.

2017 жылғы 1 шілдеге 37 мүгедек таяқпен, 3 мүгедек балдақпен, 5 мүгедек жетек арбамен, 11 мүгедек кресло арбамен, 7 мүгедек сурдотехникалық құралдармен, 25 мүгедек тифлотехникалық құралдармен, 197 мүгедек міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етілді. Сондай-ақ, есту кемістігі бар 5 мүгедекке 2 ымдау тілі маманы, жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы 78 мүгедекке 74 жеке көмекші қызмет көрсетуде.

Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012 – 2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының үшінші кезеңіне (2016 – 2018 жылдар) сәйкес 2020 жылға дейін бейімдеу жоспарланған 69 объектіден, 2017 жылдың 1 шілдесіне 66 объектіге бейімдеу жұмыстары жүргізілді. 2017 жылы Қаракеткен ауылы емханасы, Аламесек ауылы емханасы, 2018 жылы Мәдениет ауылы ауруханасы бейімделуден өткізілуге тиіс.

Облыстық мүгедектерді оңалту орталығына баруға өтініш білдіргендерден  2017 жылдың 1 шілдесіне 29 адам жолдамамен жіберілді. (17-і мүгедек, 12-і зейнеткер). Сонымен қатар №1 және №2 Қызылорда қаласындағы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығына барлығы 4 адам орналастырылды. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету балалар орталығына 2 бала жолданды.

Аудан бойынша 2017 жылдың 1 шілдеге 102 мүмкіндігі шектеулі адамдарға, оның ішінде 18 жасқа дейінгі 70  балаға үйден әлеуметтік қызмет көрсетілді.

1 наурыз – Алғыс айту күнін ауданда мерекелеудің  іс-шаралар жоспарына  сәйкес  әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған мүгедек,  жалғызбасты, сондай-ақ мүгедек бала тәрбиелеп отырған отбасыларына  қайырымдылық  шарасы ұйымдастырылып, 14 отбасына 140,0 мың теңге  көлемінде азық-түліктей көмек көрсетілді.

 7  наурызда  мүгедек, жалғызбасты, көп балалы  7 анаға аудандық мешітте 35,0 мың теңге көлемінде  азық- түліктей көмек көрсетілді.

16 наурызда «Наурыз шапағаты» қайырымдылық күні ұйымдастырылып,  71 отбасына  мекеме  мен  кәсіпорындар  тарапынан  570,0 мың теңге  көлемінде азық-түліктей  көмек көрсетілді.

22 наурыз күні   жалғыз басты қарттар,  мүгедектер және аз камтылған, көп балалы отбасыларға дастархан жайылды.

Маусым айында Нұр Отан партиясының «Бақытты Отбасы-Бақытты балалық шақ» партиялық жобасы аясында «Нұр Отан - балаларға» акциясына байланысты мүмкіндігі шектеулі 25 балаға бастауыш партия ұйымдары атынан сыйлықтар берілді.

Рамазан айында тұрмысы ауыр, көп балалы, мүгедек, жалғызілікті отбасыларына қолдау көрсету мақсатында қайырымдылық акциясы ұйымдастырылып, аудан бойынша 70 отбасына азық-түліктей көмек көрсетілді.

Жалағаш аудандық жұмыспен қамту,  әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі бойынша 2017 жылдың

І тоқсанына атқарылған жұмыстары  туралы.

2017 жылы аудан бюджетінен 390134,0 мың теңге, оның ішінде жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі бойынша 262196,0 мың теңге, жұмыспен қамту орталығы бойынша  127938,0 мың теңге қаржы қаралды, 2017 жылдың 1сәуірге  72661,0  мың теңгеге игерілді (болжам 86504,0 мың теңге) немесе 84%.

ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК

Әлеуметтік көмек. Аудан бойынша 2017 жылдың 1 тоқсанына аз қамтамасыз етілген 498 отбасының 1797 мүшесіне 12366,5 мың. теңгеге әлеуметтік көмектер және балаларға арналған жәрдемақы төленді.

Атаулы әлеуметтік көмек: 2017 жылға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге жергілікті бюджеттен 2200,0 мың теңге қаражат қаралған. Есепті кезеңге 2 отбасының 13 мүшесіне 157,3 мың теңге атаулы әлеуметтік көмек төленді. Өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда көмек алушылардың саны 9 отбасыға азайған.

Тұрғын үй көмегі:  Жергілікті бюджеттен тұрғын үй көмегін көрсетуге 3200,0 мың теңге қаржы қаралды. Есепті кезеңге 67 отбасының 303 мүшесіне тұрғын үй көмегі тағайындалып 1753,7 мың теңге төленді. Өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда көмек алушылардың саны 1 отбасына азайған.

18 жасқа дейінгі балаларға арналған жәрдемақысы: 2017 жылға бюджеттен 18 жасқа дейінгі балаларға жәрдемақы төлеуге 42525,0 мың теңге қаралған.  Есепті кезеңге 429 1481 балаға 10455,5 мың. теңгеге балалар жәрдемақысы төленді.

«Өрлеу» пилоттық жобасы

2017 жылға «Өрлеу» шартты ақшалай көмекке жергілікті бюджеттен 2000,0 мың теңге, республикалық бюджеттен 4846,0 мың теңге қаржы қаралған. 1 сәуірге «Өрлеу» жобасына 13 отбасы (84 мүшесі) тартылды, олардың 12-і тұрақты жұмысқа, 2-уі қоғамдық жұмысқа орналастырылды. Жергілікті бюджеттен 1 сәуірге 503,3 мың теңге тағайындалды, төлем сәуір айында жүргізіледі. Республикалық бюджеттен 1895,0 мың теңге тағайындалып, 1327,2 мың теңге төленді.

Жергілікті өкілетті органдардың шешімімен берілетін әлеуметтік көмектер: 2017 жылдың 1 сәуіріне жекелеген санаттағы әлеуметтік қолдауды қажет ететін 78 адамға 2498,1 мың теңге әлеуметтік төлемдер төленді, оның ішінде:

- үйде тәрбиеленіп оқытылатын 47 мүгедек балаға 932,5 мың.теңге;

-мамандандырылған туберкулезге қарсы медициналық ұйымнан шығарылған, туберкулезбен емделудің сүйемелдеу сатысындағы 31 адамға қосымша тамақтануға 1565,6 мың теңге әлеуметтік көмек төленді.

МҮГЕДЕКТЕР МЕН МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ АДАМДАРДЫҢ ӨМІР САПАСЫН ЖАҚСАРТУ

 2017 жылғы 1 сәуірге мүгедектер саны 1083, оның ішінде І-топ 90, ІІ-топ 329, ІІІ-топ 443, 16 жасқа дейінгі мүгедек бала 221.

2017 жылғы 1 сәуірге мүгедектерді оңалтудан өткізу мақсатында 182 жеке оңалту бағдарламасы даярланып, 67 ЖОБ орындалды немесе 36,8 %. Сондай-ақ, өткен жылдардың ауыспалы ЖОБ қоса есептегенде 423 ЖОБ орындалды.

2017 жылғы 1 сәуірге 8 мүгедек таяқпен, 1 мүгедек балдақпен, 5 мүгедек кресло арбамен, 8 мүгедек тифлотехникалық құралдармен, 190 мүгедек міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етілді. Сондай-ақ, есту кемістігі бар 6 мүгедекке 2 ымдау тілі маманы, жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы 83 мүгедекке 75 жеке көмекші қызмет көрсетуде.

Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012 – 2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының үшінші кезеңіне (2016 – 2018 жылдар) сәйкес 2020 жылға дейін бейімдеу жоспарланған 69 объектіден, 2016 жылы 66 объектіге бейімдеу жұмыстары жүргізілді. 2017 жылы Қаракеткен ауылы емханасы, Аламесек ауылы емханасы, 2018 жылы Мәдениет ауылы ауруханасы бейімделуден өткізілуге тиіс.

Облыстық мүгедектерді оңалту орталығына баруға өтініш білдіргендерден  2017 жылдың 1 сәуіріне 14 адам жолдамамен жіберілді. (7-уі мүгедек, 7-уі зейнеткер). Сонымен қатар №1 және №2 Қызылорда қаласындағы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығына барлығы 4 адам орналастырылды. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету балалар орталығына 1 бала жолданды.

Аудан бойынша 2017 жылдың 1 сәуіріне 101 мүмкіндігі шектеулі адамдарға, оның ішінде 18 жасқа дейінгі 69  балаға үйден әлеуметтік қызмет көрсетілді.

Кіру