Русский Қазақша

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

ІЗДЕУ
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Инфрақұрылым
Қоғам
Мем. қызметтер
Байланыс
Әкім блогы
Анықтама
Сайт картасы Аудан әкімі аппараты
Аудан
Билік
Экономика
Басты бет Қоғам Әлеуметтік қорғау Әлеуметтік жобалар, конкурстар

Әлеуметтік жобалар, конкурстар


1. Осы Ереже «Қазақстанның үздік әлеуметтік жобалары» байқауын өткізу тәртібін айқындайды.

2 тіркелген файл


2018 жылғы «Қазақстанның үздік әлеуметтік жобалары» байқауын ұйымдастыру бойынша ролик келесі сілтеме бойынша қолжетімді: https://youtu.be/0c_hUzIdT_0

Қатысуға байланысты сұрақтар бойынша Жалағаш аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөліміне хабарласуға болады. Тел. 31-3-39.




2018-05-29

«Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсы


Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы №523 Жарлығымен бекітілген Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі "Парыз" конкурсы туралы, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Министр М.Әбілқасымованың «Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсын 2018 жылы ұйымдастыру және өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» 2018 жылғы 4 мамырдағы №166 бұйрығынмен бекітілген Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсын 2018 жылы ұйымдастыру және өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі "Парыз" конкурсын 2018 жылы  ұйымдастыру басталғанын хабарлайды.

«Парыз» конкурсын өткізу ережелерінің 1-тармағына сәйкес конкурсқа жеке кәсіпкерлік субъектілер қатыса алады.

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы Кәсіпкерлік кодексінің 23 бабына сәйкес кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын азаматтар, оралмандар және мемлекеттік емес коммерциялық заңды тұлғалар жеке кәсіпкерлік субъектілері болып табылады.

Конкурсты өткізудің мақсаттары:

1) жеке кәсіпкерлік субъектілерін өз қызметкерлері үшін, сол секілді тұтас алғанда қоғам үшін де әлеуметтік мәселелерді шешуге ынталандыру;

2) осы саладағы қолда бар оң тәжірибені көрсету және кеңінен тарату.

Конкурсқа қатысуға:

1) қызметін кемінде үш жыл жүзеге асыратын;

2) таратылу сатысында тұрмаған, банкрот деп танылмаған;

3) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының жойылмаған бұзушылықтары, оның ішінде қызметкерлерге жалақы және басқа да төлемдер бойынша мерзімі өткен берешегі жоқ;

4) қызметкерлермен ұжымдық еңбек даулары жоқ;

5) Қазақстан Республикасының аумағында саяси, кәсіподақ және діни ұйымдарды қолдауға бағытталуға тиіс емес әлеуметтік және қайырымдылық қызметті жүзеге асыратын;

6) конкурсқа қатысуға өтінімінде дәйекті мәліметтерді көрсеткен, сондай-ақ құжаттарды толық көлемде ұсынған үміткерлер жіберіледі.

Конкурсқа қатысу үшін үміткерлер жергілікті атқарушы органдарға материалдарды екі данада жолдайды, оларда:

1) осы ережелерге қосымшаға сәйкес толтырылған өтінім;

2) үміткерлердің өз қызметінің деңгейін өзін-өзі бағалауын және корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігі бойынша нақты нәтижелерін білдіретін есебі болады;

Үміткердің есебінде:

Заңды тұлғаның немесе жеке тұлғаның тарихы;

Ұйымдық құрылымы; өзге де қосымша ақпарат;

3) есепке қосымша (ұжымдық шарттың көшірмесі және өзге де құжаттар);

4) Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі белгіленген және оның интернет-ресурсында орналастырылған нысанда толтырылған сауалнама болуы тиіс.

         Комиссия ұсынылған материалдардың негізінде жеңімпаздарды анықтайды және мынадай номинациялар бойынша конкурстың лауреаттары атақтарын беру туралы шешім қабылдайды.

         1) "Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын".

       Бұл номинацияда өз персоналын қолдауға бағытталған (еңбекақыны және әлеуметтік төлемдерді ұйымдастыру, еңбекті қорғауды ұйымдастыру, кадрларды кәсіби даярлау мен қайта даярлау жүйесін ұйымдастыру және тағы басқалар) әлеуметтік бағдарламаларды іске асыратын үміткерлердің қызметі қаралады;

         2) "Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын".

        Бұл номинацияда еңбек қызметі процесінде қызметкерлердің денсаулығын сақтауға мүмкіндік беретін еңбек жағдайларын жасайтын үміткерлердің қызметі қаралады.

        3) "Үздік ұжымдық шарт".

      Бұл номинацияда Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қызметкерлердің еңбек және әлеуметтік құқықтарын едәуір жақсартатын және нығайтатын ұжымдық шарттар қаралады.

         4)  "Экологияға қосқан үлесі үшін".

         Бұл номинацияда қоршаған орта жағдайын жақсартуға бағытталған табиғатты қорғау (экологиялық) бағдарламаларын іске асыруда ерекше көзге түскен үміткерлердің қызметі қаралады.

       Конкурс жөнінде ақпарат алуға ауданның жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөліміне байланыс телефоны  (31-3-39)  хабарласуға болады.



Қазақстан Республикасы
Президентінің
2008 жылғы 23 қаңтардағы
№ 523 Жарлығымен
бекітілген Бизнестің әлеуметтік
жауапкершілігі жөніндегі
«Парыз» конкурсын өткізу
ережелеріне
қосымша

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі
«Парыз» конкурсына қатысушының
өтінімі
Тіркеу нөмірі ____________

1. Заңды (жеке) тұлғаның атауы ______________________________________
Тіркеу орны бойынша мекенжайы _______________________________________
Орналасу орны бойынша мекенжайы _____________________________________
2. Ұйымның басшысы __________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты)
3. Байланыс телефондары (телефондары, электрондық пошта мекенжайы
және факс нөмірі) ___________________________________________________
4. Құжаттар ұсынылған номинация (астын сызыңыз):
Жылдың үздік әлеуметтік жобасы;
Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын;
Үздік ұжымдық шарт;
Экологияға қосқан үлесі үшін.
5. Ірі, орта, шағын кәсіпкерлік субъектісі (астын сызыңыз)
6. Сала _______________________________________________________
7. Қызметкерлерінің саны ______________________________________
8. Заңды (жеке) тұлғаның қызметі туралы қысқаша сипаттама (немен
айналысады) ______________________________________________________
9. Заңды (жеке) тұлғаның алған наградалары __________________________

10. Өтінімге сауалнама тіркелген және қосымша _______ парақта
11. Ұсынған материалдар мен көрсеткіштер дұрыс

Қолы
Мөрі
Күні






«Қазақстанда іске асырылатын үздік әлеуметтік жобалар» бойынша іріктеуді өткізу туралы

 

Жалағаш ауданында әлеуметтік жобаларды іріктеу 2018 жылдың наурыз айынан бастап маусым айы аралығындағы кезеңінде жүргізіледі.

Әлеуметтік жобалардың авторлары қызметі халықтың әлеуметтік осал топтарының, оның ішінде өмірлік қиын жағдайға тап болған мүмкіндіктері шектеулі адамдардың өмір сүру деңгейін көтеруге бағытталған қоғамдық бірлестіктер, мүгедектер ұйымдары, өзге де мекемелер және ведомстволар, жеке тұлғалар және басқа да үкіметтік емес ұйымдар бола алады (бұдан әрі – Қатысушылар).

 Көрмеге қатысуға ұсынылатын материалдарға қойылатын талаптар:

1) ұсынылған құжаттарды, презентация материалдарын ресімдеудің сапасы;

2) жобалардың слайдтар, роликтер түріндегі презентациялау ұзақтығы 3-5 минут болатын презентациялық материалдарын құрастыру;

3) өткен жылғы республикалық Көрмеге ұсынылған жобалар қайталап қаралмайды.

 Іріктеу турына қатысуға өтінім қосымшадағы нысан бойынша (№1 қосымша) өңірлік деңгейде өткізілетін іріктеу турының басталған уақытынан бастап ұсыныла  алады.

Комиссия іріктеп алған жобалар материалдары ағымдағы жылдың шілде айыда ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне республикалық Көрмеге жолданады.

 Ұйымдастыру жұмыстарын жүргізу кезінде туындаған барлық сұрақтар бойынша Жалағаш аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөліміне көрсетілген телефон бойынша 31-3-39 немесе zhalsobes@korda.gov.kz электрондық мекен - жайына хабарласуларыңыз қажет. 

 

 

«Қазақстанда іске асырылатын үздік әлеуметтік жобаларды» іріктеу бойынша іс-шараларды өткізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдарға

1-қосымша

 

Әлеуметтік жобаларды іріктеу бойынша іс-шараға қатысу үшін өтінім

 

1.

Әлеуметтік жобаның авторы


2.

Әлеуметтік жобаның атауы


3.

Жобалардың өңірлерде іске асырылған кезеңі


4.

Жобаның әлеуметтік маңыздылығы


5.

Қысқаша аннотациясы


6.

Жобамен қамтылған адамдар санаты және саны


7.

Қаржыландыру көздері

(мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, тартылған қаражат)


8.

Қол жеткізілген нәтижелер (оңалтудан өткен, жұмысқа орналастырылған, қамтылғандардың және  т.б. саны)


9.

Презентациялық материал (жобаның логотипі, слайдтар және DVD форматтағы роликтер)


10.

Қосымша ақпарат (телефон, факс, e-mail және т.б.)


 

Кіру